Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары



бет2/30
Дата18.01.2023
өлшемі173.42 Kb.
#61799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Қызмет тәртібі



2.1 Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін, нашар көретін, кейіннен көрмей қалған) балалар үшін

6. Көрмейтін, кейіннен көрмей қалған балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру оқу бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларды іске асырушы арнайы білім беру ұйымына (топқа):


1) көрмейтін, кейіннен көрмей қалған балалар;
2) түзетумен жақсы көретін көзінде 0,04 дейін қалдық көру қабілеті бар балалар;
3) көру қабілетінің үдемелі төмендеуді білдіретін көз тамырының үдемелі семуі мен басқа аурулары бар көндігу түзеуімен жақсы көретін көзінің өткірлігі 0,05-тен 0,08 дейін балалар.
7. Балалардың әр көрсетілген санаттағы көру қабілеті бұзылған 70-тен аса мектепке дейінгі жастағы балалар болған кезде дербес арнайы мектепке дейінгі ұйым немесе мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы арнайы топ құрылады.
8. Нашар көретін балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру оқу бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларды іске асырушы арнайы білім беру ұйымына (топқа) түзетумен жақсы көретін көзінде көру өткірлігі 0,05-тен 0,4-ке дейінгі балалар қабылданады.
9. Амблиопиясы бар және қыли балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру оқу бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларды іске асырушы арнайы білім беру ұйымына (топқа):
1) оптикалық түзету жағдайындағы көру өткірлігі жақсы көретін көзінде 0,7 – ге дейін амблиопиясы (дисбинокулярлы, рефракциялы, обскурациялы) бар, плеоптикалық емдеуге мұқтаж балалар;
2) ортопто-плеопто-хирурго-ортоптикалық немесе тек ортоптикалық емдеуді қажет ететін қылилығы бар балалар қабылданады.
Қажетті контингент болған кезде көрмейтін, кейіннен көрмей қалған және нашар көретін балаларды, амблиопиясы мен қылилығы бар балаларды бірге (бір ұйымда, топта) тәрбиелеу мен оқыту ұйымдастырылады.
10. Жасына байланысты топтарды толықтыру (3 жасқа дейін және одан жоғары):
1) көрмейтін және кейіннен көрмей қалған 8 баладан артық емес;
2) 3 жасқа дейін нашар көретін 8 баладан артық емес, 3 жастан жоғары 12 баладан артық емес;
3) амблиопия мен қылилығы бар 15 баладан артық емес.
11. Зерде бұзылыстары (жеңіл ақыл-ой кемістігі) бар көрмейтін, нашар көретін және кейіннен көрмей қалған балалар, тірек-қозғалыс аппараты немесе есту қабілеті бұзылған балалар күрделі құрылымды ақаулары бар балаларға арналған топтарға жолданады.
12. Топтарды жинақтау Жарғы және осы Үлгілік қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
13. Балалардың топта болу ұзақтығы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК) қорытындысы бойынша белгіленеді.
14. Тәрбиелеу-білім беру процесі ақаудың құрамын, көру қабілетінің дәрежесі мен сипатын ескере отырып, тифлоқұралдарды және арнайы құралдарды қолданумен жүзеге асырылады. Көрмейтін, кейіннен көрмей қалған балаларға арналған құрал-жабдықтар сезу және көріп-сезу арқылы қабылдауды қолдануға негізделеді. Түзету жұмысында көру қабілеті бұзылған балаларға оқу және басқа да ақпарат көздерінің қолжетімділік шеңберін кеңейтуге мүмкіндік беретін ерекше дидактикалық материалдар және арнайы көрнекілік құралдар қолданылады.
15. Балалардың даму ауытқуларын түзетуді дефектолог (тифлопедагог) көріп қабылдауын (сипап-сезуін және ұсақ моторикасын дамыту бойынша көрмейтін балалармен), әлеуметтік-тұрмыстық және кеңістіктік бағдарлауын дамыту бойынша шағын топтық және жеке түзету сабақтары нысанында іске асырады.
16. Зерде бұзылыстары бар (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі) көрмейтіндерге, нашар көретіндерге және кейіннен көрмей қалғандарға, қимыл-қозғалыс аппараты немесе есту қабілетінің бұзылыстары бар балаларға түзету көмегі жеке түзете-дамыту бағдарламасы бойынша көрсетіледі.
17. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру оқу бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларды іске асырушы арнайы білім беру ұйымына (топқа) және көру қабілеті бұзылған балалар үшін арнайы топтар құрылған мектепке дейінгі ұйымдарда дефектолог (тифлопедагог) лауазымы төмендегідей есеппен қарастырылады:
1) әр 8 көрмейтін және кейіннен көрмей қалған балаға 1 штаттық бірлік;
2) әр 12 нашар көретін балаға 1 штаттық бірлік;
3) әр 15 амблиопия және қылилығы бар балаға 1 штаттық бірлік.
18. Көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі ұйымдарда емдеу-қалпына келтіруді офтальмолог-дәрігер және ортоптист-бикеш іске асырады.
19. Емдеу-қалпына келтіру жұмысын жүзеге асыру үшін емдеу аппараттарымен және құралдармен офтальмологиялық кабинет жабдықталады.
Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру оқу бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларды іске асырушы арнайы білім беру ұйымына (топқа) ғимараттың ішінде және іргелес аумағында кедергісіз қозғалу үшін жағдайлар жасалады, сондай-ақ ақпараттың тактильді құралдарымен жарақтандырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет