Ашық ТƏрбие сағаты тақырыбы: желтоқсан жаңҒырығЫ



Дата31.10.2022
өлшемі18,33 Kb.
#46489

АШЫҚ ТƏРБИЕ САҒАТЫ
ТАҚЫРЫБЫ: ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ
МАҚСАТЫ: Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат Рысқұлбековтың өмірін, ерлігі жайында түсіндіріп, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІКТЕРІ: Желтоқсан құрбандарының өмірі мен шығармашылығына арналған презентациялар, бейнематериалдар (Желтоқсан құрбандарын еске алу, Желтоқсан оқиғасы).
ТƏРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ:
Қайырлы күн құрметті ұстаздар, студенттер, оқушылар! ҚР Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отырған “Желтоқсан жаңғырығы” атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
1-ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, халқымыз үшін ең қасиетті де қастерлі тәуелсіздікке 30 жыл толды. Аңсаған күнге қол жетіп, ақ түйенің қарны жарылған аса айтулы қуанышымыз құтты болсын!
2-ЖҮРГІЗУШІ: Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиынқыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын!
1-ЖҮРГІЗУШІ: Бүгінгі” Желтоқсан жаңғырығы” деп аталатын тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
ВИДЕО 1
2-ЖҮРГІЗУШІ: Қазақстан жоғары Кеңесі 1991жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды.
1-ЖҮРГІЗУШІ: Бұл күн – Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық. Видео қосылып тұрады, дауысы өшіріледі, Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.
1-ЖҮРГІЗУШІ: Рахмет


2-ЖҮРГІЗУШІ: Бұл тәрбие сағаты 1986 жылы 16-17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады.
ВИДЕО 2
ТАРИХТЫ ОҚУ
1986 жылы16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады. Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.
Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады.
Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.


1-ЖҮРГІЗУШІ: Осы бір тағылымы терең оқиғаның себептеріне үңіліп көрейік, жауап іздейік.
1-сұрақ: ?
2-ЖҮРГІЗУШІ:
2-сұрақ: ?
3-сұрақ: ?


2-ЖҮРГІЗУШІ: Әрине, желтоқсан құрбандары дегенде ең алдымен Қайрат пен Ербол Ләззат әпкелеріміздің есімдері ойымызға оралады. Олай болса келесі сөз кезегін Қайрат жайында көрініс дайындаған оқушыларға берейік!
КӨРІНІС


2-ЖҮРГІЗУШІ: Назарларыңызға Желтоқсан оқиғасынан кейінгі жылдардағы тебіреніске толы бейнежазбаны ұсынамыз. Қабыл алыңыздар.
1-ЖҮРГІЗУШІ: Қара мынау ғажапқа, Теңдік тиді қазаққа. Езгідегі ұрпағың, Енді айналмас мазаққа.
2-ЖҮРГІЗУШІ: Өзіңдікі елің де, Өзіңдікі жерің де. Өзіңді өзің еткен бақ, Тәуелсіздік төріңде.


1-ЖҮРГІЗУШІ: Мінеки құрметті көрермендер” Желтоқсан жаңғырығы” атты тәрбие сағаты өз мәресіне жетті!
2-ЖҮРГІЗУШІ: Қазақ халқы мұндай қасіретке жолықпасын дей отырып, өздеріңізбен қоштасамыз.!


Сөз кезегін тәрбие мен педагогикалық практика жетекшісі Ибраева Мағрипа Құрманбекқызына береміз.

  • Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

  • Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің,

  • Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы деп, Мұхтар Шаханов ағамыз жырлаған екен. Шынымен де өздерің сияқты жас өркені бар елдің болашағы өте зор. Бүгінгі тәрбие сағатынан тәуелсіздіктің бізге оңайшылықпен келмегенін түсініп отырған боларсыздар. Олай болса, көк байрағымызды құлатпай, биікте ұстауға ат салысыңыздар, ел іргесі аман, жұртымыз тыныш болсын дегім келеді.

Құрметті қонақтар осымен біздің тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Баршаңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет