Қарашаның он екісі



бет1/5
Дата21.10.2022
өлшемі0,68 Mb.
#44562
  1   2   3   4   5

Қабылдаған: Ашықбаева Г. Орындаған: Сапарбек Ж.

Тақырыбы: Педагогикалық қолдау технологиясына, әдістері, құралдары мен оның нәтижелеріне сипаттама


ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
  • Педагогикалық қолдау технологиясына, әдістері, құралдары мен оның нәтижелеріне сипаттама

  • ІІІ. Қорытынды
    ІV. Жағдаяттар

І. Кіріспе
Оқушының тұлға ретінде өзіне тән қабілеттерін дамытуға бағытталған тәрбие жүйесінің маңызды бөлігі мұғалімнің балаға психологиялық -педагогикалық қолдау жасап, баланың маңызды проблемаларын шешуде көмек көрсетуі болып табылады.
Оқушыларды педагогикалық-психологиялық қолдау және жетелеу технологиясының негізі Ресей педагогтарымен жасалған. Педагогикалық-психологиялық қолдау технологиясының мағынасы балаларға жеке пробле-маларын шешуде, психологиялық денсаулығын сақтауда, табысты әлеуметтендіруде, тұлғаралық қарым-қатынаста жедел, тиімді көмек көрсетуге негізделген.
Баланы, оның жан дүниесін тану-тәрбиені жүйелі жүргізу болып табылады.

ІІ. Негізгі бөлім Педагогикалық-психологиялық қолдау технологиясының көкейтестілігі ретінде мыналарды атар едім:

  • Баланың жеке қабілеттерін дамыту – өмір талабы; себебі күннен күнге алға қарыштап дамыған заман өзіне лайықты тұлға талап етеді.
  • Өзіне-өзі сенімді, өзін-өзі бағалай алатын, тұрақты көзқарасы бар тұлға қалыптастыру – кез келген мұғалімнің маңызды проблемасы.
  • Алдымызға келген бала қабілеттерін дер кезінде бағамдап, көмек көрсете білуімізден жеке тұлғаның дамуына бағытталған педагогикалық әсердің табыстылығы анықталады.

Педагогикалық-психологиялық қолдау технологиясының жүзеге асырылуына келетін болсақ, ол негізінен, оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара әрекетінің кезеңдері арқылы анықталады:

  • диагностикалық кезең – баланың қызығушылығын, мінез-құлқын, жеке басында болатынпроблемаларын зерделеу кезеңі;
  • зерттеу кезеңі – оқушымен бірлесе отырып, анықталған проблеманы шешу жолдары қарастырылып, зерттеледі;
  • келісім кезеңінде кез келген формада бала мен мұғалім арасында келісушілік, ортақ пікір, келісім жобасы жасалады;
  • қызмет кезеңі – оқушы мен мұғалімнің өзара әрекетінің негізінде анықталған проблемаларды шешу, түзету, белсенді көмек көрсету, қолдау, яғни нағыз нәтижеге бағытталған жұмыс осы қызмет кезеңінде жүргізіледі;
  • рефлексифтік кезеңде – баламен бірге қол жеткен табыстар мен сәтсіздіктер сараланады,өмірлік тәжірибеге қорытынды жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет