Қаржы және есеп кафедрасы студенттің ОҚытушымен өздік жұмысын орындау үшін әдістемелік нұСҚау bv2208 «Қаржыға кіріспе»



Дата26.04.2022
өлшемі51,5 Kb.
#32391

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес Жоғары мектебі
Қаржы және есеп кафедрасы

СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


BV2208 «Қаржыға кіріспе»

пәні бойынша

«6В04106-Қаржы» мамандығы

бойынша білім беру бағдарламалары

Алматы, 2021 ж.

СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

СӨЖ тапсырмаларының мазмұны, мерзімі және бақылау формалары бойынша әдістемелік нұсқаулық
Тәжірибелік және зертханалық жұмыстарға әзірлігі – студенттердің өздік жұмыстарына дәрістік материалдарды меңгеруі, ұсынылған әдебиеттерді оқуы, оқу кұралдары мен мақалаларды конспектілеуге кіретін дәстүрлі үлгісі.

Коллоквиумге, сұраққа әзірлік - тәжірибелік және зертханалық сабактар шегінде өтілген сөйлеуге әзірленуді, негізгі терминологияны қайталауды, формула мен алгоритмді есте сақтауды, нақты сабақтардың сұрақтарын оқуды талап етеді.

Тестке даярлық тақырып не блок бойынша мұқият оқуды, терминдерді анықтауға, түсініктеме мазмұнына, алгоритмдерге, ғалымдардың сол тақырыптағы еңбектеріне көңіл бөлуді талап етеді.

Дәрісханадағы бақылау жұмысына әзірлік жоғарыдағы үлгілерге ұқсас, бірақ оқу әдісі мен есептеу формуласына, есептелген көрсеткіштер мазмұнын анықтауға ерекше көңіл бөлінеді.

Үйдегі бақылау жумыстары өздері оқуға, берілген материалды меңгеруге, сол сияқты ірі тақырыптар мен блоктар бойынша білімдерін көтеру мақсатында өткізіледі.

Үй тапсырмасы берілген әр түрлі жүмысты жүйелі түрде орындау.

Рефераттар анықталған проблема бойынша ғылыми жөне арнаулы әдебиеттер негізінде талдау жасау немесе берілген тақырьпты қысқаша мазмұндау.

Баяндамалар рефератқа ұқсас, тек қамтитын сұрақтары маңызды. Баяндама әзірлеу студентке оны қызықтыратын сұрақты оқуға, материалды оңай жөне жинақы түрде мазмұндауға, тақырыпқа сөз талас, ғылыми зерттеу жұмыстарының дағдысын тудыруға жағдай жасайды.

Эссе студенттің анықталған такырыбқа қысқаша пайымдау жасауы. Басты ерекшелігі - оқытушы тапсырған проблеманы түсінудегі даралығы, өзіндік ерекшелігі, шығармашылықпен орындалуы. Студенттердің өздік жұмыстарында берілген эссенің тақырыптары оқыған пәндері бойынша нақты сұрақтарды көрсетеді. Оқытушыны студенттің өткен тақырып бойынша берілген сұраққа пікірі қызықтырады. Есептеулерде эссе тұрғысында пән бойынша бұрын қабылданған есептеулердегі нақты жариялымдар көрінуі мүмкін.

Студенттің эсседегі экономика теориясының жеке сұрақтары бойынша жеке көзқарастарын, тарихта қолдану тәжірибелерін, нормативтік реттелуді ұсынуы керек.

Іскерлік ойынға әзірлік рөлдер бөлумен, қажет материалды жинаумен, нәтижені рәсімдеумен, берілген, анықталған тұжырымдамамен ұсыныстардың нәтижесін жинақтауды талап етуімен байланысты.

Презентация дайындау барысында студент тапсырманың мазмұнын толық ашуға бағытталған арнайы сызбаларды, мәндік тұрғыда безендірулерді қолдана алады, соңында әдебиеттер көрсетілуі тиісті.


CӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ


Апта

Тақырыптардың атауы

Бағасы



СӨЖ 1. Қаржының обьективті қажеттілігі және қоғамдық дамудағы ролі.Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне сипаттама беріп қарастыру.

30



СӨЖ 2. Жобаны қорғау: ҚР қаржы саясаты: жүзеге асырылу бағыттары және мәселелері бойынша талдау жасап,дәлелдеу керек.


30



СӨЖ 3. Жобаны қорғау: ҚР қаржы нарығының дамуы: қаржы ресурстарын жұмылдыру және бөлудегі ролі ҚР заңнамасына сәйкес қаржылық дәрменсіздікті анықтау. Қорытынды жасау және жетілдіру бойынша шаралар ұсыну.

30

Негізгі әдебиеттер:

1.Құлпыбаев С., Ынтықбаева С.Ж., Мельников В.Д Қаржы. Оқулық –Алматы,Экономика, 2011 ж.

2. Мельников В.Д., Теория финансов. Учебник. - Алматы: ТОО «Изд-во LEM», 2015

3. Financial System: An Introduction, Prof. Dr AP FaureRhodes University (14 reviews)

4. Ли В.Д. Финансы в вопросах и ответах. Алматы, 2005г

5. Сейткасымов Г.С.Ақша, насие, банктер. – 2010.

6. Көшенова Б.А.Ақша, насие, банктер, валюта қатынастары. -2010.



Интернет ресурстар: Тапсырмаларды орындау үшін www.kase.kz; www. nationalbank.kz;www.salyk.kzсайттарынан таңдалған қаржылық есептіліктер болуы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет