Қаратау дәстүрлі өнер мектебі Тексерілді Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің директорының от жөніндегі орынбасары: Байтуов Б.Ғ



Дата17.11.2022
өлшемі27,22 Kb.
#50869



Қаратау дәстүрлі өнер мектебі
Тексерілді_____________
Қаратау дәстүрлі өнер
мектебінің директорының
ОТ жөніндегі орынбасары:
Байтуов Б.Ғ.
«____» «________» 2022ж.

«Актерлік шеберлік» үйірмесі


Баяндама


Тақырыбы: ”Менің Отаным - Қазақстан”


Орындаған: Сейдахмет Ғ.Е

Шымкент
“Мен үшін –елімді дамыған елдердің сапына


тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат
жоқ! Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің
қайта қалыптасуына қамқорлық жасау-менің
президенттік те, перзенттік те парызым”
Н.Ә.Назарбаев

Отан дегеніміз не? Отан сөзі әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың. Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.


Отан…Бұл сөз — әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Осы сөздің астарында қанша мағына жатыр десеңізші?! Отан дегеніміз — туып өскен жерің, Отан дегеніміз – 75 жыл Кеңес Одағының құрамында болып, дербестік пен тәуелсіздікті мүлде жоғалтқан қазақ халқының бастан кешкен тарихы, Отан дегеніміз — ел бірлігін, бостандығын, елін, жерін қайтсек сақтап қаламыз деп құрбан болған апаларымыз бен есіл ерлеріміз. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным — сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке — Қазақстан.
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер…еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Адамзат баласының татулығына ұмтылуы әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.Өз Ота­ныңын, өз еліңнің пат­ри­оты болғанға не жетсін! Сайын да­ла — атажұрт ба­бала­рымыз­дың көздің қара­шығын­дай сақтап, най­за­ның ұшы, білектің күшімен қорғағаны­ның арқасын­да бізге жетіп отыр. Ен­де­ше осын­дай алып Отан­ды сүйіп өту кімге де бол­сын па­рыз әрі қаси­етті міндет. Отан­ды сүю оның әрбір та­сын сүюден бас­та­лады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа де­ген ма­хаб­бат Отанға де­ген ма­хаб­батқа ұлас­пақ.Қазақстан жерін ежел­ден қоныс­та­нып ке­ле жатқан ел — қазақ халқы. Көпте­ген ғасыр­лар бойы ел басқарған да­на бас­шы­лары­мыз, қол­басшы ба­тыр­ла­рымыз кең-бай­тақ жерімізді сырт­тан төнген кәуіптен қорғап келді. Қазақ халқы — ержүрек, дос­тыққа адал, ба­уыр­мал, қонақжай ха­лық.Біздің қолымызда қанның емес, тердің иісі бар. Демек, біз - жасампаз халықпыз.Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. XXI ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай, қуанышы көп болғай!
Тәуелсіздік — ғасыр­лар бойы аңсаған ар­ма­нын жүзе­ге асы­рып, Ұлы Ев­ра­зи­яның төсінде еге­мен, тәуелсіздік мем­ле­кетін Қазақстан­да тұра­тын әрбір адам өзін осы елдің пер­зенті сезінбейінше, бо­лашағына сен­бейінше, біздің жұмы­сымыз ілгері бас­пай­ды.Қазақстан­дағы білім бе­ру жүйесі бір-бірімен өза­ра бай­ла­ныс­ты бірне­ше деңгей­ден тұра­ды, олар: мек­тепке дейінгі тәрбие орын­да­ры, жал­пы білім бе­ру мек­тептері, кәсіптік — тех­ни­калық мек­теп, ар­на­улы ор­та және жоғарғы оқу орын­да­ры жұмыс істейді. Олар­дың ара­сын­да Қазақ ұлттық уни­вер­си­теті, Қараған­ды мем­ле­кеттік уни­вер­си­теті, Ев­ра­зия ұлттық уни­вер­си­теті т. б. тәрізді жоғары са­палы ма­ман­дар да­яр­лап ке­ле жатқан оқу орын­да­ры бар.
Қазақстан ғылы­мы әлемдік ғылым қазы­насы­на зор үлес қос­ты, іргелі ғылым­дарды түбе­гейлі зер­те­уге бағыт­талған ірі инс­ти­тут­тар жұмыс істейді. Мем­ле­кеттік тіл — қазақ тілі. Қазақстан Рес­публи­касы — де­мок­ра­ти­ялық және біртұтас мем­ле­кет бо­лып та­была­ды.
Әрбір адам ба­ла кезінен «Қазақстан — менің Ота­ным, оның мен үшін жа­уап­ты екені сияқты, мен де ол үшін жа­уап­ты­мын» де­ген қара­пайым ой­ды бойына сіңіріп өсетіндей болғаны жөн.
Ал­ма­ты — біздің тәуелсіздігіміздің ал­тын бесігі, мем­ле­кетіміздің ал­тын діңгегі.
Ас­та­на кел­беті — ұлт кел­беті.
Ас­та­на — Ота­нымыз­дың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі.
Қазақстан Рес­публи­касы­ның ұлттық рәміздері: Туы, Ел­таңба­сы, Гимні бар.
Ыс­тық қой. Шіркін, туған жер! Туған жер­ге жет­кенше, қайтіп дәтің шы­дай­ды? Кім сағын­бас өз қағын? Кім сүй­месін өз жерін? Сүй­ме­се сүй­мес зер­десіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек же­тесіз…

Әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары , жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына сондай ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс - күймейсің» - дегендей, расында да егер Отан үшін жанынды қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қалады.


Біздің халқымызда, атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де, ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Біздің ата-бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты – ұрпақтарының, яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді. Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған жеңістің маңызы артып келеді. Олардың көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын.
Менің отаным – Қазақстан. Мен 17 жыл бұрын шыр етіп осында дүниеге келдім, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтан тұтамын. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық деп ойлаймын! Отаным туралы айта кететін болсам, Қазақ елі өте дамыған мемлекет, және де даму үстінде.Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көрмейін? Мен өз Отанымды қалай мақтан тұтпайын? Ол мені өз құшағына алады, әрдайым жылулық сыйлайды.
Қазақстан менің елім, аңсағаным
Кең байтақ жеріңменен тамсанамын.
Асқар тау, белдеріңмен мақтанып,
Күлімдеп, мен де бір шаттанамын.
Отаным – Қазақстан туған елім,
Ойнап күліп ер жеткен туған жерім.
Өсе бер өркендей бер, Елім менің,
Ардақтап мәңгі мен сені өтермін.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Әрине мемлекет құрылған кезде тіл де, рәміздеріде қалыптасады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.Туымыздың түсі көк, ол бейбітшілікті, ашық аспанды білдіреді. Ортасында алтын арайлы күні мен қыраны бар. Ою-өрнегі шетінде орналасқан. Елтаңба шеттерінде екі алтын пырақ, ортасында шаңырағы бар.
Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге». 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған. Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың ішінде дами түсті, көркейіп, өз экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, табиғаты мен өнеркәсібі жөнінен ерекшеленеді. Қазақстанның байтақ жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар, бұлда біздің үлкен мақтанышымыз. Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсіпке өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б. бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда.
1991 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа ұйымдарға кіріп, 2010 жылы Азиаданы өткізді. Еліміздің басқа да жетістіктері көп.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. « Отаның - алтын бесігің », « Отаны жоқтық – нағыз жоқтық » - деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Қазіргі Қазақстан – егемен, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында.
Мен Қазақ жеріне деген сүйіспеншілікпен мына өлең жолдарын арнаймын:
Менің Отаным – Қазақстан,
Жасара бер әрқашан.
Президент аға Нұрсұлтан
Біздің елді басқарған.
Қазақстан жер көлемі жағынан дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 17 млн-ға жуық халық тұрады. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елімодан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған. Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі керек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.
Мен өз әсем, көркем, көрікті, байтақ еліммен жеріммен өте мақтанамын. Қазақстан азаматтары да өз елін мақтан тұтады деп ойлаймын.
Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың – менің Қазақстаным!
Сен барсың менің жанымда,
Көктемнің гүлі ашылған!
Балалық шағым қасыңда,
Тағдырым сенсің, Қазақстан!
16 желтоқсан – біздің Республикамыз үшін мерейтойлы жыл. Биыл тәуелсіздігіміздің жиырма алты жылдығы. Жиырма алты жыл ішінде экономикада, саясатта, әлеуметтік дамуда көптеген жетістіктерге жеттік. Бізді әлем таниды. Бұл өте маңызды. Біз, жастар бүгінгі табысымызды бекіте отырып, жаңа асуларға жету үшін көп еңбек етуіміз қажет. Біз оған дайынбыз.
Қазақстанның ең басты мақтанышы ол өз астанасы – Астана.Ол Есіл өзенініңжағасындаорналасқан.Қаладашетелден келгенадамдар көп болады. Астана қаласында парламент үйі, Ақ орда және бәйтерек орналасқан. Қазақстанның бұдан басқа Алматы, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Ақтау, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалары мен көптеген аудандары менауылдары бар.
Мен үшін Отан – сенің әрқашан оймен болса да, оралғың келетін Жердің рухани бұрышы. Менің жылдарым күндермен өлшенеді. Мен оның шексіз болғанын, менің кішкентай және үлкен Отаным татулықта болғанын қалаймын. Мен әрқашан да Қазақстанда тұратын адамдарға жанымның жылуын, жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын.
Отан – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін отан - ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Қызылжар кентінен басталады. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда. Осылайша мектепт абалдырығын аттаған күнімді көз алдыма әкелсем, бүгінгі білім ордасымен, санаптас достарыммен қоштасарсәттің жақындағанына да сене алмай қаламын. Әредік орта мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын, сыныптас достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоябереді. Енді әне-міне дегенше сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жастүлекпін алға ұмтылған. Жастүлек – болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір-керуен қайда жетелесе – сонда жол тартпақпын. «Сен де біркірпіш, дүниеге, кетігін тап та бар қалаң» деп қазақтың дара тұлғалы ақыны Абай айтпақшы, өмірден өз орнын тапқан дұрыс қой. Дегенмен «туған ауылымды тастап кете барамын» деген ойдың өзі менің киелі, құтмекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түседі.
Туған елге, Туған жерге, Туған тілге деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай болмақ. Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә. Туған жеріне деген шексіз махаббатқа ие жүрегіммен өзімнің сыныптас достарыма алда тұрған үлкен сын – ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, өзі сүйген мамандықтың иесі болуын тілей отырып, туған жердің – қазақ елінің қадірін біле жүрейік дегім келеді.
Соңында айтайын дегенім, әр Қазақстан Республикасының азаматы не істеу керек? Ол мемлекеттік тілін білу, барлық халықтардың дәстүрлерін құрметтеу, өз Отанын қорғау керек. Себебі Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің Отанымыз.Мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
......................................................................
Отан сөзі әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың. Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған. Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі керек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет