Аралық ғылыми­практикалық конференция II том


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет66/78
Дата22.12.2016
өлшемі7,07 Mb.
#55
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   78

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1 Назарбаев Н. Тарих толқынында. ­Алматы, 1999.­157 б. 

2 Грушин Б. А. Массовое сознание. ­М., 1987. – 39 с. 

3 Сапошков Н.М. Структура политического сознания. ­ Минск, 1969. 

4 Аристотел Политика. Сочинения. –М., 1983. −Т. 4. – 640 с. 

5 «Kazakh»1917,  № 251. 

6«Kazakh»1917,  № 252. 

 7 Myrzakhmtov M. National politics of  the Russian country // Kazakh Literature – 1990, 5 th 

July 

8Alimzhanov A. Way of the people– memory of people way  Mustaphy Shokai – Almaty: Sanat. 



1991 – P.31  

9Локк Дж. Избранные философские произведения: в 2­х т. ­М.: Соцэкгиз, 1960. −Т.2. ­79с. 

 

 

УДК 378.02 



Өтениязов С. 

 т.ғ.к.,  Мадрид жəне Қазақ – Американ университеті профессоры. Алматы 

 

           ҚАЗАҚСТАН  ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ 



ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Abstract. The Article deals with statehood of the Kazakh which is 550 years old in 2015. It 

also reflects the issues of the Kazakh­Russian relations which were not easy



Keywords: Kazakh history,Kazakh Khanate, Kazakh Russia relations. 

 

Егеменді  ел  болғанымызға  ширек  ғасыр  толса  да  гуманитарлық  ғылымдарымыздың 



көптеген  проблемалары  қордаланды.  Жалпы  айтқанда  Кеңес  өкіметі  дəуіріндегі  білімді 

студенттерімізге  бере  алмайтын  жағдайға  жеттік.  Шет  тіл  оқитындар  саны  көбейсе  де 



530 

 

сапасы  бұрынғыдан  əлдеқайда  нашар.  Бұндай  жағдайды  ащы  да  болса  мойындайтын 



уақыт жетті... 

Ал, Республика тарихына арналған кітап пен зерттеулер қанша көп болса,қатесі мен 

проблемасы  одан  да  көп...  Қазақ    мемлекеті  тарихы  Ресей  ғалымдары  нұсқауымен 

жазылып келді. Мұндай жағдайды «по закону победителя» деп атайды. Тіпті мемлекеттің 

атының  өзі  бұрмаланып  Қазақ  хандығы  деп  аталды.  Сол  атаумен  қарағанда  Қазақ 

мемелекетінің  Орта  Азия  хандықтарынан  айырмашылығы  жоқ  болып  көрінеді. 

Шындығында  осы уақытқа дейін Қазақ елінің тарихы қанша көп жазылса да шешілмей 

жатқан проблемалары көп болып тұр. Қазақ мемлекеті əлі күнге дейін Қазақ хандығы деп 

аталғандықтан  Орта  Азиядағы  басқа  хандықтардан  айырмашылығы  болмай  қалады. 

Сондай­ақ  адамзат  тарихындағы  ерекше  мемлекет  болғаны  көрінбей  қалады.  Жалпы 

айтқанда осынау керемет мемлекет Дүние жүзі тарихы түгілі өз халқы арасында өз орны 

мен бағасын əлі күнге дейін алған жоқ....  

 1456  жылдан  есептесек  2016  жылы  Қазақ  мемлекетіне  560  жыл  толады.  Ал,  1465 

жылдан  бастап  санасақ  келесі  жылы  550  жылдық  ұлы  тойды  салтанатпен  өткізуге 

міндеттіміз...  Қазақ  мемлекеті,  яғни  Қазақ  хандығы  Орта  ғасыр  бітіп  Жаңа  заман 

басталғанда  пайда  болған  ерекше  мемлекет  болатын.  Бір  сөйлеммен  айтқанда  Жаңа 

заманның  інжу  маржаны,  басқаша  айтқанда  шамшырағы  еді...  (Орысша  айтсақ  

жемчужина  Нового  времени).  Астанасы  Түркстан  қаласы  болған  Қазақ  мемлекеті  соңғы 

екі мың жыл ішіндегі ең демократиялы мемлекет еді. Бұл мəселеге кейінірек тоқталамыз. 

Қазақ  елі  адамзат  тарихында  ерекше  орын  алатын  өзгеше  халық.  Басқа 

мұсылмандарға  жəне  бүкіл  түркі  халықтарына  ұқсамайтын  қазақтың  көптеген  əдет 

ғұрыптарымен қатар біртұтас тілі бар. Қазақ тілінде басқа халықтар секілді диалекті жоқ. 

Əдет ғұрпы бірдей. Мысалы өз руынан қыз алмайтын болған соң құдалық салты бар. Тілі 

бірдей,  тұрмыс  салты  бірдей.  Томск  мен  Еділге  дейінгі  ұлан  ғайыр  территорияда  осы 

айтылған біркелкі салты мен тілінің бірдей болуы дүние жүзі ғалымдарын таң қалдырады. 

Мысал үшін айтсақ  алақандай жерде тұрса да, көрші өзбек пен түркмен халықтарының 

тілдерінде  диалекті  бар,  əдет  ғұрыптары  əртүрлі.  Қыздары  өз  аулынан  ешқайда 

шықпайды... Ал, қазақтар Маңғыстауда жүрсе де Павлодармен əлде Тарбағатаймен құда 

болып  жатады.    Қысқасын  айтқанда  басқа  ешқандай  түркі  əлде  жалпы  мұсылман 

халықтарына ұқсамайтын өзінің алтын заңдары бар ерекше халық – қазақ.   

    Құдаларын құдайындай сыйлаған,  

    Жақсы көрсе құда бол деп қинаған... (Қ. Мырзалиев). 

     Қазақтар өз ауылы ғана емес, Қазақстанның басқа облыстарымен қыз алысып қыз 

беріседі. Осындай асыл қасиеттерінің арқасында қазақтың бірлігі ешқашан ажырамайды. 

Ресей империясы, одан бері де Кеңес тұсында қазаққа көп қиянат жасалды. Қазақты жүзге 

бөліп те, руға бөліп те, бір – біріне соңғы ғасырларда айдап салып неше түрлі қиянаттар 

жасалып  келе  жатыр.    Қазақты    қанша  мұқатса  да  құрта  алмағаны  белгілі..  Осындай  

жетістіктер мен ерекшеліктерінің барлығы кешегі 300 жыл өмір сүрген,астанасы Түркстан 

болған,    бір  орталыққа  бағынған  айбынды  Қазақ  мемлекетінің  біртұтастығы  арқасында 

пайда болған еді. Сол Қазақ хандығының тарихын кез келген адам ойына келгенін жазып 

бұрмалай  бергені,    халқымыздың  жəне  қазіргі  Егеменді  Қазақстанның  жетістігі  мен 

жеңісіне нұқсан келтіреді. 

       Қазақ  елінің  тағы  бір  ерекшелігі  ертедегі  Ғұндардың  (хун)  барлық  əдет  ­ғұрпы 

мен тұрмыс салтын біздің заманымызға түгелдей жеткізгендігі. Мысалы: Киіз үй (Қар үй), 



531 

 

бесік жəне баланы бесікке бөлеу салты, Құмалақ ашу əлде жору өнері, тағамдары ...[1, c. 



33­45] 

     Қазақ тілінде диалекті жоқ деп жоғарыда айттық. Дегенмен Кеңес өкіметі тұсында 

қазақ  тілінде  диалекті бар  деп  «дəлелдеп»    бірлі  жарым  диссертациялар  қорғалғаны  рас 

(С.Аманжолов)...  Əрине  мұндай  жағдайлар  қазақ  тарихы  мен  болмысына  жəне  ғылымға 

кереғар  келеді.  Диалектілер  қазақ  елінде  енді  шығуы  мүмкін.  Себебі  əртүрлі  елде 

жасайтын қандастарымыз (мысалы Өзбекстан мен Қытай республикасында) арасында осы 

күндері  жергілікті  халықтың  тілдерінің    əсері  байқалады.  Ал,  Ресейдегі  қандастарымыз 

бірнеше ұрпақтан соң тілімізді жоғалтуы мүмкін деп қауіптенеміз... Олардан Қазақстанға 

ағылып келіп жатқан қандастарымыз жоқ... 

   Қазақ  тілі  қандай  бай  болса,  əдебиеті  де  соншалықты  бай  екенін  мақтанышпен 

айтамыз. Оған мысал қазақ ауыз əдебиетінің көлемі 108 том болып баспадан шыққаны.... 

Осы  күндері  қазақ  ақындарының  100  томдығын  шығару  жоспарланып  жатыр...    Осы 

аталған  жетістіктеріміз  бен  ерекшеліктеріміз  кешегі  300  жыл  өмір  сүрген  Қазақ 

мемлекетінің  жетістігі,  сол  кезде  қалыптасты...  Сол  бір  орталыққа  бағынған  айбынды  

Қазақ мемлекетінің арқасында тіліміз бен əдет ғұрпымыз біркелкі болып қалыптасты. Бұл 

не  деген  күшті  мемлекет  болған.  Оның  күштілігі  мен  құдіреттілігі  əрине  басқаруына 

байланысты  болды.  Барлық  жетістігімізді  жіпке  тізіп қарайтын  болсақ  түгелдей  3  ғасыр 

өмір сүрген Қазақ мемлекетіне борышты екенімізді көреміз. 

     Қазақ  мемлекетінің  қандай  ерекшеліктері  болды,  соған  қысқаша  тоқталайық.  Ең 

алдымен  айтатынымыз  Қазақ  хандығы    ­  ең  демократиялы  мемлекет  болды.  Себебі  Хан 

билігі  –  шектеулі  болды.  Ханның  өзі  сайланбалы  болды.  Қазақта  қырық  ру  болса,  əр 

рудың  басшысы  яғни  рубасы  басқарды.  Ол  əрине  белгілі  би  болды.  Хан  ру  басылары 

келісімінсіз  ештеңе  шеше  алмайтын  еді.  Қорыта  айтқанда  Хан  түгелдей  рубасыларына 

тəуелді болды.  

1. Басқару мəселесімен.  

2. Əскери мəселемен, себебі ханда əскер болған жоқ. Əскерді рубасылар берді.  

3. Экономикалық жағынан – ханға алым салықты да рубасылар берді. Демек Қазақ 

мемлекетінің ханы түгелдей билер институтіне тəуелді болды. 

     Осы  күнгі  Қазақстан  Республикасында  əлеуметтік  –  гуманитарлық    ғылымдарды 

оқытудың  көптеген  проблемалары  қордаланды.  Солардың  ішінде  Қазақстан  тарихының 

проблемалары өте көп. Осы пəнді оқытуға өкіметіміз көп қаржы бөліп келе жатыр. Алайда 

осы пəнді оқытудың əзірге проблемасы көбеймесе азайған жоқ...  

    Егеменді ел болғанымызға 23 жыл толса да, етек жеңімізді жинап еркін өмір сүріп 

жатсақ  та,  көптеген  академиктеріміз  бен  докторларымыз  болса  да,  ғылым  мен  білім 

саласында көптеген проблемаларымыз бар. Əсіресе гуманитарлық ғылымда, соның ішінде 

тарих  ғылымында  көптеген  проблемалар  қордаланды.  Тек  ХҮІ  –  ХҮІІІ  ғасырлардағы 

тарихымыздың өзінде төмендегідей əлі күнге дейін шешімін таппаған проблемалар бар

І.  Қазақ  хандығының  яғни  мемлекетінің  басқару  жүйесі  жəне  билер  институты.  Ел 

басқару жүйесінің аса демократиялы болуы жəне Хан мен билердің орны мен қызметі осы 

уақытқа дейін студенттер мен мектеп оқушыларына арналған оұулықтарда көрсетілмеді. 

ІІ.  Қазақ  –  қырғыз  қатынастары  (Қырғыздар  қазақ  мемлекетінің  құрамында  150 

жылдан аса уақыт болды. Ержүрек қолбасшы, батыр Есім хан оларды Көкем би арқылы, 

Тəуке хан Тиес би арқылы биледі). 

ІІІ.  Орыс – қазақ қатынастары – негізінен қырғын соғыстардан, яғни қазақ елінің ұлт 

– азаттық соғыстарынан тұрады. Оларды қысқаша былай жіктеуге болады: 


532 

 

      1.  ХҮІ  ғасырдың  ақырында  басталған  қазақ  орыс  қатынасы.  Қазақстанның 



солтүстік  шегараларына    құрылған  Ресейдің  тісіне  дейін  қаруланған  казачьи 

войскаларының шабуылдары. 

 2.  Қазақ­жоңғар  қатынастары  Жоңғар  шапқыншылығының  басталуы.  Ақтабан 

шұбырынды оқиғасының алғы шарттары. 

     3. Ақтабан шұбырынды оқиғасының ақиқат тарихы.  

     4.  Қазақ  орыс  қатынасы  жəне  І  Петрдің  ақтабан  шұбырынды  оқиғасына  тікелей 

қатысы ж.б. 

     5. Қазақ елін ажалдан құтқарған тарихи тұлға Əбілхайыр т.б. 

    6. Əбілхайырдың тарихи хатының дəл аудармасы мен мазмұны... 

    7. Қазақ – башқұрт қатынастары... 

       Осындай  ерекше  біртұтас  халықты  –  Ұлт  болып  бірікпеген  халық,  əлі  ру  руға 

бөлініп  жүрген  халық  деп  белгілі  шовинист  Юдин  айтқаны  үшін  70­жылдары 

Академияның  Тарих  институтінен  шығарылған  еді.  Оны  қуған  сол  кездегі  институт 

директоры академик А.Нүсіпбеков болатын.   (Ондай ауру сөзді айтып ұпай жинайтындар 

қазіргі күнде де табылады....)  

 Еуразиядағы    Қазақ  мемлекеті  Ресей  мен  Қытай  секілді  екі  үлкен  империяның 

ортасында  болып  Еуропаның  оқ  атар  жаңа  (огнистрельные  орудия)  қаруларына  қол 

жеткізе алмай изоляцида тұрды. ..       Осындай құдіретті мемлекетті ыдыратып құлатқан, 

көп  жылдар  қиянат  жасаған  Ресей  империясы  екені  əлі  күнге  дейін  ашық  айтылмайды. 

Оның  есесіне  алдақашан  сүйегі  қурап  кеткен  (1756  жыл)  жоңғарды  ғана  айтады.  Бұл 

күндегі қазақ елі кино түсірсе де, бірдеңе жазса да, жоңғарды, одан қалса 1771 жылдан соң 

бас  көтермеген  қалмақты  айтып  аруағын  шулатады  да  орыс  ағайындардың  жасаған 

қиянаты  туралы  əдейі  үн  қатпайды.  Шындық  айтылмайтын  болса  тарихты  жазып  неге 

керек... 

      Ресей  империясы  Қазақ  еліне  алғашқы  қарулы  шабуылын  1580  жылдары  Жайық 

бойындағы  əсем  қала  Сарайшықты  қиратып  тонаудан  бастады.  Көп  ұзамай  сол  90­шы 

жылдары Қазақ ханы Тəукенің інісі Оразмұхамедті тұтқындап Мəскеуге алып кетті. Оның 

барлық  күш  жігері  мен  əскери  талантын  пайдаланып  воевода  дəрежесіне  дейін  көтерді. 

Тіпті  оның  өлімінің  өзі  Ресей  мемлекетіне  Поляк  басқыншыларынан  құтылуға 

көмектесті... Мəскеуді  басып алған  Польша королі Лжедмитрий күдікті воеводаның  бірі 

деп  Оразмұхамедті  өлтіреді.  Өзінің  жерлесінің  кегін  қайтару  үшін  Петр  Урусов  (Едіге 

бидің шөбересі) Лжедмитрийді өлтіреді де Ресей патшасының тағын поляктардан босатып 

Ресей  мемлекетін  құтқарып  қалады.  Жыл  сайын  ноябрь  айында  Ресейде  поляктардан 

құтқарған  К.  Минин  ман  М.Пожарский  деп  ерекше  атап  өтеді.  Бұл  екеуіне  ескерткішті 

Мəскеуде  Сталин  қойдырып  еді.  Алайда  П.Урусов  пен  Оразмұхамед  туралы  бір  сөз  де 

айтпайды. Егер орыс ағайындар тарихқа адал болса П.Урусовке алтыннан ескерткіш қояр 

еді.... 

      Осынау 1580­1730 жылдардағы 150 жылға созылған орыс пен қазақ  арасындағы 

қырғын соғысты белгілі зерттеуші М.Əбдіров: 

«...С  конца  XVI  –  начала  XVIII  в.  начинается  ожесточенная  и  кровополитная, 

длившаяся    150  лет,  казахско­  казачья  война.  С  этого  момента  вся  история 

взаимоотношений  казахов  с  яицкими  /Жайық  өзені/  казаками  заполнена  взаимными 

набегами,  враждой  захватом  пленных  и  угоном  скота.  Борьба  шла  не  на  жизнь,  а  на 

смерть, с переменным успехом, и в этой борьбе не было ни победителей, ни побежденных, 

никто  не  хотел  уступать.  [2,  c.  44­45]–деп  жазған  болса,  қазақ  елінің  басына  түскен 


533 

 

соншама  ауыртпалық  туралы:  ­  «...Многострадальная  казахская  земля  обильно  полита 



кровью наших предков, отстаивших право на мирную жизнь на  древней, исконно своей 

территории...»[2, c. 45] – деп  жан­ жақты анықтамасын берген болатын. 

      Ал, екінші 150 жылдық  кезең  туралы (XVIII бен   XIX ғасырлар) аса қиын  кезең 

туралы Х.Досмұхамедов : 

       «...Осы екі ғасырдағы патша өкіметінің жұмысы қазақты əбден бағындырып алып, 

қазақты  көпір  қылып  Азияға  аттау  болды.  Қазақтың  амалы  таптайын  деп  тұрған  патша 

өкіметінен құтылу болды. Дəуірлеп келе жатқан орыс байларының капиталымен жауласам 

деп,  Кіші  жүздің  жүз  жарым  жылдай  тарихы  қанмен  жазылғандай  болды.»[3,  c.53]  ­деп 

толық бейнесін берген еді.  

     Осылай  Кіші жүз  қазақтарының  Ресей  басқыншыларымен  соғысы əрқайсысы 150 

жылдан тұратын екі кезең, демек барлығы 300 жыл соғыс. Осы Кіші жүз қазақтары мен 

орыс  казактары  арасындағы  қырғын  соғысты  М.Əбдіров:    «...Они  были  хорошо 

вооружены и обучены, прекрасно организованы, дициплинированы, обладали громадным 

опытом борьбы с покоренными народами, Вот с такими отборными воинскими отрядами 

300 лет воевали қазахи за свою свободу и независимость, отстаивая родную землю...»[2, 

c.7­8]­деп мінездеме берген еді. Қазақ еліне толассыз шабуыл жасаған орыс – казактардың 

жауыздығы мен зұлымдығы туралы орыс тарихшылары да көптеп жазды. 

        Мысалы тарихшы А. Рябинин: «...У яицких казаков  был один смертельный  враг 

­  это киргизы (т.е. казахи). Они были «враги неутомимые, настойчивые, не знавшие ни 

страха,  ни  усталости.  Яицкие  казаки  вели  против  них  войну  настоящую  и 

ожесточенную»[4, c. 28] ­ деп жазғаны қазақтардан басқаның бəрін тізе бүктірдік енді тек 

қазақтарды  бағындыру  ғана  қалып  тұр  деп  жазып,  қаншама  қазақ  ауылдарын  түгелдей 

аямай, жауыздық пен қатыгездіктің неше   түрін көрсетіп қырып жібергенін баяндайды... 

А.Карпов кітабында: «...Раз это киргиз – то враг, заклятый враг и все, что носило на себе 

киргизский  облик,  все  уничтожалось,  билось  казаками  на  смерть,  целые  аулы,  старцы, 

жены  –  все  истреблялось;  убивались  дети  и  грудные  младенцы,  ­  «вырастут  –  укусят!» 

говорили казаки и поднимали их на копья. Истреблять басурманина – такова была миссия 

казака  того  времени,  миссия,  освященная  церковью»  [5,  c.332­333]  ­  деп  неше  түрлі 

зұлымдықтарды жазды...   

      1692  жылы  Ресей  мемлекет  басына  І  Петр  келген  соң  орыс  əскерлерінің  Қазақ 

жеріне жаңа қарқынды шабуылдары басталды. Себебі  І Петр қалмақтардың  ұйымдасқан 

қарулы  отрядтарын  қазақ  еліне  айдап  салып  отырды.  Аюкені  қалмақтың  ханы  етіп 

тағайындап,  барлық  титулды,  барлық  сыйлықты  соған  берді.  Оның  негізгі  міндеті  қазақ 

елін шауып қирату қана болды. Сорлы Аюке хан тегін сыйлықтар мен арзан титулдарға 

қызығып  өз  қандастарын  өлімге  айдап  отырғанын  түсінбеген  болар.  Түсінген  болуы 

мүмкін  тек  өлер  алдында  1724  жылы  қалмақтардың  Əбілхайыр  қолынан  қырылып 

жатқанында  ғана...  Не  деген  сұрқиялық  өмір.  Күні  кеше  Шыңғысханның  қандасымыз, 

ұрпағымыз  деп  жүрген  халықтың  Ресей  сойылын  соғып  жүріп  арам  өлгені  əрине 

жетесіздік, сұрқиялық, ұят, яғни даңқсыз өмір. 

     Əрине І Петр келген соң тісіне дейін қаруланған казачьи отрядтар мен қалмақтар 

шабуылына қазақ елінің есесі кете бастады. Сол кезде қазақ елі үшін І Петрден кем емес 

тұлға  жарқырап  тарихи  аренаға  келді.  Жас  батыр  қолбасшының  аты  Əбілхайыр  (1685­

1748) еді. Бұл 1700 жылдар болатын. Қазақ елі мен Ресей қоластындағы туысқан башқұрт 

халқын  қызғыштай  қорғаған  ерлігі  ескеріліп  1709  жылдың  күзінде  Əбілхайырды  Кіші 

жүзге    Тəуке  ханның  өзі  бас  болып  билер  кеңесінің  шешімімен  хан  сайлады. 


534 

 

Əбілхайырдың  қазақ  елін  Ресей  басқыншыларынан  48  жыл  бойы  қорғаған  ерліктеріне 



қысқаша тоқталайық. 

1707  –  09  ж.ж.  башқұрт  халқының  ұлт­азаттық  көтерілісіне  Əбілхайыр  3  мың 

сарбазбен барып көмек көрсеткен. 150 жылдан бері Ресей қоластында болған башқұрттар 

оны  өз  еліне  хан  сайламақшы  болып  жатқанда,  1709  жылы  күзде  қазақ  билері  шұғыл 

шақыртып алып, Кіші жүзге хан сайлайды. Бұрын Кіші жүзде хан болған, үш жүз түгелдей  

бір  орталыққа  Тəуке  ханға  бағынатын.  Ресей  басқыншыларымен  Кіші  жүз  арасындағы 

соғыс  қиындап  кеткен  соң  оны  хан  болып  басқаратын  адам  керек  болды.  Əбілхайырды 

осындай  құрметті  орынға  сайлаған  себебі  оның  1709  жылға  дейінгі  қазақ  елін  Ресейден 

қорғаған ерліктері мен еңбегі ескерілді. Əбілқайыр кеткен соң башқұрт көтерілісі жеңіліс 

табады. Кіші жүзге хан болған соң Əбілқайыр Ресеймен күресті жақсы ұйымдастыра білді.  

1709 жылы қазақтар Сызранға бара жатқан орыс­казак керуенін талады.     

1711 жылы қазақтардың 16 мың сарбазы Текеге (қазіргі Орал қаласы) астық алып бара 

жатырған  орыс­казак  керуенін  талқандап,  300  жауынгерін  тұтқындайды  да,  Хиуаға 

апарып құлдыққа сатады.  

1713 жылы 800 жігіттен тұратын сарбаздар Самараға балық апара жатырған керуенге 

шабуылдап, жауынгерлерін қырып тастайды.  

1714 – 16 ж.ж. қазақтар казак­орыс отрядтарына əлденеше рет шабуылдаған.  

1718  ж.  қазақтар  мен  қарақалпақтардың  20  мыңдық  əскері  Теке  (Яицкий  городок, 

қазіргі Орал) қаласын қоршайды. Бұл бір айға созылады.  

1719 ж. шілдеде Əбілқайыр 20 мың əскермен қаланы қайта қоршауға алады. Қазақтар 

Теке қаласын басып алуға сəл қалады. Күз түсісімен елдің мазасын алып қоймаған Еділ 

қалмақтарына (орыс­казак отрядтарының одақтастары) шабуыл жасайды.   

          1720 – 21 ж.ж. казак­орыстар бірнеше рет қазақ жеріне шабуылдар жасайды.  

        1720  жылдың  қыркүйек  айында  қазақ  əскерімен  орыс­казактарының  арасында 

Самара өзенінің бойында қанды шайқас болды. Тұтқынға түскен 50 қазақ жігітін өлтіріп 

«ерлік  жасағаны  үшін»  атаман  Никита  Бородин  Ресей  патшасы  І  Петрдің  мақтау 

грамотасымен марапатталды. 

      1721  жылы  орыс­казактар  мен  қалмақтардың  атаман  Балмашнов  басқарған  тобы 

Ойыл өзеніне дейін шабуыл жасап, көп тұтқындар мен мал айдап əкеткен. 

1722  ж.  қаңтарда  300  қазақ  сарбазы  қарымта  қайтару  үшін  Шаған  өзені  жанындағы 

қысқы  станицаға  шабуыл  жасап,  70  казак­орысты  айдап  əкетеді.  Осы  жылы  ақпанда 

қазақтар  Теке  қаласы  жанындағы  жылқы  табынын  айдап  кетіп  оларды  түгелдей  жаяу 

қалдырады. Сондықтан Яицкий казак əскерлері І Петрдің Персия жорығына қатыса алмай 

қалады.  

Бұған  қатты  кектенген  І  Петр  қазақ  елін  түгелдей  жаулап  алуды  ұйғарады. 

Жоңғарларды артиллериямен  қаруландырып  жəне оларға жаңа қаруды үйретуге капитан 

И.Унковскийді жіберіп, 1723 жылғы «Ақтабан шұбырындыны» ұйымдастырады. Батыстан 

казак­орыс отрядтары мен қалмақ əскерлері Қазақстанға шабуыл жасайды.  

Шығыстан келген жоңғарлар Түркістан қаласына дейінгі жерлерді түгел басып алып, 

елді  азып­тоздырды.  Ал,  батыстан  баратын  орыс  əскерлері  мен  қалмақтар  Түркістанға 

жете алмады. Себебі, сақадай сай Əбілқайыр əскерлері оларды тоқтатып қана қойған жоқ, 

қырып  салды  жəне  Еділден  əрі  қарай  асырып  қуды.  Соғыстардың  бірінде  қалмақ  ханы 

Аюке өлтіріледі (1724).  

1723  –  1724  ж.ж.  Əбілқайыр  Теке  қаласына  бірнеше  рет  шабуылдайды.  Осы  кезде 

орыс­казактармен, қалмақтардың тісіне дейін қаруланған отрядтарымен мен  қазақ əскері 


535 

 

Утва,  Самара,  Шаған  өзендері  бойында  бірнеше  рет  бетпе  бет  келіп  шайқасқа  түседі, 



қырғын соғыстар болады. И.Тимофеев, И.Логинов, Никита Бородин бастаған казак­орыс 

отрядтары  көп  шығынға  ұшырады.  Орыстар  жағынан  170  адам  қаза  тапты,  көп  адам 

жаралы  болды.  Көптеген  жауынгерлер  тұтқынға  түсті...  Осылай  қазақ  елінің  басына 

түскен  ауыр  күндер  Ақтабан  шұбырындыға  ұқсас  жағдай  Жайық  орыс  казактары  мен 

қалмақтардың да басына түсті... 

1725 ж. екі жақ тұтқындар алмастырады. 

Ақтабан  шұбырынды  кезіндегі  Əбілхайырдың  осы  бір  жанкешті  қимылы  мен  іс 

əрекеті  дер  кезінде  болды.  Батыстан  келе  жатқан  орыс  пен  қалмақтардың  жойқын 

шабуылын  тоқтатпағанда  қазақ  елі  түгелдей  орыс  басқыншыларының  қол  астында 

қалатын  еді.  Сондықтан  Əбілхайыр  басқарған  Кіші  жүз  қазақтары  Ақтабан  шұбырынды 

апатына  ұшырамады.  Керісінше  күшті  жауды  уақытында  тоқтатып  қана  қойған  жоқ, 

сондай  ақ  оларды  талқандап  Батыс  жақ  шекараны  қауіпсіздендіріп  болған  соң 

Жоңғарларды  талқандап  қазақ  елін  басқыншылардан  тазартуға  қызу  кірісті.  (Əбілхайыр 

басқарып  Жоңғарларды  талқандаған  екі  шайқас  Елбасының  кітабында  Абылай  атымен 

берілген.  Мұндай  жалған  мəліметті  бергендер  ақыр  бір  күн  Елбасына  жауап  беретіні 

анық.)  


     Орыс қазақ қатынасы тарихы қазақ халқының ұлт азаттық соғысынан тұрады. Орыс 

казачьи отрядтарының жауыздығы мен зұлымдығынан жəне оған қазақ, елінің жанкешті, 

ел қорғап жанталасқан шайқастарынан тұрады... Қазақ елінің орыстарға қарсы жанкешті 

соғыстары  патритизм  мен  батырлықтың  жəне  ерліктің  шыңы  болғанын  бұл  күнде 

мақтанышпен  айтудың  орнына  көз­көрекі  жасырып  келе  жатырмыз...  Қазақ  елінің  ата 

мекенін  қорғаудағы  ерліктері  мен  батырлығы  туралы  орыс  зерттеушілері  де  көптеп 

жазды...  Мысалы:  «...Казахи  Младшего  жуза...  отличались  «диким,  буйным,  резко 

выраженным  характером».  В  степи  казах  почти  непобедим,  говорили  о  них,  а  в  ручной 

схватке физическая сила, ловкость владеть холодным оружием и управлять конем  дают 

ему  величайший  перевес  над  царскими  войсками...»  [6,  с.300­301;  2,  с.72]  ­  деп  жалпы 

анықтамасын берген еді. 

Қазақ  –орыс  қатынасы  тарихындағы  трагедияның  үлкені  Ақтабан  шұбырынды 

оқиғасы болса, ұлт – азаттық соғыстардың жарқын тарихы Əбілхайыр хан бейнесі екенін 

мойындаймыз.  Бұл жағдайды сонау  90 –шы  жылдар ақырында академик  М.Қ.Қозыбаев 

пен  профессор  Ж.Қ.Қасымбаев  ­­­          Əбілхайыр  тарихын қайта  қарау  керек  деп  мəселе 

көтерген еді. Қазақ хандарының еліміз тарихындағы орнын «Ұлт мүддесі үшін ғасырлар 

бойы күрес жүргізген Əз  Жəнібек хан,  Керей хан, Қасым хан,  Əз  Тəуке, Əбілхайыр хан 

сияқты  тұлғалардың  дəуір  тарихында  шоқтығы  биік  –  ақ»  [7]  ­  деп  жазған  еді 

М.Қ.Қозыбаев.  Əбілхайыр    Ресейге  қарсы  48  жыл  бойы  соғысып  қалайша  бодан  болуға 

өтініш  жазды  екен  деп  күдіктенген  Ж.Қасымбаев  осы  тарихи  тұлғаның  тарихын  қайта 

қарау  керектігін  айтқан  еді  [8].  Алайда  2000  жылы  Əбілхайырдың  тарихи  хатының 

түпнұсқасы  оқылғанда  төбеден  жай  түскендей  əсер  етті.  Біз  осы  уақытқа  дейін  оның 

орысша  аудармасын  пайдаланып  келіппіз.  Сол  орысша  аудармасы  талай  ұрпақты 

жаңылыстырып  келген  еді.  Ақыры  шындықтың  түбіне  қол  жеткіздік.  Сол  тарихи  хатта 

«бодандық»  туралы  бір  сөз  жоқ  екенін  көріп  тарихшылар  қатты  қуанды  [9].  Əттең 

Əбілхайыр  хан  тарихын  қайта  қарайтын  ғылыми  конференция  өткіземіз  деп  жүргенде 

М.Қозыбаев пен Ж.Қасымбаев қайтыс болып кетті де аяқсыз қалды... 

     Жоғарыдағы  материалдарды  сараптай  отырып  соңғы  кездегі  ХҮІІІ  ғасырдағы 

Қазақстан тарихы проблемаларын былай деп қорытамыз. 


536 

 

    1. Қазақ елінің Ресейге өз еркімен қосылды деген жорамал Маңғыстаудағы Адайлар 



көтерілісінен  соң  құрылған  комиссияның  (1873  жылы.,  бастығы  И.Крафт)  шешімімен 

жоққа шығарылған еді. Тек Əбілхайыр ақталмай жатты. 

   2. 2000 жылы Тарихи хат қайта оқылған соң ғана Əбілхайыр ақталды... 

   3.  Ақтабан  шұбырынды  катастрофасының  артында  кімдер  тұрғаны  қазір  ешкімге  

құпия  болмай  қалды.  Оның  артында  Ресей  тұрды  жəне  осы  катастрофаныны 

ұйымдастырған І Петрдің өзі. Ал осынау  аса үлкен катастрофадан қазақ елін аман алып 

шыққан Əбілхайыр хан екені қазақ елінің мақтанышы...  

4.  Əбілхайыр  жазған  тарихи  хат  дұрыс  оқылғалы  бері  бұрынғы  түсініктер  түгелдей 

өзгеріп  кетті.  Сол  хаттың  жазылу  тарихы  да  орыс  патшасы  І  Петрге  байланысты  екені 

қазір ешкімге құпия емес.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет