Қаржылық құқықтық нормалар



бет1/5
Дата14.02.2022
өлшемі35,03 Kb.
#25526
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Заң факультеті

СӨЖ


Қаржылық құқықтық нормалар

Орындаған: Құқықтану -33 тобының

3 курс студенті

Каиргельдинова Айжан

Қабылдаған:Сактаганова И.С

Нұр – Сұлтан 2021

Қаржылық құқықтық нормалар мемлекеттің қаржылық қызметі аясында пайда болатын қатынастардың қатысушыларына тәртіп ережелерін бекітетін құқықтық нормалар.

Қаржылық құқықтық нормаларға Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін құрайтын барлық негізгі норма салалары жатады. Қаржылық құқықтық нормалар белгілі бір міндетті субьектілер тобына негізделген жалпы ереже болып табылады және көбірек қолдануға есептелген. Қаржылық құқықтық норманың ерекшелігі, ол мемлекеттік қаржылық мүмкіншіліктерді жүйелі түрде мақсатты қалыптастыру, пайдалануды ұйымдастыру және бөлу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейді. Сонымен қаржы құқықтық нормалар жалпы міндетті өзін ұстау ережесі ретінде мемлекетпен тағайындалады және мемлекеттік үкіметтің күшімен қорғалады.

Қаржылық қатынастар құқықтық реттеуді қажет етеді. Осыған сәйкес қаржы құқығының әр түрлі нормалары қолданылады. Қаржылық құқықтық нормалардың басқа да құқық нормалары сияқты келесі белгілермен сипатталады:

- Мемлекеттік-басқарушылық бұйрықтарын көрсетеді;

- Мемлекеттің уәкілетті органдарымен қабылданады;

- бірнеше рет қолданудан және субъектілердің белгісіз санына бағытталған, жалпыға бірдей міндеттілік ережелерінен қалыптасады;

- олар заңдық форманы анықтау арқылы белгіленеді, яғни қаржылық заңдылықтың актілерін қабылдау арқылы;

- Қаржылық құқықтық нормаларды орындау мемлекеттің міндеттеушілік күшімен жүзеге асырылады.

Қаржылық құқықтық нормалардың ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады:

- Мазмұны бойынша мемлекеттің ақша қорларын қолдануды ұйымдастыру, бөлу және қалыптастырумен байланысты қаржылық қатынастардың қатысушыларының тәртібін реттейді;

- Өкім етушілік сипатына қарай көбінесе императивтік сипатқа ие;

- Жауапкершілік шараларына қарай мемлекет қаржылық-құқықтық нормалардың мүлтіксіз орындалуында мүдделі болып табылады;

- Мемлекеттің құқықтарын қорғау әдісіне қарай нормалар қаржылық қатынастардың бір субъектісін, яғни мемлекет пен мемлекеттің құзыры бар органдарын, соттық емес тұрғыда өзінің құқықтарын қорғау құқығын кепілдейді;

- Ресімдеу тәсіліне қарай қаржылық-құқықтық нормаларға жағдайды мұқият түрде айқындау тән, яғни диспозицияны құру барысында барынша нақтылық.

Қаржылық құқықтық нормалардың ерекшелігі олар арқылы мемлекет өзінің материалдық мүдделерін жүзеге асырады.

Қаржылық құқықтық норма бұл субъектінің қаржылық қатынастар жағдайындағы нормативті құқықтық актілер мен бекітілген қаржылық нормалары.

Қаржылық - құқықтық нормалар мазмұнына байланысты келесі үш түрге бөлінеді:

Міндеттеушілік қаржылық құқықтық нормалар қаржылық-құқықтық қатынастардың мүшелеріне белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды міндеттейді.

Тыйым салушылық қаржылық құқықтық нормалар белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға жол бермейді.

Уәкілеттік қаржылық-құқықтық нормалар тапсырманы орындауға бағыттайды.

Қаржылық-құқықтық нормалар мазмұнына байланысты келесілерге бөлінеді:

Материалдық қаржылық құқықтық нормалар, олар қоғамдық қатынастарда материалдық объект ретінде ақшалардың қозғалысына реттеу жүргізеді. Мысал ретінде, салық төлешуілердің мемлекетке салық төлеу міндеттерін айқындайтын нормаларды атауға болады.

Ұйымдастырушылық қаржылық құқықтық нормалар, олар қаржылық қызметті, әдістер мен нормаларды анықтайтын қаржылық құрылымдарды бекітеді, бюджеттің бекітілуін, атқарылуы мен орындалуын қарастырады. Оған құзыреттілік нормаларын жатқызуға болады.

Құқықтық реттеу тәсіліне қарай қаржылық құқықтық нормалар бөлінеді:

- Императивтік қаржылық құқықтық нормалар қаржылық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін нақты және айқын анықтайды және олардың мүлтіксіз орындалуын талап етеді.

- Диспозитивтік қаржылық құқықтық нормалар тәртіп ережелерін таңдауға, кейбір сұрақтардың уәкілетті органдың өздеріне шешуге немесе тараптардың өзара келісуі бойынша шешуге мүмкіндік береді.

Қаржылық құқықтық нормалардың келесідей нормалардан тұрады: гипотеза, диспозиция, санкциялар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет