Сүзу процесінің өтуіне және сүзгілердің тиімді жұмыс істеуіне суспензиядағы қатты бөлшектердің ауырлық күші әсерінен тұнуының көп маңызы бар. Сондықтан, сүзгілер сүзінді қозғалысының және оның ауырлық күшінің өзара бағыттары бойынша: қарама-қарсы бағытты (бұрыш-180 ) болып) және перпендикуляр бағытты (бұрыш 90бағытты (бұрыш 0 бөлінеді).
Нутч – сүзгілер.
Вакуумда немесе қысым астында мерзімді жұмыс істейтін өте қарапайым сүзгілер жатады. Мұндай сүзгілер де сүзінді оның ауырлық күшінің бағыттары бірдей болады. Олар цилиндр немесе тіктөртбұрыш пішінді тік аппарат болып жасалынады. Суспензия жоғарыдан құйылады да, сүзінді вакуум немесе қысым әсерінен сүзгі бөгеттерінен өтеді.Сығылған ауа бергенде аппаратта артықша қысым пайда болады. Сүзгі бөгетінің бетінде пайда болған тұнба, жуылғаннан соң қол күшінің жәрдемімен аппараттан шығарылады. Көп емес қысым астында жұмыс істейтін нутч-сүзгінің құрылымы көрсетілген. Мұндай сүзгілердің диаметрлері 1 м, ал көлемі 0,5 м3 дейін болады.
Артықшылықтары: Тұнбаның біркелкі және толық жуылуы.
Кемшіліктері: 1 м2 сүзу бетіне сәйкес келетін сүзгінің алатын орнының салыстырма ауданы көп. Қазіргі кезде нутч- сүзгілер аз өнімділікті өндірістерде кеңінен қолданылады.
Пресс-сүзгі.
Қысым астында мерзімді әрекетте жұмыс істейтін сүзгілерге тік рамалы сүзгі-престер жатады. Мұндай сүзгілерде сүзіндінің және оның ауырлық күшінің бағыттыр бір-біріне перпендикуляр болады.Сүзгi-пресс бiрiнен кейiн бiрi тiзбектелiп орнатылған тақталар (плиталар) және рамалардын құралған. Олар екi жағынан екi параллель таяныш стержендерге бекiтiледi. Тақталар мен рамалар арасындағы сүзгi маталары (бөгеттерi) қойылады. Рамалар мен тақталар, жылжитын тақтамен, қозғалмайтын тақта арасын роликтерi бар гидравликалық механизм жәрдемiмен тұмшалап (саңылаусыз) қысылады. Суспензия құбыр арқылы, ал жуатын су құбыр арқылы берiледi. Құбырлар және қозғалмайтын тақтада орналасады да, тақталар сұйық шүмек арқылы шығарылады.
Өндірісте тұнбаны гидравликалық және механикалық тәсілдермен түсіргенде рамалар мен тақталарды жылжытпай, тұнбаны су ағынымен суспензия күйінде шығарады. Механикалық тәсілде сүзгіге орнатылған қайырмалы дөңгелек тік рамалар жәрдемімен түсіріледі.
Тақталардың беттерiнiң шеттерi тегiс , ал ортасы науалы бұдыр болып жасалынған. Олар сүзгi бөгеттермен жабылған және олардың сүзiндiге және жуатын сұйыққа арналған шүмектерi бар. Тақталар мен рамаларда суспензия және жуатын сұйық өтетiн және тесiктер жасалған. Сүзгi бөгеттерiнде де дәл осы тесiктерге сәйкес келетiн тесiктер болады.
Тақталы-рамалы сүзгi-престiң жұмыс iстеу тәсiлi.
Сүзу кезеңiнде суспензия үлкен қысыммен орта канал және каналдар арқылы екi жағынан сүзгi бөгеттермен және раманың iшкi бетiмен шектелген кеңiстiкке берiледi. Сүзiндi екi сүзгi бөгетiнен бiрдей өтiп, канал және шүмек арқылы шығарылады. Бұл кезде барлық тақталардың шүмектерi ашық болады. Кеңiстiк тұнбаға толған соң, суспензия берудi тоқтатады. Жуу кезiнде жуатын сұйық және каналдар арқылы берiледi де, тұнба қабатынан өтiп, крандар арқылы шығарылады. Тұнбаны жуып болған соң, оны сығылған ауа немесе бу арқылы құрғатады, ал одан соң жылжымалы тақтаны жылжытып, тақталар мен рамаларды ажыратып, тұнба шығарылады. Тақталар мен рамалар тіктөртбұрышты немесе дөңгелек пішінді етіп шойыннан, болаттан, ағаштан және керамикадан жасалынады. Рамалар саны 46 мм болады. Мысалы,22-ден 46-ға дейін, ал олардың қалыңдығы 25 1000 мм болғанда сүзу бетішойыннан жасалған рамалардың өлшемі 1000 140 м2 , ал қысым 10 атм болады.
Артықшылығы: сүзу бетінің көптігі; істен шыққан кейбір тақталардың шүмектерін бекіту арқылы жұмысқа қоспауға болады; жұмыс істеген кезінде қозғалатын бөлшегі жоқ.
Кемшілігі: қол күшінің керектігі; сүзгі бөгеттерінің тез тозуы; тұнбаның жақсы жуылмауы.
Достарыңызбен бөлісу: |