Атты І халықаралық конференция ЕҢбектері


 Қазақ күрделі сөздерінің түрлері



жүктеу 8.57 Mb.
Pdf просмотр
бет30/39
Дата25.12.2016
өлшемі8.57 Mb.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39

2. Қазақ күрделі сөздерінің түрлері  
Күрделі  сөздер  жасалу  жолына  қарай  кіріккен  сөздер,  біріккен  сөздер,  қос  сөздер, 
қысқарған сөздер, тіркесті сөздер болып бөлінеді.  
Кіріккен  сөз.  Қазақ  тіліндегі  кіріккен  сөздерге  бәйшешек,  белбеу,  қонағасы,  қолқанат, 
бүгін, биыл, сексен, қарлығаш және т.б. сөздер жатады. Мәселен, белбеу – белге буынатын 

254 
 
бау, сексен – сегіз он, бүгін – бұл жыл, қоян – қой сияқты аң т.б.  дені екі, ал былтыр (бір 
жыл  дүр)  үш  сөздің  тіркесінен  пайда  болған.  Тіл  мамандарының  қай-қайсысы  болмасын 
кіріккен  сөздерге  компоненттері  дыбыстық  өзгеріске  ұшырау  салдарынан  бастапқы  түр-
тұрпатын өзгерткен сөздерді жатқызады [3].  
Енді  кіріккен  сөздердің  құрылымдық  сипатының  әуел  бастағы  қалпынан  өзгеше  болып 
қалыптасуына  ұйтқы  болған  тілдік  заңдылықтарға  тоқталайық.  Тіл  мамандарының 
көрсетулеріндей,  мәселен,  бәйшешек,  бәйтерек  сөздерінің  құрамындағы  бай  деген  элемент 
әуел  баста  бай  формасында  болғаны,  кейін  соңғы  компоненттердегі  жіңішке  дауысты 
дыбыстардың  ықпалынан  «а»  фонемасы  «ә»  фонемасына  айналып,  бүтін  сөз  бәйшешек, 
бәйтерек  болып  кеткені  мәлім;  Демек,  бәйшешек,  бәйтерек,  белбеу  тәрізді  сөздердің 
бастапқы тұлғасын өзгертіп қалыптасуына үндестік заңы ұйтқы болған [3].  
Біріккен сөз. Күрделі сөздердің бір түрі – біріккен сөздер. Біріккен сөздердің екі түбірден 
бірігіп, жаңа бір ұғым тудыратынын айту оңай, ал біріккен сөздерді сөз тіркесінен ажыратып 
алу, олардың шегін айқындау оңай емес. Олай дейтініміз, біріккен сөздер мен сөз тіркестері 
бір-бірімен  мағыналық  жақтан  да,  құрылымы,  құрамы  жағынан  да  ұқсас,  өзара  астарласып 
жатады.  Біріккен  сөздер  мен  тіркес  сөздердің  құрамын  ажыратудың  жолы  салыстыру  әдісі 
арқылы іске асырылады. Мысалы, ақсақал, Ақбозат, Темірқазық, соқыртеке, итмұрын деген 
сөздерді  бірге  жазып,әрқайсысының  мағыналарын  ажыратуда  олардың  синонимдерін 
жарыстыра айтып түсіндіру керек. Демек, ақсақал сөзі қарт, Ақбозат, Темірқазық жұлдыздың 
аты.  
Біріккен сөз бен күрделі сөз тіркестерінің арасындағы айырманы нақтылаған соң, біріккен 
сөздердің  кем  дегенде  екі  немесе  үш  түбірлі  сөздерден  бірігіп,  жаңа  бір  ұғым  тудыратыны 
белгілі болды [4]. 
Қос сөздер. Күрделі сөздердің бір түрі – қос сөздер.   
 
3. Қазақ күрделі сөздерін формалдау ережелері 
Күрделі  сөздер  жасалу  жолына  қарай  кіріккен  сөздер  (бүгін,  жаздыгүні,  биыл),  біріккен 
сөздер (баспасөз, елтаңба, елбасы, Темірқазық), қос сөздер (үлкен-кіші, аяқ-табақ), қысқарған 
сөздер (ЕҰУ, АҚШ, БҰҰ), тіркесті сөздер (таң намаз, қара торғай, қара көк, жүз бес) болып 
бөлінеді.  
Таңбалық  амалдардың  барлығы  «Компьютерлік  лингвистика»  деген  тiлдiң  құрамы  мен 
қасиеттерiн  зерттейтiн  ғылым  саласында  анықталған.  Таңбаларда  анықталған  амалдар 
арқылы таңбалық өрнектер құрастырылады. 
Таңбалық  өрнектерді  өңдеп  көрсету  үшін  таңбалық  амалдардың  ассоциативтік
дистрибутивтік  және  басқа  заңдылықтары  пайдаланылады  /13/,  /14/,  /15/.  Осындай 
заңдылықтар берілген күрделі өрнектерді қарапайымдап, ондағы амалдар санын қысқартады 
және олардың орындалуын жеңілдетеді. Олардың практикадағы маңызы өте зор. 
Таңбаларда  берiлген  екi  таңбалық  тiзбеден  бiр  таңбалық  тізбе  құруға  мүмкiндiк  беретiн 
құрастыру амалдары анықталған. 
Күрделі  сөздердің жасалу  жолдарын компьютерлік лингвистика көмегімен формалдауды 
қарастырайық. Кез келген тілден таңба ретінде бөлінбейтін бірлік (фонема-дыбыс, графема-
әріп, цифр, тыныс белгісі, жақша және т.б.) немесе құрылымдық бірлік (морфема, лексема 
және  т.б.)  алынады.  Берiлген  таңбалармен  жұмыс  істеу  үшін  осы  таңбаларға  амалдар 
қолдану  керек.  Ал  амалдарды  қолдана  бiлу  үшiн  олардың  анықтамаларын,  белгiлерiн  және 
қасиеттерiн бiлу қажет. 
Таңбаларда  берiлген  екi  таңбалық  тiзбеден  бiр  таңбалық  тізбе  құруға  мүмкiндiк  беретiн 
құрастыру амалдары анықталған. 
Құрастыру амалдарының iшiнде ең қарапайымы – конкатенация (тiркеу) амалы. Егер бұл 
амалды  ‘

’  таңбасымен  белгiлесек,  онда  оны  берілген  екі  айнымалы  таңбалық  шамалар 
α
1
және α
2
үшін былай анықтауға болады: α
1
-дың мәнiнiң оң жағына α
2
-нің мәнiн тiркегеннен 
кейiн   тiзбесi шығады және ол мына түрде жазылады α
1

α
2
=
.Осы айтылған ереже күрделі 
сөздердің жасалуына сәйкес келеді. Мысалы, егер α
1
– дың мәнi ‘ЕЛ’, ал α
2
-нің мәнi ‘ТАҢБА’ 

255 
 
болса,  онда 
  -ның  мәнi  ‘ЕЛТАҢБА’  болады.  Енді  күрделі  сөздің  қысқарған  сөздерден 
жасалатынын  өрнектеп  көрелік.  Бізде  α
1

α
2

α
3
... 

α
n
=
болсын.  Мысалы,  α
1
=  Е,  
α
2
= Ұ, α
3
= У нәтиже α
1

α
2

α
3
=ЕҰУ. 
Мұндағы α
11

α
12

α
13
 ... 

α
1n 
= α
1,   
α
21

α
22

α
23
...

α
2n 
= α
2,   
α
31 

α
32

α
33
... 

α
3n  
= α

α
11 
=Е, α
12 
=У, α
13 
=Р, α
14 
=А, ... α
1n 
=Я 
α
21 
=Ұ, α
22 
=Л, α
23 
=Т, α
24 
=Т, ... α
2n 
=Қ 
α
31 
=У, α
32 
=Н, α
33 
=И, α
34 
=В, ... α
3n 
=І 
Е

У

Р

А

З

И

Я  Ұ

Л

Т

Т

Ы

Қ

 У

Н

И

В

Е

Р

С

И

Т

Е

Т

І=ЕУРАЗИЯ 
ҰЛТТЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ. Мұндағы   – кетікті көрсетеді, яғни сөздердің бөлек жазылатынын бірақ 
бір мағына білдіретінін көрсетеді. 
Егер  α
1
=  ҚАРА,    α
2
=  КӨК  болса,  онда 
=  α
1

α
2
=  ҚАРА



КӨК  деген  таңбалық  өрнек 
шығады. Бұл өрнек бізде сөздердің тіркесу арқылы жасалуын сипаттайды. 
Енді  қазақ  күрделі  сөздеріне  байланысты  ереже  жасап,  оны  жақшалық  әдіс  көмегімен 
формалдауды қарастырайық. 
Келісім: Алдымен әріптерді бір жүйеге келтіріп, төмендегідей етіп белгілеп алайық.  
АОҰЫЭ!01 
ӘӨҮIЕЯИЮ!02 
МНҢ!03 //жуан әріпке бітетіндік 
МНҢ!04 // жіңішке 
РУЙ!05 
РУЙ!06 
Л!07 
Л!08 
БГҒД!09 
БГҒД!10 
ЖЗ!11 
ЖЗ!12 
П!13 
П!14 
К!15 
К!16 
Қ!17 
СТШ!18 
СТШ!19 
Ереже  1.  Дауысты  дыбыстан  басталатын  сын  есімнің  алдыңғы  әрпіне  п  –  дауыссызын 
жалғау арқылы күрделі сөз жасауға болады. Жоғарыдағы келісім бойынша: 
01X! ((01п)-X) - ап-аласа 
01X! ((01п)-X) - ап-алыс 
01X! ((01п)-X) - ап-аласа 
01X! ((01п)-X) - ап-арық 
01X! ((01п)-X) - ап-ащы 
01X! ((01п)-X) - оп-оңай 
01X! ((01п)-X) - ұп-ұзын 
01X! ((01п)-X) - ып-ыстық 
02X! ((02п)-X) - әп-әдемі 
02X! ((02п)-X) - үп-үлкен 
02X! ((02п)-X) - өп-өңді 
02X! ((02п)-X) - еп-ерсі 
Ереже  2.  Дауыссыз  дыбыстан  басталатын  сын  есімнің  алдыңғы  екі  әрпінен  кейін  п  – 
дауыссызын жалғау арқылы күрделі сөз жасауға болады.  
Жоғарыдағы келісім бойынша: 
0301X! ((0301п)-X) - моп-момын 
0301X! ((0301п)-X) - нып-нығыз 
0402X! ((0402п)-X) - мөп-мөлдір 
0402X! ((0402п)-X) - нәп-нәзік 
0901X! ((0901п)-X) - боп-бос 
0901X! ((0901п)-X) - боп-боз 
0901X! ((0901п)-X) – дап-дайын 
0901X! ((0901п)-X) - доп-домалақ 
1002X! ((1002п)-X) - біп-биік 

256 
 
1002X! ((1002п)-X) - бөп-бөтен 
1002X! ((1002п)-X) - бөп-бөлек 
1002X! ((1002п)-X) - дәп-дәл 
1002X! ((1002п)-X) - дөп-дөңгелек 
1101X! ((1101п)-X) - жап-жасыл 
1101X! ((1101п)-X) - жап-жақсы 
1101X! ((1101п)-X) - жып-жылы 
1101X! ((1101п)-X) - жұп-жұмсақ 
1101X! ((1101п)-X) - жап-жаңа 
1101X! ((1101п)-X) - жап-жақын 
1202X! ((1202п)-X) - жіп-жіңішке 
1202X! ((1202п)-X) - жеп-жеңіл 
1602X! ((1602п)-X) - көп-көрім 
1602X! ((1602п)-X) - кәп-кәрі 
1602X! ((1602п)-X) - кәп-кәрі 
1701X! ((1701п)-X) - қап-қара 
1701X! ((1701п)-X) - қып-қызыл 
1701X! ((1701п)-X) - қап-қатты 
1701X! ((1701п)-X) - қоп-қою 
1701X! ((1701п)-X) - қоп-қоңыр 
1801X! ((1801п)-X) - cап-сары 
1801X! ((1801п)-X) - cұп-сұры 
1801X! ((1801п)-X) - шып-шымыр 
1801X! ((1801п)-X) - шұп-шұбар 
1902X! ((1902п)-X) - cеп-семіз 
1902X! ((1902п)-X) - тәп-тәтті 
1902X! ((1902п)-X) - тәп-тәуір 
1902X! ((1902п)-X) - түп-түзу 
Ереже 3. Жалаң сөздің қайталануынан күрделі сөз (қайталама қос сөз) жасауға болады.  
X! ((Х)-X) - арбаң-арбаң 
X! ((Х)-X) - әрең-әрең 
X! ((Х)-X) - бір-бір 
X! ((Х)-X) - биік-биік 
X! ((Х)-X) - белес-белес 
X! ((Х)-X) - қап-қап 
X! ((Х)-X) - мая-мая 
X! ((Х)-X) - гүрс-гүрс 
X! ((Х)-X) - тал-тал 
X! ((Х)-X) - сылқ-сылқ  
X! ((Х)-X) - тез-тез  
X! ((Х)-X) - ербең-ербең 
X! ((Х)-X) - күрс-күрс 
X! ((Х)-X) - қарын-қарын 
X! ((Х)-X) - тау-тау 
X! ((Х)-X) - бәрі-бәрі 
X! ((Х)-X) - қандай-қандай 
X! ((Х)-X) - қалай-қалай 
X! ((Х)-X) - не-не 
Ереже  4.  Бұйрық  райлы  етістікке  қосымшасын  (етістікке  -а,  -е,  -й  көсемше  жұрнағын 
жалғау арқылы) сөздің қайталануынан күрделі сөз (қайталама қос сөз) жасауға болады.  
((X06))! (((X06)е)-X06(е))- Көре-көре 
((X06))! (((X06)е)-X06(е))-жүре-жүре 
((X05))! (((X05)а)-X05(а))- бара-бара 
((X02))! (((X02)е)-X02(е))-билей-билей 
((X06))! (((X06)е)-X06(е))-жүгіре-жүгіре 
((X05))! (((X05)а)-X05(а)) - тұра-тұра  
((X08))! (((X08)е)-X08(е)) - күле-күле 
((X08))! (((X08)е)-X08(е)) - біле-біле 
((X02))! (((X02)е)-X02(е))-сөйлей-сөйлей 
Ереже  5.  Жалаң  сөзді  қайталау  арқылы  және  оның  алдыңғы  сыңарына  
-па, -пе, -та, -те, -ма, -ме, -ба, -бе, -да, -де, қосымшасын жалғау арқылы күрделі сөз жасауға 

257 
 
болады. Егер сөз қатаң дауыссызға аяқталса онда -па, -пе, ұяң дауыссызға аяқталса  -ба, -бе, 
үнді дауыссызына аяқталса -ма, -ме, -да, -де қосымшалары жалғанады.  
((X19))! (((X19)пе)-X) - бетпе-бет 
((X06))! (((X06)де)-X) - бірде-бір 
((X11))! (((X11)ба)-X)–ауызба-ауыз 
((X12))! (((X12)бе)-X) - жүзбе-жүз 
((X07))! (((X07)ма)-X) - жолма-жол 
 
((X07))! (((X07)ма)-X) - қолма-қол 
((X08))! (((X08)ме)-X) – дәлме-дәл 
((X04))! (((X04)де)-X) - кімде-кім 
Ереже 6. Екі сөздің бірігуі арқылы және бастапқы компонент дауыстыға аяқталып, соңғы 
компонент  дауысты  фонемадан  болғандықтан,  бастапқы  сөздің  соңғы  дауысты  дыбысы 
ығысып шығып қалуы арқылы күрделі сөз жасауға болады.  







Х
Х
Х
У
У
У
2
1
2
1
 
Жүйені қосу тәсілімен шешетін болсақ: 
Х
У
Х
Х
У
У





2
1
2
1
 
Мұндағы 
2
У 
1
Х - дауысты дыбыстар.  
Енді  
Алма+аты=Алматы 
ала+аяқ=алаяқ 
алты+атар=алтатар 
бие+емшек=биемшек 
Қара+аспан= Қараспан 
қара+ала=қарала 
Қанды+ағаш=Қандағаш 
сапты+аяқ=cаптаяқ 
сары+ала=сарала 
сары+ағаш=cарағаш 
шыны+аяқ=шынаяқ 
өлі+ара=өлара 
жалма+ауыз=жалмауыз 
құла+ала=құлала 
Мақта+арал=Мақтарал 
Қазақ  күрделі  сөздерін  формалдау  ережелері  бізге  күрделі  сөздерін  автомат  түрінде 
шығару мүмкіндік береді:
 
 
 
Сурет 1. Ережелер терезесі 

258 
 
Жұмысты жалғастыру үшін «Сөзді енгізіңіз» өрісіне «Ереже 1» - ге сәйкес өзімізге қажетті 
сөзді енгіземіз (Сурет 2). 
 
 
 
Сурет 2. Ереже 1  
 
Жоғарыда көріп тұрғандай, «әдемі» сөзін енгізген соң құрау батырмасын басамыз. Сонда 
бізге ол автоматты түрде «Ереже 1» - ге сәйкес күрделі сөзді жасап береді.  
 
Әдебиеттер 
1
 
www.egemen.kz/?p=3486
 
2
 
Жанпейісов Е., Хұсайын К. және т. б. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам
морфология, синтаксис. – Астана: Астана, 2002. 152б. 
3
 
Шәкенов Ж. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар. – Алматы: Ана тілі, 
1991, Б. 3-20 
4
 
Аханов К., Б.Кәтенбаева , Әбдіғалиева Т. Қазақ тілі оқулығының методикалық 
нұсқауы. Алматы: Рауан, 1990, Б. 19-27
 
 
 
Г.Т. БЕКМАНОВА, Л. ЖЕТКЕНБАЙ 
 
 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 
«Жасанды зерде» ҒЗИ, Астана, Қазақстан 
 
 
ҚАЗАҚ КҮРДЕЛІ СӨЗДЕРІН ТҮРЛЕНДІРУДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ МОДЕЛІ 
 
1
 
Қазақ күрделі сөздерінің семантикалық базасын құру  
Семантикалық  белгілер  ретінде  күрделі  сөз,  күрделі  сөздердің  түрлері,  сөз  таптары  
алынады.  
 

259 
 
 
 
Сурет 1. Семантикалық кесте 
 
Ең бірінші  әрбір күрделі  сөздердің түрлері  бойынша сөздің қай топқа жататынын, содан 
кейін сөздің сыңарлары қай сөз табынан жасалғанын анықтаймыз. Әрі қарай, осы топтардың 
қиылысы ізделінеді, егер олар болатын болса, онда осы топтар қиылысу болмайтындай етіп 
бөлінеді, яғни декомпозиция жасалынады. 
Сөз  түрлендіру  және  сөз  тудыру  процесі  сөздің  бастапқы  қалпын  оның  морфологиялық 
белгілерін  айқындау  және  оның  семантикалық  белгілерін  білімдер  базасынан  оқу 
мақсатында  бөлшектеп  талдау  арқылы  табуға  негізделеді.  Одан  әрі  қарай  сөзтүрленудің 
траекториясы  анықталады,  ал  сөзтүрлену  процесі  семантикалық  желі  негізінде  жүзеге 
асырылады,  сосын  сөзжасамды  және  оның  морфологиялық  ақпараттарын  сөзжасамдар 
сөздігіне жазу.  
 
2
 
Қазақ күрделі сөздерін граф түрінде бейнелеу 
Табиғи  тілдегі  мәтінді  өңдеу  процесін  бірнеше  деңгейге  бөлуге  болады:  талдау,  анализ 
және  синтез.  Талдау  деңгейін  табиғи  тілдегі  мәтінді  формалданбаған  түрден  формалданған 
ішкі ұғымға түрлендіретін функция ретінде анықтаймыз. Анализ деңгейі  – ішкі ұғымда бар 
деректерді  түрлендіру  және  соның  негізінде  формалды  түрде  жаңа  деректер  шығару 
функциясы.  Синтез  деңгейі  –  ішкі  формалданған  ұғымға  бара  бар  табиғи  тілде  жауап 
құрастыру функциясы. 
Талдау  деңгейін  бірнеше  тізбектелген  операцияларға  бөлуге  болады:  морфологиялық, 
синтаксистік  және  семантикалық  талдау.  Морфологиялық  талдау  мәтіндегі  бөлек  сөздерді 
алып,  оларды  морфемаларға  бөлу  арқылы  жасалады.  Табиғи  тілде  мәтіннің  синтаксистік 
талдау  операциясы  оның  барлық  синтаксистік  белгілерін  және  семантикалық  талдау  үшін 
керек  болатын  сол  сөздердің  синтаксистік  байланысын  анықтаудан  тұрады.  Семантикалық 
талдау  жүйенің  жадында  сыртқы  әлемнің  ұқсас  моделінің  болғанын  талап  етеді.  Бұл 
талдауда  ұқсас  моделдің  білімдерімен  бірге  мәтінде  тікелей  орналасқан  деректерді 
салыстыру арқылы мәтіннің ішкі формалданған ұғымын тиянақты құрастырылады. 
Морфологиялық сөз түрлену және сөзжасамдарды талдау есептерін шешу үшін формалды 
Маккаллок-Питтстің  нейронды  желісінің  қасиетіне  жақын  семантикалық  нейронды  желіні 
қолданамыз.Маккаллок-Питтс нейронды желісіндегі бөлек нейрондар және, немесе және не 

260 
 
логикалық  операциялары  сияқты  бейнеленеді.  Логикалық  операцияның  орындалуының 
нәтижесіне байланысты нейрондар ақиқат және жалған логикалық мәндеріне сәйкес келетін 
қозу  немесе  тыныштық  күйінде  болады.  Әрбір  нейронның  жұмысымен  байланысты 
уақытылы  кідіру  осында  локикалық  жүйемен  алынатын  тиімді  және  конструкциялық 
сипатына  кепілдік  береді.Желідегі  нейрондар  ақырлы  және  нейронның  күйлер  саны  да 
ақырлы  болғандықтан,  мұндай  нейронды  желілер  күйі  ақырлы  болатын  автоматтар  болып 
табылады. Маккаллок-Питтс желісіндегі нейрон тек екі логикалық күйде болуы мүмкін және 
логика алгебрасының функциясын орындауды ғана қамтамасыз етеді. Табиғи тіл нақты емес 
және толық емес түсініктермен жұмыс істейді Семантикалық нейронды желінің Макколлок-
Питтстің желісінен айырмашылығы мынада, Маккллок-Питтс желісінде Бульдік алгебраның 
логикалық операциялары орындалады, ал семантикалық нейронды желіде бұлдыр логиканың 
операциялары  орындалады.  Бұлдыр  логикада  тұжырымдаманың  ақиқаттығы  дәрежесін 
анықтау үшін сенімділік факторын қолданамыз – кейбір интервалда орналасқан сан, мысалы 
0 мен 1 аралығы. Бұл интервалдың максималды мәні оқиғаның пайда болғандығының толық 
сенімділігі ретінде түсіндіріледі, ал минималды мәні – ол оның толық жоқтығына сенімділік. 
Ықтималдықтар теориясына қарағанда  сенімділік факторы оқиғаның пайда болатындығына 
субъективті  сенімділікті  сипаттайды  және  ешқандай  статистикалық  мағынасы  жоқ. 
Семантикалық  нейронды  желілердегі  нейрондар  табиғи  тілдің  қарапайым  түсініктеріне 
сәйкес  келеді  және  дискретті  градиентті  мәндерді  өңдейді.  Осы  желінің  әрбір  нейронында 
ақырлы  күйлер  саны  болады.  Сондықтан,  семантикалық  нейронды  желі  ақырлы  автомат 
түрінде қарастырыла алады. 
Морфологиялық  және  семантикалық  талдау  жасайтын  семантикалық  нейронды  желінің 
құрылысы ретінде синхрондалған ағаш немесе графты таңдаймыз. 
Мәнін  синхрондалған  сызықтық  ағаш  түрінде  шығарып  алу  қабатын  ақырлы  автомат 
ретінде қарастыруға болады, себебі желідегі нейрондар саны шектеулі және оларда ақырлы 
күйлер мен байланыстар саны бар. Бір күйден екінші күйге өту мәнін шығарып алу қабатына 
кіріс  тізбегінің  кезекті  символын  беру  кезінде  болады.  Мәнін  шығарып  алу  қабатын  бір 
автомат  түрінде  емес,  бірнеше  сөздік  мақалалардың  саны  сияқты  ақырлы  субавтоматтар 
ретінде қарастырған ыңғайлы. Сонымен қатар, бір нейронда тыныштық күйден қозу күйіне 
дейінгі аралығында бір градиентті субкүйі бар деп есептеген ыңғайлы. Әрбір осындай субкүй 
қарапайым  мағына  болсын.  Нейроавтоматтың  бір  белсенді  субкүйіне  бір  немесе  бірнеше 
қозған нейрон сәйкес келеді. Сонда бір синхрондалған сызықтық ағаштың бір үзіндісінде біз 
бірнеше  субавтомат  аламыз  –  сөздік  мақала  санына  байланысты  немесе  бір  мезетте  бір 
автоматта  бірнеше  күй  болады.  Бұл  шешім  кейін  табиғи  тілдің  көптеген  есептерін  шешуге 
көмегін тигізеді. 
Сөздік  мақаланың  нейронының  моделін  қарастырып  өтейік.  Семантикалық  нейронды 
желінің  тізбектей  есептеуіш  жүйесінде  жүзеге  асырылуы  нейронның  жылдамдығына 
қосымша  талаптар  қояды.  Мүмкіндігінше,  бөлек  нейронның  жұмысының  жылдамдығын 
арттырып, желідегі нейронның санын азайту керек, себебі бұл жағдайда нейрондар, бірінен 
кейін  бірі  тізбектей  өңделеді,  сондықтан  жүйенің  бір  тактысының  жалпы  уақыт  өлшемі 
өңделетін  нейрондарды  бір  нейронды  өңдеуге  кететін  уақытқа  көбейткендегі  санына  тең. 
Нейрондардың  санын  азайту  және  олардың  жұмысын  арттыру  үшін  дизъюнктор  мен 
конъюнкторды  бір  нейронға  біріктіреміз.  Бұл  кезде  әрбір  нейронда  екі  дендритті  ағаштан 
болады:  біріншісі  –  кіріс  градиентті  мәннің  дизъюнкциясының  функциясын  орындайтын, 
басқасы  –  кіріс  градиентті  мәннің  конъюнкциясының  функциясын  орындайтын  және 
дизъюнкция функциясының нәтижесін орындайтын. Нейронды дөңгелекпен белгілейміз, ал 
оның  дизъюнкциясының  дендритін  осы  дөңгелектің  мол  жағына  қоямыз,  конъюнктор 
дендритін дөңгелектің жоғары немесе төмен жағына орналастырамыз, аксон  – дөңгектің оң 
жағында  орналасады.  Ыңғайлы  болу  үшін  дөңгелектің  ішіне  конъюнктордың  дендритіне 
сәйкес келетін символдарды жазамыз. 
Сөздік  мақаланың  моделін  қарастырайық.  Бөлек  сөздік  мақала  ол  мақаланың  негізгі 
мағыналық  күші  болатын  негізгі  сөз,  және  сөзтүрлену  (септелу  немесе  жіктелу)  арқылы 

261 
 
негізгі сөзден алынған сөз формасының тобы болады. Бір сөздік мақала – ол нейрондар тобы, 
немесе    мәнін  шығарып  алу  қабаттағы  бір  нейронды  субавтомат.  Сөздік  мақаланың 
субкүйлерінің  жалпы  саны  сол  мақаланың  сөзжасамдардың  санына  тең  болсын.  Осындай 
субавтоматтың  әрбір  субкүйі  бір  қозған  нейрон  болады.  Бұл  кезде,  бір  мезгілде  бір 
субавтоматтың екі түрлі нейроны қозған жағдайда субавтоматта біруақытта екі түрлі субкүйі 
бар деп айтамыз. Әрбір мақалада сол мақалаға сәйкес келетін негізгі нейрон болады. Сөздік 
мақаланың  негізгі  нейроны  оның  сөздік  мақаласына  жататын  сөз  танылған  кезде  үнемі 
қозған  күйде  болады.  Әрбір  сөз  формасына  бөлек  нейрон  сәйкес  келеді.  Ол  сөз  формасы 
танылған кезде қозады. 
Мәнін шығарып алу қабатта бөлек сөздік мақалаларға жатпайтын нейрондар болады. Бұл 
нейрондар  көптеген  сөздік  мақалаларға  тән  септік,  шақ,  жіктеу  сияқты  сөзжасамдардың 
белгілеріне  сәйкес  келеді.  Олар  сәйкес  белгілері  бар  сөз  формалары  қозғанда  қозады. 
Сөзжасамдардың  белгілеріне  сәйкес  келетін  нейронның  күйлері  сол  нейрондар 
байланысатын сөздік мақаланың субавтоматтарына жатады. Сонда, бірнеше сөздік мақалалар 
бір мезгілде дәл сол күйде болуы мүмкін.  
Субавтоматтың  қозған  нейрондар  жиыны  субавтомат  танитын  бөлек  нейронға  жататын 
белгілер жиынына сәйкес келеді. Жіктеу немесе берілген символдық тізбек бойынша сөздік 
мақаланы  және  сөзжасамды  анықтау  есебі  мәнін  шығару  қабаты  арқылы  қозу  толқынының 
өтуіне және сәйкес сөздік мақала үшін сәйкесінше субавтоматтың қозуына алып келеді. Сөз 
түрлену  есебі  мұндай  субавтоматтың  бастапқы  сөз  түрлену  басталатын  сәйкес  сөз 
формасының  күйінен  алғашқы  сөзжасамына  түрлендіру  керек  болатын  сәйкес  сөз 
формасының ақырғы күйіне өзгеруіне алып келеді. 
Сипатталған есептердің шешімін қамтамасыз ететін нейронды желілердің байланысының 
құрылысын  қарастырайық.  Синхрондалған  сызықты  ағаш  сөздік  мақала  бойынша  сөз 
формаларының жіктелу  және сол сөз формасының белгілерін анықтау  есептерінің шешімін 
қамтамасыз етеді. Егер көпмәнді жағдай туса синхрондалған сызықтық ағашта немесе графта 
сөз формасының барлық бөлек бөлек мәндеріне сәйкес келетін барлық сөздік мақалалар мен 
сөз формалары қозады.  
Сөзтүрлену  және  сөзтудыру  есептерін  шешу  үшін  де  синхрондалған  сызықтық  есепті 
қолдануға  болады.  Бұл  жағдайда  ол  субавтоматты  бір  күйден  екінші  күйге  ауыстыратын, 
қоздыруды  тудыратын  ауыстырғыш  тізбек  ретінде  болады.  Субавтоматтың  күйлерінің 
ауысуы синхрондалған сызықтық ағаштың кірісіне арнайы командалар беру кезінде болады. 
Бұл  командаларды  синхрондалған  сызықтық  ағаш  таниды  және  оларға  сәйкес  келетін 
нейрон-эффекторлардың  шығысында  градиентті  мәнге  түрленеді,  бұл  сөздік  мақаланың 
күйлеріне сәйкес келетін нейрондардың қозуына немесе тежелуіне алып келеді.  
 
 
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет