Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Б. Турганбаеваға «№13 гимназиясы» кмм әкімшілігінен



Дата13.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34266

Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Б. Турганбаеваға

«№13 гимназиясы» КММ



әкімшілігінен


Чернобыль АЭС-дағы апаттың 36 жылдығын және Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 31 жылдығына өткізілген шаралардың ақпарламасы

«№13 гимназиясы» КММ –де 19.04-28.04 күндері аралығында Чернобыль АЭС-дағы апаттың 36 жылдығын және Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 31 жылдығын атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспары жасақталды. Жоспарға сәйкес оқушыларға кітаптар көрмесі, ашық тәрбие сағаттары, Чернобыль АЭС-дағы апаттың 36 жылдығын және Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 31 жылдығы туралы деректі фильмдер көрсетілді.

19.04-28.04 күндері аралығында кітапханада Чернобыль АЭС-дағы апаттың 36 жылдығын және Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 31 жылдығына арналған ақпарат бұрышы жасақталып, 5 сынып оқушыларына таныстырылым болды.

22.04 күні 8 сынып оқушыларына жоспарға сәйкес «Ерлік кездейсоқ болмайды!» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Сынып сағатын экологиямен, тарих пәндерімен ұштастыра отырып, оқушыларға  экологиялық тәрбиені, ерлікті, адамгершілікті дәріптеді. Чернобыль АЭС- індегі ядролық апат туралы деректі фильм көрсетілді. Сынып сағатының мақсаты: Чернобыль апатының тарихы,апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау.

25.04 күні 6 сынып оқушыларына Чернобыль апатының тарихы,апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында деректі фильмдер көрсетілді.

27. 04 күні 10 сынып оқушыларымен Чернобыль АЭС-дағы апаттың 36 жылдығын және Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 31 жылдығына видеоролик, эссе байқаулары ұйымдастырылды. Ең үздік оқушылар анықталып, марапатталды.



Чернобыль АЭС-дағы апаттың 36 жылдығын және Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 31 жылдығын атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар атқарылып,әлеуметтік желілерге жарияланды.

ДТЖО: Жубанова Г.О.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет