Артықшылықтарын атап өтуге болады



бет1/14
Дата31.12.2021
өлшемі74.35 Kb.
#21019
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында «шағын және орта бизнес – XXI ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы», деп атап көрсетіп, ел экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түсетіндігіне және оған мол мүмкіндіктердің бар екендігін атап өтті. Сонымен қатар, Ел Президенті шағын және орта бизнесті өркендету мақсатында Үкіметке біршама тапсырмалар берді. Атап айтқанда, бизнесті дамытуға кедергі келтіретін енжар құқықтық нормалардың күшін жою, осы сектор субъектілерінің күйреуінің нақты тетіктерін енгізу, шағын және орта бизнес индустриалды-инновацияны дамытуға негіз болуы қажет, сонымен қатар Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып жұмысын жаңа бастаған бизнесмендерге әдістемелік көмектің тиімді тетіктерін жасау.

Бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту объективті қажеттілік екендігіне көзіміз жетеді. Оны экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр, яғни ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 50-60 % құрайды. Оның негізгі себептеріне тоқталатын болсақ, біріншіден, ел экономикасының қарыштап дамуына негіз болады, екіншіден, халықтың жұмыспен қамтылуына жағдай жасайды, үшіншіден, жалпы ішкі өнімнің көлемін арттыруға оң әсерін тигізеді.  Дегенмен, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын, соның ішінде, заңнамалық қамтамасыз ету; шағын және орта бизнесті индустриаландыруда әдістемелік көмектің тиімді тетіктерін енгізу маңызды болып табылады.

Шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамытудың өзіндік артықшылықтары мен кемшіл тұстары да бар. Шағын және орта бизнестің шетелдік және отандық  даму тәжірибелерін талдай отырып, мынадай артықшылықтарын атап өтуге болады:



  • шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметінің тәуелсіздігі;

  • нақты шешімдерді қабылдауға және оны орындауға икемділігі, соның

ішінде шығындарды басқару барысында;

  • бизнесті жүргізуде жергілікті талаптарға тез бейімделуі;

  • бәсекелестік ортаның қалыптасуы;

  • кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында көп шығынның

жұмсалмауы;

  • кәсіпкерлер мен тұтынушылар ерікті түрдегі таңдауларға ие болады.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнес өкілдері жергілікті нарықтағы сұранысты жақсы біледі, жергілікті еңбек және материалды ресурстарды кең көлемде қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет