Атырау облысы Құрманғазы ауданы Әбу Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебі 9сынып бітіруші Қузайырова Амина Масыгутовнаға Мінездеме



Дата27.09.2022
өлшемі30 Kb.
#40422
түріСабақ

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Әбу Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебі 9сынып бітіруші Қузайырова Амина Масыгутовнаға
Мінездеме
Қузайырова Амина Масыгутовна 11.12.2004 жылы туылған. Амина өз ісіне жауапты қарайтын, жылдам әрекет ететін оқушылардың бірі. Үлгерімі орта деңгейде.Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Сүйіп оқитын пәні тарих. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Амина өте ақкөңіл, ашық-жарқын, әрдайым көңілді жүреді.
Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі.Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Амина болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне де жауапкершілікпен қарайды. Өз ойын дәл және еркін жеткізе біледі. Үй тапсырмасын жүйелі орындайды, өз жұмыстарын ұйымдастыра біледі. Оқудағы жұмысы жүйелі және бірізді.
Сыныптастармен және мұғалімдермен қарым-қатынасы жайлы тұрақты қалыптасқан. Мектептің, сыныптың қоғамдық өміріне белсене араласады. Қоғамдық жұмыстарды уақытында үлкен жауапкершілікпен орындайды. Мұғалімдердің сын ескертпелерін дұрыс қабылдайды. Әдептілігі мен шыншылдығының, қайырымдылығы мен ізеттілігінің арқасында айналасындағылардың алдында беделді. Мақсатқа жету жолындағы ұмтылысы қуантарлық, өз мінез құлқын реттей алады. Өз мүмкіндігін бағалай алады.
Амина үйінде де ата – анасына үй шаруасы жұмыстарын жасауға көмектеседі. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай, өзіне тапсырылған тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарайды.



Мектеп директоры: Сабиров Д.Ғ
Сынып жетешісі: Ахметжанова Б.Т

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет