Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата30.01.2017
өлшемі1,02 Mb.
#3030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Сұрақтар мен тапсырмалар 
             1. Cөйлемнің тұрлаулы мүшелері туралы түсінік 
             2. Бастауыш дегеніміз не?  
             3. Бастауыштың мағыналық жəне тұлғалық белгілері 
             4. Күрделі жəне үйірлі бастауыштар туралы түсінік 
             5. Бастауыштың жасалу жолдары 
             6. Жаттығулар жасау 
Пайдаланатын əдебиеттер 
1.  Аманжолов С. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы        
Алматы. 1994. 
2. Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996.   
3. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997. 
4. Бектұров Ш. Қазақ тілі. Алматы. 2006. 
 
БАЯНДАУЫШ 
Жоспары 
           1. Баяндауыш туралы түсінік 
           2. Баяндауыштың жасалу жолдары 
           3. Есімді жəне етістікті баяндауыш 
   
           Тірек сөздер: баяндауыш, баяндауышты; жасалуы, есімді жəне етістікті  
            баяндауыштар.  
Баяндауыштың  жасалуы.  Сөздердің  түбір    күйінде  баяндауыш  болуы.  Қай 
сөздің  болса  да  сөйлемде  баяндауыш  қызметінде  тұруы  сол  сөйлемдегі  субьектілік, 
предакаттық  қатынастан  көрінеді.  Сондықтан  баяндауыштың  қызметі  басқа 
мүшелермен,  əсіресе  бастауышпен,  қатар  қойып  айтқанда  айқын  болады:  қара,  керек 
сөздерін  сен  малға  қара,  мысыққа  ойын  керек  дегендей  тіркесте  айтқандай  болмаса, 
олардың  баяндауыш  екендігі  белгілі  юолмайды.  Рас,бір  қатар  сөздердің  атау,  түбір 
күйінде маңында басқа сөздер болмасада баяндауыш қызметінде екені айқын болатыны 
бар. Көтеріңкі дауыспен  Шық! Мақұл! Дұрыс! Масқара! дегенде, олар жеке тұрып ақ 
баяндауыш  қызметінде  жұмсалуы  мүмкін.  Бірақ  ондайда  олар  с6йлемдік  əуенмен 
айтылуға тиісті не маңында басқа сөздер болуы керек.  
Сондай  дара  тұрып,  түбір  күйінде  көбірек  баяндауыш  болатын  сөздер-  етістіктер. 
Олардың  түбір  күйінде  баяндауыш  бола  кетуінің  себебі  олардың II жақтық 
грамматикалық  мағынаны  да  білдіруімен    байланысты  болу  керек.  Сондай  сөздердің 
баяндауыш қызметінде жұмсалуы олардың айтылу жағдайымен де байланысты.  
           Есім  сөздер  де  түбір  күйінде,  ешқандай  баяндауыштық  жалғау  жалғанбай-ақ 
баяндауыш  бола  береді.  Бірақ  ол  үшін  бастауыш  пен  баяндауыш  қатар  айтылу  керек. 
Сонда  олардың  сол  қызметте  жұмсалуына  себеп  болатын    жағдай  олардың  сөйлемде 
белгілі орнында тұруы болады.    Оның үстіне баяндауыш бастауыштан дауыс ырғағы 
арқылы  бөлініп,  онымен  қарсыласа  қабаттасып  келеді.  Ондай  амалмен  баяндауыш 
болған сөздің де бастауышпен байланысы  əрі мағыналық, əрі грамматикалық болады. 

 
 
Оларды  бастауышсыз  айтуға  болмайды,  бұл-  бір;  екіншіден,  бастауыш  көптік 
мағынада,  көптік  жалғауында  айтылғанымен,  оның  есім  баяндауышы,  көптік 
жалғауында  тұрса  да,  тұрмаса  да.  Бастауыш  пен  грамматикалық  байланыста  бола 
береді    
Баяндауыш қызметі жіктік жалғаулардай болғанмен, көбінесе баяндауыш болған 
сөзге  жалғанатын  қосымшаның  бірі-  діңкі, -нікі,-(ның-кі).  Ол  тұлғадағы  есімдердің 
қазақ тіліндегі предикаттық мағынасы басқа түркі тілдеріндегідей деуге болады.    Ол 
қосымша  жалғанған  баяндауыштар,  жоғарыда  айтылғанындай,  басқа  затқа 
меншіктелмейді, басқа затты өзіне тəуелді етіп, өзі меншік иесі болады.  
-Нікі,-  дікі  қосымшасы  жалғанған  сөздердің  баяндауыш  болу  амалы  да  оның 
сөйлемдегі орнымен байланысты. Солай болғандықтан ондай тұлғадағы баяндауыштар 
бастауыштардан 
соң 
тұрады, 
бастауышсыз 
айтылмайды. 
Өйткені 
ондай 
баяндауыштардың  меншікпен  тұратын  заттарды  сол  сөйлемдегі  бастауыштар  болады. 
Баяндауыштардың  негізгі  түрлері.  Сөз  табының  бəрі  де  баяндауыш  бола  алады. 
Дегенмен  көбінесе  баяндауыштық  қызметте  жұмсалатын  сөздерді  жіктегенде,  олар 
мынадай басты-басты негізгі екі салаға бөлінеді:  
1.  Етістік  баяндауыштар:   2. Есім  баяндауыштар.  Етістік  баяндауыштар  да,  есім 
баяндауыштар да дара күрделі жəне ол екі түрі аралас айтылған құрама болуы мүмкін.    
Етістіктерден  болған    дара  баяндауыштар.  Етістіктердің  сөйлемдегі  негізгі 
қызметі-  баяндауыш  болу.  Олардың  баяндауыш  болу  қабілеті  өте  күшті.  Сондықтан 
қазақ  тілі  сөйлемдері  баяндауыштарының  дені-  етістікті  баяндауыштар.  Айттым, 
болды. Кестім,  үзілді!... дегеніндей олар дара күйінде–ақ баяндауыштық қызметте бір 
құрамды тиянақты сөйлем болыпта келеді.    
Етістіктердің  сөйлемдегі  басқа  қызметінен  гөрі  баяндауыш  қызметінде 
жұмсалуынан  олардың  өздеріне  тəн  мағыналық,  грамматикалық  ерекшеліктері  айқын 
көрінеді. Етістіктің сабақты жəне салт болуы сияқты, болымды жəне болымсыз болуы 
да етістік атаулыға ортақ болғандықтан, оның баяндауыш қызметінде жұмсалуында  да 
ерекшелігі  жоқ.  Дегенмен  солар  арқылы  болымды,  болымсыз  сөйлемдер 
жасалатындықтан , олардың  баяндауыш  болуын  ерекше  атау  керек  болады.  Оның 
үстіне  айтпаймын,  жазбаймын  деген  сияқты,  ашық  райлы  болымсыз  етістікті 
баяндауыштың  кейде  айтпан,  жазбан  болып  айтылуында  стильдік  айырмашылық 
болады.  Мысалы:  бір  істі  істеуден  үзілді-кесілді  бас  тартқанда,  айтылған  хабарға 
өктемдік сипат беру керек болғанда, соңғы формалар қолданылады. Бұл көбінесе ауыз 
əдебиетінде  жиі    ұшырасады.Мысалы:  Тəуекелге  келгенде,  алдымда  тау  тұрса  да 
тайынбан. 
Етістіктер райлық, шақтық тұлғаларының барлығында да  баяндауыш бола береді.  
Етістіктер  етіс  тұлғаларында  да  баяндауыш  қызметінде  жұмсалады:  Өнер  білім  бар 
жұрттар, тастан сарай салғызады.  
Көсемше тұлғалы етістіктер дара күйінде құрамлас сөйлемдердің баяндауыштары 
болып келе береді. Бірақ кейбір өлеңде болмаса, жай сөйлемнің тиянақты баяндауышы 
бола алмайды.  
Есімшелердің  баяндауыш  қызметінде  жұмсалуы  басқа  есімдердей: I,  II жақта 
баяндауыштық  жіктік  жалғауда  айтылып,  етістікпен  қиысып  тұрады, III жақта  жіктік 
жалғау жалғанбайды. 
Етістіктерден болған  күрделі баяндауыштар. Күрделі етістікті баяндауыштың 
құрамы.  Қазақ  тілінде  де  əлденеше  етістіктер  түйдекті  топ  құрып,  баяндауыш 
қызметінде  жиі  кездесетіні  белгілі.  Олардың  көп  құрамды  болудағы  баяндауыштық 
негізі  қызметі  –қимыл    процесінің  құбылмалы  нəзік  реңктерін  білдіру.  Əлденеше 
етістік бір күрделі баяндауыш болғанда, оның біреуі ең негізгі болады да, қалғандары 
оған не біріне- бірі көмекші болады. Қазақ тілінде көмекші етістіктер көп, олар аса жиі 

 
 
қолданылады: арнаулы көмекші етістіктерден басқа негізгі етістіктердің де бір талайы 
көмекші  етістіктерден  басқа    негізгі  етістіктерді4  де  бір  талайы  көмекші  болып 
жұмсала  береді.  Олардың    өзара  көсемше,  есімше  тұлғалар  арқылы  байланысқан 
түйдекті тобының құрамы екі я үш, кейде төрт ябес етістікті болып та келеді.  
Күрделі  баяндауыш  құрамындағы  етістіктердің  қызметі.   Көмекші  етістіктер 
жоқарғыдай синтаксистік  тіркеске түсіп, баяндауыштың  шақтық, түрпаттық (видтік), 
модальдық,т.б.  мағанасын  түрлендіріп,  кейде  бір  қалыптан  екінші  қалыпқа  түседі.  
Ондайда кез келген етістік қатар қойылып, оның алдыңғысы негізгі, соңғысы көмекші 
қызметте  жұмсала  бермейді,  олардың  біріне-бірі  үйлес  келетін,  бірін-  бірі 
толықтыратын,  кейде  біріне  екіншісінің  мағанасына  қарсы  келетін  етістіктерден 
құралып, синтаксистік бірлік жасалады.  
Басқа  түркі  тілдеріндегі  сияқты,  қазақ  тілінде    де  күрделі  етістіктердің  құрамы 
алуан-алуан  болады:  кейде  жоғарғындай  бірі  динамикалық  мағынадағы  етістіктер 
немесе  екеуі    де  статикалық  не  динамикалық  мағынадағы  етістіктер  болады:  кейде  
одан  да  басқа  қимылды,  күйді  білдіретін  етістіктер  тіркесіп,  күрделі  баяндауыш 
болады.  Соған  лайық,  олардың  екінші  компоненттерінің  негізгі  етістіктерге  қосатын 
мағыналары  да  əр  түрлі  болады.  Оны    аңғару  үшін  бір  тұлғадағы  негізгі  етістіктерге 
түрлі –түрлі көмекші етістіктерді тіркестіріп, салыстырайық: бере баста, бере түс, бере 
сал; тұра тұр, тұра бер, тұра қал. 
Негізгі етістіктер мен көмекші етістіктер түйдекті топ құрып күрделі баяндауыш 
болғанда,  субьектінің  қимыл  процесінің  əр  түрлі  құбылыстарын,  мысалы:  істің, 
қимылдың    біткенін,  бітпегенін,  олардың  қарқынын,  бастау,  аяқталу-кезеңдерін 
білдіреді.  
Баяндауыштардың  осылайынша  қайталап  айтылуы  арқылы  да  қимылдың 
созылыңқылығын білдіруі-күрделі етістік баяндауыштардың жұмсалуындағы  стильдік 
ерекшеліктің  бірі.  Бұлай  айтудың  тағы  бір  қызметі  бар.  Негізгі  етістіктерді  қос  сөз 
ретінде қосарлап  айту арқылы да қимылға созыңқылық өң беріледі.  
        Есім    баяндауыштар.  Есім  баяндауышты  сөйлемдер  Европа  тілдерінде  көмекш 
іетістік арқылы жасалады.   Қазақ тілінде есім сөздердің (зат,есім, сын есім, сан есім, 
есімдіктердің)  қайсысы    болса  да  баяндауыш  қызметінде  жұмсала  береді,  бұл  үшін 
олардың    қасында  көмекші  етістіктің  тұруы  шарт  емес.  Соны  мен  қатар  есімді 
сөйлемдердің  қазақ  тілінің  өзіне  тəн  ерекшеліктеріде  бар.  Оларды  басқа  тілдердің, 
мысалы:  орыс  тілінің  фактілерімен  салыстырғанда,  дұрыс  түсінуге  болады.  Мен 
студентпін- Я есть студент. Бұл сөйлемдердің сыртқы тұлғалық белгілеріне қарасақ 
та,  сөйлемге  бас  мүшелердің  өзара  байланысу  амалдарына  қарасақ  та,  елеулі 
айырмашылығы  барлығы  байқалады.  Егер  мен  студентпін  дегенді-  Я  студент  деп 
аударсақ,  ондағы  айырмашылық  баяндауышқа  қазақшада  жіктік    жалғаудың 
жалғануында ғана емес, сол арқылы баяндауыштың баяндауыштық мүшелік дербестігі 
сақталып,  сөйлемдік  құрылысының  берік  болуында.   Сондықтан  баяндауышты 
бастауышсыз  айтуға  болмайтынындай,  Я  ученик  дегенді  де  бастауышсыз  айтуға 
болмайды., ал оқушымын, студентпін деп сөйлемді бір құрамды етіп айта бере аламыз. 
Сонда сөйлем құрылыс жағынан ықшамдылық  қасиетке   ие болады. Бұл- қазақ тілінің 
артықмашлығы емес., өзгешелігі. 
Ал есім баяндауыштардан кейін тұтатын  көмекші етістіктер баяндауышқа ондай 
тек  шақтық  мағына  қосып  қана  қоймайды.,  сөйлемнің  тұлғасын  тұрлендіретін    де 
қызметте жұмсалады.  
Сондықтан  Мен  оқушымын,  Сен  оқушысың,  Ол  оқушы        дегендері  таза  есімді 
сөйлем  деп  қарасақ,  Мен  оқушы  едім,  Мен  оқушы  болатын    болдым.  Сен  оқушы 
болатын  болдың  дегендері  есімді  жəне  етістікті    сөйлемдердің  екі  арасынан  орын 

 
 
алатын,  бірақ  есімді  сөйлем  болу  қасиеті  басым,  жай  сөйлемнің  ерекше  бір  есім  –
етістікті құрама баяндауышты түрі деп қараймыз.   
Қазақ  тілінде  зат  есімді,  сол  сияқты  басқа  есімдерді  түбір  күйінде  баяндауыш 
қызметінде  қолдану  үшін,  бастауыш  пен  баяндауыш  белгілі  орындарда  тұрады:  
баяндауыш бастауыштан кейін тұруы керек:  Ол-студент, Рəбиға- инженер, Абай- ақын. 
Бірақ  ондайда  қатар  айтылған    тұрлаулы  мүшелерді    өзара    байланыстырып,  олардың 
мүшелік  қызметірақ  ондайда  қатар  айтылған    тұралы  мүшелерді    өзара  
байланыстырып, олардың мүшелік қызметін айқындауға себеп болатын –дауыс ырғағы.  
Бұл  айтылғандар  –есімдердің III жақта  тұрып  баяндауыш  болуының  шаттары.  Ал, I, 
IIжақта 
(баяндауыштық)жалғаулар 
жалғанады. 
Ондайда 
есімдерден 
болған 
баяндауыштарға тиісті жіктік есімдерді баяндауыш етуге дауыс ырғағының көмекшілік 
қатысы болмайды жəне бастауыш пен баяндауыштың əр уақытта қатар тұруы да шарт 
емес.      
Баяндауыштың  бастауышпен  қиысуы.  Қиысу–синтаксистік  байланыстың  жиі 
ұшырайтын бір түірі. Ол сабақтаса байланысқан  сөздердің бағыныңқысының басыңқы 
сөздерге  икемделе,  олардың  грамматикалық  мағыналарына    үйлесіп  тұратын  сөздер 
арасынд  болады.  Қиысуға  тұлғалық  үйлесімі  бар  сөздер  тіркесінің  бағыныңқы  бөлегі 
басыңқы бөлегіне  бейімделіп үйлесуі ғана енеді . Қиысу əр тілде əр түрлі екені белгілі. 
Мысалы:  орыс  тілінде  бастауыш  пен  баяндауыш  род,  жақ,  сан  жағынан,  анықтауыш 
анықтайтын  сөзімен  род,  сан  жағынан,  септіктер  арқылы  қиысады  да,  бастауыш  пен  
баяндауыш  тек  сан  жағынан  қиысады  екен.  Түркі  тілдерде,  оның  бірі  қазақ  тілінде, 
қиысу,  негізінде,  біріне–бірі  бағынышты  тіркесті  бастауыш  пен  баяндауыш  арасында 
болады.  Қазақ  тілінде  сөздер  бір-бірімен  орыс  тіліндегідей,  септік  жалғауларында 
қиыспайды, тек оңашаланған  айқындауыштар ғана айқындайтын сөздері қандай септік 
жалғауда  тұрса,  сол  жалғауда  тұрып  қиысуы  мүмкін.  Баяндауыштың  бастауышпен 
қиысуы жақтық не көптік болады. 
Жақтық  қиысу.    Баяндауыштың  тиісті  жіктік  жалғауда  тұрып  бастауышпен 
бауланысу  ережелерін  айтудан    бұрын  бастауыш  болатын  сөздердің  жақтылық 
мағынасын айқындап алу керек сияқты. 
Баяндауыштың  белгілі  жақтық  мағынада,  жақтық  тұлғада        айтылыуы  еркін 
бастауыштық  қызметте  жұмсалатын    сөздердің  жақтылық  мағынасын  билейді. 
Бастауыш  болатын  негізгі  сөздер  зат  есімдер  мен  жіктеў  есімдіктері.  Олардан  басқа 
сөздер  де субстантивтеніп, бастауыштық қызметте жұмсала береді. Сол сөздердің тек 
төртеўі – бірінші  жəне  екінші  жақтық  жіктеу  есімдіктер  (мен,  сен,  сіз)  І,  ІІ  жақтық 
бастауыш болады да, олардан басқа сөз атаулының бəрі бастауыш қызметінде атек ІІІ 
жақтық мағынада айтылады.  
Ескерту:  Қазақ  тіліндегі  жоғарыда  айтылғаннан  ерекшелеу      келетін,  бастауыш 
қызметіндегі сөз тəуелдік жалғауының  қай жағында тұрса, олардың баяндауыштары да 
сол  жақта  бастауышпен  қиысатын  бірнеше    сөз  бар, -өз  деген  есімдік.  Ол  есімдікке 
тəуелдік    жалғауы  жалғанып,  бастауыш  қызметінде  жұмсалғанда,  оның  тəуелдік 
жалғауы  қай  жақта  болса,  бастауыштық  мағынасы  да    сол  жақта  болады,  баяндауыш 
сол жақ пен қиысады:  
Өзім келдім, өзіміз келдік. 
Өзің келдің, өзіңіз келдіңіз. 
Өзі келді.  
Неге  өзім,  өзің  дегендер  жолдасым,  жолдасының  сияқты  ІІІ  жақта  айтылмайды 
деген сұрақ туады.  
Олай болуы жоғарығы есімдіктің кімге де болса тəндік мағанасымен байланысты. 
Сондықтан оған тəуелдік жалғауының І жағы жалғанса, мен, біз, ІІ жағында  сен, сіз, ІІІ 

 
 
жағында ( ол  деген  мағынада)  айтылады.  Кейде  екеуі  қатар  жұмсалады:  Мен  өзім 
келдім. Сен өзің келдің.Ол өзі келді.  
Бұдан басқа бəрі, біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу  деген есімдік пен 
сан есімдерге тəуелдік жалғаулары меншіктілік  жақтық ыңғайда үйлесіп тұрады:   
Бəріміз барамыз, бəріңіз барыңыз. 
Бəріміз айтайық, бəріңіз жазыңыз. 
Сандық  қиысу.  Баяндауышты  бастауышпен  сандық  мағынада  қиыстыру  үшін 
жұмсалатын жіктік жалғаулар:  
I  -мыз, -міз (оның басқа варианттары), -ды+қ, ді+к, -ты+қ: біздер оздық, біздер 
қарап  отырмайық,  біздер  мəселені  жете  түсінейік. III        жақта  баяндауышты 
бастауышпен  көпті  мағынада  қиыстыратын  арнаулы  жікті  жалғау  жоқ.  
Грамматикаларда II жақтық көптік жалғаулар  деп танылатын қосымшалар –а\ -ңыз, -
е/ңіз, -сыз/сіз  қазақ  тілінде  көптік  мағынада  жұмсалмайды,  жекенің  сыпайылық 
мағынасында жұмсалады. Сондықтан екінші жқтық баяндауыштарды көптік жалғаунда 
айтылатын  бастауышпен  қиыстыру  үшін  сыпайылық  жəне  анайылық  жақтық 
тұлғалардан  кейін  –дар, -дер  жалғанады:  Сендер  орындаңдар,  Сендер  ұмтылыңдар,  
Сендер бақыттысыңдар 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Баяндауыштың жасалу жолдары 
2. Баяндауыштың негізгі түрлері 
3. Етістік баяндауыштар 
4. Есім баяндауыштардың түрлері 
                                              Пайдаланатын əдебиеттер 
1.  Сайрамбаев Т. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Алматы. 1991ж. 
     2. Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996   
     3. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997 
    4. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы.  1992.  
    5. Бектұров Ш.Қазақ тілі. Алматы. 2006 
    6. Cайрамбаев Т. Сөз тіркестері мен жай сөйлем синтаксисі. 1991. 
 
           СӨЙЛЕМНIҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕРI. ТОЛЫҚТАУЫШ. 
Жоспары 
1.  Толықтауыш туралы түсінік 
2.  Толықтауыштың жасалу жолдары 
3.  Толықтауыштың түрлері 
4.  Қорытынды 
Тірек  сөздер:  тұрлаусыз  мүше,  толықтауыш  түрлері,  тура  толықтауыш,  жанама 
толықтауыш ж.т.б. 
Жайылма сөйлемдерде тұрлаулы мүшелерден басқа, оларды айқындайтын тұрлаусыз 
мүшелер де болады, олар: толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш.  
Бұларды  «тұрлаусыз  мүшелер»  дейтін  себебіміз  не?  Сөзінде  тиянағы  жоқ  кісіні 
«сөзінің тұрлауы жоқ» те атаймыз. Осындағы «тұрлау» сөз «тиянақ», «береке», «пəтуа» 
деген  ұғымдарды  білдіреді. «Тұрлаусыз»  деген  сөзді  кейбір  сөйлем  мүшелеріне 
тануымыз  ол  мүшелердің  сөйлемді  тиянақты  етпейтін  қасиеттеріне  негізделген. 
Расында, бастауыш пен баяндауыш сөйлемді тиянақты енетін, оның бас арқауы болса, 
тұрлаусыз мұшелерде ондай қасиет болмайды. Олар бас мүшелердің маңына топтанып, 
алдымен  соларды  жəне  бірін-бірі  анықтап,  пысықтап  тұрады.  Мысалы:  Көк  жүзінің 
шарбы  бұлты  əлдеқайда  тарап  жоқ  болып  тұр:  көк  жүзінің  шарбы  деген  сөздер 

 
 
(анықтауыштар) бұлты деген зат есімнен болған бастауышты анықтайды. Ал əлдеқайда 
(пысықтауыш) сөзі тарап жатыр деген етістіктерден болған баяндауышты пысықтайды. 
Қолдың  саласындай  тарамдаған  арықтардың  біреуі  бара-бара  ұлғайып…  қарауытқан 
сай  болды . Бұл  сөйлемдегі  тұрлаулы  мүшелер:  біреуі  (бастауыш),  сай  болды 
(баяндауыш), қалған тұрлаусыз мүшелер- анықтауышпен пысықтауыштар.   
Осылардай  тұрлаулы  мүшелердің  ғана  емес,  тұрлаусыз  мүшелердің  де: 
анықтауыштың-  анықталушы,  пысықтауышы,  толықтауышы;  толықтауыштың 
анықтауышы;  толықтауышы,  пысықтауышы,  пысықтауыштың  толықтауышы  болуы 
мүмкін.  
Сөйлемнің  тұрлаусыз  мүшелерін  тұлғасына  қарап  айрудың  ғылыми  тірегі  əлсіз 
болады.  Дұрысында,  сөйлемнің  тұрлаусыз  мүше  мəселелері  сөз  тіркесі  жайындағы 
іліммен  тығыз  байланысты  қаралуға  тиіс.  Сонда  өзара  тіркескен  сөздер  тобының 
қандай  қарым-қатынасты  білдіруіне  қарап,  тұрлаусыз  мүшелерді  дұрыс  танитын 
боламыз.  Сол  ізбен  зат  есімдер  мен  атрибуттық  қатынаста  жұмсалатын  түрлі-түрлі 
тұлғадағы  сөздердің  бəрі-анықтауыш,  етістікпен  жəне  кейбір  есімдермен  объектілік 
қатынаста  тіркесетін,  заттық  ұғымы  бар  сөздердің  мүшелік  қызметі  толықтауыш 
болады.  Сондай-ақ  етістіктерге,  кейдй  кейбір  есімдерге  қатысы  болып,  мезгіл,  мекен, 
амал,  т.б.  мағыналарда  жұмсалатын  сөдер,  қандай  тұлғада  болмасын,  пысықтауыш 
қызметінде жұмсалады.  
Толықтауыш. Жай сөйлемді жайылмаға айналдырып, оның іргесін əрі қарай кеңіте 
беруге діңгек болатын тұрлаусыз мүше, алдымен, толықтауыш. Ол өзі бағынған сөзбен 
грамматикалық  байланыста  тұрып,  табыс,  шығыс,  барыс,  көмектес,  кейде  жатыс 
жалғаулардың бірінде жұмсалады.  
Қысқасы,  толықтауыш-қимыл  процесінің  объектісі  болатын  мүше.  Толықтауыштар 
мағынасына,  синтаксистік  қызметіне  жəне  тұлғасына  қарай  екі  топқа  бөлінеді:  Тура 
толықтауыш. 2. Жанама  толықтауыш.  Табыс  септігінде  жұмсалатын  сөйлем  мүшесі 
тура толықтауыш болады. Ол заттың (субъектінің) қимыл процесін білдіретін сабақты 
етістіктермен тығыз байланысты болады. Өйткені сабақты етістіктер сөйлемде қандай 
мүше болмасын, əр уақытта өзіне басқа затты тура толықтауышты- керек етіп, ілестіре 
жұмсалады.  Мысалы:  Көрдім  сұлу  Еділді,  Еділдей  еркін  елімді.Баяндамашы 
баяндамасын  аяқтады.  Жас  құрақтар  көлдің  суын  сипап  тұр.    Бұл  мысалдардағы 
етістіктердің  қимылы  басқа  бір  затқа  ауысып  түсіп  тұрса,  екінші  жағынан  сол  зат 
етістіктің  қимылдық  мағынасын  толықтырып  тұр.  Сондықтан  олар  бірне-бірі 
сабақтасып, бірінсіз-бірі жұмсалмайды десе де болады. Сабақты етістікті сөйлемде тура 
толықтауыш  болмаса,  сөйлем  олқыланып,  кейде  түсініксіз  болып  тұрады.  Мысалы: 
Мен  көрдім  дегенде  кімді  нені  көргеніміз  айтылмағандықтан,  сөйлем  олқыланып  тұр. 
Сол  сияқты,  Сен  бастадың  дегенде  де,  нені  бастағаны  аталмай,  хабарлайтын  пікір 
көмескіленіп 
тұр. 
Олай 
болатыны-жоғарғы 
етістіктердің 
мағынасы 
тура 
толықтауыштармен тікелей сабақтас болуында. Сабақты етістіктердің тиісті аффикстер 
арқылы  біржола  затқа  айналып  кеткендері  болмаса  тіпті  сын  есімге  айналып,  бірақ 
етістік мағыналарынан  біржола айрылмағандары да тура толықтауыштармен сабақтаса 
береді.  
       Тура толықтауыштар қазақ тілінде тек сабақты етістіктермен ғана емес, есімдер 
мен  көмекші  етістіктерден  болған  құрама  баяндауыштармен  де  байланысты  болып, 
соларды  толықтап  тұрады.  Ондай  құрама  баяндауыштар  мыналар  сияқты  болады: 
жақсы  көру,  жек  көру,  мақұл  көру,  артық  көру,  сөз  ету,  табыс  ету,  қабыл  алу,  қарсы 
алу.  Тура  толықтауыштың  грамматикалық  тұлғасы-  табыс  септігі.  Одан  басқа  септік 
жалғауларда айтылған тура толықтауыш болмайды.  

 
 
Кейде табыс жалғаудағы сөздің шығыс септіктің орнына не керсінше айтылатыны да 
бар: Ол оттан аттап  өтті     -   Ол отты аттап өтті. Олар оттан айналды- Олар 
отты айналды.    Олар таудан асып кетті- Олар тауды асып кетті, т.б.  
Бұл тек қазақ тіліне ғана тəн өзгешелік емес, Н.К. Дмитриев «Гагаузские этюды» 
деген  еңбегінде  гагауз  тілінде  барыс  септіктің  орнына  табыс  септіктің  жиі 
қолданылатынын көрсетеді.  
Қазақ  тілінде  табыс  жалғаулы  сөздің  салт  етістікпен  байланысты  барыс  септіктің 
қызметінде  жұмсалуы  гагауз  тіліндегідей  етек  алмаған.  Дегенмен  ондай  мысалдар 
ауызекі тілде, кейде көркем əдебиетте кездесіп отырады: Атқа міне шапты. Атты міне 
шапты. Атқа міндім. Атты міндім.   
Тура  толықтауыш  өзі  қатысты  сөзден  қашықтап  тұрғанда,  əр  уақытта  жалғаулы 
болады, ал ол сөзбен қатар тұрғанда, кейде жалғаулы, кейде жалғаусыз жұмсалады.  
Тура  толықтауыштың  жалғаулы,  жалғаусыз  болуы  туралы  көзқарастар. 
Түркітанушылардың  еңбектерінде  тура  толықтауыштардың  жалғаулы,  жалғаусыз 
болатыны  туралы  пікірлер  ертеден  бар.  А.Казембек  «Общая  грамматика  турецко-
татарского языка» деген 1846 жылы шыққан кітабында «кимылға қатысты зат белгісіз 
болғанда  жəне  ол-  етістіктің  дəл  алдында  тұрғанда  табыс  септік  атау  септігімен 
алмастырылады»,-  дейді. 1869-жылы  Қазанда  шыққан  «Алтай  тілінің  грамматикасы» 
да,  сол  ізбен,  тура  толықтауыштың  жалғаулы,  жалғаусыз  жұмсалуын  оның  белгілі, 
белгісіз зат болуынан деп түсіндіреді. Одан кейінгі грамматика авторлары «Алтай тілі 
грамматикасының  салған  жолынан  ешқайда  аумай,  сондағы  ережені  шамалы 
өзгерістермен  қайталап  келді.  Оған  Мелиоранскийдің,  рас,  өз  тарапынан  қосқаны 
болды.  Ол  «Краткая  грамматика  қазақ    -киргизского  языка»  деген  еңбегінде:  Можно 
различать  винительный  падеж  оформленный  и  неоформленный,  т.е.,  иначе  сказать 
иногда, именительный падеж употребляется вместо винительного. 
 ХІХ  ғасырдың  аяқ  шенінде  бұл  мəселеге  өзгелерден  гөрі  ұқыпты  қараған 
түркологтардың  бірі  Н.А.  Ашмарин  болды.  Ол 1902 жылы  шыққан  «Опыт 
исследования  чувашского  синтаксиса»  деген  еңбегінде,  басқа  авторлардай  емес,  тура 
толықтауыштың  жалғаулы  жалғаусыз  жұмсалуын  тек  белгілік  пен  белгісіздіктің 
тұңғиық  түкпіріне  итере  салмай,  чуваш  тілінде  олардың  қандай  жағдайда  қандай 
сөздердің  толықтауыш  қызметінде  жалғаулы  болатынын  ашуға  көп  көңіл  бөліп,  өте 
құнды материалдар жинаған болатын.  
Қазақ тілінде тура толықтауыштың екі түрлі тұлғада жұмсалуын тек заттың белгілі, 
белгісіздігімен  түсіндіруге  болмайды.  Кейде  белгілі,  айқын  деген  заттар  жалғаусыз 
айтылады да, мүлде белгісіз ғой деп ұғынылатын заттар табыс жалғауында айтылады. 
Мұндай  фактілердің  болатынын  кезінде  «Алтай  тілі  грамматикасының»  авторлары  да 
мойындауға мəжбүр болған.   
Тура толықтауыштың жалғаулы болып жұмсалуы.  
Тура  толықтауыштардың  жалғаулы,  жалғаусыз  жұмсалу  себептерін  дұрыс  түсіну 
үшін,  олардың  əрдайым  жалғаулы  болып  жұмсалатын  ережелерін  айқындау  керек. 
Олар  мыналар:  Тура  толықтауыш  өзі  қатысты  сөдер  қашықталып  тұрып,  екеуінің 
ортасында басқа сөйлем мүшесі тұрса, ол жалғаулы болады:  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет