Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары



бет18/30
Дата18.01.2023
өлшемі173,42 Kb.
#61799
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
5. ПМПК-ны басқару
31. ПМПК қызметіне басшылық етуді ПМПК меңгерушiсi жүзеге асырады. ПМПК меңгерушісі облыстық (қалалық, аудандық), республикалық маңызы бар қалалар және астананың жергілікті бiлiм басқармаларымен тағайындалады.
32. ПМПК-ның барлық мамандарының құқықтары мен міндеттері осы Қағидалармен, Уставпен және ПМПК-ның ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді.
ПМПК-ның барлық мамандары (дәрiгерлер, педагогтер, психологтар) үшiн жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 24 сағатқа белгiленедi. Меңгерушілер, статисттер үшiн – аптасына 30 сағат.
33. ПМПК мамандарының еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
34. ПМПК қаржы-шаруашылық қызметiн бюджеттен бөлiнген қаржы мөлшерiнің шегінде шығыстар сметасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша бюджеттен тыс қаржы есебiнен iске асырып отырады.
35. ПМПК-ның ашылуы, қайта құрылуы, жабылуы, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртіппен анықталады. Республикалық ПМПК қызметіне бақылауды білім беру саласының орталық атқарушы органы, ал облыстық, ауданаралық және қалалық ПМПК-лар қызметіне бақылауды жергілікті (қалалық, аудандық), республикалық маңызы бар қала мен астаналық білім басқармалары жүзеге асырады. Облыстық, қалалық, аудандық ПМПК-ларға әдістемелік көмекті Республикалық ПМПК көрсетіп отырады.
Психологиялық-медициналық-
педагогикалық консультациялар
қызметiнің үлгілік қағидаларына
1-қосымша


Ерекше білім беруге қажеттілігі бар
балаларды білім беру ұйымдарына
жіберу және орналастыру жөнінде нұсқау

1. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына жіберу және орналастыру жөнінде нұсқау (бұдан әрі – Нұсқау) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарына жіберу және орналастыру қағидаларын белгілейді.


2. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың білім беру ұйымдарына қабылдануы ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен ПМПК қорытындысы мен ұсынымдары негізінде жүргізіледі.
3. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың арнайы білім беру ұйымдарында, арнайы топтар мен сыныптарда болу мерзімінің ұзақтығын ПМПК белгілейді.
4. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың басқа білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарына ауыстырылуы ПМПК қорытындысы бойынша, соның ішінде білім беру ұйымы психологиялық-педагогикалық консилиумының бастамасымен және ұсынымдары ескеріле отырып, ата-аналарының, заңды өкілдерінің келісімімен (өтініші) жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет