«Арнайы педагогика» мамандығы



бет1/2
Дата23.04.2023
өлшемі16,79 Kb.
#85867
  1   2

«Арнайы педагогика» мамандығы
Пәні: Әлеуметтік – тұрмыстық
бағдарлау.
Орындаған: Сарыбаева Г.Е
Тақырып: Әр-түрлі категориядағы балалардың отбасында әлеуметтік -тұрмыстық бағдарлау ерекшеліктерін анықтау.
Отбасының түрлі категорияларымен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері:
мынадай сипаттарға ие болса отбасы жағдайы нашар деп есептеледі: өзін-өзі төмен бағалау, мінез-құлықтың стереотиптілігі, әлеуметтік байланыстардың шектеулігі және өзіндік ерекшелігі, олардың таңдамалылығы және тарлығы, ауру отбасыішілік қатынастардың түрлі этиологиялары. Яғни, жағдайы нашар отбасыға белгілі уақыт аралығында дестабилизациялаушы отбасыдан тыс және отбасыішілік факторлардың ықпалына қарсы тұра алмайтын отбасылар жатады.
Мұндай отбасыларда тұлғаның культы басым, әркімнің назары өзіне бағытталған, қарым-қатынас шеңбері тұрақты емес, отбасындағы кейбір мүшелердің қажеттіліктері орындалмайды.
Мұндай отбасыларда түрлі проблемалар болады. Мұндай отбасыларды былайша бөлуге болады:
- ата-аналық міндеттер атқарылмайтын, жақын адамдарды аморальды іс-әрекетке тарту болатын, отбасы мүшелерімен қатал қарым-қатынас жасайтын, отбасы мүшелерінің, әсіресе балалардың денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстық отбасылар;
- ерлі-зайыптылар, ата-ана мен балалар, аға-іні-апа-сіңлі арасындағы өзара қарым-қатынаста қиыншылықтар бар және дамып отыратын дау-жанжалды отбасылар;
- сырттай жағдайы жақсы болғанымен, балалардың мінез-құлқында түрлі девиациялар көрінетін педагогикалық қалыптаспаған отбасылар.
Аралық топтарға әлеуметтікқауіп тудыратын отбасылар бар. Егер олар уақытында көмек алмаса олар жағдайы нашар отбасына айналады. Олар обьективті және субьективті себептерге байланысты қиындық жағдайында болады және мемлекеттің әлеуметтік қорғау жүйесінің қолдауын қажет етеді. Оларға толық емес және көпбалалы отбасылар, мүгедектері бар, асыранды балалар, өмірге жарамсыз ата-аналар бар, қашқындар отбасылары жатады.
Әлеуметтік қызметкердің мұндай отбасылармен практикалық іс-әрекетінің үрдісі диагностикалық, ұйымдастырушылық және коммуникативтік кезеңдерден өтеді.
Диагностикалық кезеңде арнайы кесте бойынша отбасының материалдық мүмкіндіктері және тұрмыс жағдайлары, эмоционалды-психологиялық климат, білімдік, жалпы мәдениеттік деңгейі, бос уақытты өткізу сипаты, міндеттерді және рольдерді бөлу, өзара біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруы зерттеледі, сонымен бірге тұтас отбасының және оның мүшелерінің проблемалары анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет