Арқылы беріледі



Дата31.12.2021
өлшемі14,74 Kb.
#23470

ЕСІМДІКТЕР

Түркі тілдеріндегі есімдіктер жайлы сөз болғанда, ең алдымен, жіктеу және сілтеу есімдіктерінің генезистік бірлігі айтылады. Белгілі түрколог Н.К.Дмитриев өзінің «Башқұрт тіліндегі сілтеу есімдіктері» дейтін мақаласында түркі тілдеріндегі сілтеу есімдіктерін шығу тегі жағынан жіктеу мүмкіндіктерімен бірлікте қарау керек. Ал соңғылар шақ тұлғаларына негіз болды деп айтады. Мұндай пікірдің тууына бірінші негіз жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктерінің мағыналық орайластығы. Шынында да, мен — мынау



сен сонау, ол ол, анау тәрізді орайлас мағыналық әрқашан генезистік бірліктің ғана нәтижесі болуы мүмкін екендігі белгілі. Оның бер жағында жіктеу және сілтеу есімдіктерін өзара тығыз байланысты топтар деп қарауға тағы да мынадай дәлел бар: біріншіден III жақта жіктеу есімдігі мен сілтеу есімдігі бір ғана сөзбен — ол арқылы беріледі. Ол сөзі әрі жіктеулік мәнді, әрі сілтеулік мәнді түбір күйінде де, септеулі күйінде де бере алады. Екіншіден, ол сөзі жіктеулік мәнде болсын, сілтеулік мәнде болсын, септеген уақытта оның құрамында пайда болады. Нақ осы сілтеу есімдіктерінің басқасының құрамында да (сол, бұл, т. б.) септелген кезде пайда болып отырады. Мұның I—II жақ жіктеу есімдіктерінің құрамындағы осындай дыбыстан (ме-н, се-н) пәлендей принциптік айырмашылығы байқалмайды. Н.А.Баскаков «Түркі тілдеріндегі жіктеу, сілтеу есімдіктердің арақатынасы» атты мақаласында есімдіктердің даму жолын мынадай схемамен көрсетеді: сілтеу есімдіктері «тәуелдеу (притяжательные) есімдіктері» жіктеу есімдіктері. Бұған қарағанда есімдіктердің ішіндегі ең көне, байырғысы — сілтеу есімдіктері (зерттеушілер бұлардың қалыптасуын көлемдік орыналасумен байланыстыратыны мәлім) болып шығады да, ең жаңасы жіктеу есімдіктері болып танылуға тиіс. Есімдіктер дамуы нақ осындай схемамен жүрді ме жоқ па, оған қарамай бір даусыз нәрсе мынадай: осы аталған есімдік топтары бір-бірімен мағыналық жағынан да, құрылымдық жағынан да орайласып, астасып жатады.

Салыстырыңыз: мен-менікі (кейбір тілдерде меніңкі) -мынау,



сен-сенікі-сонау, ол ол-оныкі-анау. Оның үстіне мынау есімдігі-

нің міне (яғни, қысаң дауыстылы варианты бар, е ~ і ) варианты

барлығын да еске алу керек.

Сонымен, жіктеу есімдіктері бұрын қалыптасты ма, әлде сілтеу

есімдіктері бұрын қалыптасты ма — бұл мәселе қалай шешілсе

де, олар қашанда бір ғана генезистік тұлғалар есебіне танылуы дә-

лелді. Қайсысы бұрын қалыптасса да, тілімізде қазір екі түрлі ма-

ғынада (орайлЭс болса да) жұмсалатын және екі түрлі дыбыстық

қүрамда тұрақталған есімдік топтарының қайсысы да тілдің кейін-

гі даму барысында күрделеніп, әр түрлі грамматикалық сипат, әр

түрлі мағына алған күрделі сөздер болуы керек. Тарихи-салыстыр-

ма зерттеулердің нәтижесі бұлардың да басқа сәз таптары ізімен



туынды түбірлерден қалыптасып, тұрақталғандығын дәлелдейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет