Астана қаласы, №54 мектеп-лицейінде



Дата19.05.2022
өлшемі41,5 Kb.
#35005

Астана қаласы,
№54 мектеп-лицейінде
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Таңнұр Нұрланова Есентайқызы

Ағылшын тілі сабағында ойналатын қызықты ойындар


1. «Алфавит» (“Alphabet”) ойыны


Мақсаты: ағылшын тілі әріптерін қаншалықты меңгергендігін тексеру.
Шарты: Тақтаға «А», «В», «С» сияқты алфавиттің үлкен әріптерін іліп қоямыз. Ал, оқушылар осы әріптің кіші әріптерін үстелге шашылып жатқан әріптерінің ішінен тауып ілу керек.

2. «Ойлан, тап» (“Think and find”) ойыны


Мақсаты: оқушылардың қиялын, сезім түйсігін дамыту.
Шарты: Ортаға түрлі заттарға толы дорбаны қоямыз. Оқушыларды екі топқа бөліп, бір бірден шақырамыз. Көзі байлаулы оқушы дорба ішіндегі затты табуы тиіс. Қай топ бірінші аяқтайды, сол топ жеңіске жетеді.

3. «30 секунд» (“30 second”) ойыны


Мақсаты: оқушыларды жылдам ойлауға дағдылау және тақырыпты бекіту
Шарты: Бір ойыншы тақырыпқа сай сөз айтады, келесі оқушы сол сөздің соңындағы әріптен келетін сөз айтуы тиіс. Егер оқушы 30 секунд ішінде айта алмаса ойыннан шығады.

4. «Дұрыс жаз» (“Write right”) ойыны


Мақсаты: жылдам ойлау қабілетін дамыту
Шарты: Тақтаға екі сөз жазылады. Кімде кім сол сөздің әр әріпіне сөзді көп тауып жазса, сол топ жеңіске жетеді.
Мысалы: Swim – son, well, ill, mother

5. «Ширату» (“Brainstorm”) ойыны


Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын тексеру
Шарты: Тақтаға ұзақ сөз беріп, оның ішінен сөз шығару керек. Ескерту: сөз құрамында қанша әріп бар сонша әріпті қолдануы тиіс.
Мысалы: beautiful: eat, tea, but, fil, lie and so on.

6. «Шашу»(“Strew”) ойыны


Мақсаты: еске сақтау қабілетін тексеру.
Шарты: Сабақтың тақырыбына сай сөздердің жазылу ретін шатастырып жазып қоямыз. Оқушылар берілген уақыт ішінде сөздерді дұрыс жазуы керек.

7. «Менің заттарым» (“My things”) ойыны


Мақсаты: оқушылардың еске сақтау, байқағыштық қабілетін жаңарту
Шарты: Оқушыларға күнделікті өмірдегі тұрмыстық заттардың атын қазақшаға аударып айтамыз. Мысалы: мен кеше бір «Перизат» үйге алып келдім. Әпкем маған сүйікті су сабыным «Көгершінді» сыйлады.

8. «Смайликтер»(“Smiles”) ойыны


Мақсаты: оқушылардың интонациясын тексеру
Шарты: Оқушыны тақтаға шығарып, оған бір сөйлем беріледі. Мысалы: “I loveswimming”. Оқушы берілген сөйлемді бес түрлі смайликтердің суретін көрсетілген кейіпте айтуы тиіс.

9. «Сен болжай аласың ба?» (“Can you guess?”) ойыны


Мақсаты: оқушылардың таным үрдісін тексеру және дамыту
Шарты: оқушыларды топқа бөліп, топ басшысын ортаға шығарамыз. Топ басшыларына атақты адамдардың портретін береміз. Әр топ осы тұлға жайлы ағылшын тілінде сұрақ қою арқылы кім екендігін табуы тиіс. Ескерту: 10 сұрақ қоюға болады.
Мысалы:
- Is it a man (a women)?
- Does he/she live in…?
- Does he/she singer (actor, writer)?
- Is he/she American, (English, Russian and Kazakh)?
- Does he/she wear glasses?
- When they think they know the person name, they say:
- Is he …(name)? or is she …(name)?

10. «Жалғастыр» (“Continue”) ойыны


Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын қаншалықты екендігін тексеру
Шарты: оқушылрға екі бағанда бөлінген бір сөз берілген, оқушылар соны табу керек. Мысалы:
arm washer
tele chair
win pet
dish phone
car ture
pic dow

11. «Мәтінді жалғастыр» (“Continue the topic”) ойыны


Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту
Шарты: Тақтаға 3 - 4 оқушыны шақырып аламыз. Бір оқушыны ғана қалдырып, ал қалған оқушылар сыныптан шығара тұрады. Сыныптағы оқушы мәтін жазылған парақты оқуы тиіс. Оқып болған соң келесі оқушыны шақырып алып, әңгімесін ауызша келесі оқушыға айттырамыз. Солай жалғасады, соңында тыңдаған оқушы мен басында әңгімелеген оқушыны тыңдаймыз.

12. «Қызықты алаң» (“Cheerful place”) ойыны


Мақсаты: оқушыларды өзін - өзі еркін ұстауға, батылдыққа және көшбасшылыққа жетелеу
Шарты: Тақтаға бір оқушыны шығарамыз. Оған үш түрлі суреттер беріледі. Оқушы сол суретті ым - ишарамен, іс - қимылмен жасырады. Сыныптағы оқушылар сол заттың (жануар, мамандық иесі, жеміс, т. б) атын ағылшын тілінде табуы тиіс. Ескерту: дыбысын шығармайды.
Сыныптағы оқушылардың ішіндегі кім көп табады, сол тақтаға шығып көрсетуі тиіс. Солай ойын жалғасын табады.

13. «Сүйкімді шар» (“Better balloon”) ойыны


Мақсаты: оқушыларды жылдам ойлауға, ептілікке дағдылау
Шарты: Бұл ойынды ойнау үшін шар қажет. Тақтаға 2 - 3 не оданда көп шығаруға болады. Әрқайсысына бір шардан беріледі. Мұғалім тақырыпқа сай ортақ сөз айтады, ал ойынға қатысушылар сол тақырыпқа сай бір сөз айтады. Әр соз айтқан сайын шарды үрлеуі тиіс. Егер кімде кім сөз айта алмаса, шарды үрлемейді. Сөйтіп, кім бірінші өз шарын үрлеп болса, сол жеңіске жетеді.

14. «Ертегі» (“Fairy tale”) ойыны


Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау, қиялын дамыту
Шарты: Тақтаға ертегіге сай кейіпкерлер, яғни оқушылар шығарылады. Мұғалім не оқушы ертегіні баяндауы қажем. Ал, оқушылар сол ертегі желісі бойынша кимылмен, сөзбен ертегіні койып береді. Ескерту: ертегі алдын ала берілмеуі тиіс.

15. «Үздік әнші» (“Leader singer”) ойыны


Мақсаты: оқушының ойын жинақы ұстауға және зейінін дамытуға арналған
Шарты: Бұл ойынды топпен не жеке ойнауға болады. Екі топ не екі оқушы бір мезгілде екі түрлі әнді айтуы тиіс. Ән өз қалауларымен таңдалынады. Қай топ не оқушы өлеңнің сөзінен не әуенінен ауытқымайды, сол жеңіске жетеді.

16. «Белгісіз әңгіме» (“Unknown story”) ойыны


Мақсаты: оқушылардың арнайы сұрақтарға жауап бере білу дағдысын анықтау, жетелеу
Шарты: Оқушылар парақтарына мұғалім қойған арнайы сұрақтарға жауап беру керек. Арнайы сұрақтар мыналар:
 Who?
 With whom?
 Where?
 When?
 What she/he say?
 What she/he do?
 At the end…
Соңында мұғалім әңгіменің әрбір сұрағын әртүрлі оқушыларға оқытып, қызықты ортақ әңгіме шығады.

17. «Карта» (“Map”) ойыны


Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын анықтау
Шарты: Бұл топтық ойынға мұғалім алдын ала дайындалу қажет. Мұғалім бөлмеге картаның бағыттарын тығып қояды. Картаның негізгі нұсқаулықты (яғни, бірінші қай жерден іздеу керектігі туралы) топ басшысына береді. Топ ақылдаса отырып, нұсқаудағы берілген жерді табу керек Ескерту: ойында сөздік қолданылмайды.

18. «Суретші» (“Artist/ painter”) ойыны


Мақсаты: ағылшын тілінде есту қабілетін дамыту
Шарты: Мұғалім тақырыпқа сай суреттің сипаттамасын ауызша оқиды. Оқушылар түсінгені бойынша суретті салуы тиіс.
Мысалы: It is a summer season. The weather is a warm. The trees are green. The sun is shining. The sky is light blue. Two girls are playing tennis. The ball is yellow. They are enjoying and laughing.

19. «Бағдаршам» (“Traffic lights”) ойыны


Мақсаты: оқушылардың бағыт - бағдарды (turn right, turn left, go straight on, stop, behind, in front of, opposite, under, out, in, on, т. б) түсінгенін анықтау
Шарты: Тақтаға әрбір топтан бір оқушыдан шығарамыз. Оқушыларға ағылшын тілінде бағыт - бағдар беріледі, сол бағытпен оқушы сынып ішінде орындауы қажет. Қай топ оқушысы қателеседі сол топ жеңіледі. Ескерту:

20. «Алтын әріп» (“Gold letter”) ойыны


Мақсаты: оқушылардың таным үрдістерін дамыту
Шарты: Әр топтан үш оқушы шығарамыз. Оқушыларға үш түрлі мысалы, “C”, “K”, “R” әріптері беріледі. Оқушыларға ағылшын тілінде (егер төменгі сыныптар болса қазақ тілінде) сұрақтар оқылады. Сол сұраққа берілген әріптен басталатын жауап қайтарылу тиіс.

1. Сенің анаң қандай?


2. Кіммен доссың?
3. Таңғы асқа не жедің?
4. Арманың не?
5. Сүйікті ойының не?
6. Ай мен күн бірдейма?
7. Су қандай?
8. Өмірдің қызығы...

1. What’s your mother?


2. Who is your friend?
3. What do you eat for breakfast?
4. What your dream?
5. What is your favorite game?
6. Is the Moon and the Sun same?
7. What color of the water?
8. The interest of life is…

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет