Ата-аналар комитетін құру және оның жұмыс мазмұны



бет1/2
Дата16.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#25696
түріҚұрамы
  1   2
  • 1.Ата аналар комитеті оқу жылының басында ата-аналардың жалпы жиналысында немесе конференциясында бір жыл мерзімге сайланады. Комитет мүшелерінің саны ата-аналардың жалпы жиналысының шешімімен оқу орнының жұмыс жағдайына орай бекітіледі.

2.Ағымдағы жұмысқа басшылық жасау үшін ата-аналар комитеті өз құрамынан комитеттің төрағасын, орынбасарын, хатшысын және комитет мүшелерін сайлайды.

  • 2.Ағымдағы жұмысқа басшылық жасау үшін ата-аналар комитеті өз құрамынан комитеттің төрағасын, орынбасарын, хатшысын және комитет мүшелерін сайлайды.
  • 3. Жеке сыныптардың ата-аналар комитетін сол сыныптардың жалпы жиналысы сайлайды
  • 4.Ата-анлар комитетінің жетекшілігімен әрбір оқу орындарында тұрақты немесе уақытша комиссиялар құрылады. Бұлар жекелеген бағыттар бойынша міндетті оқу, еңбек тәрбиесі , мәдени- көпшілік ,педагогикалық насихатты жүзеге асыру бағытында жұмыс жүргізеді.
  • 5.Ата-аналар комитеті оқу орнына мына төмендегідей көмек көрсетеді
  • - жалпыға міндетті орта білім беруді іске асыруға
  • - оқушыларға кәсіптік бағдар беруге
  • - шәкірттерге ыстық тамақ ұйымдастыуға
  • -ата аналар жиналыстарын және лекциялар өткізуге
  • - отбасы тәрбиесі жайлы тәжірбие , пікір алысулар өткізуге
  • - оқу орнының шаруашылық және оқу материялдық базасын нығайтуға, мектеп ауласын көркейтіп,көкалдандыруға бағытталған шараларды іске асыруға
  • 6. Ата-аналар комитеті және әрбір сыныптың ата-аналар комитеті өз жұмысында аталмыш Ережені, оқу орны мен педагогикалық кеңестің нұсқауларын оқу орнының жұмыс жоспарын, сондай-ақ , ата-аналар комитетінің қаулысын басшылыққа алады.
  • 7. Ата-аналар комитеті, оның төралқасы және жеке сынып ата- аналар комитеті шешім қабылдарда комитет мүшелерінің саны толық немесе 3/2- ден кем болмауға тиіс.
  • 8. Ата-аналар комитеті аса маңызды мәселелерді талқылау мен шешу үшін жылына 2 рет жиналыс өткізеді, ал сынып жиналысы 4-реттен кем болуы тиіс. Жекелеген сыныптың ата-аналар жиналыстарында міндетті түрде сынып жетекшісі , ал оқу орнының жалпы жиналысында мектеп директоры,сынып жетекшілері, мұғалімдер қатысуға міндетті.
  • 9.Ата-аналар комитеті өз жұмысы жайлы ата-аналардың жалпы жиналысында есеп береді, ал жекелеген сынып комитеті,сынып ата-аналары алдында есеп береді.
  • 10.Оқу орнының басшылары мен ата-аналар комитетінің пікірлері бір-біріне үйлеспеген жағдайда бұл мәселе аудандық білім бөлімдері арқылы шешіледі.
  • 11.Білім бөлімдері ата-аналар комитеттерінің жұмысымен танысу барысында оның жұмысын жандандыруға бағытталған іс-шаралар белгілеуге тиіс.
  • 12.Ата-аналар комиттері өз отырыстары мен жиналыстарының хаттамасын жүргізеді, олар оқу орнының іс-қағаздарымен бірге сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет