Қарым-қатынас ұғымын сипаттау



Дата19.04.2023
өлшемі30,04 Kb.
#84409
Байланысты:
қарым-қатынас


Қарым-қатынас ұғымын сипаттау.
Адамның өзара қатынасы күнделікті өмірде қажетті болып тұратын жағдай. Көптеген ғылым, өнер қайраткерлері осы қарым - қатынас адамдардың мінезі мен психологиялық өзгешеліктеріне байланысты деп есептейді. Тіпті кейбір шетел социологтары адамның өзара қатынасын өзгерту арқылы капиталистік елдердегі тап күрестерін жоюға болады дейді. Расында, адамдардың өзара қатынасы тұрмыстық жағдайға, әсіресе, кішігірім топта, ұжымда, жұмыста адамдардың жеке басына әсерін тигізіп отырады. Бірақ, адамдардың қарым - қатынасын тек өмірдегі халі мен күйі әлеуметтік, экононмикалық, саяси т.б. факторлардың күшті ықпалында болды.
Барлық кездесетін қарым - қатынастарды үш түрге бөлеміз: 1.қажетті қарым - қатынастар (туған - туысқан арасындағы қарым -
қатынас);
2. міндетті қарым - қатынастар (мұғалім мен оқушы, дәрігер мен сырқат
адам);
3.ынтымақты қарым - қатынастар ( достар арасындағы қарым -
қатынастар)
Бұндай қарым - қатынастардың жалпы сипаты іс барысында, жұмыс
үстінде көрінсе, оны іскерлік (ресми) қарым - қатынас түріне жатқызуға болады. Ал, оларды тек сезім сипатынан байқасақ, онда жеке (ресми емес) қарым - қатынас түріне жатқызамыз. Жұмыста болатын қарым - қатынастар адамдардың нұсқауда көрсетілген тәртіпті орындаумен байланысты.
Осыған орай, біреулердің тәртіпті, іскер, жауапты деп санаса, оған ризашылдық білдірсе, ал керісінше болса, наразылық сезімдері пайда болады. Іскерлік қарым - қатынастар жеке бас қарым - қатынасына айналуы мүмкін.
Сонымен қарым - қатынас ұғымы адамдардың бір - бірінен күрделі, көптеген түрлі жақындасу процестерін көрсетіп, олардың бірігіп жасайтын іс - әрекеттерінің қажеттіліктерін орындау үшін қолданылады. Осындай қарым - қатынас кезінде адамдар бірінен - бірі керекті деректер алады, бірін - бірі дұрыстап қабылдап, түсініп жұмыс жасау үшін бәріне бірдей жоспар жасайды.
Қазіргі қоғамдағы қарым - қатынастың әлеуметтік қызметін теория жағынан екі категорияға бөлуге болады. Біріншісі, әлеуметтік мағынасы бар, қоғамдағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған. Екіншісі, әлеуметтік - психологиялық қарым - қатынас және адамдардың қажеттіліктеріне байланысты. Әлеуметтік қарым - қатынасқа ұжымдық еңбегін жоспарлап, басқару, орындалғанын қадағалап, тексеріп жатады.

Қарым - қатынас мазмұнына ғылыми және тұрмыстық білімдер жүйесі, дағдылар мен іскерліктер, адамның өзі, яғни оның сыртқы келбеті, мінез ерекшелігі, өзін - өзі ұстау мәнері, т. б. міндетті топпен, ұжыммен шешу, әрекет, қарым - қатынас пен өзара қарым - қатынас т. б. жатады. Қарым - қатынас мазмұны қарым - қатынас құралы арқылы түрлі тәсілдермен беріледі. Адамдар қарым - қатынасының негізгі құралына тіл жатады.


Тілдік қарым - қатынаспен бірге тілдік емес құралдар кеңінен қолданылады. Олар: келбет, дене қимылдар, ым-ишара т.б.
Қарым -қатынас қатысушыларының контингентіне байланысты жеке адамдар арасындағы қарым - қатынас, жеке адам мен топ арасындағы қарым - қатынас, топтардың өзара қарым - қатынасы болып бөлінеді.
Жеке бас топтық қарым - қатынас - бұл бір жағы жеке адам, келесі жағы топ, ұжым болғанда болатын қарым – қатынас.
Өзара топтық қарым - қатынас - бұл екі қауымдастықтың өзара әрекеті. Қарым – қатынастың үш жағы бар.
1. Коммуникативтік, яғни жақындасу жағы
2. Интерактивтік жағы
3. Перцептік жағы
Коммуникативтік жағы - қарым - қатынас арқылы адамдар бір - біріне
ойын, мақсатын, алған бет алысын айыруға тырысады. Бұл процестің құралына сөз, сөйлеудегі ырғақ мимика (бет, ауыздың әртүрлі қимылы), пантомимика (бүкіл денедегі әртүрлі қимыл), ым - жымдар жатады. Коммуникативтік процестің мақсаты соған қатысатын адамдардың бір - біріне әсер ету болып табылады.
Адамдар арсындағы коммуникативті процестер техникалық қоңдырғылар арасындағы алмасудан өзгеше болды, оның мазмұны және формасы бойынша өзіне тән ерекше, маңызды қасиеттері бар. Олардың ерекшелігі - кері байланыс процесі. Коммуникативті барьер, коммуникативтік әсер және мәлімет берудің әр түрлі деңгейі сияқты процестермен байланысты.
Вербальды коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде сөз қолданылады. Вербальды емес коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде сөздік емес белгілер жүйесі қолданылады. Вербальды емес коммуникация 4 формаға бөлінеді: кинесика, паралингвистика, проксемика, визуальды қарым-қатынас. Олардың әр қайсысы өзінің белгілер жүйесін қолданады.
Сөз - коммуникативтік қарым-қатынастың маңызды құралы болып табылады, себебі ақпарат беруде сөз арқылы хабардың мәні өзгеріске аз ұшырайды. “Айту” және “тыңдау” терминдерін И.А.Зимняя вербальдық коммуникацияның психологиялық компоненті ретінде енгізді.
Вербальды емес коммуникацияның ішінен оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесіне ым - ишара, қол, дене қимылы жатады.
Коммуникативтік жағы - қарым – қатынас арқылы адамдар бір – біріне ойын, мақсатын, алған бет алысын айыруға тырысады. Бұл процестің құралына сөз, сөйлеудегі ырғақ мимика (бет, ауыздың әртүрлі қимылы), пантомимика (бүкіл денедегі әртүрлі қимыл), ым – жымдар жатады. Коммуникативтік

процестің мақсаты соған қатысатын адамдардың бір – біріне әсер етуі. Қарым қатынаста адамдар өзара идеялар, қызығулар, көңіл –күйімен, сезімдерімен т.б. бөліседі. Мұның бәрін әртүрлі мәлімет ретінде қарастыруға болады.


Кері байланыс дегенміз – Кері байланыстың берілу жолдары әртүрлі болады.Ең алдымен тура және жанама. Тура кері байланыста реципиент пікірі ашық түрде беріледі.
Коммуникация туралы сөз болғанда ең алдымен адамдардың өзара әрекеті барысында болатын көзқарас, пікір, қызығу, көңіл-күй, сезім, бағдар алмасу деп түсінеміз. Бұлардың бәрін ақпарат (информация ) деп қарастырсақ, онда коммуникация процесін информация алмасу процесі деп қарастыруға болады.
Коммуникацияның негізгі ерекшеліктері:
Коммуникация екі құрылымның арасындағы «информацияның қозғалысы» емес, ол екі индивидтің өзара қарым-қатынасы, олардың әрқайсысы белсенді субъект, яғни коммуникативтік әрекетке қатысушылардың әрқайсысы өзінің партнерінің белсенділігін болжап отырады. Келесі қатысушы да субъект ретінде қатысады. Осыдан келіп оған информация берерде оның мотивтеріне, мақсатына, бағыт-бағдарына сүйенеді. Бірақ берілген информацияға жауап келесі партнердан шыққан жаңа информация түрінде алынатынын болжау керек. Сондықтан коммуникативтік әрекет барысында қарапайым «информация қозғалысы» ғана емес белсенді алмасу процесі болады.
Адамдардың өзара информация алмасуында әрбір қатысушы үшін информацияның мәні маңызды роль атқарады. Мұнда адамдар информация мәнін алмасып қана қоймайды, олар оның мазмұнын ашуға тырысады. Бұл информация қабылдағанда ғана емес, ол түсінікті, әрі мазмұны ашылғанда ғана болуы мүмкін. Сондықтан коммуникацияда әрекет, қарым-қатынас және таным бірлікте беріледі.
Информация алмасу барысында партнердің мінез-құлқына әсер етуі тиіс, яғни коммуникация қатысушылардың көңіл-күйін өзгерту. Коммуникативтік әсер ету коммуниканттың біреуінің екіншісіне мінез-құлқын өзгерту мақсатында психологиялық ықпал жасауы. Коммуникацияның тиімділігі осы ықпалдың қаншалық әсер еткенімен өлшенеді.
Коммуникативтік ықпал егер информацияны бағыттаушы (коммуникатор) адам мен информацияны қабылдаушы (реципиент) бірдей белгілер жүйесін қолданғанда яғни белгілердің негізгі мағыналары коммуникация процесіне қатысушыға бірдей белгілі болғанда ғана мүмкін болады. Жәй сөзбен айтканда:”барлық адамдар бір тілде сөйлеу керек”. Тек белгілердің бірдей жүйесін қабылдау ғана партнерлардың бір-бірін түсіну мүмкін болады. Бірақ сөздердің мағынасы бірдей болғанымен адамдар оларды бірдей түсінбейді, оған әлеуметтік, саяси, жас ерекшеліктері себеп болады.
Адамдардың коммуникациясында ғана коммуникативтік барьерлер болады. Олар әлеуметтік және психологиялық сипатта болады. Барьерлер бір жағынан ортақ белгілер жүйесі жоқ болғаннан болса, сонымен қатар партнерлар арасындағы әлеуметтік, саяси, діни, кәсіптік айырмашылықтарға да

байланысты, олар коммуникация кезінде қолданылған ұғымдарды түрліше талдайды. Екінші жағынан коммуникация “таза”психологиялық сипатта болады. Олар қарым-қатынасқа түсушілердің жеке психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты.(мыс ұялшақтық). Жекелеген адамдарға немесе жекелеген ақпарат қабылдаушыларға сигналдар бағытталса онда ол аксиальді коммуникативтік процесс болып табылады. Егер сигналдар көпшілікке бағытталса, онда ол ретиалды коммуникация болып табылады.


Коммуникация туралы сөз болғанда ең алдымен адамдардың өзара әрекеті барысында болатын көзқарас, пікір, қызығу, көңіл-күй, сезім, бағдар алмасу деп түсінеміз. Бұлардың бәрін ақпарат (информация ) деп қарастырсақ, онда коммуникация процесін информация алмасу процесі деп қарастыруға болады.
Коммуникацияның негізгі ерекшеліктері:
1). Коммуникация екі құрылымның арасындағы «информацияның қозғалысы» емес, ол екі индивидтің өзара қарым-қатынасы, олардың әрқайсысы белсенді субъект, яғни коммуникативтік әрекетке қатысушылардың әрқайсысы өзінің партнерінің белсенділігін болжап отырады. Келесі қатысушы да субъект ретінде қатысады. Осыдан келіп оған информация берерде оның мотивтеріне, мақсатына, бағыт-бағдарына сүйенеді. Бірақ берілген информацияға жауап келесі партнердан шыққан жаңа информация түрінде алынатынын болжау керек. Сондықтан коммуникативтік әрекет барысында қарапайым «информация қозғалысы» ғана емес белсенді алмасу процесі болады.
Адамдардың өзара информация алмасуында әрбір қатысушы үшін информацияның мәні маңызды роль атқарады. Мұнда адамдар информация мәнін алмасып қана қоймайды, олар оның мазмұнын ашуға тырысады. Бұл информация қабылдағанда ғана емес, ол түсінікті, әрі мазмұны ашылғанда ғана болуы мүмкін. Сондықтан коммуникацияда әрекет, қарым-қатынас және таным бірлікте беріледі.
2). Информация алмасу барысында партнердің мінез-құлқына әсер етуі тиіс, яғни коммуникация қатысушылардың көңіл-күйін өзгерту. Коммуникативтік әсер ету коммуниканттың біреуінің екіншісіне мінез-құлқын өзгерту мақсатында психологиялық ықпал жасауы. Коммуникацияның тиімділігі осы ықпалдың қаншалық әсер еткенімен өлшенеді.
3). Коммуникативтік ықпал егер информацияны бағыттаушы (коммуникатор) адам мен информацияны қабылдаушы (реципиент) бірдей белгілер жүйесін қолданғанда яғни белгілердің негізгі мағыналары коммуникация процесіне қатысушыға бірдей белгілі болғанда ғана мүмкін болады. Жәй сөзбен айтканда:”барлық адамдар бір тілде сөйлеу керек”. Тек белгілердің бірдей жүйесін қабылдау ғана партнерлардың бір-бірін түсіну мүмкін болады. Бірақ сөздердің мағынасы бірдей болғанымен адамдар оларды бірдей түсінбейді, оған әлеуметтік, саяси, жас ерекшеліктері себеп болады.
4). Адамдардың коммуникациясында ғана коммуникативтік барьерлер болады. Олар әлеуметтік және психологиялық сипатта болады. Барьерлер бір жағынан ортақ белгілер жүйесі жоқ болғаннан болса, сонымен қатар партнерлар арасындағы әлеуметтік, саяси, діни, кәсіптік айырмашылықтарға да

байланысты, олар коммуникация кезінде қолданылған ұғымдарды түрліше талдайды. Екінші жағынан коммуникация “таза”психологиялық сипатта болады. Олар қарым-қатынасқа түсушілердің жеке психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты.(мыс ұялшақтық). Жекелеген адамдарға немесе жекелеген ақпарат қабылдаушыларға сигналдар бағытталса онда ол аксиальді коммуникативтік процесс болып табылады. Егер сигналдар көпшілікке бағытталса, онда ол ретиалды коммуникация болып табылады.


Кез-келген ақпаратты алмасу белгілер жүйесі арқылы жүзеге асады. Коммуникативтік процесте бірнеше белгілер жүйесі бар, осыған сәйкес коммуникативтік процестің классификациясын құрастыруға болады. Коммуникацияны вербальды және вербальды емес деп екі топқа бөлуге болады.
Вербальды коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде сөз қолданылады. Вербальды емес коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде сөздік емес белгілер жүйесі қолданылады. Вербальды емес коммуникация 4 формаға бөлінеді: кинесика, паралингвистика, проксемика, визуальды қарым-қатынас. Олардың әр қайсысы өзінің белгілер жүйесін қолданады. Сондықтан коммуникация процесін 5 түрге бөлеміз.
Вербальды коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде адамдардың сөзі қолданылады. Сөз ретінде табиғи дыбыстық тіл, яғни фонетикалық белгілер жүйесі пайдаланылады. Сөз – коммуникативтік қарым-қатынастың маңызды құралы болып табылады, себебі ақпарат беруде сөз арқылы хабардың мәні өзгеріске аз ұшырайды. “Айту” және “тыңдау” терминдерін И.А.Зимняя вербальдық коммуникацмяның психологиялық компоненті ретінде енгізген болатын. әлеуметтік психологияда сөздік ықпалдың тиімділігін арттырудың тәсілдері мен шарттарын анықтауға көптеген эксперименталдық зерттеулер болды. Осыған бағытталған жұмыстардың жиынтығы “дәлелдеуші коммуникация ” атауын алды. Осы коммуникацияның моделін американ зерттеушісі Г.Ласуэлл ұсынды. Оның коммуникативтік процесінің моделі 5 элементтен тұрады:
1.Кім? (хабар беруші )- Коммуникатор.
2. Не ? (беріліп тұр) – Хабар(текст).
3. Қалай? (қандай жолмен беріліп тұр) – Арна.
4. Кімге? ( бағытталған хабар) – Аудитория.
5. Қандай тиімділікпен?- Тиімділігі.
Сөздің тиімділігін арттырудың 3 типі бар:
Ашық- коммуникатор айтылған ойдың жақтаушысы екенін ашық айтады.
Алшақ коммуникатор екі қарама-қарсы көзқарасты салыстырып, өзін екеуінен де алшақ ұстайды Жабық- коммуникатор өзінің көзқарасын білдірмейді, кейде арнайы әдістерді қолданып жасыруға тырысады.
4. Адамдар өзара бір-біріне психологиялық ақпаратты вербальды емес белгілер жүйесі арқылы алады. Ақпараттың көпшілігі адам:
а) 55%дене қимылы және физиологиялық қалып арқылы(мимика, қол, дене қимылы )
б) 40% дауыс(интонация, тембр, диапозон, дауыс темп арқылы)

в) 5% сөздің мағынасы арқылы қабылдайды. 90%көру, 9%есту, 1%т.б.


Вербальды емес коммуникацияның ішінен оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесіне мимика, қол, дене қимылы жатады. Мимика дегеніміз- қарым-қатынас кезіндегі беттің құбылысы. Ым–ишара дегеніміз- психикалық күйді байқататын әлеуметтік қалыптасып қалған қимыл.
Коммуникацияда оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесінің мәні өте зор, көлемі кең, сондықтан қазіргі кезде бұл саланы зерттейтін зерттеу саласы бар, ол- кинестика. Мимика – сезім көрсеткішінің негізгісі. Жағымды эмоциялар жеңіл байқалады, мысалы, бақыт, махаббат және таңдану. Қамығу, ашу, жек көру сияқты жағымсыз эмоцияларды қабылдау қиын болады. 20 000 бет қимылы бар. Мимика мен мінез-құлық, жүріс-тұрыстың элементі ретінде күлімдеу түрлі ұлттық мәдениетке байланысты. Мысалы: оңтүстік адамдары солтүстік адамдарына қарағанда жиі күледі.
Дене қимылы- психологиялық ақпарат берудің негізгі көзі. Көптеген дене қимылдарына қарай отырып біз адамдардың қалпын, ішкі жағдайын, олардың озара қатынасын байқауға болады. Дене қимылдары кейде вербальдық ақпараттың мәнімен сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ дене қимылының шындық болатынын байқауға болады. Сондықтанда дене қимылының қарым-қатынаста маңызы өте зор.
1.“Жабық поза”- мұнда адам денесімен алдыңғы бөлігін жабуға және кеңістікте неғұрлым аз оран алуға тырысады (психологиялық дискомфорт), тығылып, иығына басын тығып, аузын жабады.
2. “Ашық поза”- қол ашық, екі жаққа жайылған, аяқ сәл ашық, сенім, келісім,жылышырайлықты білдіреді.
3. “Қорғану”- кеудеге қолды айқастыру. Мұны ата-анасының айтқанын жоққа шығарушы балалар, өзінің құқын қорғаушы қарттарда жиі қолданылады.
4. “Бағалау”, “Сынау”- иек алақанға сүйенген, сұқ саусақ бетке созыла орналасқан, қалғандары ауыздың астына қарай орналасқан. Егер бұл сәл еңкеюмен бірге болса, онда сын негативті. Егер бас сәл бір жаққа қарай қисайса, ол қызығушылықпен байланысты.
5. “Дайындық”- қолды мықынға қою дайындықтың бірінші белгісі. Мұндай позаны жарыс кезінде спортшылардан өз кезегін күту кезінде жиі көруге болады. Орындықтың шетіне отыру- әрекетке дайындалып отырғанды білдіреді.
Адамдармен қарым-қатынасқа түскенде:
- оның сыртынан, арқасынан сөйлесуге болмайды, себебі кейбіреулердің арқасынан қорғануы жоқ болады, оларды бірінші партаға отырғызуға болмайды.
- олардың төбесінен қарауға болмайды, себебі олар өздерін кіші , төмен сезінеді.
- отырып-тұрып тұрған адаммен сөйлесуге болмайды, себебі менсінбеуді білдіреді, позалардың тең еместігі.
Қозғалыстан адамның ішкі жағдайын, оның жеке дара ерекшеліктерін (жынысын, жасын, темперамент типін) білуге болады:

- ең ауыр қозғалыс ашу кезінде болады.


- жеңіл қозғалыс қуаныш, мақтаныш кезінде болады.
Нашар көңіл-күйде қол салбырап тұрады,жақсы көңіл күй кезінде
ұшатындай жүріспен қозғалады.
Соңғы кездерде психологиялық зерттеудерде қарым-қатынас
жасаушылардың аралығындағы қашықтықтың, партнерлардың отырысының коомуникативтік мәніне көңіл аударылуда. Америкалық қарым-қатынас психологиясында бұл бағыттағы зерттеулерге проксемикка деп ат қойылды.
Төрт түрлі ара қатынас бар:1.көңілдестік,2. жеке бастық,3. әлеуметтік,4. көпшіліктік. Алғашқы екі қатынас жақын, достық байланысты аңғартады, ресми байланыстағы адамдар әлеуметтік қатынасты ұстанады, көпшіліктік арақатынас- бөтен адамдармен араласу. Жеке адамдар арасындағы қашықтық әр ұлтта және мәдениетте әртүрлі. Мысалы: mini американдықтарда, maxi жапондықтарда. Әр адаммен өзінің арақатынасы болады.
0-0,5м- өте жақындық, көңілдестік қатынасқа сәйкес келеді. Сонымен қатар спорттың кейбір түрлерінде денелерді түйісу болады. Мыс:күрес т.б.
0,5-1,2м - жеке адамдар арақатынасы қашықтығы, достар арасында болады. 1,2-3,7м - әлеуметік-қызметтік қарым-қатынас аймағы.
3,7м-жоғары - көпшіліктік арақатынас. Бірнеше сөзбен алмасу немесе
қарым-қатынас жасаудан қашу.
Паралингвистика және экстралингвистика белгілер жүйесі вербальды
коммуникацияға қосымша ретінде қолданылады.
Паралингвистикалық жүйе - бұл дауыстың қасиеті, оның диапазоны, дауыс
тоны.
Экстралингвистикалық жүйе - сөз арасындағы кідірістер, жөтелу, жылау,
күлу, сөз темпі, т.б.
Дауыс тонынан ашу және қайғыны жеңіл байқауға болады, ал ашу және
қызғанышты тану өте қиын. Дауыс тоны серіктес адамның сезімін түсінуде негізгі роль атқарады.
Дауыс күші мен биіктігі де кейбір сезімдерді анықтауға мүмкіндік береді. Мыс:ашу, қорқыныш, қуаныш, сенімсіздік биік дауыспен берілсе, мұң, қайғы және шаршағандық жұмсақ және төмен дауыспен беріледі.
Сөздің жылдамдығы да сөйлеушінің сезімін білдіреді. Өзінің басындағы қиындықты айтқанда, қобалжып тұрғанда адам тез сөйлейді. Баяу сөйлеу қайғыда, көкіректік немесе шаршаған кезде болады.
Күрсіну, жөтелу, кідіріс жасаудың да сезімді білдіруде маңызы өте зор.
Коммуникативтік процесте қолданылатын келесі арнаулы белгілер жүйесі - бұл көзбен қарым қатынас жасау (визуалды қатынас). Сөйлеушіге қарау қызығушылықты ғана білдірмейді, сонымен қатар бізге не айтып тұрғанға да зейінімізді шоғырландырғанды да білдіреді. Адамдарға жағымды тақырыпты талқылауда визуалды қатынасты ұзақ ұстаған жеңіл. Егер жағымсыз мәселені талқыласақ бір-біріміздің көзімізге қарамауға тырысамыз. Мұнда визуалды қатынастан бас тарту әдептілік білдіреді және сөйлеушінің эмоциялық жағдайын түсінгендікті білдіреді. Себебі мұндай кезде көз алмай қарау

жағымсыз сезімдерді тудырады. Сонымен қатар көз алмай қарау жауласудың белгісі деп те қабылданады. Визуалды қатынас бір-бірін ұнататын адамдар адамдар арасында жиі кездеседі. Көбіне сөйлеуші алыс қашықтықта болғанда визуалды қатынасқа түсеміз, сөйлеуші жақындаған сайын визуалды қатынастан қашуға тырысамыз. Визуалды қатынас әңгіме барысын реттеп отыру үшін қажет. Егер сөйлеуші көзін біресе тыңдаушыға, біресе басқа жаққа әкетсе, онда сөйлеуді әлі бітірмегені. Сөз алғанда сөйлеуші тыңдаушыға тік қарайды. Сөйтіп ол сөз кезегін тыңдаушыға бергенін білдіреді.


Қарым-қатынастың интерактивтік жағы – адамдардың өзара әрекетіне, олардың біріккен әрекетін ұйымдастыруға қатысты қарым-қатынастың компоненттерінің сипатын ашатын термин.
Егер коммуникативтік процесс біріккен әрекет негізінде туындайтын болса, онда осы әрекет жөніндегі білімдер мен идеялардың алмасуы әрекетті дамыту мен ұйымдастыруды көздейді. Бұл әрекетке бір уақытта көп адамның қатысуы (әр адам өз үлесін қосуды) өзара әрекетті біріккен әрекетті ұйымдастыру ретінде талдауға мүмкіндік беретін әрбір адамның өз үлесін қосуды білдіреді. Оның барысында оған қатысушылар үшін информацияларды алмасу ғана емес, әрекетті алмасуды ұйымдастыру, ортақ әрекетті жоспарлау да маңызды.
Интерактивтік жағы - бұл адамдардың бірігіп қызмет жасауы үшін стратегиялық жоспар құруын көрсетеді. Қарым – қатынастың интерактивті жағы – адамаралық қарым - қатынастың, адамдардың бір – бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин. Қарым – қатынас барысында қатынасқа түсу үшін тек мәлметпен алмасып және өзара түсініксіздікке қол жеткізумен шектелу жеткіліксіз, әрекеттермен алмасу, ортақ іс - әрекетті жоспарлап, бірлескен әрекеттердің формалары мен нормаларын қалыптастыру да маңызды.
Егер коммуникативтік процесс біріккен әрекет негізінде туындайтын болса, онда осы әрекет жөніндегі білімдер мен идеялардың алмасуы әрекетті дамыту мен ұйымдастыруды көздейді. Бұл әрекетке бір уақытта көп адамның қатысуы (әр адам өз үлесін қосуды) өзара әрекетті біріккен әрекетті ұйымдастыру ретінде талдауға мүмкіндік беретін әрбір адамның өз үлесін қосуды білдіреді. Оның барысында оған қатысушылар үшін информацияларды алмасу ғана емес, іс-әрекетті алмасуды ұйымдастыру, ортақ әрекетті жоспарлау да маңызды.
Қарым-қатынастың интерактивтік жағы қарым-қатынасқа қатысушылардың мінез-құлқын өзгертетін белгілер жүйесін қадағалап қана қоймайды, топтың мүшелері үшін ортақ әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік беретін біріккен әрекетті ұйымдастыруды да қадағалайды.
Әлеуметтік психологияның тарихында осы өзара әрекеттің құрылымын жасауға тырысқан бірнеше бағыт болды. Мысалы, Батыстағы әлеуметтік психологияда әрекеттің жекелеген амалдарына түрлі вариантта сипаттама берілетін «Әрекет теориясы» немесе «Әлеуметтік әрекет теориясы» кеңінен қолданылады. Бұл идеяны социологтар : М. Вебер, Г. Сорокин, Т. Парсонс, әлеуметтік психологтар: Янг, Фримен және тағы басқалар қолдады. Олардың

бәрі өзара әрекеттің кейбір компоненттерін: адамдар, олардың байланысы, олардың бір-біріне әсері, осының салдарынан олардың өзгеруі деп белгіледі.


Келесі бағыт өзара әрекеттің құрылымын оның даму деңгейімен байланыстырады. Мұнда өзара әрекет қарапайым амалдарға бөлшектелібейді, олар өтетін даму деңгейіне бөлшектелінеді. Бұл бағытты ұсынған Я. Щепаньский болды.
Я. Щепанский үшін негізгі ұғым әлеуметтік байланыс ұғымы болып табылады. Оның құрылымы:
1. кеңістік байланыс.
2. психологиялық байланыс (өзара қызығушылық)
3. әлеуметтік байланыс (біріккен әрекет)
4. өзара әрекет (серіктестерден белгілі бір жауап реакциясын туғызатын
жүйелі
5. әлеуметтік қатынас
үнемі әрекеттің орындалуы)
Өзара әрекет проблемасын талдау мәселесінде тағы бір бағыт бар, ол өзара әрекеттің түрлерін жіктеу. Неғұрлым кеңінен қолданылатын жіктеу өзара әрекет түрлерін қарама-қарсы екі жаққа бөлу болып табылады:
1. Кооперация
2. Конкуренция
Адам жеке адам ретінде қарым-қатынасқа түскенмен, оны басқа адамдар
жеке адам ретінде қабылдайды. С.Л.Рубинштейннің айтуынша адамның сыртқы бейнесі жүріс-тұрысы негізінде, біз келесі адамды «оқимыз», оның бейнесінің мәнін ашамыз. Осыдан алынған алғашқы әсерлер қарым-қатынаста зерттеуші роль атқарады. Біріншіден, басқа адамды тани отырып, танушы индивидтің өзі де қалыптасады. Екіншіден, келесі адаммен ұйымдастырылатын бірлескен іс- әрекет сәттілігі, ол адамды тану деңгейіне байланысты. Келесі адамға деген көзқарас адамның өзіндік сана-сезіміне байланысты. Бұл байланыс екі жақты: бір жағынан өзі туралы елестің жан-жақтылығы екінші адам туралы жан-жақты елесті береді, екінші жағынан, екінші адам толық ашыла білсе, оның өзі туралы елесі де толық болады. Адамның өзін басқа адамдар арқылы сезінуінің екі жағы бар: идентификация және рефлексия.
Перцептік жағы - қарым - қатынасқа түсіп, тұрған адамдардың бірін - бірі қабылдауы. Адамдардың қарым - қатынасқа түсер алдында бір - бірін адекватты қабылдап, сезінудің өзара қарым - қатынас барысында сеніммен түсінісулеріне маңызы өте зор.
Өзара түсінушілік дегеніміз әр түрлі түсінуге болады: өзара әрекет бойынша серіктестің мақсатын, мотивтерін, бағдарын түсіну немесе осы мақсат, мотив, бағдарды түсініп қана қоймай, оларды қабылдау, бөлісу әрекетті келісімде етіп қана қоймайды сонымен қатар, ол қарым-қатынастың ерекше түрін: жақындықты, махабатты, достықты орнатады. азара түсінудің екі жағы зерттеудің екі бағытына негіз болады: бірінші жағдайда өзара әрекетті, екіншісінде «аттракцияны» талдауда. Бірақ екі жағдайда да маңызды орынды қарым-қатынастағы серіктесті қалай қабылдау алады, басқа сөзбен айтқанда бір

адаммен екінші адамды қабылдауы қарым-қатынастың құрамдас бөлігі болып табылады да, шартты түрде қарым-қатынастың перцептивтік жағы деп аталады.


Адамның адамды қабылдауы көбіне «әлеуметтік перцепция» ұғымымен беріледі. «Әлеуметтік перцепция» терминін ең алғаш Дж. Брунер 1947 жылы енгізді.
Сонымен, әлеуметтік психологиядағы «әлеуметтік перцепция» немесе тар мағынада «жеке адамдар арасындағы перцепция», «адамның адамды қабылдауы» терминдерінде еркін қабылданады. Жалпы алғанда бір адамның екінші адамды қабылдауы оның сыртқы белгілерін қабылдауды, оларды қабылдаушының жеке басының сипатымен сәйкестендіру және осының негізінде оның іс-әрекеттерін талдауды білдіреді. Адамдар бір-бірін қалай қабылдайды, олардың өзара қарым-қатынасы осыған байланысты.
Егер әлеуметтік перцепция процесін толықтай елестететін болсақ, онда күрделі тарамдалған схема пайда болады. Ол өзіне объектінің бірнеше вариантын енгізіп қана қоймайды, сонымен қатар субъектіні де енгізеді. Қабылдаудың субъектісі индивид болса, онда «өзінің» тобына кіретін келесі индивидті, «бөтен» топтағы басқа индивидті, «өзінің» тобына «бөтен» топты қабылдайды. Айтылғандарға үлкен әлеуметтік қаумдастықты қоспаған күннің өзінде төрт түрлі процес пайда болады. Олардың әр қайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Егер субъект ретінде топ алынса, онда ол мынадан да күрделі, айтылғандарға тағы мыналарды қосуға болады: топтың өз мүшесін қабылдауы, топтың басқа топтың мүшесін қабылдауы, топтың өзін-өзі қабылдауы, топтың татас басқа топты қабылдауы.
Өзара түсіну механизмдерін қарастыру адамдардың бір-бірін тану процесін талдауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік психологияда жеке адамдар перцепциясын зерттеу жүргізілген эксперименталдық зерттеулер бар. Оларды екі класқа бөлуге болады:
1. Жеке адамдар перцепциясының мазманын зерттеу. (қабылдау объектісі мен субъектілерінің сипаты, олардың қасиеттері);
2. Жеке адамдар перцепциясы процесінің өзін зерттеу. (эффектілер, оның механизмдерін талдау);
Жеке адамдардың бірін-бірі қабылдау мазмұны қабылдау объектісі мен субъектісінің сипатына байланысты, себебі, кез-келген осындай қабылдау осы процеске қатысушылардың өзара әрекеті.
Бұл өзара әрекеттің екі жағы бар: бірін-бірі бағалау және бір-бірінің мінездеріне, сипатына өзгеріс енгізу. Бірінші жағдайда әр адам келесі адамды бағалай отырып оның мінез-қалқын интерпретациялаудың белгілі бір жүйесін қаруға талпынады. Күнделікті өмірде адамдар келесі адамның мінез-құлқының негізгі себебін білмейді немесе аз біледі. Мәліметтің аздығына байланысты адамдардың мінез-құлқының себебін, кейде үлге мінез-құлықты немесе жалпы мінездемелерді бір-біріне жапсыра бастайды. Жапсыру қолданушы адамның
Аттракция (латынша: тарту, жақындату) - басқа адамға деген тартымды
сезімнің пайда болуы.

басқа образбен ұқсастығы негізінде жүреді. Әлеуметтік психологияның ерекше бір саласы каузальды атрибуция осы процестерді талдайды.


Каузальды атрибуция адам қатынастарын реттеумен тікелей байланысты
болып, адамдардың қылықтарын түсіндіру, ақтау және кінәлау сияқты әрекеттерді біріктіреді. Каузальды атрибуцияны зерттеу Ф.Хадердің 1958 жылы шыққан “Жеке адамның аралық қатынастар психологиясы” деген еңбегінен бастау алған. Каузальдi атрибуция адамның мiнез-құлқы туралы қабылданған ақпаратты мағыналауға, қылықтарының себебiн анықтауға, адамның оларды алдын-ала болжау қабiлетiн дамытуға бағытталған когнитивтi түрдегi
мотивацияланған мiнез-құлық болып табылады.
Атрибуция – бұл бір адамның басқа да қасиеттері мен қасиеттері бар, ол
оны тікелей қабылдау қабілетінен көре алмайды. Атрибуция көмегімен бір адам екінші тұлғаның мінез-құлқының себептерін талдайды және көрсетеді, оның
жеке басын бағалайды.
Атрибуция теориясы өзіміздің және басқа адамдардың мінез-құлқының, жүріс-тұрысының себебін қалай түсінетіндігімізді түсіндіреді. Мысалы; егер оқушы сабаққа кешігіп келсе бір мұғалім транспорттың нашар жұмысы деп түсінеді, екіншісі, оқушының жеңілтектігінің нәтижесі, үшіншісі, бұл тек менің сабағыма кешігіп келеді, басқаларға ондай емес – деп, ал төртіншісі, әдейі кешігіп келеді, мені дұрыс бағаламайды де түсінеді. Әр мұғалімнің баланың сабаққа кешігуі туралы түрліше түсінігі болады.
1. – жағдайға байланысты,
2. – оқушының ерекшелігі,
3. – мұғалім себепті өзінен іздейді,
4. – кешігуді әдейі істелген деп түсінеді.
Жеке адамдардың бірін-бірі қабылдауының ситуацияларын болжау үшін
зерттеудің үшінші жағын қарастырған жөн, оладамдардың бірін-бірі қабылдауында пайда болатын түрлі эффектіге байланысты.
Қарым-қатынаста кездесетін құбылыс «ореол эффектісі». Бұл белгілі бір адамның мінез-құлқы туралы ой-пікір қалыптасқан болса, оның басқа қылықтарын да осы тұрғыдан бағалайды. Мысалы; бір оқушы туралы мұғалімдердіің арасында жақсы ой-пікір қалыптасса, ол оқушының кейбір оғаш қылықтары еленбей қалады. Ал сол оқушы шектен тыс бұзықтық жасаса, олардың бәрі таңдалып, одан мұны күтпеп едік дейді. Қарым-қатынаста кездесетін енді бір құбылыс «кезегіне қарай болатын эффектілер». Осыған орай мынадай заңдылық байқалады.
Жаңа адам туралы көзқарас дұрыс болу үшін оның өзі туралы мәліметті алдын-ала білу керек. Ал, көпшілікке адам бұрыннан таныс болса ол туралы мәліметтерді соңынан берсе де болады. Мысалы; ұжымға басшы қызметке жаңа адам келсе, ол туралы мәліметті алдымен беру керек. Басқа адам туралы пікір жасауда адамның өзі туралы ойының әсері мол. Егерде оның осы ойы жоғары болса, бірақ ұжым оған басқаша қараса, мұндай адам басқаларды кінәлауға дайые тұрады. Осыған орай проекция термині қолданылады. Бұл адамның өз басындағы кемшіліктерін басқа біреулердің басынан көруі.

Яғни мұндай адам өзіне сынмен қарауды білмейді, сондықтан да басқаның айтқан сынын көтере алмайды. Сонымен қатар басқа адамды бағалауда жомарттық жасайтын адамдар да кездеседі. Олар басқалардың кемшіліктерін елемей, тек жақсылық жақтарын байқап, айтып отырады. Мұндай қарым-қатынас құбылысын «ілтифат эффектісі» дейді. Осындай эффект көпшіліктің жылы шырайына бөленген адамда кездеседі. Өзара қарым- қатынаста тағы бір алшақтық эффектісі болып тұрады. Кейбір жағдайларда мұндай эффекті орынды, тиімді болады. Мысалы; уставта көрсетілген тәртіпті сақтау үшін командир мен солдаттың арасында белгілі бір алшақтық болғаны дұрыс. Сондай-ақ мұғалім мен оқушы арасында да.


Баланың адамдар қарым-қатынасы жүйесіндегі жаңа орны оған үлкен дербестік береді. Ересек адамнан бөліне отырып, бала өз құрбыларымен белсенді өзара қарым-қатынас жасауға кіріседі. Бұл өзара қарым-қатынастар ойын үстінде жүзеге асады. Бала өзіне роль алады да белгілі бір әрекеттерді орындауға, мінез-құлықтың белгілі ережелеріне бағынуға міндетті болады. Бұл әрекеттер ол үшін тартымсыз болуы және екінші жағдайда мүлдем орындалмай немесе аса үлкен қиындықпен орындалуы мүмкін. Баланың ерік – жігерін қалыптастырудағы ойынның маңызы мынады: ойын үстінде ол осы роль бойынша орындауға тиісті қоғамдық және адамгершілік міндеттерге сәйкес әркет жасауға үйренеді.
Кейінірек балалар құрбыларының ғана емес,сонымен қоа өз қылықтарын да бағалай алатын болады. Осылайша өзін өзі бағалау дамиды. Өзін- өзі бағалау қабілеті балаға өз айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға бағдар береді. Сонымен бірге өзін -өзі бағалау баланың саналы іс-әркетін дамытудың неғұрлым күрделі жемісі. Балалар ересектермен тек өздерінің сыртқы іс- әрекеттеріне байланысты емес, сонымен қоса ішкі күйі мен тебіреністеріне байланысты да қарым-қатынас жасауға тырысады. «Мен қуанып тұрмын», «мен ұялып тұрмын» дей бастайды. Ол қандай тебіреністерді басынан кешіріп тұрғанын түсінеді.
Өзін -өзі бағалау мен өзіндік сананы дамыту – мектепке дейінгі шақтың негізігі жаңа құрылымдарының бірі. Өзіндік сана индивидті өзіндік ерекшелігі бар жеке адамға айналдырады.
Балалардың өзара қарым-қатынасына тән белгі олардың достығы, әдетте, өмірдің сыртқы мақсаттары мен кездейсоқ мүдделер ортақтастығында негізделеді.( бір партада отыуы т.б.).
Балалардың санасы әзірше құрдастарының пікірі өзін -өзі шын бағалаудың критерийі болатындай деңгейге жетпейді. Әрине 9-10 жастағы балалар оларға бірге оқыитын балалары ептілігі, зеректілігі, батылдығы үшін берген баға өте ынталы және егер бұл баға өзі қалағанынан басқаша болса, қатты қынжылады. Ол қаты ұзаққа бармайды.
Олар үшін әсіресе мұғалімнің берген бағасы қатты әсер қалдырады. Алайда, А.И.Ликина, Н.А. Жулидова,В.И.Вашуркова т.б. жүргізген нашар оқушылар тобына арнайы зерттеулер , біріншіден , балалардың өзін өзі бағалауы әдетте оларға деген мұғалімнің және сыныптың бағасымен бірдей болатынын көрсетті.

Алайда бір қатар жағдайларда мұғалім кейбір балалардың жалпы дамуы мен мүмкіндіктерін олардың өздері ойлағаннан гөрі, жоғарырақ бағалайды. Нашар балалардың өзін өзі төмен бағалауы- олардың сабақ үлгермеушілігінің өте кең тараған себебі. Балалар тұыйққа тіреледі:олардың нашар табыстары мұғалімнің және сыныптың бұл оқушының болашақ мүмкіндіктері жайлы теріс пікірін қалыптасытрады; осылайша өз күшіне сенімсіздік, бағаларға селқостық келіп туады.


Ересектің құрбыларымен қарым-қатынасы балаларға қарағанда өзгерістер бар:
- ересектің жолдас – жоралары көп болады, бірақ олар мен уақытты бос өткізбейді. Көбінесе өзінің оқу мақсатын көздейді немесе келешек өмір туралы пікірлес болуын қалайды. Құрбыларының немен шұғылданатынына көңіл бөледі, оқуда бір біріне көмектеседі (оқу мотиві). Құрбы дос таңдауда ересектің бұдан басқа да мотивтері болады.
а) құрбыларының ішкі пейілі мен мінез құлқының әлеумет және табиғи ортаны танып білудегі түсініктерінің ұқсас болуын да еске алады.
б) Бірін-бірі түсіне алуы. Екінші кісіні де риза қылып оның да құрбысына жақсы қасиеттің қалыптасуына әсер етеді. Міне осындай – бірінің интелектісімен ісін бағалау да кездесетін қасиеттердің түрін когнитивтік және бағалау эмпатиясы дейміз (анг.көңіл білдіру).
Когнитивтік эмпатияның негізінде ересек жаман-жақсыны, кімнің – кім екенің ажыратуға мүмкіндік береді.
Ал, бағалау эмпатиясына келсек, осының өзі жаңағы ересектің өзгелерге мейірімді келіп, жағдайымен санасын, дәлелін еске алуға байланысты келеді. Бұл кездегі ұлдар мен қыздардың өзара қатынасына тоқталсақ, бұлардың арасында достық қатынастар кездесе бастайды. Бұлардың достығы тұрақты. Сондай-ақ бұлар достықтың бірінші қатарына эмоциялық жылылықты, шыншылдықты қояды «сырашуы» өзіңдік сананың дамуына ықпал етеді.
Терең достық балалық жолдастықтан біртіндеп барып қалыптасады.
Достық – махаббат бастамасы. Жеткіншектік кезеңдегі қысылу, ұялу, жас өспірімдік кезде белсенді бола түседі. 5-6 сыныптарда ғашықтық сезіммен туындайтын (хат жазуы, көзқарас, түсінісу) өруге болады. Бұл кезде ересектер көптеген қиыншылықтарға түседі:
1) махаббат мәселлері көп талғандыра бастайды.
2) осы әдеттен тс жаңа сезім күшейгенде өзін өзі танытуға өзінің сүюге, сүйікті бала , білуге қабілетін сынап байқауға ұмтылыс та күшейеді.
3) жасөспірім шақтаағы махаббат қиялға толы.
4) өзін ақылдырақ, күштірек , қайырымдырақ, мәдениеттірек болуыға деген ықыласын тудырады.
Достық – дегеніміз жеке адамдардың бір-бірін жақсы көруіне және ұнатуғына, мақсаттарының бірлігіне, ұзақ уақыт тату-тәтті араласуына негізделген аса тығыз өзара қарым-қатынас. Үлкен сезімінің бастамасы болып табылады. Сезім атасы – махаббат барынша бақытты не бақытсыз ете алатын құдіретті сезім.

Адам жеке адам ретінде қарым-қатынасқа түскенмен, оны басқа адамдар жеке адам ретінде қабылдайды. С.Л.Рубинштейннің айтуынша адамның сыртқы бейнесі жүріс-тұрысы негізінде, біз келесі адамды «оқимыз», оның бейнесінің мәнін ашамыз. Осыдан алынған алғашқы әсерлер қарым-қатынаста зерттеуші рөл атқарады. Біріншіден, басқа адамды тани отырып, танушы индивидтің өзі де қалыптасады. Екіншіден, келесі адаммен ұйымдастырылатын бірлескен іс- әрекет сәттілігі, ол адамды тану деңгейіне байланысты.


Адамның өзін басқа адамдар арқылы сезінуінің екі жағы бар:
идентификация және рефлексия.
Идентификация дегеніміз - адам өзін басқа адамның орнына қойып, сол
адамның бағалайтын заттарын құбылыстарын, уақиғаларын өзіндік етуі. Идентификация мазмұны жағынан ұқсас келесі құбылыс тығыз
байланысты, ол - эмпатия.
Эмпатия дегеніміз - адамның басқа адамның сезіміне ортақ болып, бірге
сезініп, сол сезімнің немен аяқталатынын алдын-ала ескеріп отыруы немесе бір адамның өзге кісінің жағдайына көңіл аударып, оның ішкі ойын, не ойындағы орындағысы келген ісін өзіне айтқызбай-ақ алдын ала білуі, яғни біреудің ойын «қас-қабағынан» емеурінінен білу.
Рефлексия - адамның өзін сырттан көре алу мүмкіндігі, бұл нәтижесінде өзін, өзінің ойлауын, өзінің санасын көру мүмкіндігі пайда болатын сананың бұрылысы.
Рефлексия қарым-қатынастағы кедергілер мен қиындықтарды түсінуге және оны жеңетін әдістерді табуға жағдай жасайды. Рефлексия адамның өзінің қамығу, қайғыруын және жұмыс барысында қалпын түсінуге бағытталған. Мысалы, мұғалім өзінде ашулану, қанағаттану т.б. жағдайлардың пайда болу себебін түсінуі керек. Мұғалімде рефлексияға қабілеттілік неғұрлым жоғары болса, соғұрлым педагогикалық шеберлігі жоғары.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет