Ароматты к-м3рсутектер



бет1/5
Дата20.05.2022
өлшемі5,51 Mb.
#35119
  1   2   3   4   5

Бензол қатарының көмірсутектері

Жоспары:

  • Ароматты көмірсутектерге жалпы сипаттама, құрылысы
  • Алу жолдары
  • Физикалық қасиеттері
  • 4. Ароматты көмірсутектердің химиялық қасиеттері:

    4.1. Қосылу реакциялары.

    4.2. Тотығу реакциялары

    4.3. Орынбасу реакциялары

    5. Маңызды өкілдері және олардың қолданылуы


АРОМАТТЫ ҚОСЫЛЫСТАР
“Ароматты қосылыстар” деген атау органикалық химияның дамуының алғашқы дәуірінде пайда болды. Ароматты қосылыстар қатарына табиғи смолалардан, бальзамнан, эфир майларынан алынатын жағымды ароматты иісі бар заттарды жатқызады. Кейінірек зерттеулердің нөтижесінде, бұл қосылыстардың барлығының кұрамында бензол ядросының бар екені аныкталды. Соған сәйкес, молекула қурамында бензол ядросы бар қосылыстардың барлығын (ароматты иісі болмаса да) ароматты көмірсутектер немесе арендер деп атайды.
Ароматты көмірсутектер молекуласындағы бензол сақинасының (ядросының) санына және олардың арасындағы байланыстың сипатына карай бірнеше топка бөлінеді. Олардың ішіндегі ең карапайымы молекуласында бір бензол ядросы бар қосылыстар. Бұл топка бензол және оның гомологтары мен әр түрлі кластарға жататын туындылары (галоген туындылар, спирттер, альдегидтер, кетондар, қышқылдар және т.б.) жатады. Бұларды бензол катарындағы көмірсутектері деп те атайды. Ароматты қосылыстардың келесі тобы — көп ядролы ароматты көмірсутектер және олардың туындылары. Бұлар молекуладағы бензол ядроларының бір-бірімен байланысу сипатына карай ядролары конденсацияланған және конденсацияланбаған көп ядролы ароматты көмірсутектер болып бөлінеді.
Екі орынбасарлы бензолдар. Бензол сақинасында екі орынбасар болса, оларды атағанда, орынбасардың тұрған орнын да көрсету қажет. Үш мүмкін изомерлерді орто-, мета-, пара- (қысқаша о-, м-, n-) деп белгілейді.
Егер екі орынбасар көрші көміртегі атомдарында қатар орналасса, ондай изомерді орто-, о- изомер дейді.
Егер орынбасар бір көміртегі атомынан кейін орналасса, ондай изомерді мета-м- изомер дейді.
Егер орынбасар екі көміртегі атомынан кейін орналасса, ондай изомерді пара-, n- изомер дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет