АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі0,7 Mb.
#177

80

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТЫЛ ЕҢБЕКШІЛЕРІ

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА

Б.Б. БАЙШОВ,

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік 

мемлекеттік университеті,

аға оқытушы, тарих магистрі

Ақтөбе қ., Қазақстан

1941  жылдың 22 шілдесіндегі  фашистік  Германияның  КСРО-ға 

кенеттен  жасаған  шабуылы  Кеңес  Одағын  мекендеген  ха лық тар дың 

бейбіт  өмірін  бұзды.  Кеңес  еліне  қарсы  фашистік  Германияның  шы-

нық қан 153 дивизиясы  мен  оның  одақтастары  Италия,  Финляндия, 

Румыния жəне Венгрияның 37 дивизиясы қарсы шыққаны белгілі. Со-

нымен қатар фашистік Германия бұрын басып алған Еуропа ел де рі нің 

не гіз гі экономикалық жəне адами ресурстарын соғысқа дайындық ба-

рысында толық пайдаланды. Ұлы Отан соғысына дейін-ақ, Гер ма ния ға 

то лық тай бағындырылған елдердің өнеркəсібі Гитлер армиясын қа ру-

лан ды ру үшін жұмыс жасады. Кеңес Одағына фашистік Гер ма ния ның 

шабуылымен барлық елде соғыс кезеңі басталды. 

Екінші дүниежүзілік соғыс КСРО халықтарының бірде-бір жан ұя-

сын айналып өтпеді. Қайғы мен қасірет, қираған шаруашылықтар, шы-

ғын дар мен күш-қуат, қуаныш пен жұбаныш əкелген Ұлы Отан со ғы-

сы КСРО тарихында аз айтылмады. Бұл соғыстың адамзатқа əкел ген 

қайғы-қасіреті қандай ауыр болса, адамзатқа, оның бүгінгі жəне келер 

ұрпағына  беретін  сабақтары  да  аз  емес.  Сондықтан  да  тарихшылар 

оның  себептері  мен  салдарына  күні  бүгінге  дейін  жауап  іздеуде.  Бұл 

тұрғыдан алғанда айтылған ой да, айтылар ой да көп. Бірақ осы лар дың 

ішінде  əлі  зерттеу  объектісі  болмаған,  көпшілік  құлағына  сі ңіс пе ген 

мəселелер де бар. Олардың бірі – тыл еңбеккерлерінің неміс-фашист 

басқыншыларын жеңуге қосқан үлесінің əрбір өлкеге бөліне отырып 

қарастырылуы  деп  айтуға  негіз  бар.  Сондықтан  аталған  жайттарды 



81

ескере  отырып,  қазақ  елінің  батысындағы  ірі  өлке – Ақтөбе  облысы 

тыл еңбеккерлерінің жауды жеңуге қаншалықты деңгейде үлес қос қан-

ды ғы жөнінде жазуды жөн деп таптық. 

Қазақстан  еңбекшілері  берік  тыл  жасау  жəне  бүкіл  рес пуб ли ка-

ның  экономикасын  соғыс  қажетіне  ыңғайлап  қайта  құруда  үлкен  ең-

бек атқарды деп айтуға болады. Жалпы, қазақ халқы сол қиын ке зең де 

орасан зор еңбек пен төгілген тердің нəтижесінде мемлекеттің өз де рі не 

берген тапсырмасын орындап шыға алды. Əсіресе бұл жолда ауыл ша-

руа шы лық жұмысшылары үлкен рөл атқарды. 

Əлем тарихында ең ауыр соғыс ретінде бағаланған Ұлы Отан со ғы-

сы на қазақ топырағынан сан мыңдаған адамдардың қатысқаны мə лім. 

Соғыстың  алғашқы  күнінен-ақ,  Кеңес  үкіметі  елдің  халқы  мен  қа ру-

лы  күштерін  неміс-фашист  басқыншыларына  қарсы  Отан  қор ғау  со-

ғы сы на шақыра отырып, «біздің ісіміз оң, жау жеңіледі, жеңіс біз дің 

жа ғы мыз да  болады»  деген  үндеу  тастады.  Əскери  ко мис са риат тар ға 

қыз дар мен жігіттерден елді қорғауға еркін түрде жіберуді сұ ра ған өті-

ніш тер көптеп келіп жатты. Ал соғыстың алғашқы күнінде-ақ, Ақ тө бе 

облысы бойынша 300-ден астам адам майданға жіберу туралы өті ніш-

те рін білдірді [1, 48]. Ақтөбеде құрылып, солардың қа та рын тол тыр ған 

101-дербес атқыштар бригадасы соғыс тарихының ұмы тыл мас бет те рі-

нің біріне айналды [2, 383-386].

Кеңес  Одағының  барлық  халықтарының  күш-жігері,  эко но ми ка-

лық қорлары мен ақыл-ойының барлық жетістіктері Қызыл Армияны 

азық-түлік, əскери техника, киім-кешек, етік, т.б. қамтамасыз етуге жұ-

мыл ды рыл ды. Елде берік тыл жасау жəне бүкіл республиканың эконо-

микасын  соғыс  жағдайына  ыңғайлап,  қайта  құру  ең  маңызды  міндет 

болды [3, 101].

Соғыстың  алғашқы  айларында-ақ,  қорғаныс  саласында  өте  қажет 

саналатын елдің ферроқорытпа зауыттарын, Днепропетровскідегі ме-

талл өңдейтін «Большевик» артелін, Мəскеу элек тро тех ни ка лық (рент-

ген)  зауыттары  сияқты  маңызды  кəсіпорындарды  жау дың  басып  алу 

қау пі туды. Сондықтан оларды Қазақстанға көшіріп, со ғыс қа бе йім деп, 


82

қайта  құру  жұмыстары  жүргізіле  бастайды.  Осы  тұста  Қа зақ стан ға 

220  фабрика,  зауыт,  шеберхана,  артель, 20-дан  астам  өндіріс  комби-

наттары Ақтөбе облысына көшірілді. 1942 жылдың басында об лыс қа 

осы кəсіпорындармен бірге 19894 адам келсе, жылдың аяғында оның 

саны 27500 адамға  жетті.  Днепропетровскіден  «Большевик»  ар те лі, 

Запорожьеден  ферроқорытпа  зауытының  жабдықтары,  Черниговтан 

типография, Витебскіден арақ зауыты, Москвадан тоқыма фабрикасы 

мен рентген зауыты Ақтөбе қаласына орналастырылды. Ақтөбе облы-

сы ның одақтық, республикалық жəне жергілікті өнеркəсіп орын да ры-

ның өнім өндіру деңгейі де жылдан жылға жақсара түсті. Мысалы, об-

лыс бойынша жалпы алғанда одақтық, республикалық жəне жер гі лік ті 

дең гей де гі өнеркəсіп орындарының өнім өндіру көлемі жөнінен 1942 

жылы 1941 жылғы көрсеткіштен 30,3%-ға асып кетті. Əсіресе одақ тық 

дең гей де гі  кəсіпорындар  өнім  деңгейін  көбейтіп, 1941 жылы  түс кен 

14,680 миллион рубльдің орнына 1942 жылы 22,257 миллион рубль дің 

тауарын өндіреді [4, 307]. Бұл ретте, облыстағы кə сіп орын дар дың өн-

ді ріс көлемінің ұлғаюын ең бірінші облысқа 1942 жылы 7,6 миллион 

рубльдің өнімін берген Москва рентген зауытының, 418 мың рубль дің 

өні мін өндірген «Большевик» артелінің көшіріліп əке лі нуі мен бай ла-

ныс ты ру ға болады. Бұлардан басқа, 1942 жылы Ақ тө бе химия комби-

наты  мен  Ақтөбе  мұнай  тресті  де  өз  өнімдерін  ұл ғайт ты.  Рес пуб ли-

ка лық  деңгейдегі  кəсіпорындар  өнім  өндіру  көрсеткіші 1941 жыл ғы 

9,757 миллион рубльден 1942 жылы 9,930 миллион рубльге ұл ғай тып, 

өн ді ріс көлемін 2%-ға арттырды [5, 1-3]. 

Қазақстан  еңбекшілері  соғыстың  алғашқы  күндерінен-ақ,  өз де рі-

нің  жоғары  деңгейдегі  ұйымшылдығымен  көзге  түсті.  Кə сіп орын дар 

мен  транспортта,  колхоз-совхоздар  мен  МТС-тарда  қатаң  еңбек  тəр-

ті бі енгізілді. 1941 жылдың 25–26 маусымында өткен Қазақстан ком-

му нис тік  партиясының  Орталық  Комитетінің V пленумында  рес пуб-

ли ка ның еңбекшілерін, өндіріс орындарын, колхоз-совхоздарды жауды 

же ңу ге  жұмылдырып,  жедел  қайта  құру  міндетін  орындау  мəселесі 

қоз ға ла ды [6, 98-99]. Осы  қажеттіліктерді  жүзеге  асыру  мақсатында 


83

ел  дің тыл да ғы əрбір облысында, əрбір ауданы мен ауылдарында қызу 

ең  бек  майданы  жүріп  жатты.  Соғыс  кезеңінің  қиындықтарына  қа ра-

мас тан,  Қазақстанның  ауылшаруашылық  жұмысшылары  армия  мен 

тылды азық-түлікпен қамтамасыз етуде орасан зор жұмыс істеді. Олар 

В.И.  Лениннің: «Бізді  қорғау  үшін  мықты,  берік  армия,  оларға  берік 

тыл қажет, ал берік əрі мықты армияға ең бірінші кезекте азық-тү лік-

ті жет  кі  зіп тұру керек», – деген сөзін басшылыққа алды. Соғыс жыл-

дарында  армия  мен  халықты  азық-түлікпен  қамтамасыз  етуде  Қа зақ-

стан ның  ауыл ша руа шы лы ғы  аса  маңызды  рөл  атқарды. 1941–1942 

жылдары жау дың қол астында қалған аудандардан айдалып əкелінген 

1,2 миллион бас ірі қара республиканың жер-жеріне орналастырылды 

[7, 22]. Егер де соғыстың ауыр жылдарында ел мен армия азық-тү лік тің 

же  тіс  пеу ші лі гін сезінбесе, ол қазақстандық ауылшаруашылық жұ мыс-

шы ла ры еңбегінің нəтижесі. Соғыс жылдарында Қазақстан мемлекетке 

4,8 млн. тонна нан, 217,6 мың тонна картоп, 143,2 мың тонна көк өніс, 

1193,2 мың тонна қант қызылшасын, 155,3 мың тонна мақта ши кі за тын 

берген. Бұлар соғыстан бұрын елде өндірілген өнімдерден ана ғұр лым 

көп көрсеткіштер еді [8, 103].

Соғыс кезінде Ақтөбе облысының халық шаруашылығы барлық ел-

мен  бірдей  қысқа  мерзімде  соғыс  жағдайына  көшірілді. 1942 жыл ғы 

көктемгі егіс салу науқаны кезінде облыстағы 600 колхоздың 423-і не-

месе 70%-ы егіс салу науқанын 13 күнде, 177 колхоз белгіленген мер-

зі мі нен кештеу аяқтады. Осылайша осы жылғы егіс салу жоспары то-

лық орындалады [9, 79]. 1941 жылғы Ұлы Отан соғысы қар са ңын да-ақ, 

Ақ тө бе  облысының  ауыл  шаруашылығында  мал  өсіру  саласы  басым 

ба ғыт  болды.  Бірақ  соғыс  уақытындағы  малға,  азық-түлікке,  əсі ре се 

жыл қы ға  деген  қажеттіліктерін  өтеуге  ыңғайлы,  облыстағы  кли мат-

тық-географиялық жағдайларға икемделген осы саланы кеңестік əкім-

шіл-əміршіл жүйе тиімді пайдаланудың орнына соғыстың бас кезінен 

екін ші орынға ысырып, облыста егін шаруашылығын дамыту саясатын 

жүр гі зе бастайды. 



84

1941 жылдың 1 қаңтарындағы мəліметтер бойынша облыс ауданда-

рында, құрамында 1907 мал өсіретін фермасы бар 603 колхоз болды. 

Мұ ра ғат құжаттарында соғыс кезеңінде жылқы өсіру жөнінен Родни-

ковка, Степной, Мəртөк аудандары, мүйізді ірі қара жөнінен Қа ра бұ тақ, 

Ырғыз, Ойыл, Степной аудандары, қой-ешкі жөнінен Степной, Қа ра-

бұтақ, Ырғыз аудандарының артта қалғандығы айтылады [10, 98-100]. 

1942 жылы облыс колхоздарында барлығы ірі қараға шаққанда 538,2 

мың ірі қара бар болса, бұл сан 1945 жылдың 1 қаңтарына дейінгі ара-

лық та 473 мыңға дейін азаяды. Осымен қоса, 1928–1944 жылдары кол-

хоз шы лар дың жеке малдары бес есеге дейін азайып, 1944 жылы облыс 

колхозшыларының 33%-ы сиырсыз, 68%-ы бірде-бір қой асырамайтын 

деңгейге түсіп кетеді. Соғыстан бұрын мал өсірудің облыстағы же те-

к ші  саласы  болып  есептелген  жылқы  шаруашылығының  жағдайы  да 

со ғыс уақытында күрт құлдырайды. Мысалы, 1930 жылы облыста бар-

лы ғы 230,7 мың жылқы болса, 1944 жылы аталған жылқы санынан 19,7 

мың ғана бас қалады. Егіннің жыл сайынғы төменгі түсімі, егіс жос па-

ры ның орындалмауы, еңбеккүнге берілетін төменгі төлемдер жəне т.б. 

жағ дай лар облыс колхоздарының көпшілігінің жағдайын нашарлатып 

жі бер ді. Облыстағы 587 колхоздың 85-і ғана өздері өсірген бидай жəне 

көк өніс өнімдерін келесі егінге дейін жеткізе алды, қалған 502 колхоз 

со ғыс кезінде азық-түлік көмегіне зəру болып есептелген [11, 72-77].

Ақтөбе  облысының  ауылдық  жерлерінің  тұрғындары 1944 жылғы 

мə лі мет бойынша 1916 жылмен салыстырғанда 3 есеге, 1932 жылмен 

са лыс тыр ған да 2 есеге азайды. Нақты айтсақ, 1916 жылы ауылдық жер-

лер де гі 90 000 үйден 1932 жылы 64 000 үй, 1944 жылы 31 000 үй қалған. 

Алайда, осыған қарамастан, соғыс жылдарында ауыл ша руа шы лы ғы-

ның  егіс  көлемі  біршама  ұлғайды.  Мысалы, 1916 жылы  облыс та ғы 

егіс тік жер көлемі 449 000 гектарды құрап, əр отбасыға бес гектардан 

ке ле тін болса, 1946 жылы облыстың жер көлемі 350 000 гектарға азай-

ға ны мен, əр үйге 15 гектар егін алқабынан келді немесе 1916 жыл ға 

қа ра ған да əр үйге шаққанда егін алқабының көлемі 3,5 есеге ұл ғай ды. 

Егіс көлемін ұлғайтуға көп мəн берілгендігі соншалық, бұл жұ мыс тар 


85

колхоз  өндірісінің  басты  күштерін  өзіне  алып,  шаруашылықтың  мал 

өсі ру  секілді  жетекші  саласының  дамуына  үлкен  зардабын  тигізді. 

Осы ның əсерінен соғыс жылдарында астық алу жоспары орындалмай 

қал ған жағдайда оның орнын малмен толтыру секілді амалдарға көп-

теп жүгінуге тура келді. Облыс колхоздары мен колхозшыларында мал 

ба сы ның азаюына да осы фактор өз ықпалын тигізді. Егер де 1938 жыл-

дың 1 қаңтары мен 1941 жылдың 1 қаңтары аралығында кол хоз дар да ғы 

мал басы 2,5 есе өссе, 1941 жылдың қаңтары мен 1944 жылдың қаң та-

рын да ғы үш жылдық өсім 17,5%-ды ғана құ ра ған. Облыс тың сол түс ті-

гін де гі егін шаруашылығымен айналысатын аудандарда мал басы өсу 

былай тұрсын, керісінше 5,5%-ға азайып кетті [12, 1-6 пп]. Бұ дан біз 

со ғыс  кезінде  облыс  колхоздарындағы  мал  өсі мі нің  тө мен де ге нін,  ал 

сол түс тік аудандарда мал басының ке мі ген ді гін кө ре міз.

Ақтөбе  облысының  климатының  негізгі  бөлігі  құрғақ  болуымен 

ерек ше ле не ді.  Мұндай  табиғат  жағдайында  ауылшаруашылығында 

мал өсіру ғана негізгі əрі жетекші сала бола алатыны халықтың дəс түр-

лі шаруашылығының санғасырлық дамуы негізінде дəлелденген. Алай-

да бұ рын нан бар, табиғи-тарихи жəне экономикалық жағынан тиім ді 

жағ дай лар ды  ескермей,  облыста  егін  шаруашылығына  көбірек  кө ңіл 

бөлу қажет деген біржақты бағытта жұмыс жасау елдің соғыс ке зін де гі 

ауыр жағ да йын одан əрі тұралатып жіберді. Көктемгі егіс кезінде жер 

жырту  жұ мыс та ры на  сиыр,  биелерді  алу,  сонымен  қатар  оларды  по-

шта, мал бағу секілді жұмыстарға пайдалану төл алу науқанына үлкен 

зия нын келтіріп, сүт түсімін кемітті. Сонымен қатар теміржолдан шал-

ғай аудандардан егінді тасу да көптеген күш-жігер мен уақытты талап 

етті. Бірақ осындай қиыншылықтарға қарамастан, Ақтөбе облы сы ның 

еңбекшілері  бүкіл  ел  басына  түскен  қиыншылықтарға  төзіп, «қо ғам-

дық өндірісті, қор жинау мен тұтынуды басты міндет – ел қорғау, жау-

ды жеңуді қамтамасыз ету міндетіне бағындыра білді. Сарқылмас та-

би ғи ресурстары бар Қазақстан майданның маңызды арсе нал да ры ның 

бірі болды» [13, 211]. Ақтөбе облысының соғыстан кейінгі əлеу мет тік-

экономикалық жағдайының төмендігі ескеріле отырып, 1945 жыл дың 


6 сəуірінде «Ақтөбе облысының ауылшаруашылығына көмек көр се ту 

шаралары туралы» КСРО Халық комиссариатының қаулысы шықты. 

Ұлы Отан соғысы жылдарының ауыр салмағы барлық Кеңес Ода-

ғы  халқымен  бірге  Ақтөбе  облысы  тұрғындарының  да  иығына  түс ті. 

Майданды барлық керек-жарақтармен қамтамасыз етуді қажет ете тін 

со ғыс  кезеңі  əрбір  жұмысшыдан  жауды  жеңуге  барлық  күш-жі ге рін 

салуды талап етті жəне осынау қиын-қыстау кезеңде еліміздің жауды 

жеңу үшін жүргізген жұмыстарына біздің өлкеміз барлық əлеуетін жұ-

мыл ды ра отырып, жұмыс жасады деуге толық негіз бар.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

1. Журин Н.И. Сверяя шаг по Ильичу. Алма-Ата, 1969. 208 с.

2. Батыс Қазақстан тарихы. Екі томдық. 2-том. Ақтөбе: ПринтА, 2006. 527-б.

3.  Абдоллаев  Н.А.  Қазақстан – əлемдік  тарихтың  аясында.  Ақтөбе:  Лазер, 

2001. 243-б.

4. Масанов Н.Э. и др. История Казахстана: народы и культуры. Алматы: Дайк-

Пресс, 2001. 600 с.

5. Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты. 85-қ, 1-т, 1496-іс.

6. Нусупбеков К. Вопросы истории Казахстана (Избранные труды). Алма-Ата, 

1989. 344 с.

7. Нұрғалиев Қ.Р. Қазақстан экономикасы. Алматы: Қазақ университеті, 1999. 

212-б.


8. Алдажуманов К. Сельские механизаторы Казахстана на фронтовой вахте. 

103 // Казахстан  в  Великой  Отечественной  Войне.  Ответственный  ред. 

Т.Б. Балакаев. Алматы, 1974.

9. Ақтөбе энциклопедиясы. Ақтөбе: Отандастар-Полиграфия, 2001. 330 с.

10.  Ақтөбе  облыстық  мемлекеттік  мұрағаты.  АОММ. 85-қ.,  І-т., 1355-іс., 

98-100 пп.

11. АОММ. 85-қ., І-т., 1623-іс., 72-77 пп.

12. АОММ. 85-қ., І-т., 1623-іс., 1-6 пп.



13. Қазақ ССР тарихы көне заманнан бүгінге дейін. V том. Алма-Ата, 1984. 

494-б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет