Аристотель философиясы



бет1/5
Дата12.10.2022
өлшемі108,12 Kb.
#42634
түріӨмірбаяны
  1   2   3   4   5

Аристотель философиясы

Орындағандар : Әбен Аяулым, Бақытжанқызы Динара,

Оспанбай Көркем

Қабылдаған : Киекенова БаҒдат

Жоспары

  • Жалпы ғылым және білім туралы
  • Аристотель философиясы
  • Әл-Фарабидың ғылымға қосқан үлесі
  • Шоқан Уәлихановтың өмірбаяны

Жалпы ғылым және білім туралы түсінік

  • Ғылым (лат. scientia — білім) — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп,математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Жалпы тұрғыда ол жүйелі білім мен ғылыми тәжірибені меңзесе, ал, арнайы мағынада ғылыми әдістер арқылы жинақталған логикалық білім жүйесін көрсетеді. Яғни, ғылым ғылыми білімдерді ғана емес, сол білімдерге қол жеткізудің барлық жолдары мен әдістерін түгел қамтитын біртұтас кешенді жүйе.
  • Ғылымның арғы тамыры 3500-3000 жыл бұрынғы ежелгі Мысыр мен Месопотамия өркениеттеріне барып тіреледі. Олар математика ,астрономия,медицина секілді ғылымдардың алғашқы кейпін жасап, 2600 жыл бұрын басталған Грек табиғат философиясына, антикалық классикаға арқау болды. Олар физикалық дүниені ондағы оқиғалардың табиғи себептері арқылы түсіндіретін дәстүр қалыптастырды. Әсіресе ғылым тарихында түрлі ғылымдардың ең алғашқы зерттеу объектін бекітіп, жүйелі пайымдаудың алғашқы сынағын жасаған ұлы ойшыл Аристотель дәуір бөлгіш рөл ойнады. Бірақ Рим империясының христиан дінін қабылдауы Еуропадағы ғылымның құлдырауына алып келіп, қараңғы орта ғасыр 5 ғасырдан 15 ғасырға дейін жалғасты. Осы тұста шығыстағы Түркі,Парсы,Араб жұртынан шыққан ойшыл ғалымдар - Әл Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина, ИБн Рушд, Омар Хаям секілді ұлы тұлғалар сол ежелгі ғылым мен Аристотель салған жолды жылғастырып, ғылымды жаңа кезеңге шығарды.

Білім (лат.scientia, ағылш. knowledge– адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылыми және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады. Білім философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген.

  • Білім (лат.scientia, ағылш. knowledge– адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылыми және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады. Білім философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген.
  • Мәлім тақырып, немесе сұрақ туралы сенімді таным болса, ал ол таным әлдебір мақсатқа пайдалануға жарамды болса, онда оны білім деп атаймыз. Ол тәжірибе және ойлау арқылы мәлім іс туралы жеттігірек ұғындырады, оның математикалы және жүйелі танылуын ғылым, техника, өнер, философия деп атаймыз.
  • Адамзат баласы ақиқатқа талпынады, шынайы пайдалы білімге талпынады. Оның шегі қайда апаратын белгісіз. "Білім - күш" деген сөзді Ф.Бэкон айтқан, бірақ ол адамзатты бақытқа бөлейтін жақсы күш пе, әлде сорлататын, құртатын жаман күш пе, бұл туралы да талас көп. Қазіргі білімнің беталысы әрі сүйіндірерлік, әрі шошытарлық. Қазір адамзат білімнің кемшілігін түзететін "жасыл білімге" ауысып бара жатқаны байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет