Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары


Түзеу-диагностикалық топтар қызметінің тәртібі



бет16/30
Дата18.01.2023
өлшемі173.42 Kb.
#61799
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
Түзеу-диагностикалық топтар қызметінің тәртібі

17. Түзеу-диагностикалық топтарының негізгі міндеттері:


1) соңғы диагнозын және психикалық даму бұзылыстарының сипатын анықтау үшін балаларға динамикалық тұрғыда психологиялық-медициналық-педагогикалық зерттеу жүргізу;
2) жеке түзете-дамыту бағдарламасын, оқу-тәрбие процесіне үдерісіне қатысушыларға ұсынымдар дайындау;
3) білім беру ұйымдарында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық жағдайлары мен мүмкіндіктерін анықтау;
18. Түзеу-диагностикалық топқа балалардың қабылдануы, топта болу мерзімінің ұзартылуы мен қысқаруы ПМПК қорытындысы мен жолдамасы бойынша олардың бір айдан бір жылға дейін қатысу ұзақтығы көрсетіліп жүзеге асырылады.
Түзеу-диагностикалық топтарда тексеру нәтижелері бойынша жеке түзете-дамыту бағдарламасы құрастырылады, оқу түрі (жеке немесе топтық) және апталық түзете-дамыту сабақтар саны белгіленеді.
19. Жеке түзете-дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін төмендегідей мамандар тартылады:
педагогикалық қызметкерлер: психолог, логопед-мұғалім, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, әлеуметтік педагог, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі;
медициналық қызметкерлер: невропатолог-дәрігер, психиатр-дәрігер, офтальмолог-дәрігер, оториноларинголог-дәрігер (сурдолог).
физиотерапевтикалық процедуралар, емдік денешынықтыру, массаж сияқты қызмет түрлерін көрсететін медициналық мамандар лауазымдары (ЕДШ дәрігері, врач физиотерапевт-дәрігер, орта медициналық персонал), педагогикалық профильдегі мамандар, техникалық қызмет көрсету персоналы қажеттіліктеріне қарай енгізіледі.
20. Түзеу-диагностикалық оқыту күнтізбелік жыл ішінде қысқа мерзімді стационарлық және күндізгі (толық күнді) топтарда ұйымдастырылады.
Түзету сабақтары жеке, кіші топтық және топтық түрде бір немесе әр түрлі жастағыларды біріктіру қағида бойынша жүргізіледі.
Мектеп жасына дейінгі мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін жеке, кіші топтық және топтық бір сабақтың ұзақтығы 25-30 минутты құрайды.
Қысқа мерзімді және күндізгі топтардағы балалар кесте бойынша жеке түзете-дамыту қызметінен бөлек денешынықтыру, музыкалық даму, бейнелеу, жалпы және математикалық ұғымдарды қалыптастыру, ұсақ моторикасын дамыту, тіл дамыту бойынша қосымша топтық сабақтарына қатысады. Медициналық көрсеткіштері бойынша физиотерапевтік процедуралар мен массаж, емдік денешынықтыру тағайындалады.
21. Түзеу-диагностикалық үдерісі арнайы жабдықтар мен жағдайларды қажет етеді (логопедиялық кабинет, ЕДШ және музыкалық ырғақ залы, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, есту түйсігін дамыту, көру қабілетін түзеу кабинеттері, сенсорлық бөлме), медициналық көмек көрсету кабинеттері (дәрігерлік қарау кабинеті, процедуралық кабинет, изолятор, физиотерапевтикалық кабинет), санитарлық-гигиеналық және шаруашылық-тұрмыстық қызмет бөлмелері.
22. Түзеу-диагностикалық топта болу мерзімі аяқталғаннан кейін түзеу-диагностикалық топтың мамандарының және ПМПК қортындысын есепке ала отырып, білім беру бағдарламасының түрін айқындау мақсатында ПМПК-да қайта тексеру өткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет