Қатысқандар: Қайнарбек – Болат Бекзат



бет1/7
Дата13.10.2022
өлшемі26,45 Kb.
#42775
  1   2   3   4   5   6   7

Мира Шүйіншалиеваның әңгімелер жинағынан алынып жасалынған.
«Қара шалдың қайғысы» атты қойылым.
Қатысқандар:
Қайнарбек – Болат Бекзат
Алма – Самигуллина Аққу
Биғайша – Хасанова Нұржиян
Мұрат – Теміржанов Шерхан
Хасан ата – Әмірханов Саят
Құрдас қарт – Зайдолла Азат
Ерсаған – Шыңғыс
(Айнала тыныштық.Медбеке үстелде жазу жазып отырады.Асығыс ішке кірген ер адам айналасына жалтақтап,медбекеге жақындап барады.)
Қайнарбек: Қарындас, әкемді шақырыңызшы?
Биғайша : Кімді?
(Биғайша медбике бұрын-соңды мұндай сөзді естімегендей, түсі суық, өңі қатулы жігіт ағасына сұраулы жүзбен жалт қарады.)
Қайнарбек : Әкемді деп тұрған жоқпын ба?, 6-шы палатадағы Хасан Құбатовичты айтам. (медбике Хасан қарияны шақыруға кетеді. Қайнарбек темекісін қалтасынан алып сыртқа бет бұрады.)
(Хасан қарияның бөлмесі)
Биғайша : Ата, ұлыңыз келіп тұр.
(басын тік көтерген қария қуаныштан жарылып кете жаздады. )
Хасан ата: -Иың жаса қарғам! Қайнарбегім кеп тұр десейші, Қайнарбегім. Айналайындарым-ай, осы аязда маған келіп... бәсе, бүгін таң ата түсімде екі тентек немеремді көріп едім ау. (Ол оны-мұны заттарын жинастырып жүріп, қасындағыларға бұрыла сөйледі.)

  • Әй, құрдастар, егер мені біреу-міреу сұрай қалса, ертең келеді деңдер.

Құрдас қарт: Қарай көрші, дәмесін өзінің! Сені Күміс кемпір сұрамаса, кім сұрайды.
Хасан ата: Тәйт әрі, қартайғанда алжиын дегенбісің?
Құрдас қарт: Ертеңгісін сол Күміс кемпірді көргенмін, көйлегі желпілдеп, сырт жақта жүрген. Сөйтсем сені қарайлап жүр екен ғой, бәсе.
Хасан ата: Қой, сендермен мылжыңдасып тұрғанда жамандарым күтіп қалар. Қайнарым ашуланса, тісімен тас жармай ма?
(Шапанын сүйретіп, қоян бөркін басына ілген қария,қызыл тор дорбасын қолына алды. Марқұм Үміт кемпірінің кимешегі мен орамалы салынған қызыл торды қайда барса да домалатып қолынан бір тастамайтын әдеті. Жан-жағына алма кезек қарап, өз-өзінен күбірлеп сөйлеп келеді. Өзіндей тар қапасқа қамалған жандарға «ұлым келіп тұр, көрдіңдер ме?» дейтіндей,ол медбикемен ілесе бөлмеден шығып кетеді ). (Дәлізге жетіп, қуанышы қойнына сыймаған қария кенет қабағы түскен көңілсіз ұлды көріп, аз-кем мүдіріп қалды.)
Хасан ата: Айналайындар ай, осы суықта бәрің келіп...
Аманбысың балам, жайшылық па?
(Қабағы шытынаған ол әке сөзін естімегендей состиып тұра берді.Аз-кем үнсіздіктен соң тамағын кенеп...)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет