Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары



бет9/30
Дата18.01.2023
өлшемі173.42 Kb.
#61799
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
2. Қызмет тәртібі


2.1 Есту қабілетінде бұзылыстары бар балалар үшін

10. Естімейтін, нашар еститін және кейіннен естімей қалған балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары есту мен көру негізінде қарым-қатынас пен ойлау құралы ретінде ауызекі сөйлеу тілін қалыптастырумен тығыз байланыста бола отырып, балаларды жан-жақты дамытуды, өз бетінше өмір сүруге қажетті жалпы білім алу, еңбек ету және әлеуметтік дайындықтан өту үшін олардың психикалық және дене дамуындағы ауытқушылықтарын түзету мен орнын толтыруды жүзеге асырады.


11. Естімейтін балаларды бастауыш және негізгі мектепте оқыту ұзақтығы 10 жыл (мектепке дейінгі дайындық сыныбымен бірге):
1) бастауыш білім беру деңгейі (0, 1-4 сыныптар),
2) негізгі орта білім беру деңгейінің 1-сатысы (5-7 сыныптар),
3) негізгі орта білім беру деңгейінің 2-сатысы (8-10 сыныптар);
4) жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар.
Жалпы орта немесе орта кәсіптік білімді алу мақсатында естімейтін, нашар еститін және кейіннен естімей қалған оқушылар кешкі бөлімнің 11-12 сыныптарында, жалпы білім беру мектебінің бейінді сыныптарында, кәсіптік колледждерде оқуды жалғастыра алады.
12. Интеллектісі сақталған есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларды оқыту мынадай тәртіпте:
1) естімейтін оқушылар дайындық сыныбы мен 1-7 сыныптарда арнайы бағдарламалар бойынша, 8 сыныптан бастап оқушылардың білім алудағы мүмкіндіктеріне қарай бейімделген жалпы білім беру мектептерінің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша;
2) нашар еститін және кейіннен естімей қалған балалар дайындық және 1-4 сыныптарда арнайы бағдарламалар бойынша, 5 сыныптан бастап оқушылардың білім алудағы мүмкіндіктеріне қарай бейімделген жалпы білім беру мектептерінің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша;
3) ақыл-ой кемістігі бар естімейтін және нашар еститін оқушылар зерде бұзылыстары бар балалар мен есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған бағдарламалар мен оқулықтар бойынша іске асырылады.
13. Есту арқылы қабылдауы мен айтуын дамыту бойынша жеке сабақтар оқу күні ағымында және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі.
Оқушылардың есту арқылы қабылдауы мен айтуын дамыту бойынша жеке сабақтарға бару кестесі білім беру ұйымының әкімшілігімен бекітіледі.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет