Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынсқа арналған психологиялық тренинг мектеп психологі «Ата-ана махаббаты»



бет1/3
Дата11.04.2023
өлшемі81 Kb.
#81621
  1   2   3







Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынсқа арналған психологиялық тренинг.
мектеп психологі





«Ата-ана махаббаты»
Мектеп өміріндегі ең маңызды, жауапкершілікті талап ететін жұмыстардың бірі-ата-аналар жиналысын өткізу.Жиналысты қалай қызықты, әрі пайдалы өткізуге болады? Осының барлығы жаңадан класс жетекші болған мұғалімге пайдалы болуы мүмкін.


Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.


Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар, шам, теледидар, сиқырлы таяқша,альбом, газет, шар.


Тренинг бағдарламасы:


1.Есімдер аллитерациясы.
2.Баяндама. «Ата-ана махаббаты».
3. «Біз біргеміз!» жаттығулар.
4. «Өтінемін!» ойыны.
5. «Сиқырлы таяқша» жаттығу
6. «Тілек шамы».
7. Ой- толғаныс.
Тренинг барысы:


І. Ата-аналарды тіркеу. Бағдарламамен танысу.


ІІ. Есімдер аллитерациясы.
Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
Шарты: Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту крек.
Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.

  • Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?

  • Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?



ІІІ. Баяндама. «Ата-ана махаббаты».
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.
Адам өмірінің мәне мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.
Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет