Ашаршылық



Дата14.03.2022
өлшемі1,19 Mb.
#27923

Ашаршылық


Орындаған: Қамшыбекова Назерке

1-курс ТФ

Ашаршылық — саяси-әлеуметтік процестер мен табиғаттағы қолайсыз ахуалдар салдары болып табылатын әлеуметтік апат.

Ашаршылық — саяси-әлеуметтік процестер мен табиғаттағы қолайсыз ахуалдар салдары болып табылатын әлеуметтік апат.

Ашаршылықтың екі түрі бар

Ашық

  • мүлдем үнемсіз қалу да

Жабық

  • үнемі шала құрсақ болып жүру

Екеуі де ауруға, індетке, өлімге әкеліп соқтырады.

Ашаршылық жеке адамның не отбасының ашығуы емес, бүтін бір аймақтың, халықтардың, мемлекетердің басына түсетін нәубет. Оның соңы адамдардың жаппай қырылуына алып келіп, халық санын күрт азайтып жібереді.

  • Ашаршылық жеке адамның не отбасының ашығуы емес, бүтін бір аймақтың, халықтардың, мемлекетердің басына түсетін нәубет. Оның соңы адамдардың жаппай қырылуына алып келіп, халық санын күрт азайтып жібереді.
  • Адамзат баласы өзінің ұзақ тарихында әр түрлі себептерден: қуаңшылықтан, жұттан, соғыстан, қолдан жасалған дағдарыстар мен күйзелістерден және геноцидтен соң күшті Ашаршылықтарға жиі ұшырап тұрған.

Көшпелі Қазақ қауымы күшті жұт жылдары ғана болмаса, өзінің өткен ұзақ тарихында Ашаршылыққа сирек ұшыраған. Тек “ақтабан шұбырынды…” сияқты жаугершілік жылдары, саны -ге дейін кеміген. Жаңа заманда Қазақстан тарихында екі алапат ашаршылық халық жадында қатты сақталған.

1919-1922 жылдардағы  аштық

1921/22 жылы болған ашаршылық Оның басты-басты екі себебі бар: алғашқысы — Ресейдегі Азамат соғысының кесірінен Қазақдаласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұрынуы (қ. Азық-түлік отрядтары, Азық-түлік салғырты), екіншісі — табиғи апат, қолайсыз ауа райы салдарынан орын алған жұт. Респ-да 1920 және 1923 жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы санақтарының және Қазақстандағы жерге орналастыру мөлшерін белгілеген экспедицияны басқарған профессор С.П.Швецовтың мәліметтері бойынша 1921 жылғы ашаршылықта Қазақстан халқы 30%-ке дейін азайған. Кейбір елді мекендерде нәубет халықтың 100%-ін қамтып, олар түгелдей дерлік босып, жолда, біразы атамекенінде қырылып қалды. Санақ материалдары 1921 — 1922 шаруашылық жылында Батыс Қазақстандағы шаруалар шаруашылықтарының 1920 жылмен салыстырғанда 23,8 процентке қысқарғанын, Ақтөбе, Торғай аймақтарында шаруашылықтардың үштен бірінің жойылып кеткенін көрсетеді. 1921 жылғы ашаршылық БатысҚазақстан халқының 31,4 процентін алып кетті. Санақ материалдарының толық болмауы осы ашаршылық жылдарында қанша адамның қырылғанын нақты айтуға әлі де мүмкіндік бермей отыр



Қазақстандағы 1921-1922 жылдардағы аштықтың бір себебі  елдің бірнеше аймақтарында орын алған егіннің шықпай қалуы болды. Осы жағдайға байланысты кеңес үкіметі 1921 жылдың қаңтар айынан бастап «азық-түлікті тәркілеу» саясатын бастады. Бұл саясат кеңес үкіметінің 1920 жылдың 13 мамырынан бастап жүргізе бастаған азық-түлік диктатурасына сайма-сай дәл келген еді.

Қазақстанда егіншілікпен айналысушылардың көп болмауына байланысты  большевиктер  қазақтың малын кәмпескелеп алуды басты мақсат етіп қойды. 1921-1922 жылдардағы аштық негізінен алғанда Қазақстанның оңтүстік облыстарын шарпыды.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет