Ата-аналар конференциясы бұл бала тәрбиесі туралы терең жан- жақты қарастыру және оны бекіту



Дата07.09.2022
өлшемі15,45 Kb.
#38584

Ата-аналар конференциясы - бұл бала тәрбиесі туралы терең жан-
жақты қарастыру және оны бекіту.
- Конференцияның негізгі мақсаты – отбасылық тәрбиелеудің тәжірибесімен бөлісу. Ата-аналар конференцияларына өте мұқият дайындық қажет. Мұнда белгілі ғалымдар ,психологтар мен педагогтар, әлеуметтік педагог, дәрігер, т.б. міндетті түрде қатысалы. Мұндай конференцияларға ата-аналар белсенді түрде қатысулар қажет. Олар өз іс-тәжірибелері тұрғысынан мәселеге талдау жасайды. Конференцияның ерешелігі – белгілі бір мәселенің жай-жапсарын шешудің нақты жолдары қарастырылады.
- Конференцияның өзекті тақырыбы мысалы, «Бала денсаулығына қамқорлық» атты конференция ұйымдастырып дәрігерлерді шақыруға болады. Конференцияны мектеп жасына дейінгі мекем ебалаларының, қызметкерлерінің, отбасы мүшелерінің бірлескен концертімен аяқтауға болады.
- Ашық сабақтар - ата-аналарды бағдарлама бойынша қол жеткен жетістіктермен таныстыру, тәрбиешінің талаптарына ден қоюға бағыт беру. Мұндай сабақтарға ата-аналардың қатысуы балабақшадағы оқу-тәрбие жұмыстары туралы ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттырады, баламен қарым-қатынас жасаудың жолдарын үйренеді.
- Жеке тақырыптық кеңестер - бұл ата-аналармен өзінің баласы жайында, балабақша тыныс-тіршілігі туралы ақпараттармен қамтамасыз етуде, пікір алысуда маңызды. Жеке кеңестердің тәрбиешінің отбасымен тығыз байланыс орнықтыруынд маңызыз зор.

Балаңыздың қуана балабақшаға баруы үшін не істеуге болады?


(Ата-аналарға кеңес беру жұмыстары)
- Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз.
- Балабақша туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше тәрбиешілерді сөз қылмаңыз.
- Балаңыз балабақшадан берген тапсырмаларға, сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін.
- Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.
- Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс. 
- Егер бала сізбен қатты әсер алған оқиғасыме нбөліссе – сол оқиға жайлы әңгіме құрастыруын өтініңіз, ал кешкісін оны барлық - отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.
- Балабақша өміріне үнемі белсенділік танытыңыз.
- Балабақшада сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз.

Ата-аналарға педагогикалық сауаттылықтарын жетілдіру мақсатында
«Білгім келеді» сабағын өткізуге болады.
«Бала тілі - бал» тақырыбында арнайы топ газетін шығарып балалардың қызықты сәттері мен өз қиялдарынан шыққан тәтті сөздерін жазып іліп қою.
«Жылжымалы папка» ата-анамен байланыс дәптеріне ата-аналар өз пікірлерін жазып, кеңестермен таныстыруға болады.
«Балам өсіп келеді...» тақырыбында ата-аналарға эссе байқауын өткізіп пікір сайыс ұйымдастырып, талқылауға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет