Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары


Эмоциялық ерік-жігер аясы мен мінез-құлқының



бет6/30
Дата18.01.2023
өлшемі173,42 Kb.
#61799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
2.7 Эмоциялық ерік-жігер аясы мен мінез-құлқының
ауытқушылықтары бар балалар үшін

51. Эмоциялық ерік-жігер аясының және мінез-құлқының ауытқушылықтары бар балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру оқу бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларды іске асырушы арнайы білім беру ұйымдарына (топқа):


1) эмоциялық ерік-жігер аясының бұзылыстары бар, оның ішінде аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балалар;
2) 0 ден 6 жасқа дейін белгіленген кохлеарлы импланты бар балалар қабылданады.
52. Эмоциялық ерік-жігер аясының және мінез-құлқының ауытқушылықтары бар балаларға арналған топтардың толықтырылуы 6-дан артық емес баланы құрайды.
53. Эмоциялық ерік-жігер аясының және мінез-құлқының ауытқушылықтары бар балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйымның арнайы міндеті әлеуметтік өзара іс-әрекет, бейімдеу және кіріктіру саласындағы бұзылыстарды түзету үшін кешенді психологиялық-педагогикалық түзету жұмысын жүргізу болып табылады.
54. Түзету жұмысының мазмұны кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық сипатта жүргізіледі. Балаларды түзете-дамыта оқыту мен тәрбиелеуді психолог, дефектолог, мұғалім-логопед іске асырады.
2.8 Біріктірілген түрдегі, оның ішінде күрделі бұзылыстары
бар балалар үшін

55. Біріктірілген түрдегі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға, оның ішінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру оқу бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларды іске асырушы арнайы білім беру ұйымдары (топтар) бұзылыс түрлері бойынша (көру қабілетінде бұзылыстары бар (көрмейтін, нашар көретін, кейіннен көрмей қалған) балалар үшін); есту қабілетінде бұзылыстары бар (естімейтін және нашар еститін, кейіннен естімей қалған) балалар үшін; сөйлеу қабілетінде бұзылыстары бар балалар үшін; тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балалар үшін; зерде бұзылыстары бар (ақыл-ой кемістігімен) балалар үшін; психикалық дамуы тежелген балалар үшін; ерік-жігер аясының және мінез-құлқының ауытқушылықтары бар балалар үшін), сондай-ақ екі және одан да көп бастапқы психофизикалық бұзылыстар (есту қабілеті мен көру қабілетінің, зерде бұзылыстары мен саңырау, саңырау және балалардың сал ауруы, көру қабілеті мен балалардың сал ауруы және тағы басқа қатар кездесетін бұзылыстар) қатар жүретін балалар үшін топтар түрлі топтардан құрылады.


56. Толықтырылуы бұзылыс түрлері бойынша топтардың толықтырылуына сәйкес, ал күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған топтар, оның ішінде көрмейтіндер және саңыраулар 6-дан артық емес баланы құрайды.
57. Тәрбие мен оқыту арнайы жағдайларды жасау есебінен жүзеге асырылады: заттармен (оның ішінде құралдармен) практикалық қызметті ұйымдастыру, адам айналасына жатқызылатын заттармен әлеуметтік іс-әрекеттер тәсілін қолдану және баланың қажеттіліктерін қанағаттандыруға іс-әрекеттердің бағытталуы.
58. Түзете-дамыту жұмысында қарым-қатынас құралдарын қалыптастыру бойынша сабақ өткізу, сақталған анлизаторлар және жүйе есебінен жоғалған екі немесе одан да көп психофизикалық бұзылыстардың орнын толтыру қарастырылған. Түзету-педагогикалық жұмыстың мазмұны жеке-бағдарланған сипатқа ие.
59. Арнайы мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбие мен оқыту процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшін арнайы кабинеттер (мұғалім-логопедтің, олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың, тифлопедагогтың, психологтың, әлеуметтік педагогтің) құрылады. Түзету жұмысында арнайы техникалық құралдар: дыбыс күшейткіш аппаратура, көрмейтін және естімейтін тұлғалардың қарым-қатынасына керек телетакторлар, тифлотехникалық құралдар қолданылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет