Ассемблер тілі



бет1/6
Дата01.02.2022
өлшемі228 Kb.
#24629
түріПрограмма
  1   2   3   4   5   6

Ассемблер тілі
Ассемблер тілі 

Ассемблер тілі - машиналық тідің аналогы болып саналады. Ассемблер тілінде жазылған программа МП-р құрылысының ерекшеліктерін: жадтың ұйымдастырылуын, операндтарды адрестеу тәсілдерін, регистрлерді қолдану ережелерін анықтап, көрсету қажет. Әр МП-ң өзінің Ассемблері болады.

Ассемблер тілінде жазылған программа жад сегменттері деп аталатын жадблоктарының тобынан тұрады. Программа осындай бір немесе бірнеше блок-сегменттерден тұруы мүмкін. Әр сегмент программа кодының әр қатарында орналасқан сөйлемдерден құрылады.

Ассемблер тілінің сөйлемдері төрт түрлі болады:

1. 
Командалар: машиналық кодтардың аналогтары. Бұл командалар трансляциялау кезінде МП-ң сәйкес командаларына түрленеді;

2. 
Макрокомандалар: трансляциялау кезінде басқа сөйлемдерге алмасатын сөйлемдер;

3. 
Дерективалар: ассемблер трансляторына орындалатын әрекеттер туралы түсінік береді, яғни қызметші ақпараттар жиыны. Дерективалар машиналвқ кодтарға түрленбейді;

4. 
Комментарий: кез келген белгілерден тұрады.

Ассемблер тілінің екі артықшылығы бар:

Бұл тілдің көмегімен программаны МП командалары деңгейінде жазуға болады және сандық кодтардың барлығын еске сақтауды талап етпейді. Программа командалары жазылып болған соң, Ассемблер программасы шақырылады да, ол бұл командаларды олардың кодтарына айналдырады. Командалар жиыныннан тұратын программа негізгі не алғашқы программа деп аталады, ал негізгі программаның сандық кодтары, яғни машиналық тілге айналған түрі – объектік программа деп аталады.

Ассемблердің атқаратын негізгі қызметі – қолданушыға түсінікті негізгі прогрпмманы МП түсінетін объекттік программаға айналдыру. Ассемблердің кең тараған түрлері: IBM фирмасының MASM(Macro Assembler) программасы және Borland фирмасының TASM (Turbo Assembler) прграммасы.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет