Атом құрылысы



Дата08.02.2022
өлшемі1,44 Mb.
#25021

Нұр-Сұлтан қаласы, №71 мектеп-лицейі


www.astana-modern.kz

Тақырыбы: Металдар және бейметалдар: химиялық элементтер және жай заттар.

Металдар мен бейметалдардың (атом, ион) құрылысы және кристалдық торларының ерекшелігі.

10 – сынып

ҚГБ

Химия пәні мұғалімі: Бурыш Меруерт
  • 10.2.1.11 металдар және бейметалдар құрылысының ерекшелігін сипаттау: атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, кристалл торы;
  • металдар және бейметалдар құрылысының ерекшелігін сипаттайды;
  • атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, кристалл торын қарастырады;

Оқу мақсаты

Бағалау критерийлері

Химиялық элемент

Бүкіл табиғи әлем химиялық элементтерден құралған. Біздің Жер қандай элементтерден түзілсе, бізден тым алыстағы Галактикалар да сондай химиялық элементтерден құралған.

Химиялық элементтің түрі

Атом


Металл Жай зат Бейметалл

Күрделі зат



https://cdn3-kt-vdc.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12423/10.mp4

Барлық металдар қалыпты жағдайда (сынаптан басқасы) қатты заттар. Дегенмен олардың қаттылығы әртүрлі.

Бөлме температурасында газ, қатты және сұйық түрінде кездеседі.

Металдар мен бейметалдар құрылысы

Металдар мен бейметалдар құрылысы бойынша ерекшеленеді. Натрий және хлор атомдарының электрондық құрылысын жазайық:

Na 1s22s22p63s1

CI 1s22s22p6 3s23p5

Олардың сыртқы электрондық қабатын салыстырыңдар. Металдарда электрондар саны аз, сондықтан олар сыртқы электрондарын оңай беріп, тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Металдардың электрондарын беріп жіберуге бейімділігі оның құрылысына, ең алдымен атомның өлшеміне тәуелді, атом өлшемі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым металл электрондарын оңай береді. Металл атомдарының электртерістілік мәні үлкен емес, сондықтан оның атомдары оң тотығу дәрежесін көрсетіп, тотықсыздандырғыш болады.

Ал бейметалдардың сыртқы қабатында электрондарының саны көп және жетіспеген электрондарды оңай қосып алып тотықтырғыш қасиетке ие болады. Бейметалдардың тотықтырғыш қасиеті бір жағынан атомдардың өлшеміне, ал екінші жағынан жай заттағы ковалентті байланыстың беріктігіне байланысты болады.



https://cdn2-kt-vdc.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12423/37.mp4

Атом радиустарының өзгеруі

Химиялық байланыс

 

 



Металдар мен бейметалдар түзетін химиялық байланыстың түрінде айырмашылық бар.

Жай заттардың кристалдық торларында да айырмашылық бар. Металдарға металдық кристал тор, ал бейметалдарға атомдық және молекулалық кристал тор тән.

Жай заттар

Металдар


Бейметалдар

Металдық байланыс

Коваленттік полюссіз байланыс

https://cdn1-kt-vdc.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12437/83.mp4

Химиялық байланыс

 

 



https://cdn3-kt-vdc.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12423/38.mp4

Бейметалдардың кристалдық торлары

 

 



Жай заттар - бейметалдар

Беймолекулалық құрылысты

Молекулалық құрылысты

C, B, Si

F2, O2, CI2, Br2, N2, I2, S8

Бұл бейметалдар атомдық кристалдық торлы болғандықтан, олар өте қатты және балқу температуралары жоғары

Бұл бейметалдар қатты күйде молекулалық кристалдық торлы заттар. Қалыпты жағдайда олар газ, сұйық немесе балқу температуралары төмен заттар.

https://bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12423/40.mp4

Бекіту тапсырмасы

1-тапсырма

Берілген заттарды электр тогын өткізу қабілеті бойынша келесі суреттерге орналастырыңыздар: Темір, көміртек, магний, алюминий, фосфор.

Дескриптор:

- Заттарды электрөткізгіштік қасиетіне байланысты суретке орналастырады;

Дұрыс жауап

1-тапсырма

Темір, магний, алюминий Көміртек, фосфор

Дескриптор:

- Заттарды электрөткізгіштік қасиетіне байланысты суретке орналастырады;

Бекіту тапсырмасы


2- тапсырма

Металдардың бейметалдардан физикалық қасиеті бойынша ерекшеленетін үш қасиетін көрсет.

1. металдық жылтырлық

2. қаттылық

3. электрөткізгіштік

4. тығыздық

5. жылуөткізгіштік

Дескриптор:

- Металдар мен бейметалдардың қасиетін түсіндіреді;


Дұрыс жауап


2-тапсырма

Металдардың бейметалдардан физикалық қасиеті бойынша ерекшеленетін үш қасиетін көрсет.



1. металдық жылтырлық

2. қаттылық



3. электрөткізгіштік

4. тығыздық



5. жылуөткізгіштік

Дескриптор:

- Металдар мен бейметалдар қасиеттерін салыстырады.


Қорытынды


Бүгінгі сабақта:
  • металдар және бейметалдар құрылысының ерекшелігін сипаттадық;
  • атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, кристалл торын қарастырдық;

Оқу тапсырмасы

  • Күнделікті өмірде кездесетін металдар және солардан жасалған бұйымдар туралы шағын эссе жазу 

Сабаққа қажетті ресурстар


М.Қ. Оспанова Қ.С. Аухадиева Т.Г. Белоусова

Химия 10 сынып 1-бөлім ҚГБ



https://cdn2-kt-vdc.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12423/37.mp4

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет