Аралық ғылыми­практикалық конференция II том



Pdf көрінісі
бет42/78
Дата22.12.2016
өлшемі7,07 Mb.
#55
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78

Список литературы: 

336 

 

1   Гражданский процесс: учебник / С.Н. Абрамов. –  М.: Норма. – 2015. – 324 c. 



2   Авдюков М.Г. Судебное решение:  уч.­мет.пос. /   М.Г.  Авдюков. –  М.:  Норма.  – 

2012.  – 255 c. 

3   Чечот  Д.М.  Постановления  суда  первой  инстанции  по  гражданским  делам.  / 

под.ред.  Д.М. Чечот. – М.: Юриздат. – 2015. – 295 с.  

4   Зейдер Н.Б. Судебное решение: теоретические проблемы / под. ред . Н.Б. Зейдер.  

М.:    2006.  –  310  с.,  Юдельсон  К.С.  К  вопросу  о  сущности  судебного  решения  //  Меж­

ведомственный сб. научн. трудов.  Свердловск: 2014. – С.362­366. 

 

 



ƏӨЖ 343.9.01 

Калкаева Н. Б. 

Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих жəне құқық институты, Қылмыстық-құқықтық 

пəндер кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты,  

Алматы, Қазақстан Республикасы,  e-mail: nesibeli77@mail.ru  

 

КОМПЬЮТЕРЛІК ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ 

МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

  Аннотация.  В  данной  статье  автор  рассматривает  причины  компьютерных 

преступлений  и  проводит  криминологическое  исследование  факторов  способствующих 

развитию компьютерных преступлений. 

  Ключевые слова: преступность, компьютерное преступление, киберпреступность, 

детерминант 

 

Компьютерлік  ақпарат  саласындағы  қылмыстар  ең  алдымен  ақпараттық  жəне 



техникалық  салалардағы  жетістік  үшін  төлем  десек  те  болады.  Компьтерлік  техниканың 

жетілуімен қатар компьютерлік қылмыстылықтың да сипаты арта түсіп, сəйкесінше аталған 

қылмыс  түрлерімен  күресудің  тəсілдерін  жетілдіру  қажеттілігі  туындауда.  Жəне  бұл 

тəсілдер аталған қылмыс түрлерін жасаудың себептерін ескере отырып жүйелік сипатқа ие 

болуы тиіс. Компьтерлік қылмыстардың жасалу себептеріне көшпес бұрын, аталған қылмыс 

түрлеріне сипаттама беріп өтейік. 

Компьютерлік  қылмыстылық  заңмен  қорғалатын  компьютерлік  ақпаратқа  жəне 

компьютерлік  технологияны  қолданумен  жасалатын  қылмыстық­құқықтық  қорғауға 

жататын  басқа  да  объектілерге  қол  сұғатын  қасақана  қылмыстарды  құрайды.  Олар  өз 

қызметтерінің  тұрақтылық  нысанымен,  сонымен  қатар  қылмыстық  нəтижеге  жетуге 

мүмкіндік  беретін  жоғарғы  білім  жəне  машықтануының  деңгейімен  сипатталады. 

Қылмыстық кəсібилік, қылмыстық қызметінің тұрақтылығы, кəсібилігінің жоғарғы дəрежесі 

– компьютерлік қылмыстылықтың негізгі белгілері болып табылады. 

Осылайша,  компьютерлік  қылмыстылық  кəсіби  қылмыскерлермен  негізгі  жəне 

қосымша табыс көздерін алу мақсатында жасалатын қылмыстардың жиынтығынан тұратын 

қылмыстылықтың жеке түрі. Əдетте компьютерлік қылмыстардың жасалу жағдайлары мен 

себептері ретінде ЭЕМ­де өңделетін жəне сақталатын ақпараттар көлемінің өсуімен, ЭЕМ­

ді, ЭЕМ жүйесі мен  желісін қорғау бойынша  шаралардың  жеткіліксіздігі,   бағдарламалық 

жасақтаманы қорғаудың жеткіліксіздігі, дүниежүзілік желі арқылы ақпарат алмасудың өсуі, 

ақпаратты  өңдеудің  технологиялық  режимдерінен  ауытқушылықтардың  болуы,  заңмен 



337 

 

қорғалатын компьютерлік ақпаратпен жұмыс жасау ережелерін бұзу, ақпараттандыру жəне 



байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, ашу жəне тергеуге 

міндетті  құқық  қорғау  органдарының  лауазымды  тұлғаларының  арнайы  дайындық 

деңгейлерінің төмен болуы, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік 

саясаттың болмауын қарастырады. Мамандар жоғарыда аталғандарға қоса ақпараттандыру 

жəне  байланыс  саласындағы  қылмыстық  құқық  бұзушылықтарды  жасаудың  келесідей 

себептерін  қарастырады:  электрондық  почта  құралдарын  қорғаудың  жеткіліксіздігі;  ЭЕМ 

пайдаланушыларының жұмыс жасаудағы салғырттығы;  компьютерлік жүйелерді жобалау, 

əзірлеу,  сынақтан  өткізу  жəне  өнеркəсіптік  пайдалануға  беруде  технологиялық  циклдың 

бұзылуы;  пайдаланушылардың  парольдерін  ауыстыру  мерзімдерінің  бұзылуы; 

компьютерлік  ақпарат  пен  бағдарламалардың  көшірмелерін  сақтаудың  белгіленген 

мерзімдерін  бұзу;  əкімшілік  тарапынан  компьютерлік  ақпаратты  өңдеумен  айналысатын 

қызметкерлердің жұмыстарын қажетті деңгейде бақылаудың болмауы жəне тағы басқалары 

[1]. 

Ақпараттандыру  жəне  байланыс  саласындағы  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар 



жоғарғы  деңгейдегі  латенттілікпен  сипатталатынын  айта  кеткен  жөн.  Латенттік 

қылмыстылық  құрылымында  оның  пайда  болуы  механизміне  байланысты  латенттіліктің 

төрт түрін қарастырады. Латенттіліктің бірінші түрі – табиғи латенттілік. Табиғи латенттілік 

ретінде  олардың  жасалу  жағдайы  туралы  құқық  қорғау  органдары  да,  кəсіпорын,  мекеме, 

жəне  ұйым  əкімшілігі  де,  азаматтар  да  білмейтін  құқық  бұзушылықтардың  жиынтығын 

түсінеміз. Қылмыстық оқиға туралы тек кінəлі жəне оның бірге қатысушылары ғана біледі. 

Компьютерлік  латенттік  қылмыстылықты  табиға  латенттілік  ретінде  қарастыруға  болады, 

егер  жəбірленуші  өзіне  қатысты  қол  сұғушылық  жасалғандығын  білмеген  болса.  Бұған 

мысал  ретінде  басқа  біреудің  ақпаратына,  ақпараттық  жүйесіне  немесе  ақпараттық­

коммуникациялық  желісіне  құқыққа  сыйымсыз  қол  жеткізу  арқылы  бөтеннің  ақпаратын 

пайдаланып операциялар жасауды айтуға болады. Жəне бұл туралы жəбірленуші хабардар 

болмайды.  

Латенттік  қылмыстылықтың  екінші  түрін  лауазымды  тұлғаларға,  азаматтарға  

(тиісінше  мекемелердің  басшылары)  белгілі  болғанымен  олардың  жасалғандығы  туралы 

тиісті  органдарға  хабарланбайтын  қылмыстардың  кең  ауқымы  құрайды.  Мұндай  жолмен 

пайда  болатын  латенттік  қылмыстылықты  жасанды  деп  атайды.  Компьютерлік 

қылмыстардың  жасанды  латенттілігінің  жоғарылығы  көптеген  мекемелердің  пайда  болған 

дауларды  өздерінің  күштерімен  шешуге  тырсатындығымен  түсіндіруге  болады.  Себебі 

олардың айтуынша тергеуге кететін шығындар келтірілген зардаптардан асып түсуі мүмкін. 

Бұл 


себептердің 

арасында 

жəбірленуші 

тараптың 

кінəлінің 

жауаптылыққа 

тартылатындығына  деген  сенімсіздікті  де  кездестіруге  болады.  Сонымен  қатар,  жасанды 

латенттіліктің  тағы  бір  себебін  тұрғындардың  құқықтық  танымының  төмендігін,  өз 

құқықтарын  білмеуін  жəне  өз  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  құқықтық  əдістермен 

қорғауды талап етуге ешқандай қызығушылықтарының болмауымен де түсіндіруге болады 

[2].  

Латентті  қылмыстылықтың  үшінші  түрін  «шекаралық  жағдайлар»  терминімен 



анықтауға  болады.  Бұл  топты  құқық  бұзушылықтың  жасалғандығы  туралы  ақпараттың 

құқық  қорғау  органдарына  белгілі  болғанымен,  қызметкерлердің  қателесуі  немесе 

жеткілікті  кəсіби  даярлығының  болмауы  салдарынан  жасалған  құқық  бұзушылықтан 

қылмыс  құрамының  белгілерін  анықтай  алмай,  дұрыс  заң  тұрғысынан  баға  бере  алмаған 

қылмыстық құқық бұзушылықтар тобы құрайды.  


338 

 

Латентті  қылмыстылықтың  келесі  түрін  жасалғандығы  туралы  құқық  қорғау 



органдарына  белгілі  болғандығымен  түрлі  себептермен  тіркелмей  қалатын  қылмыстық 

құқық  бұзушылықтар  құрайды.  Мұндай  жағдайлар  жасалған  құқық  бұзушылықтарды 

пайдакүнемдік  ниетпен  немесе  өзге  де  мүдделілікпен  жасыру  не  белгілі  бір  аудан,  қала 

немесе  облыстағы  қылмыстылықтың  төмен  дəрежеде  екендігін  көрсету  мақсаттарында 

жасалуы мүмкін. 

Кейбір  авторлар  латенттік  компьютерлік  қылмыстылықтың  басқа  да  себептерін 

қарастырады.  Мысалға,  В.С.Цимбалюк  когнитологиялық  (психологиялық,  танымдық, 

ақпараттық) аспект жəне онымен байланысты автоматтандырылған жүйелердегі ақпаратты 

техникалық  қорғауды  қамтамасыз  ететін  қызметкерлер  құрамының  энтропияны  (білімнің 

болмауы салдарынан болатын сенімсіздік) көрсетеді [3]. 

Еліміздегі нақты криминогендік жағдайды білу үшін ресми статистика мағлұматтарын 

зерттеуден басқа балама қайнар көздердегі ақпаратты да қолдануға болады. Оларға: қылмыс 

жəбірленушілері  болған  тұлғалармен  виктимологиялық  мониторинг  (жауап  алу)  жүргізу; 

құқық  бұзушылардың  есептерін;  қылмыстылықтың  жағдайы,  олармен  күресудегі  құқық 

қорғау  органдар  қызметінің  тиімділігі  туралы  қоғамдық  пікірдің  жəне  мамандардың 

сараптамалық бағасы мен қорытындыларын жатқызамыз.  

Компьютерлік  ақпарат  саласындағы  қылмыстардың  латенттілігін  еңсеру  жолдары 

ретінде келесілерді айтуға болады: 

1) 

жоғары технологиялар саласындағы латентті қылмыстылықты өлшеу мен табуда 



əлеуметтік амалдар мен тəсілдерді қолдану; жаппай халықтан жауап алу, сауалнама жүргізу, 

сараптамалық бағалар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы материалдарды талдау; 

2) 

мекеме, ұйым, кəсіпорын басшыларын жəне жекеленген азаматтарды құқықтық 



нигилизмнен  енсеру  үшін  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  компьютерлік  қылмыстылық 

мəселелерін баяндау; қоғамның басты назарын жоғары технологиялар саласындағы латентті 

қылмыстылықтың өсуімен байланысты болатын жағымсыз салдарларға аударту қажет

3) 


мемлекеттегі  қылмыстық  əділеттілік  жүйесінің  заңдылығын  қамтамасыз  ету, 

халықтың оларға деген сенімін арттыру; 

4) 

аталған  қылмыстардың  латенттілігін  төмендетуге  əкеп  соқтыратын 



компьютерлік қылмыстылықты зерттеудің статистикалық бағытын қайта қарау;  

5) 


компьютерлік  ақпаратты  қорғау  саласындағы  заңнамалық  базаны  əрі  қарай 

жетілдіру бойынша жұмыс жасау. 

Бұл  жерде  аталған  салада  қылмыс  жасаудың  тағы  бір  себебі  ретінде  қоғамның 

əлеуметтік  даму  деңгейі  мен  технологиялық  деңгей  арасындағы  айырмашылық,  яғни 

технологиялық  даму  моральдық  тұрғыда  дамумен  бірдей  еместігі  тəрізді  əлеуметтік 

қырларын да айта кеткен жөн. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1  Сизов  А.В.  Причины  и  условия  совершения  преступлений  в  сфере  компьютерной 

информации // информационное право. 2010. №2 (13) 

2  Курушин,  В.  Д.  Компьютерные  преступления  и  информационная  безопасность  /  В.  Д. 

Курушин, В. А. Минаев. М. : Новый юрист, 1998. С. 18–21 

3 Бессонов, В. А. Виктимологические аспек­ ты предупреждения преступлений в сфере ком­ 

пьютерной информации : дис. ... канд. юрид. наук. Н. Новгород, 2000. С. 122 

 

 



339 

 

УДК 343.13 



Кенжибекова Э.П. 

Каспий қоғамдық университеті «Әділет» Жоғары Құқық мектебі  

«Құқықтану» кафедрасының ассоц.профессоры,  

Заң ғылымдарының кандидаты, e-mail: danaestai@ mail.ru  

 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ  

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕЛЕРІ 

 

Аңдатпа:  аталған  мақалада  қылмыстық  іс  жүргізу  қатысушыларының  құқытық 

мəртебелері  туралы  айтылады.  Қылмыстық  процесуалдық  заңнама  бойынша 

қатысушылардың дəлелдеу қызметіне қатысу мəселелерінің өзектілігі айтылады. 

Кілт  сөздер:  қылмыстық  процес,  қатысушылар,  мəртебе,  процесуалдық  жағдай, 

дəлелдемелер, дəлелдеу қызметі, фактілі деректер, құжаттар, мəліметтер  



 

Қазіргі  таңдағы  заң  күші  бар  қылмыстық  процесуалдық  заңның,  яғни  ҚР  ҚІЖК 

дəлелдемелерге  қатаң  талап  қояды.  Жүргізілген  талдау  бойынша  ҚІЖК  дəлелдемелерді 

мынадай  жағдайда  қарастырады:  1)  фактілер  жөнінде  мəліметтер;  2)  фактілер  жөніндегі 

мəліметтердің  қайнар  көздері;  3)  фактілер  жөніндегі  мəліметтер  мен  олардың  қайнар 

көздерін жинау, бекіту жəне тексеру тəртіптері мен құралдары. ҚР ҚІЖК 116 бабының  4 

бөлігіне  сай  «қылмыстық  іс  жүргізу  барысында  сот,  прокурор,  тергеуші,  анықтама 

органдары  мен  анықтаушылардың  осы  Кодекс  нормаларын  бұзу  жолымен  алынған 

дəлелдемелері іске жіберілмейді  деп көрсетілген [1].  

  Сондықтан, қылмыстық процесуалдық заңда белгіленген талаптарға жоғарыда аталғандар 

жауап  бермейтін  болса  олар  дəлелдеме  ретінде  жіберілмейді.  Мұндай  шешімге  келу 

толығымен  ақталды,  себебі,  ол  қылмыстық  істерді  тергеу  мен  сотта  қарау  барысында 

заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етудің басты кепілдігі болып саналады. Осыған орай 

фактілер  жəне  олардың  қайнар  көздерін  жинау,  тексеру,  бекіту  əдістері  мен  тəртіптерін 

реттейтін  нормалардың  қалыптасуына  қатаң  бақылау  қажет.  Өкінішке  орай  олардың 

кейбіреулері көзделген стандарттарға жауап бермейтіндігін айтып өткен жөн сияқты [2].  

Дəлелдемелерді  жинау  ол  фактілі  деректерді  табу  мен  бекітудің  біртұтастығы. 

Тергеу əрекеттері жөнінде айтатын болсақ, онда заңнама ҚР ҚІЖК жəне қылмыстық сот ісін 

жүргізу  негіздері  бойынша  фактілі  деректерді  алудың  жəне  оны  қылмыстық  іске 

пайдаланудың  талаптарын  анықтаған.  Ал  дəлелдемелерді  жинаудың  өзге  де  əдістері 

жөнінде əңгіме басқаша. 

  Оларды  процесуалдық  заңнамамен  көзделген  жəне  көзделмеген  деп  екі  топқа  бөлуге 

болады. ҚІЖК көзделгендерге жатады: түсініктемелер алу, құжаттар мен заттарды талап ету, 

ревизия жəне өзге де тексеру жүргізу жөнінде талап ету, бухгалтерлік есепті өз қаражаты 

бойынша қайта қалпына келтіру, заттар мен құжаттарды ұсыну. 

  Олар  қылмыстық  іске  қатысы  бар  фактілі  деректерді  жинаудағы  тергеу  əрекеттері  мен 

процесуалдық  емес  əдістер  арасында  аралық  орынға  ие  болады.  Тергеу  əрекеттеріне 

қарағанда  дəлелдемелерді  жинаудың  əртүрлі  əдістерін    мəліметтің  қатыстылық  қасиеті 

бойынша  заң  қылмыстық  іске  қолданудың  (іздестіру  мен  табуды  емес)  тəртібін  ғана 

реттейді  [3].  Осылайша  заң  фактілі  деректердің  қылмыстық  процестен  тыс  анықтау  мен 

қолданудың  қысқартылған  жолын  ғана  қарастырады.  Істе  сұратудың,  талап  ету 

хаттамасының, ҚІЖК тиісті сілтемесі бар ұсыну хаттамаларының болуы, мысалы, алу мен 



340 

 

оны  іске  тіркеу  мақсатында  қосымша  тергеу  əрекеттерін  жүргізу  қажеттігін  жоққа 



шығарады.  

  Дəлелдемелерді  жинаудың  бұл  əдісі  қылмыстық  процесуалдық  заңда  көзделмеген 

əдістерден  ерекшеленеді.  Ереже  бойынша  соңғысы  өзге  де  құқық  салаларының  қайнар 

көздерімен реттелінеді немесе олар тіпті құқықтық деп есептелмейді. Қылмыстық процеске 

оның  нəтижесінде  алынған  құжаттар  мен  заттарды  тарту  үшін  арнайы  процесуалдық  акт 

шығарылуы  тиіс.  Ол  акт  алынған  фактілерді  «тарту,  іске  пайдалану  »  дегенді  білдіреді. 

Əдетте  оларға  тінту,  алу,  оқиға  болған  жерді  қараудың  (алудың)  хаттамалары  жəне  т.б. 

жатады. Бірақ қылмыстық іске (тексеру материалдары) ондай заттар мен құжаттарды  талап 

ету, ұсыну жəне өзге де,  реттелінбеген əдістер арқылы алынған мəліметтерді іске тіркеуді 

заң  бұзушылық  деп  санауға  болмайды  [4].  ҚР  ҚІЖК  көзделген  дəлелдемелерді  жинаудың 

құралдарын қоспағанда. 

Қылмыстық  процесуалдық  заңмен  ескерілмеген  фактілерді  жинаудың  əдістеріне, 

мысал ретінде жатқызуға болады:  

­ жариялы жедел­іздестіру шаралары; 

­ жариялы іздестіру əрекеттері; 

­ зерттеуді тағайындау; 

­ жедел­іздестіру шараларының нəтижесінде алынған мəліметтерді қылмыстық іс бойынша 

арнайы тəртіптермен тану; 

­ сот­медициналық куəландыру; 

­ əкімшілік алып қою 

­ қару, нашақорлық, есірткі  мен жарылғыш заттарды өз еркімен беру. 

Дəлелдемелерді  жинаудың  процесуалдық  емес  əдістеріне  жоғарыда  берілген  тізім 

шамалы (примерный) деп есептеледі.  

Жоғарыда айтылғандардың негізінде келесідей қорытындыға келуге болады; 

1.  Дəлелдемелерді  жинау  ­  өкілетті  субъектілердің  объективті  түрде  қолдағы  бар 

фактілі  деректердің  негізінде  дəлелдемелерді  қалыптастыру    үшін  жүзеге  асырылатын 

белсенді қызметтердің бір түрі деп танылады. 

Мұндай  ұсыныс  дəлелдеу  қызметінің  бастапқы  кезеңінде  тергеуші,  прокурор  жəне 

сот  қызметтерінің  деректерді  іздестіру  мен  дайын  дəлелдемелерге  ие  болу  сияқты 

қызметтерінің қайталану мүмкіндігін жоққа шығарады. 

2.  Дəлелдемелерді  жинау  қызметтерінің  құрылымы  –  іздестіру  мен  тануды  ғана 

қамтымайды,  сондай­ақ  көз  жеткізу  (удостоверительное)  мен  құқықты  қамтамасыз  ету 

(правообеспечительное)  амалдарын  да  қамтиды.  Іс  жүргізу  ғылымында  дəлеледемелерді 

бекіту  өте  кең  тараған.  Ол  дəлелдеудің  дербес  элементтері  емес,  ол  дəлеледемелерді 

жинаудың бөлінбес бір бөлігі болып табылады; ал оның мəні тек оны сақтап қалуда емес, 

алынған фактілі дерекетерді қалыптастыруға қатысты болып келеді. 

3.  Дəлелдемелерді  жинау  қылмыстық  іс  жүргізудің  барлық  сатыларында  жүзеге 

асырылуы  жəне  əрбір  кезеңге  орай  тиісті  процессуалдық  тəртіптер  сақталады.  Ал  осыған 

орай  алынған  фактілі  деректер  процесстің  келесі  сатыларында  да  өз  қасиеттерін  сақтай 

отырып дəлелдемелер болып қалыптасады. 

Қылмыстық іс қозғау, алдын ала тергеу, сот мəжілісін тағайындау мен сот тергеуінде 

ең  бірінші  кезекте  белсенді  жəне  мəжбүрлі  түрде  қамтамасыз  ететін  тергеу  әрекеттері 

болады [5]. 

4. Тергеушімен сотпен іздестіру, тану, көз жеткізу сияқты жүзеге асырылған тергеу 



әрекеттерін  –  «кешенді  әрекеттер»  деп  анықтау  орынды  болар  еді.  Əрине  сотпен 

341 

 

қылмыстық  ізге  түсу  органдарының  қызметтері  мен  тергеу  əрекеттерінің  дəлелдемелерді 



қалыптастырудағы  мəні  өте  жоғары.  Сондықтан  –  да  біз  ең  бірінші  кезекте  тергеу 

амалдарына  назар  аударамыз.  Осыған  орай  алдын  ала  тергеу  мен  сотта  іс  қарау  кезінде 

дəлелдемелерді жинаудың əдістері жалпы жəне ортақ болып келеді. 

5. заңмен көзделген дəлелдемелерді алудың келесі амалдарына келер болсам. Оларға 

өз  қаражатының  есебінен  бухалтерлік  есеп  шоттарды  қалыптастыруды  талап  ету, 

апелляциялық, кассациялық жəне қадағалау тəртіптерімен іс қарау кезінде дəлелдемелерді 

жинау əдістеріне, ереже бойынша, дəлелдемелерді қабылдау мен талап ету сияқты амалдар 

табылады. 

              

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1Қазақстан  Республикасының  1997  жылғы  13  желтоқсандағы  N  206  Кодексi.  116 

бабы. 2005 ж.  

2 В.С. Балакшин. О собирании доказательств в стадии возбуждения уголовного дела. 

//Жур. Росс. Юст. № 2, 1989 с. 129. 

3 П.А. Рыжаков. Органы дознания. М. 2001 г. с. 205. 

4  Быховский  И.Е.  Об  актуальных  вопросах  совершенствования  процессуальной 

регламентации  следственных  действий  //  Актуальные  проблемы  совершенствования 

производства следственных действий. ­ Ташкент, 1982. ­ с. 5­8. 

5 Кокорев Л.Д., Кузнецов Н.П. Уголовный процесс: доказательства и доказывание. ­ 

Воронеж., 1995. ­ 272 с. 

 

ƏӨЖ 343.57 



 

Қуандықов Қ. Ж. 

доцент, заң ғылымдарының кандидаты, НАРХОЗ Университеті,  

Алматы, Казақстан Республикасы 

 

«ДАМЫҒАН ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖӘНЕ ЕСІРТКІ 

БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 

 

Аннотация.  В  данной  статье  рассматриваются  актуальные  проблемы  борьбы  с 

наркоторговлей  и опыт развитых государств в борьбе с наркоторговлей. 

 Ключевые  слова:  Организация  Объединенных  Нации,  наркотические  вещества, 

психотропные вещества, конвенция. 

 

Өз  тəуелсіздігін  алғалы  бері  Қазақстан  Республикасы  əлемдік  экономикалық 



интеграцияға  ену  мен  дамыған  мемлекеттермен  сыртқы  экономикалық  байланыстарды 

күшейте  түсті.  Экономикалық  байланыстарды  кеңейту  кезінде  кеден  шекарасынан  азық 

түлік өнімдерін, тауар өндірушілердің шығарған өнімдері мен тауарларын, сонымен қатар 

есірткі жəне психотроптық заттарды заңсыз алып өту фактілері де көптеп тіркеле бастады.  

Қазіргі уақытта нашақорлық проблемасы əлемдік қоғамдастықта өзекті болып қалуда 

жəне  оның  салдары  ретінде  жастар  арасында  есірткіні  пайдаланумен  байланысты  ахуал 

барлық елдер үкіметтерінің алаңдаушылығын арттырып отыр. 

 Халықаралық  сарапшылардың  арасында  көрсетілген  проблеманы  шешуде  əркелкі 

тəсіл  байқалады,  осылайша  есірткі  бизнесіне  қарсы  күрес  тəсілдері  ретінде  қылмыстық 


342 

 

заңнаманы  түбегейлі  қатаңдатуға  дейінгі  əртүрлі  шаралар  ұсынылады,  яғни  жазалау 



шараларын қолдау ұсынылады. 

Есірткіге  тəуелділіктің  құбылыс  ретіндегі  қауіптілігі  есірткі  заттарының  тізбесі 

ұдайы өзгеріп, жаңа шептер құруына байланысты, оларды жеңу ахуалды елеулі талдауды, 

əдістемелік  даярлықты  жəне  дəрігерлерге  өтініш  білдірген  кездегі  сияқты  олардың 

практикалық қызметінің профилактикалық бағыты бойынша да уақтылы көмек көрсетудің 

практикалық дағдыларын дайындауды қажет етеді. 

Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Есірткіні  бақылау  жөніндегі  халықаралық  комитеті 

төмендегідей деректерді жариялады: 

­  Тəуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы  елдерінде  нашақорлар  санының  80%  пайызын  ер 

адамдар құрайды; 

­ Азия елдерінде нашақорлар санының 90% пайызын ер адамдар құрайды; 

­  Латын  Америка  елдерінде  нашақорлар  санының  70%  пайыздан  80%  пайызға  дейін  ер 

адамдар құрайды; 

­ Ұлыбритания мен Германияда нашақорлар санының 63% пайызын ер адамдар құрайды; 

­ Америка Құрама Штаттарында нашақорлар санының 56% пайызын ер адамдар құрайды.[1] 

Халықаралық  сараптамашылардың  мəліметі  бойынша  заңмен  тиым  салынған  тек 

қана  апиындардың  əлемдік  нарықтағы  жыл  сайынғы  айналымы  65  млрд.  АҚШ  долларын 

құрайды.Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Есірткі  жəне  қылмыс  басқармасының  деректері 

бойынша  15  жастан  64  жасқа  дейінгі  21  млн.  жуық  адам  инъекциялық  есірткі  тұтынушы 

болып  табылады.Қазіргі  кезде  астыртын  есірткі  бизнесінің  жарақтау  көздері  əлемнің  3 

өңірінде шоғырланған, олар: 

1) Ауғанстанда; 

2) Оңтүстік Шығыс Азияның Мьянма мемлекетінде; 

3) Латын Америкасының Мексика жəне Колумбия мемлекеттерінде. 

Осы  аталған  топта  героин  мен  морфиннің  жалпы  əлемдік  көлемнің  85%  пайызын 

жеткізетін  Ауғанстан  іс  жүзінде  осы  саланың  монополисті  болып  табылады.Қазақстан 

Республикасының  географиялық  орналасуына  байланысты  жəне  Қытай  мен  Ресей 

Федерациясының  ортасында  орналасуына  жəне  осы  мемлекеттермен  шекаралас  болуы, 

есірткі тасушы дилерлер тарапынан ірі нарық көзі ретінде қарастырылуы мүмкін.  Есірткі, 

психотроптық  заттар,  сол  тектестер  мен  прекурсорлар  жəне  олардың  заңсыз  айналымы 

еліміздің  ұлттық  қауіпсіздігіне,  құқықтық  тəртіпке,  мемлекетіміздің  экономикасы  мен 

халықтың денсаулығына елеулі қатер төндіреді. 

Қазіргі  таңда  шетелдердің  оң  тəжірибесін  қолдану  жəне  оларға  зерделеу  жүргізуге 

ерекше  қызуғышылық  байқалады.  Мысалы,  Чехия,  Германия,  Қытай,  Малайзия,  АҚШ 

сияқты мемлекеттердің оң тəжірибесін біздің елімізде қолдану оң нəтиже беруі мүмкін.  

Шетелдердің тəжірибесін талдау нашақорлыққа жəне есірткі бизнесіне қарсы күрес 

жұмысына  оң  əсерін  тигізуі  мүмкін.  Қазақстан  Республикасында  шетелдердің  оң 

тəжірибесін қолдану төмендегі шараларды анықтауға мүмкіндік береді: 

­ Қылмыстық іс жүргізу кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

­  еліміздің  оқу  орындарында  «Балалар  есірткі  мен  қылмысқа  қарсы»  атты  мектеп 

бағдарламасын енгізу; 

­ отбасы мен жанұя дағдыларын дамыту арқылы алкоголь мен есірткіні тұтынудың алдын 

алу шараларын ұлғайту; 

­  «Отбасына  жақын,  есірткіден  алыс»  принципі  бойынша  ақпараттық  компаниялар 

ұйымдастыру; 


343 

 

­  есірткіге  тəуелділіктен  ерікті  түрде  емделген  жағдайда  қылмыстық  жазадан  құтылу 



мүмкіндігін беру; 

­ есірткіге мас күйде ауыр емес қылмыстар жасаған есірткіге тəуелді адамдарды оңалтудың 

кешенді тəсілін қолдану; 

­  түнгі  клубтар  мен  дискотекаларға  келушілердің  арасынан  нашақорларды  анықтауға 

қабілетті жаңа детекторлық құрылғылармен жабдықтау. 

Қазақстан  Республикасы  1998  жылы  1  шілдеде  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  1961  жылғы 

Есірткі құралдарының бірыңғай конвенциясына, 1998 жылы 29 маусымда Біріккен Ұлттар 

Ұйымының 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы бірыңғай конвенциясына, 1998 жылы 

29  маусымда  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  1988  жылғы  Есірткі  құралдарының  жəне  

психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы конвенциясына қосылды. 

           Аталған халықаралық конвенциялардың барлығы есірткі құралдары мен психотропты 

заттарды медициналық мақсатта пайдаланудың заңдылығын жəне оларға қатысты он сегіз 

заңсыз əрекеттердің құқыққа қайшылығын мойындайды. 

Қазақстан  Республикасындағынашақорлық  пен  есірткі  бизнесінің  алдын  алу, 

болдырмау жəне жою шараларына төмендегідей іс əрекеттерді жасау жатады: 

­ Қазақстан Республикасының шекарасын қорғаудың тиімді жүйесін жасау; 

­ еліміздің  кедендік  жəне шекаралық  бақылауды күшейтудің  тиімді шараларын  жетілдіру, 

кеден мен шекара қызметінің материалды техникалық базасын күшейту; 

­  Қазақстан  Республикасындағы  астыртын  айналыстан  алып  қойылған  заттардың  немесе 

айналысы шектелген заттардың контрабандасы лабораторияларын жою; 

­  есірткі  заттарының  заңсыз  айналымымен  айналысатын  халықаралық  ұйымдасқан 

қылмыстық топтарды анықтау жəне оларды жою; 

­  жаңадан  пайда  болған  психотроптық  заттарды  анықтап,  оларды  айналыстан  алып 

қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың тізіміне қосу; 

­  айналыстан  алып  қойылған  заттардың  немесе  айналысы  шектелген  заттардың 

контрабандасы  қылмыстарын  болдырмау  мақсатында  Қазақстан  Республикасы  мен  шетел 

мемлекеттерінің  құқық  қорғау  мен  кеден  органдарының  келісілген  халықаралық 

ынтымақтастық аясында бірлескен жедел іздестіру мен тергеу амалдарын жүргізу;  

­ Қазақстан Республикасының кедендік жəне шекаралық бақылауын күшейту шараларының 

тиімділігін арттыру жəне осы шараларға қоғамдық институттарды кеңінен тарту; 

­  айналыстан  алып  қойылған  заттардың  немесе  айналысы  шектелген  заттардың 

контрабандасы  қылмыстарын  алдын  алу,  болдырмау  жəне  жою  шараларына  заманауи 

техникалық құралдар мен кинологиялық қызметті кеңінен қолдану. 

Əлемдік  интеграция  дəуірінде  айналыстан  алып  қойылған  заттардың  немесе 

айналысы  шектелген  заттардың  контрабандасы  жалпы  бірнеше  мемлекеттері  үшін  де, 

жекелеген  мемлекеттер  үшін  де  орасан  зор  қауіп  төнбіріп  тұр.  Аты  аталған  қылмыстар 

мемлекеттер  арасындағы  сауда  саттық  байланысын  жүргізу  кезінде,  кедендік  шекаралар 

арқылы  тауарлар  мен  заттарды  өткізу  мен  кіргізу  кезінде  орын  алады.  Сонымен  қатар, 

жалпы қылмыстар сияқты олардың саны мен келтіретін зияны мен зардаптары толастамай 

тұр. 


Енді  дамыған  өркениетті  мемлекеттердегі  нашақорлыққа  жəне  есірткі  бизнесіне 

қарсы  күрес  тəжірибесі  мен  өзекті  мəселелеріне  тоқталып  кетсек.  Қазіргі  кезде  Франция, 

Германия,  Ұлыбритания,  Америка  Құрама  Штаттары  сияқты  дамыған  мемлекеттердің 

өзінде есірткі затардың заңсыз айналымы толастар емес.Франция, Германия, Ұлыбритания, 

Канада,    Америка  Құрама  Штаттары  сияқты  дамыған  мемлекеттердің  өздері  де 


344 

 

нашақорлыққа жəне есірткі бизнесінің тамырына балта шабатындай жоспар құрып отырған 



жоқ, осы қылмыстардың санын азайту мақсатында іс шаралар жүргізіп отыр. 

Қонтрабанда  қылмысымен  күрестегі  өзекті  мəселелердің  бірі  есірткі  заттарының 

котрабандасы болып  отыр. Қазақстан Республикасы аумағы арқылы  есірткі заттары Ресей 

Федерациясына,  одан  əрі  Батыс  Еуропа  елдеріне  жөнелтіледі,  яғни  біздің  мемлекетіміз 

есірткі таситын дəлізге айналды.  

Сонымен қатар, есірткі заттары біздің елімізден тек қана өтіп кетпей, жүрген жерінің 

барлығына  таратылуда.  Соның  кесірінен  Қазақстан  Республикасында  соңғы  жылдары 

есірткі заттарына тəуелді адамдар мен наркомандардың саны көптеп өсіп, шешімін таппас 

күрделі  мəселеге  айналып  отыр.Аталған  қылмыспен  күресті  тиімді  жүргізу  үшін  əлемдік 

мемлекеттер  өздерінің  күштерін  біріктіріп,  осы  саладағы  күресті  жүргізетін  мемлекеттік 

органдардың халықаралық ынтымақтастықтын нығайтуы керек. 

Германияда  нашақорлық  пен  есірткі  заттарына  қарсы  саясаты  кешенді  сипатта  болады, 

кешенді  саясат  профилактиканы,  консультация  өткізуді  жəне  есірткі  заттарына  тəуелді 

адамдарды емдеуді, зиянды төмендетуді жəне ұсынысты қысқартуды қамтиды. Германияда 

нашақорлық  пен  есірткі  заттарына  қарсы  саясаты  мектептерде  профилактикалық  іс 

шараларды жүргізуден  басталады. Нашақорлықты болдырмау мен  есірткі бизнесіне қарсы 

күрес  жөніндегі  инновациялық  жобалар  арасында  интернет­консультациялар,  телефон 

арқылы  консультацияларды  жүргізу  мен  этникалық  аз  топтарға  арнайы  бағдарламалық 

жобалар  бар.Германияда  мемлекетінің  заңнамаларына  сəйкес  есірткіні  рұқсатсыз  сақтау 

қылмыс  болып  табылады.  Ал  егер  есірткіні  тұтыну  оны  сатумен,  ауырлататын  мəн 

жайлармен  байланысты  болмаса,  құқық  қорғау  органдары  осы  адамдарға  қылмыстық 

қудалауды бастауға бейім емес жəне оның қорытындысы бойынша əкімшілік, медициналық 

жəне  қоғамдық  сипаттағы  шараларға  артықшылық  береді.  Германияда  мемлекетінің 

заңнамаларына  сəйкесесірткіге  мас  күйінде  ауыр  емес  қылмыс  жасаған  адамдар  есірткіге 

тəуелділіктен емделуден ерікті түрде өткен жағдайда қылмыстық жазадан құтылуы мүмкін. 

Мемлекеттің  заңнамаларының  осы  нормасы  егер  жасалған  қылмыс  үшін  жазалау  кемінде 

екі жыл болған жағдайда ғана қолданылады. 

Мысалы,  көптеген  Еуропаның  елдерінде  қылмыстық  заңнамаларында  есірткі 

заттарының  контрабандасы  мен  осы  заттарды  заңсыз  сатқаны  үшін  қатаң  заңды 

жауапкершілік  көзделген.  Сонымен  қатар,  есірткі  заттарының  контрабандасы  мен  осы 

заттарды заңсыз сатқаны үшін қатаң заңды жауапкершілік осы заңсыз сатылған заттардың 

көлеміне  жəне  осы  есірткі  құралдарының  тізіміне,  осы  тізімді  бақылау  тəртібіне 

байланысты болады. 

Еуропаның  елдерінде  қылмыстық  заңнамаларында  есірткі  заттарының  контрабандасы  мен 

осы заттарды заңсыз сатқаны үшін қатаң заңды жауапкершілік көзделуі осы қылмыстардың 

қоғамға  қауіптіекендігінде  болып  отыр.Есірткі  құралдарының  заңсыз  айналымы 

саласындағы  қылмыстар  үшін  қылмыстық  жауапкершілікті  реттейтін  заңдардың 

айырмашылықтары  көп.Еуропа  елдерінде  есірткі  құралдарының  заңсыз  айналымымен 

күресуге  бағытталған  заңдардың  қатаңдығын  ескеріп,  барлық  елдерді  шартты  түрде  төрт 

топқа бөлуге болады:  

1)  Бірінші  топқа  заң  құжаттарында  қылмыстық  жауапкершілігі  жұмсақ  мемлекеттер 

жатады.  Осы  топқа  жататын  мемлекеттерге  Германия,  Италия,  Швейцария,  Испания  мен 

Нидерландия  мемлекеттері  жатады.  Бұл  мемлекеттерде  жұмсақ  есірткілерді  арнайы 

жерлерде  сатуға  жəне  пайдалануға  рұқсат  етілген.  Германия,  Италия  мен  Швейцарияда 

дəрігердің тағайындауынсыз есірткі пайдалануға заң жүзінде тыйым салынбаған. 


345 

 

2) Екінші топқа заң құжаттарында қылмыстық жауапкершілігі жіктелген елдер жатады. Осы 



топқа  жататын  мемлекеттерге  Швеция,  Австрия,  Франция,  Бельгия  мен  Люксембург 

мемлекеттері жатады. Бұл мемлекеттердің заң құжаттарында есірткінің заңсыз айналымына 

қатал жауапкершілік, ал оларды пайдалануға керісінше жеңіл жауапкершілік көзделген. 

3) Үшінші топқа заң құжаттарында қылмыстық жауапкершілігі ең қатал болып табылатын 

елдер  жатады.  Бұл  мемлекеттерде  есірткі  құралдарының  заңсыз  айналымы  үшін  дене 

жазалауы  мен  өлім  жазасына  дейін  баратын  қатал  жауапкершілік  бекітілген.  Осы  топқа 

жататын  мемлекеттерге  Қытай,  Иран,  Пəкістан,  Сауд  Аравиясы,  Таиланд,  Малайзия, 

Сингапур,  Нигерия,  Біріккен  Араб  Əмірлігі  мемлекеттері  жатады.  Сингапурдың  заң 

актілерінде егер адамда 15 грамм героин, 30 грамм морфий, 500 грамм марихуана табылса 

өлім жазасы көзделген. 

4)Төртінші  топқа  заң  құжаттарында  есірткі  құралдарының  заңсыз  айналымы  үшін 

қылмыстық жауапкершілік жаңа қалыптасып келе жатқан елдер жатады.Осы топқа жататын 

мемлекеттерге  Африка,  Латын  Америка  елдері  жатады.  Бұл  мемлекеттердің  заң 

құжаттарында  есірткінің  заңсыз  айналымынахалықаралық  шарттарға  сəйкес  жазаланатын 

жекелеген əрекеттер үшін жауапкершілік белгіленбеген, сонымен қатар кейбір əрекеттерге 

жұмсақ немесе қатал жауапкершілік көзделген.[2] 

          Нидерландия  мен  Швейцариядан  басқа,  Еуропа  мемлекеттерінің  ұлттық  заң 

құжаттары  мен  құқық  қолдану  тəжірибелері  қылмыстық  ретке  сəйкес  жазаланатын 

əрекеттер топтамасы жағынан да, оларды жазалауын жіктеу жағынан да есірткі құралдары 

туралы халықаралық конвенциялардың талабына сəйкес келеді. 

Осы  елдердің  заң  құжаттарындағы  қылмыстық  кодекстері  не  басқа  заңдары  тиісті 

баптарының мазмұнды құралған диспозициялары, елеулі түрде жіктелген санкциялар

шартты  түрде  соттау  мүмкіндіктер  т.б.  бар.  Ал,  мемлекеттік  құрылымы,  билік  түрі, 

экономикалық  жəне  мəдени  даму  деңгейі,  географиялық  орналасуы  мен  аумақ  кеңдігі, 

əлемдегі  саяси  деңгейі  мен  басым  діні  жағынан  көп  айырмашылықтары  бар  Шығыс 

мемлекеттерінде  (мысалы,  Қытай,  Иран,  Сауд  Аравиясы,  БАƏ,  Малайзия,  Сингапур) 

есірткінің  заңсыз  айналымына  байланысты  қылмыстар  үшін  қылмыстық  жауапкершілігі 

туралы аса қатаң, репрессиялық заң құжаттары орнатылған. Осы елдердің заң құжаттарына 

айтылмыш  қылмыс  түрлерінің  жалпы  құрастырылған  құрамдар,  жауапкершілікті  жіктеп, 

жазаны жекелендіру, белсенді өкіну (кінəні мойнына алу мəмілесі) шектелген мүмкіндіктер 

бекітілген. Санкция ретінде өлім жазасы (оның ішінде 

айуандық түрде), дене жазасы жəне ұзақ мерзімге бас бостандықтан айыру көзделеді. 

Қылмыстық жауапкершілікке осындай көзқарас халықаралық конвенциялар талаптарынан 

асыра қатаң болып табылады жəне адам құқықтары стандарттарына сəйкес келуі туралы 

сауал туғызады. 

Жалпы,  есірткі  құралдарының  заңсыз  айналымы  саласындағы  əрекеттер  үшін 

қылмыстық  жауапкершілікті  реттейтін  шетелдік  заң  құжаттарының  салыстырмалы 

сараптамасы, келесі тұжырым жасауға мүмкіндік береді: 

Біріншіден,  соңғы  онжылдықтар  ішінде  қаралатын  заң  құжаттары  есірткінің  заңсыз 

айналымымен  күресу  үшін  жеткілікті  қатаң  қылмыстық  құқықтық  шараларды  бекітіп, 

қолдану бағытын сақтап келген. 

Екіншіден,  аталмыш  бағыттың,  оның  ішінде  қылмыстық  жазалауды  біртіндеп  əрі 

қарай 

қатаңдатудың сақталуы аның көрінеді. Бірінші кезекте ол есірткі құралдарының заңсыз 



айналымы жəне қылмыскерліктің ұйымдасқан түрлері саласындағы ең ауыр қылмыстарға 

346 

 

қатысты. Əртүрлі елдерде ең қатаң қылмыстық құқықтық санкциялар əдеттегідей, есірткіні 



өндіру,  оған  іс  жүзінде  ірі  мөлшерде  ие  болу  жəне  əсіресе,  сатқаны  үшін  көзделген.  Бұл 

қылмыстар есірткі құралдарына қатысты басқа қылмыстық əрекеттерге қарағанда, ауырлау 

болып қаралады. 

Үшіншіден,  шетелдік  заң  шығарушылардың  пікірі  қылмыстық  жауапкершілікті 

жіктеу 

керектігіне  негізделеді.  Оған  көбінесе,  есірткінің  заңсыз  айналымы  саласындағы 



қылмыстардың арнайы құрамдары тізімін кеңейту арқылы қол жеткізуге болады. 

Төртіншіден, репрессиялық, ең алдымен, қылмыстық құқықтық шараларды қолдану 

көптеген елдердің құқық қолдану тəжірибесінде ұзақ уақыт бойы есірткіні заңсыз таратумен 

күресу  саласындағы  басым  стратегия  болып  келе  жатқанына  қарамастан,  шетелдік  заң 

шығарушылар қылмыстық репрессияны үнемдеу ұстамын жеткілікті кең пайдаланады. Осы 

ұстамды  енгізу  белгісі  белсенді  өкіну,  кінəні  мойнына  алу  мəмілесі,  шартты  соттау 

(пробация)мен  шартты  түрде  мерзімнен  бұрын  босату  сияқты  қылмыстық  құқықтық 

институттарды  пайдалану,  сонымен  қатар,  тағайындалған  жазаны  іс  жүзінде  қолданбау 

немесе  осындай  жазаның  баламасы  болу  шарты  ретінде  міндетті  түрде  нашақорлықтан 

емделуді  тағайындау  болып  табылады.  Есірткі  құралдарының  заңсыз  айналымы 

саласындағы қылмыстарға жауап берудің нəтижелілеу түрлерін іздеу қылмыстық юстиция 

жүйесі шеңберінде қолданылатын дəстүрлі əдістердің төмен нəтижелілігіне байланысты. 

Мемлекеттің  есірткі  құралдары  айналымын  бақылау  міндеті  1998  жылғы  «Есірткі 

заттары  туралы»  Жалпы  конвенцияда,  «Жүйкеге  əсер  ететiн  заттар  туралы»  1971  жылғы 

Конвенциясында  жəне  «Есірткі  құралдары  мен  жүйкеге  əсер  ететiн  заттардың  заңсыз 

айналымымен күресу туралы» 1998 жылғы Конвенциясында бекітілген.  

            Осы  конвенцияларға  мүше  мемлекеттер:  1)  есірткі  құралдарын  өндіру,  өңдеу  жəне 

жасап шығару; 2) есірткі құралдарын əр түрде ұрлау жəне оларды қорқытып алу; 3) есірткі 

құралдарының  контрабандасы;  4)  есірткі  құралдарын  алу,  сатып  алу,  дайындау;  5)  есірткі 

құралдарын  сақтау;  6)  есірткі  құралдарын  сату;  7)  есірткі  құралдарын  тасымалдау  (апару 

немесе жіберу); 8) есірткі құралдарын пайдалану; 9) есірткіні пайдалануға тарту жəне оны 

насихаттау, жарнама жасау; 10) есірткі құралдарын пайдалану үшін притондарды ұстау; 11) 

есірткі  құралдарын  заңды  айналым  саласында  (дəріхана,  ауруханаларда  т.б.)  заңсыз  алу 

үшін  əртүрлі  жалған  құжаттар  жасау  жəне  басқа  да  алаяқтық  əрекеттер;  12)  заңды 

айналымда  есірткімен  жұмыс  істеуге  рұқсат  етілген  қызметкерлер  тарапынан  мамандық 

ережелерді  бұзу;  13)  есірткі  өсімдіктерін  өсіру  үшін  ұлттық  заң  құжаттарында 

жауапкершілік бекітуге міндеттенді.  

           Көптеген  Еуропаның  елдерінде  қылмыстық  заңнамаларында  есірткі  заттарының 

контрабандасы  мен  осы  заттарды  заңсыз  сатқаны  үшін  қатаң  заңды  жауапкершілік 

көзделген.  Сонымен  қатар,  есірткі  заттарының  контрабандасы  мен  осы  заттарды  заңсыз 

сатқаны  үшін  қатаң  заңды  жауапкершілік  осы  заңсыз  сатылған  заттардың  көлеміне  жəне 

осы есірткі құралдарының тізіміне, осы тізімді бақылау тəртібіне байланысты болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет