Қарыз алушының ісі



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата31.03.2017
өлшемі12.41 Mb.
#10788
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚАРЫЗ  АЛУШЫНЫҢ  ІСІ      |      ЭМОЦИЯЛАРДЫ  САТЫҢЫЗ      |      КІШКЕНТАЙ  ИНВЕСТОР

  №3 (05) маусым 2014

А Қ Ш А   Т У Р А Л Ы   Ж У Р Н А Л   Ғ А Н А   Е М Е С 

марат 


бейсенғалИев: 

ИнвестИцИяны 

білетін нәрсеге 

ғана саламын



3

№3(05)  маусым 2014



Қаржылық жағын 

білген жөн

Пайлық  инвестициялық  қорларды  таяу  болашақта  не  күтіп  тұр?  «Сентрас  Секью-

ритиз»  компаниясының  маманы  Олеся  Боровская  сарапшылардың  ұжымдық  инве-

стициялар  индустриясының  болашағына  қатысты    пессимизмімен  келіспейді.  Оның 

айтуынша,  қазақстандық ПИҚ осы жылдың өзінде-ақ оң серпіліс көрсететін болады. 

«Егер мемлекет шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздарына инвестициялар салу мүм-

кіншілігін шектемегенде пай қорлары өздерін бұдан да жақсы көрсете алар еді», - дей-

ді Олеся Боровская.

Ал несие саласындағы өмір қайнап тұр. Қазір Қазақстанның несие бюросында 21,7 

млн астам несие беру туралы келісімшарт бойынша 6,2 млн жуық несие тарихы жина-

лып үлгерді! 6 млн астам қарыз алушы – жеке тұлғалар. Олардың көпшілігі несие та-

рихына нұқсан келтіріп, борыштық міндеттемелерін орындай алмады. Себептер сол 

баяғы: жоспарлаудың болмауы, ойланбай жасалған қадамдар және жалпы қаржылық 

сауатсыздық.  

Бұл  дұрыс  қаржылық  шешімдерді  балалық  шақтан  бастап  қабылдауды  үйрену  ке-

ректігінің тағы бір дәлелі. Адам бала кезінен алған нәрсені қайтару керектігін, не бол-

са соны сатып алып, ақша шашпау керектігін түсіну қажет. Бұл баласының айтқанын 

екі етпейтін ата-аналарға айтылған сөз. 

Егер балаға дұрыс тәрбие берсе, ертең баладан ресурстарды сауатты үлестіріп, өз 

ісін дөңгелете білетін кәсіпқой менеджер, я болмаса біздің қонағымыз – виртуоз-скрип-

кашы және дирижер Марат Бейсенғалиев сияқты сұранысқа ие дарынды музыканттар 

өсіп шығады. 

Не десек те, жеке бастың қасиеттерін дамыту тренингінен бастап, заманауи  мобиль-

ді  технологияларға  байланысты  инновациялық  бизнеске  дейін  қандай  іс  болмасын, 

салмақты шешім қажет. Айтарымыз, кез келген түсініксіз жағдайда GM оқыңыздар!

Алмаз Куменов

«Grand Money» 

журналы


№03(05). Маусым 2014 ж.

Жылына 6 рет шығады



Тираж: 2 000 дана

БАҚ есебінде тұру ту-

ралы куәлік №13700-Ж, 

21.06.2013ж. ҚР Мәдениет 

және ақпарат министрлі-

гімен берілген



Меншік иесі: «Verbum» ЖШС

Бас редактор: Виктор Ахрёмушкин

Шығарушы редактор: Алмаз Куменов

Редактор: Динара Шумаева

Редакцияның мекенжайы

050012, Алматы қ., Шәріпов к-сі, 84, 301 каб. 

Тел.: (727) 250-08-66, 250-98-29

Жарнама бөлімі: 8 (701) 761-32-45, 

yegorin@gmail.com

«ВариоПринт» ЖШС баспаханасында 

басып шығарылған, Алматы қ., Төле 

би к-сі, 189, тел. (727) 379-10-00

Авторлардың пікірі редакцияның 

пікірімен сәйкес келуі міндет емес. 

Жарнама материалдарындағы ақпа-

рат шынайылығы үшін жарнама бе-

руші жауапкершілік көтереді.



4

№3(05)  маусым 2014



МАЗМұны

WORLD MONEY

ақша тӨңірегіндегі Жаңалықтар

6

VIP MONEY

марат бейсенғалИев: «ИнвестИцИяны білетін 

нәрсеге ғана саламын»

Музыканы ақшамен өлшеуге бола ма? Неліктен ең дәулетті

адамдар классикалық музыканы таңдайды? Біз осы және 

өзге де тақырыптар жөнінде тек Қазақстанда ғана емес, 

шет елдерде де танымалдығы жоғары дирижер скрип-

кашы Марат Бейсенғалиевпен сұхбаттасқан едік. 

8

NATIONAL MONEY

Жомарт ертаев: «алдағы амнИстИя шеңберінде 

қайтарылмайтын сомалар ешқашан қайтып 

оралмайды»  



Еуразиялық қаржылық консалтинг орталығының прези-

денті, танымал банкир Жомарт Ертаевтың пікірінше, ак-

тивтерді заңдастыру үшін Қазақстанда ең лайықты

уақыт таңдалды

14

STRATEGIC MONEY

қарыз алушының ісі  

Алғашқы несие бюросында алты миллионнан астам қа-

зақстандықтардың борыштары туралы ақпарат сақтала-

ды. Ал сіз өзіңіздің несие тарихыңызға сенімдісіз бе? 

20


5

№3(05)  маусым 2014



МАЗМұны

BUSINESS MONEY 

Өміршеңдікке үйретер бИзнес-мектеп 

Қазақстандағы бизнесте қандай қиындықтар бар және 

бәсекеге қабілеттілікті қалай арттыруға болады?  

24

ЭмоцИяларды сатыңыз!



Бизнес пен тұтынушылардың арасындағы заманауи комму-

никациялар жаңа маркетингтік, жарнама, жоғары техноло-

гиялық, онлайн құралдарында құрылады. Бизнесті табысты 

жүргізу үшін осы саладағы соңғы маңызды үрдістер қандай?

28

INVEST MONEY 

ОЛЕСЯ БОРОВСКАЯ: «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 

ДЕВАЛЬВАЦИЯДАН САБАҚ АЛМАДЫ»

Сентрас Секьюритиз» АҚ брокерлік қызмет және  активтерді 

басқару бойынша клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі басқар-

ма жетекшісі  ПИҚ отандық нарығындағы ахуалмен бөлісуде.

32

DIGITAL MONEY

АҚШАНЫ БОСҚА ҚҰРТУ

Жоғары технологиялардың дамуы өмірге жаңа биз-

нес-сегменттер әкеледі. Инновациялық трендте ақша та-

будың ең кең таралған тәсілдерінің бірі - танымал мо-

бильді платформаларға арналған қосымшаларды құру. 

36

SMART MONEY 

ЖҰЛДЫЗДАР ФАБРИКАСЫ  

Сан түрлі тренингтер небәрі үш күннің ішінде сізден білімпаз 

менеджерді не болмаса  кәсіби шешенді жасап шығарамыз деп 

уәде беріп жатады. Не десек те, тренинг қаншалықты нәтижелі 

болса да, ең бастысы - адам бір нәрсеге үйренуге өзі құлшыныс 

білдіріп, ұмтылуы тиіс

40

FAMILY MONEY 

КІШКЕНТАЙ ИНВЕСТОР

Бала жастайынан ақшаның құнын түсінуі үшін не істеу керек? 

44

LIFE MONEY 

ТЕПЕ-ТЕҢ БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ

Әйелдер мен ер азаматтардың ақшаға деген көзқарастары

екі бөлек. Ал мұндай айырмашылықтардың өмірдегі

көрінісі қандай? 

48

STYLE MONEY 

МӘРТЕБЕНІ САҚТАЙТЫНДАР

Ерлерге арналған қол сағаттар уақытты ғана көрсететін 

құрал емес. Сағат қожайынының әлеуметтік мәртебесі тура-

лы мақтанышпен (әлде сатқындықпен бе?) айтып бере ала-

ды. Сол себепті де сағатты үлкен байыппен таңдаған жөн.

52

FUN MONEY

АҚША ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ҚЫЗЫҚТЫ ЖАЙТТАР 

56


6

№3(05)  маусым 2014



World Money

Жаңалықтар

Жылжымайтын мүлік

Украина «кінәлі»

CBRE  компаниясының  сарапшылары  жүргізген  есеп- 

теулерге  сүйенсек,  Ресейдегі  коммерциялық  жылжы-

майтын  мүлікке  салынған  инвестициялар  2014  жылдың 

І  тоқсанында  2013  жылдың  осы  кезеңімен  салыстырған-

да 73,5% төмендеген. Мәмілелердің жалпы сомасы (инве-

сторлардың    коммерциялық  жылжымайтын  мүлік  сатып 

алуға жұмсаған жұмсалымдары) 2,4 млрд доллардан 636 

млн  долларға  төмендеген.  Сарапшылардың  айтуынша, 

бұған себеп – Украина мен әлсіз рубль.

Өз кезегінде JLL компаниясы болса, ресейлік коммерци-

ялық жылжымайтын мүлікке салынған инвестициялардың 

жылдық көлеміне қатысты болжамын қайта қарастырып, 7 

млрд доллардан бірден 3,4 млрд долларға төмендеткен. JLL 

мұндай шешімін  экономикадағы күйзелісті жағдаймен және 

инвесторлардың көңіл-күйіндегі белгісіздікпен түсіндіреді». 

Егер  жасалған  болжамдар  орындалса,  2014  жыл  РФ 

коммерциялық жылжымайтын мүлік секторы үшін 2009 

жылдан бергі (нарыққа салынған салымдар 3,2 млрд дол-

лар)  ең  сәтсіз  жылға  айналады.  Десек  те,  JLL  зерттеулер 

бөлімінің бастығы Том Мандидің айтуынша, іскерлік бел-

сенділік артқан жағдайда шілде айына қарай болжам қо-

лайлырақ болып өзгеруі мүмкін.

Экономика



Дағдарыс 

қалдырған мұра 

Байлық


Болашақ 

рокфеллерлер  

Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымы 

әлем  экономикасының  2014  жылғы  өсу  қарқынының 

болжамын қараша айында 3,6% болады деп күтілген дең-

гейден 3,4% дейін төмендетті. Ұйым жасаған баяндамада 

атап көрсетілгендей, бағаның төмендеуі  экономикалық 

дағдарыс  пен  Украина  төңірегіндегі  оқиғалар  салда-

рынан болған геосаяси белгісіздіктің артуына байланы-

сты. «Біз әлі де дағдарыс салдарын бастан өткізудеміз, ал 

бұл проблема, - деді ЭЫДҰ бас хатшысы АнхельГурриа. – 

Жеткіліксіз өсім, бұрынғыдай жоғары деңгейдегі жұмыс-

сыздық сияқты тәуекелдер әлі де болса бар». 

ЭЫДҰ өсімге қатысты жасалған болжамды Еуропа ай-

мағы мен Ұлыбритания үшін көтеріп, АҚШ, Қытай және 

Ресей үшін төмендетті. Осылайша, Ресей  экономикасы-

ның өсімі бойынша болжам бес есеге дейін  – 0,5% дей-

ін азайтылды. Ұйымның пікірінше, Еуропалық орталық 

банкке базалық пайыздық мөлшерлемені дереу азайтып, 

қосымша  ынталандыру  шараларын  енгізу  қажет.  Ал,  

ФРЖ  болса,  активтерді  сатып  алу  бағдарламасын  осы 

жылдың өзінде-ақ тоқтату қажет. 

Келесі ұрпаққа, триллионер деген 

жаңа  сөзге  үйренсінуге  тура  келетін 

шығар.  Былай  деп  байлығы  трилли-

он  долларға  жеткен  адамдарды  атай-

тын  болады.  Мамандар,  соның  ішінде 

АҚШ  салықтар  жөніндегі  белгілі  адво-

каты  Боб  Лорд  жер  жаһандағы  ең  бай 

адамдардың небір тізімі мен  экономи-

каның  даму  беталасын  және  дәулетті 

адамдардың жиған-терген жинақтарын 

сараптай  келе,  алғашқы    триллионер 

2040  жылға  қарай  пайда  болуы  мүм-

кін деген тұжырымға келді. CreditSuisse 

банкінің сарапшылары 2050 жылға қа-

рай дүние жүзінде 11 триллионер бола-

ды деген болжам айтуда. 

Байлық  концентрациясы  ұдайы 

өсуде.  АҚШ  ұлттық  байлығындағы 

едәуір  бай  деген  400  ауқатты  амери-

калықтың үлесі  Forbes әлемнің ең бай 

адамдарының  ең  алғашқы  тізімін  жа-

саған  1982  жылдағы  бір  пайыздан, 

қазіргі кездегі үш пайызға өскен. Егер 

өткен жылы триллион доллар алу үшін 

51 бай америкалықтың байлығын қосу 

керек болса, қазір бұл үшін 37 милли-

ардердің байлығы жеткілікті. 

Экономист  мамандардың  пікірін-

ше,  алғашқы  триллионер  атану  мүм-

кіндігіне  бәрінен  де  әлемдегі  ең  бай 

адам атағына ие Билл  Гейтс ие. Ол 12 

нөлі бар байлықтың иегері атағын егде 

жасқа  келгенде  ие  болады.  Өйткені 

қазіргі жасы 58. 


7

№3(05)  маусым 2014



World Money

Жаңалықтар

Ашық дереккөз деректері бойынша 

Бәсекелестік 



Қуып жетіп, 

асып озу

Рейтинг


Алда – Google

Google интернет-алпауыт алдыңғы үш жыл аралығын-

да көш бастап келген Apple корпорациясын басып озып, 

әлемдегі  ең  қымбат  бренд  атанды  дейді  MillwardBrown 

агенттігінің  зерттеушілері.  2014  жылдың  мамыр  айын-

дағы  жағдай  бойынша  Google  брендінің  құны  бір  жыл-

да  40%  көтеріліп,  қазір158,8  млрд  долларға  бағаланып 

отыр. Apple бренді болса, 20% –147,9 млрд дейін арзан-

даған. Үшінші орынды әлі де IBM еншіленуде – 107,5 млрд 

доллар (-4%). Төртінші орында бұрынғыдай IT және те-

лекоммуникациялар  саласының  өкілі  –  Microsoft  (90,2 

млрд). Рейтингтің алғашқы ондығына McDonald’s, Coca-

Cola, Visa, AT&T, Marlboro және Amazon кірді. 

Әлемнің ең қымбат брендтерінің рейтингі BrandzTop 

100  2006  жылдан  бері  жыл  сайын  жасалып  келеді.  Осы 

уақыт  аралығында  құрамына  кіретін  компания  бренд-

терінің жиынтық құны екі есеге өсіп, 2,9 трлн доллардан 

асты.  Өткен  жылмен  салыстырғанда  өсім  12%  құраған. 

Олардың  бәрі  негізінен,  АҚШ  пен  Еуропада  шоғыр-

ланған. Қытай өкілдерінің саны 2013 жылмен салысты-

рғанда  12-ден  11-ге  азайған.  Рейтингте  Үндістан  мен 

Бразилия брендтері жоқ. Африкалық бренд біреу-ақ. 

Тек  жай  ғана  құрал  емес,  қоғам  өмірінің  ажырамас 

бөлігі саналатын Google, Facebook, Twitter, Tencent және 

LinkedIn  сияқты  интернет-компаниялар  жылдан-жылға 

жоғары позициялардан көрінуде. Зерттеу авторларының 

пікірінше, тек пайда көруді ғана мақсат тұтып қана қой-

май,  әлдебір фәлсафа ұстанатын компаниялар табысқа 

жиірек қол жеткізеді. 

Осы  жылдан  бастап,  Қытай  әлем-

дегі экономикасы ең жоғары ел мәр-

тебесіне  ие  болып,  АҚШ-тан  озуы 

ықтимал.  Ал  Үндістан  болса,  Жа-

понияны  басып  озып,  3-орыннан 

көрінуі  мүмкін.  Мұндай  болжамдар 

Дүниежүзілік  банктің  халықаралық 

салыстырулар 

бағдарламасының 

мәлімдемелерінде  бар.  2011  жылы 

Қытай  және  Америка  экономикасы-

ның ара-қатынасы 87% құраған. Бұл 

көрсеткіш 2005 жылы небәрі 45% бо-

латын.  АҚШ  Ұлыбританияны  басып 

озған 1872 жылдан бері әлем эконо-

микасында  көш  бастап  келе  жатқан 

держава.  Кезінде  экономистердің 

көпшілігі Қытай 2019 жылдан бұрын 

жаһандық көшбасшы  бола алмайды 

деген болжам айтқан болатын. 


8

№3(05)  маусым 2014



VIP Money

Vis-a-vis

ИнвестИцИяны 

білетін нәрсеге 

ғана саламын

–  «Оқыған  ешқашан  ерте  емес»  деп  өзгертіп  айтылған  сөздердің 

кәсібіңізге  қатысы  бар?  Сіз  өз  балаларыңызды  музыкаға  қашан  баули 

бастадыңыз? 

– Мен баланың дамуына ана құрсағанынан бастап мән беру керектігі жай-

лы көп оқығанмын. Мен осы қағиданы ұстандым  - менің балаларым өмірінің 

алғашқы күндерінен бастап Моцарт пен Бахты тыңдап өсті. Мұның арқасын-

да балаларым сөйлегеннен гөрі ән айтқанды ертерек үйренді! Мысалы, Жа-

пония елінде әр отбасы балаларына музыкалық білім бергенді борышы деп 

санайды. Ондағы балалардың әрқайсысы дерлік қандай да бір музыкалық ас-

папта ойнай алады. Тіпті біз білетін Sony корпорациясының жеке симфони-

ялық оркестрі бар. Өмірге көсілген жапондықтар бала келешекте музыкант 

болмаса да, музыкалық дағды баланың жалпы дамуына қажет деп санайды.   



–  Әлемдік  деңгейдегі  музыкантты  материалдық  жағынан  алып  қа-

рағанда да, тәрбиелеген қаншалықты қиын? 

– Мұнда сынақтан сүрінбей өткен әдістеме бар – бұл орыс мектебі. Оны 

бәрі  қымбат  тұтатады.  Өйткені  әлемдік  деңгейдегі  болмасын,  жай  ғана 

кәсіпқойды өсіріп-дамыту үшін 18-19 жылға жуық уақыт қажет. Мысалы, мен 

өзім музыканы қазіргі есеп бойынша кеш үйрене бастадым. Шын мәнісінде, 

балаларға музыканы теннисистер сияқты төрт жастан бастап үйрету қажет. 



Музыканы ақшамен өлшеуге бола ма? Неліктен 

ең дәулетті адамдар классикалық музыканы 

таңдайды? Біз осы және өзге де тақырыптар 

жөнінде тек Қазақстанда ғана емес, шет 

елдерде де танымал дирижер скрипкашы 

Марат Бейсенғалиевпен сұхбаттасқан едік. 

Динара Шумаева

9

№3(05)  маусым 2014



VIP Money

Vis-a-vis



10

№3(05)  маусым 2014



VIP Money

Vis-a-vis

Өзім 11 жыл музыка мектебінде, 5 жыл консер-

ваторияда,  кейін  3  жыл  аспирантурада  оқы-

дым. Қарап отырсаңыз аз уақыт емес. «Куәлік» 

алып,  жоғары  дәрежелі  кәсіпқой  атану  үшін 

осы мектептердің бәрінен өту қажет.  

–  Қазіргі  жағдайда  жоғары  деңгейлі  музы-

кантты ең құрғанда, болжамды түрде отандық 

мектеп қабырғасында тәрбиелеу мүмкін бе?  

–  Әрине,  мүмкін.  Табиғатынан  дарынды,  қа-

білеті жоғары балалар дүниеге көп келеді. Шыны 

керек, егер мені 6, 10, 12 жасымда бүгінгі селек-

ционерлер  көрген  болса,  бойымнан  бүгінгі  Ма-

рат  Бейсенғалиевті  байқауы  екі  талай  еді.  Мен 

ешуақытта  зерек  «вундеркинд»  болған  емеспін. 

Бүгінгі табысқа қол жеткізуім – тек қажырлы ең-

бектің арқасы. Ал кейде соншалықты дарынды ба-

лаларды кездестіруге болады. Мұндай жас бүлдір-

шіндерге мұғалімнің де қажеті болмайды. Бәлкім 

асыра сілтеп айтқан болармын, біраз біртума му-

зыканттар дерлік кез келген ортада өсуі мүмкін. 

 – Өкінішке орай, бәрі бірдей биіктіктер-

ден көріне бермейді.

– Мұны лотерея ойынымен салыстыруға бо-

лады.  Әлі  есімде,  менімен  бірге  бір  керемет 

скрипкашы бала оқитын (аты-жөнін айтпай-ақ 

қояйын).  Сол  бала  кезінде  барлық  байқаулар-

дан  жеңген  болатын.  Мен  оның  скрипкада 

ойнағанын  тыңдаған  кезде  скрипкамды  сын-

дырып жібергім келетін. Өйткені ол менен әл-

деқайда  жақсы  болатын.  Кейде  мен  өзімнен 

неге мен солист ретінде мансабыма жеттім, ал 

ол  болса  жетпеді  деп  сұраймын.  Бәлкім,  бізге 

беймәлім тылсым күш бар шығар. Аура, энер-

гия, сәттілік сияқты басқа да тетіктер болса ке-

рек. Мүмкін, мен тиісті уақытта тиісті орында 

болып, жолым болып кеткен шығар. Айтайын 

дегенім,  өкінішке  орай  кейде  өмірде  дарын-

дылық  пен  кемеңгерліктен  басқа,  бізге  тәуел-

ді болмайтын басқа да факторлар болады. Кім 

білсін, мүмкін бұл жұлдыз жорамалға байланы-

сты шығар. Білмедім... Десек те, мен кейде ал-

дымен жұлдыз жорамалға қарап қай кезде кон-

церт қою керектігімді шешемін.



–  Қазақстанға  оралар  болсақ,  қалай  ой-

лайсыз біздің мемлекет мәдениеттің дамуы-

на, соның ішінде музыкалық білімге қанша-

лықты көңіл бөледі?   

–  Біз  әр  нәрсені  салыстырып  көру  арқылы 

танимыз.    Мысалы,  мен  жұмыс  істеп  жүрген 

Үндістанды  алайық.  Біздің  жағдай  әлдеқайда 

жақсы.  Өйткені  бізде  Ресей  қалыптастырған 

дәстүрлер бар, Үндістанда жоқ мемлекеттік қол-

дау бар, ұстаздар, тыңдармандар, әдемі залдар, 

саймандар  бар.  Менің  Үндістанға  жаным  аши-

ды.  Өйткені  жүздеген  жылдардағы  британдық 

отаршылдық бұл елге құрған ағылшын тілінен 

басқа, ешнәрсе қалдырмады. Нәтижесінде мен 

Үндістан  тарихында  алғаш  рет  симфониялық 

оркестр,  кейіннен  орыс  жүйесі  бойынша  үн-

дістандық  тұңғыш  музыка  мектебін  ұйымда-

стырған едім. Бұл мектептегі оқытушылардың 

арасында  қазақстандықтар  да  бар.  ХХ  ғасыр-

дың  басынан  бері  консерватория,  мектептер 

және  басқа  да  атрибуттар  болғанымен,  олар-

дың ешқайсысы жүйеге келтірілмеген. 

–  Біз  банктің  қалай  жұмыс  істейтінін 

білеміз.  Ал,  оркестр  болса,  қалай  бизнес, 

өзін-өзі  ақтау  тұрғысынан  жұмыс  істейді? 

Cіз шығармашыл тұлға бола отырып, қаржы 

мәселесімен өзіңіз айналысасыз ба? 

–  Мұнда  топтың  маңызы  зор.  Қалай  болға-

нымен,  бір  кездері  Оралда  болған  мемле-

кеттік  оркестрім    мен  қазіргі  ЖШС  арасын-

да  айырмашылықтар  жоқ  емес.  Оралда  үлкен 

ұжымды  ұстауыма  тура  келді.  Өйткені  заң 

штатта  бухгалтермен  қатар  кассирді  де  ұста-

уды  міндеттейтін.  Уақытымның  бәрін  тексе-

рулерге  жіберетінмін.  Сол  себепті  адамдарға 

шығармашылық  жұмыспен  емес,  әкімшілік 

шаруалармен айналысуға тура келетін. 

Еуропада өнеріңді 

көрсетуге болатын мә-

дени орындар жетіп 

артылады. Аралары 

жақын болғандықтан, 

тасымал шығында-

ры да аз. Әкімшілік 

құрылымдармен арада 

да қиындықтар туын-

дамайды. Сол себепті 

де жеке оркестр ұстап

табыс табуға болады


11

№3(05)  маусым 2014



VIP Money

Vis-a-vis

Мен бұдан сабақ алып, ЖШС ашуға бел бу-

дым.  Бұ  қаржылық  шешімдер  ,  соның  ішін-

де  музыканттарға  жалақы  төлеу  тұрғысынан 

көбірек  еркіндік  береді.  Өйткені  мемлекеттік  

оркестр  ұжымның  жұмыс  сапасына  тікелей 

ықпалын тигізетін лимитті меңзейді. Мен 300 

долларға жоғары дәрежелі музыканттарды жұ-

мысқа шақыра алмаймын ғой. Бұл жерде батыс 

оркестрлерімен бәсекелесуге тура келеді. Өйт-

кені қазір кез келген музыкант кез келген елге 

барып, сол жерде жұмыс істей алады. Өкінішке 

орай қазір дәл осындай көріністі байқауға бо-

лады. Менің алғашқы оркестрім тарап кетті де-

уге болады. Екінші оркестрімнен кейбіреулері 

Вена  симфониялық  оркестріне  қосылды,  кей-

бірі АҚШ кетіп қалды. Қазір жаһандық деңгей-

де  бәсекелесу  қажет.  Сол  себепті  де  жергілік-

ті жалақы да тиісті деңгейде болуы тиіс. Көріп 

отырғандай,  музыкамен  де,  шаруашылық 

мәселелерімен  де  айналысуға  тура  келеді.  Біз 

сапаға баса мән беріп, шағын ғана топ құрды. 

Біз  адамдарға  күндердің-күнінде  әлдебір  мей-

рамханаға  жұмысқа  тұрып,  өнерімді  сол  жер-

де  көрсетсем  деген  ой  келмеу  үшін  лайықты 

өмір сүру сапасын қамтамасыз ете алатындай 

жалақы белгіледік. Тобымыздағы музыканттар 

өзімен-өзі болып, толыққанды демалуы тиіс. 

– Жұмсалымдар жағын түсіндік, ал түсетін 

табыс туралы не айта аласыз? 

– Жұмыста біраз табыстарға қол жеткізсек те, 

үлкен табыс туралы айту қиын. Концерт билет-

терінің бәрі дерлік сатылып кетеді, алайда біздің 

жағдайда  мұны  бизнес  деп  айту  қиын.  Тіпті 

менің Үндістандық оркестрім туралы айтар бол-

сақ та, ол жерде де бизнес жоқ. Өйткені біз жеке 

субсидиялардың есебінен жұмыс істейміз. 

Қазақстанда да қиындықтар жоқ емес. Еуро-

пада өнеріңді көрсетуге болатын мәдени орын-

дар  жетіп  артылады.  Аралары  жақын  болған-

дықтан,  тасымал  шығындары  да  аз.  Әкімшілік 

құрылымдармен арада да қиындықтар туында-

майды. Сол себепті де жеке оркестр ұстап, табыс 

табуға болады. Ал бұл жерде біз мәдени орын-

дардан  алыспыз...    Музыканттарды  тіпті  Аста-

наға  болсын  апару  қымбатқа  түседі.  Облыстар 

аумағында  жұмыс  істеу  үшін  де  мүмкіншілік 

жоқтың  қасы    -    жүйенің  өзі  кедергі  келтіреді. 

Өйткені бәрі де әкімнің қалауына байланысты.  



Каталог: images -> files
files -> Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
files -> Название теста: Мемелекет және құқық теориясы
files -> Рабочая программа по литературе в 7 классе (Образовательная система «Школа 2100») Статус документа
files -> Уроков русского языка в 9-м классе (70 часов 2 часа в неделю) Дата № п/п Тема урока
files -> Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
files -> Ақпаратты өңдеудің мультимедиалық құралдары • 5В070300 –Ақпараттық жүйелер, 5B070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
files -> Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста
files -> Программа по русскому языку для 6 класса Гильмутдиновой Саджиды Сулеймановны, учителя I квалификационной категории
files -> Программа по русскому языку для 6 класса составлена в соответствии с
files -> Программа разработана


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет