Ардагерлер атамекен айбыны



Дата15.09.2022
өлшемі15,12 Kb.
#39171

1-жүргізуші
Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар! Ең алдымен сіздерді келіп жеткен 9-мамыр «Ұлы жеңіс күнімен» шын жүректен құттықтаймын! 77 жыл бұрын 9-мамырда жеңіске жеткен барлық ардагерлердің үйіне аман-есен оралған күні!
2-жүргізуші
Қайырлы күн құрметті оқушылар мен ұстаздыр! Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырған соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиынға қош келдіңіздер! Олай болса «Жеңіс туы желбіресін» атты сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші
Ардагерлер - атамекен айбыны.
Сақтады олар елін - жерін, намысын,
Ақтады олар азаматтық борышын.
Сол үшін де қолтығынан демейік,
Ардагерге, майдангерге
Барлық жерде басымызды иейік.

2-жүргізуші


Жазылған жоқ өткен күн жоралары,
Сиреп кетті – ау қарттардың аралары.
Бабам жауға бермеген туған жерді
Қорғайды әлі баламның балалары.

1-жүргізуші


Жеңіс мерекесі – бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзат қауымының мерекесі. Жеңіс мерекесі – жеңімпаз әкелер мен аға буынның және сол ағалар ісін алға апаратын жас буынның мерекесі. Бұл біздің ең қасиетті де қастерлі мерекеміз, Жеңіс күні 9 - мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.

2-жүргізуші


Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған

1-жүргізуші


Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т. б. және де өз жерлестеріміз де бар. Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.

2-жүргізуші


Ұлы отан соғысына қатысқан ардагер батырларымыз туралы бейнебаянды тамашалайық!
1-жүргізуші
Жалпы балалар осы видеоны көріп қандай әсер алдыңыздар(балалар ойымен бөліседі)

2-жүргізуші


Сіздерге шағын сұрақ. Тақтада көрсетіліп тұрған батыр кім және қай жердің тумасы!

1-жүргізуші


Төле Кенжебаев (1.1. 1902, Алматы облысы,Еңбекшіқазақ ауданы,Шелек ауылы – 18.10.88 Шелек) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, Кеӊес Одағыныӊ батыры. Қазан төңкерісінен соң бірнеше жыл былғары зауытында, ұжымшарда аға шопан болып жұмыс істеген. 1942 жылдан Ұлы Отан соғысына қатысқан. Кенжебаев жаудың қарсы шабуылын тойтаруға қатысып, 3 жауынгерін өлтіріп, бір офицерді тұтқынға алды. Қыркүйектің соңында Кеңес әскері Днепр өзеніндегі ұрыстарда шешуші табыстарға жетті. Осы кезде көрсеткен ерекше ерлігі үшін Кенжебаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (15.9. 1944) Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатгалған. Соғыстан кейін Кенжебаев өзінің туған жеріне оралып, «Авангард» ұжымшарының жылқы фермасында жұмыс істеді.

2-жүргізуші


Ол 60-гвардиялық атты әскер полкі, 1-ші эскадронының (Орталық майдан, 61-армия, 7-гвардиялық атты әскер корпусы, 16-гвардиялық атты әскер дивизиясы) даңқты жауынгері атанды. Кенжебаев 1943 жылы 27 қыркүйекте Нивки деревниясы жанында Днепр өзенінен алғашқылардың бірі болып өткен. Өзеннің оң жағалауында жауып тұрған оқтың астында қалтқысы бар екі салды 200 м жерден сүйреп, Кеңес әскері тұрған жағалауға жеткізеді. Осылайша бөлімшелердің оң жағалауға өтуін қамтамасыз етеді. Кенжебаев жаудың қарсы шабуылын тойтаруға қатысып, 3 жауынгерін өлтіріп, бір офицерді тұтқынға алған .Неміс әскері, әсіресе, күшті табиғи тосқауыл болған Днепр өзеніне ерекше маңыз берген еді.

1-жүргізуші


1945 жылдың мамырында талай жауынгердің арманына айналған жеңістің жеткендігі жайлы хабар келеді. Көптен күткен жеңіс талай майдангердің көңілін көкке жеткізгендей еді. Соғыстан аман-есен оралған Төле Кенжебаев өзінің туған жеріне оралып, «Авангард» ұжымшарының жылқы фермасында аянбай тер төгіп, жұмыс істейді. Екі ұл тәрбиелеп өсірген ардақты әке. Бүгінде балалары әр салада қызмет етіп жүр. Даңқты жауынгердің есімі мемориалды тақтада Кеңес Одағының 78 Батырының қатарында және Башқұртстан Республикасының Ұлттық мұражайында есімі өшпестей алтын әріппен жазулы. Ол 1988 жылы 86 жасында қайтыс болды. Бүгінде Шелек ауылында Кеңес Одағының Батыры Төле Кенжебаев атындағы мектеп және көше бар. Төле Кенжебаев сынды ел ісіне белсене араласқан қаһарманның ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде қанша дәріптесек те артық етпейтіні анық. Өйткені, олар көрген қиын-қыстау заманды біз басымыздан өткерген жоқпыз.

2-жүргізуші


-ия ,балалар! Өз арамыздан шыққан батырларымызды біліп жүргеніміз абзал!

1-жүргізуші


Достарым, келесі кезек сұрақ-жауапқа да келіп жеттік!

2-жүргізуші


Оқушылардың білімінің қаншалықты деңгейде екен көрейік!




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет