Қарасай негізгі орта мектебі Сынып жетекшілер бірлестігінің 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмысының есебі



бет1/6
Дата16.11.2022
өлшемі28,24 Kb.
#50541
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6

Қарасай негізгі орта мектебі
Сынып жетекшілер бірлестігінің 2021-2022 оқу жылында атқарған
жұмысының есебі
Мектепте 2021-2022 оқу жылында барлығы 10 сынып комплектісі болды. Барлығында сынып жетекшілер тағайындалды. Сынып жетекшілердің сапалық құрамына талдау жасалса барлығы -10, оның ішінде 9-і жоғары білімді,1-уі аяқталмаған жоғары. Санаты бойынша педагог-модераторлар- 2, педагог-сарапшы-7, педагогзерттеуші-1. Курстан өткен –жоқ. Жыл басында барлық сыныптарда сыныптың тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жоспарлары бекітілді. Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігі –мектепшілік тәрбие үрдісін басқару жүйесінің бөліну құрылымы ,белгілі жас тобында тәрбиеленіп және оқып жатқан оқушы бойынша сынып жетекшілердің жұмыстарын ұйымдастыру және ғылым –әдістемелік үйлестіру.Мақсаты: мектепшілік тәрбие үрдісін басқару жүйесінің бөліну құрлымы, белгілі жас тобында тәрбиеленіп және оқып жатқан оқушы бойынша сынып жетекшілердің жұмыстарын ұйымдастыру . Бұл сынып ұжымындағы әр алуан тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшелігін көрсете білуіне жағдай жасап, өз қызметін оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесінде жүзеге асыратын өз ісінің шебері.Оқу жылының басында 2020-2021жылы атқарған жұмыстарға талдау арқылы 2021-2022 оқу жылына міндеттер айқындалды, ұйымдастыру шаралар іске асты: сынып жетекшілер тағайындалды, оқушылардың және ата-аналалардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді, сынып бөлмелері бекітіліп, белгіленді. Сонымен қатар тәрбие шараларға бақылау-басшылық жасау іске асты. Оның ішінде сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексерілді, бекіттірілді, оқушылардың киім-киісіне, күн режиміне бірiңғай талаптар қойылды. Сынып арасындағы рейтинг жүргізудің реттілігі мен мақсаттылығы және тоқсан сайынғы тәрбие жұмыстар бойынша есебі мен педагогикалық кеңесте талқыланатын мәселелер қамтылды. Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыс жоспары тексеріп, мектеп директорымен бекітілді. Мектебімізде өткізілген ашық тәрбие сағаттарының тақырыбы: «Білім күні» 1-9 сыныптар, «Ұстаздар мерекесі» күніне арналған 1-9 сыныптарда сынып сағаттары өтті, сонымен қатар 2-3 сыныптардың қатысуымен мектебіміздің ардагар ұстазы Сергазиева Т.Т «Сыр-сұхбат» болып өтті. Оқушылар мен сынып жетекшілер өте белсене қатысты. Сынып жетекшілері жоспар бойынша сынып сағаттарын талапқа сай өткізуде жаңа технологияларды қолданады. Ашық тәрбие сағаттары уақытылы өтіп отырады. Мектебімізде барлығы 10 мұғалім сынып жетекшілік қызметін атқарады.. 2021-2022 оқу жылында 4 отырыс өткізілді. Ата-аналармен байланыста болу мақсатында әр-түрлі жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп отырылады. Байланыс дәптерлері, сауалнамалар жүргізіледі.Оқушылар мен ата-аналарды зерттеу мақсатында мектеп психологымен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді.
Мұғалімдер жоспар бойынша мектепішілік іс-шаралар өткізеді. «Мұғалімдер күні», «Күзгі бал», «Денсаулық фестивалі», «Жаңа жылдық бал маскарад» «Қарттар күні», «8-наурыз мейрамы» мерекесіне арналған , «Қыз сыны сайысы», «Ұлыстың ұлы күні наурыз», «1-мамыр күні».
Қорыта айтқанда биылғы оқу жылының тәрбие жұмысы онлайн және офлайн түрінде жүргізілді. Көптеген үлкен іс –шаралар пандемия жағдайына байланысты өткізілмеді. Сынып жетекшілер тарапынан айта кеткім келеді осы оқу жылында оқушылармен белсене жұмыстар жүргізген Есбаев Х, Караева А, Джантаева Г берілген тапсырмаларды уақытылы орындап отыруға барынша ықпал етті. Тәрбие жұмысында кеткен оқылықтарды жоюда алдағы оқу жылына төмендегі міндеттерді аламын

  • Тәрбие жұмысының жоспары тәрбиелік мәні бар, сапалы құрылуын қадағалау

  • Сынып жетекшілердің біліктілік арттыру курсатрынан өтуін қолға алу

  • Сынып жетекші байқауына қатысу

  • Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар атқару

  • Тәрбиелік шаралардың заман талабына сай өткізілуін қадағалау

S (strength) - күшті жақтары

W (weakness) - әлсіз жақтары

*Сынып жетекшілердің тәрбиелік жұмыстарын арттыруға, оқу-тәрбие ізденісін дамытуға бағытталған жұмыстар өз нәтижесін берді.
*Сынып жетекшілерге тәрбиелік көмек көрсету мақсатында өткізілген іс-шараларға сай жан-жақты мәселелер қамтылды

*Аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі байқауларға қатысуы төмен
*Сынып жетекшілердің мерекелік іс-шараларды жоспарлауда, оқушылармен бірлескен жұмыстар жүргізуде көбіне сыныптағы белсенді оқушылармен ғана жұмыс істеулері

O (opportunity) – мүмкіндіктері
*Сынып жетекшілерді арнайы курстарға жіберу
*Электронды тәрбие беру ресурстарын толық пайдалану

T (threat) – қауіп
*Оқу-тәрбие порталдарының ресурстарын пайдалану төмендігі

«Бекітемін»


А.Е.Муканова _______

Қарасай негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Мектепішілік сынып жетекшілер ӘБ әдістемелік отырысының жылдық жоспары



Жұмыс мазмұны

Аяқтау нысаны

Жауапты адам

Орындау мерзімі





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет