Атты республикалық ғылыми тәжірибелік конференция материалдары 13 желтоқсан 2017 жыл



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата17.02.2023
өлшемі277,96 Kb.
#68967
  1   2   3   4   5   6   7



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК 
УНИВЕРСИТЕТІ 
Филология ғылымдарының докторы, профессор
Мәтжан Тілеужановтың 90 жылдық мерейтойына арналған 
«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ МЕН 
ФОЛЬКЛОРТАНУДАҒЫ ЖАҢА
БАҒЫТТАР ЖӘНЕ ПРОФЕССОР
МӘТЖАН ТІЛЕУЖАНОВ МҰРАСЫ»
атты республикалық ғылыми - тәжірибелік конференция материалдары
13 желтоқсан 2017 жыл
Орал қаласы 



ӘОЖ 82-1(574) 
 
МАХАМБЕТ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ЖЫРАУЛАР
ЖЫР-ТОЛҒАУЛАРЫМЕН ҮНДЕСТІГІ 
 
Қ.Ғ. Аронов 
Махамбет шығармашылығының қайнар көздерінің бірі – жыраулар поэзиясы. 
Әдебиетіміздің тарихында жыраулар дәуірі – бірнеше ғасырларды қамтитын ұзақ мерзім. 
Жыраулар дәуірінің ең көрнекті тұлғаларына XV ғасырдағы Асанқайғы мен Қазтуған, XVI 
ғасырдағы Шалкиіз, Доспамбет, Шобан, XVII ғасырдағы Жиембет пен Марғасқа, XVIII 
ғасырдағы Ақтамберді, Тәтіғара,Үмбетей, Бұқар жырауларды атауға болады. 
Жоғарыда аталған жыраулардың көпшілігі еліміздің батыс өңірінде Еділ-Жайық 
арасында дүниеге келді, ат жалын тартып мініп азамат болды, ел-жұртын жаудан қорғаған 
батыр, қолбасшы, халқы мен хандарына ақыл-кеңес берген данагөйлерге айналды. 
Жыраулар туғызған толғау жанры – қазақ поэтикалық өнерінің ерекше құбылысы. 
Жыраулар толғата жырлаған толғауларда халықтың мұңы мұңдалып, жоғы жоқталып, 
батырлығы, ерлігі дәріптелді. Сондықтан заманында жыраулардың халық ішінде беделі бек, 
сұлтандардан артық болмаса кем болмады. Олардың халық санасына тигізген әсері орасан 
зор болғаны күмәнсіз шындық.
Махамбет тағдыр жазып, кешегі от ауызды, орақ тілді жыраулар дүрілдеп өткен 
өлкеде дүние есігін ашты. Тегінде бар текті ұл әкесі Өтемістей ділмар, шешен болсам деді. 
Сондықтан әке тәлім-тәрбиесін ала жүріп, оның іс-әрекетінен сабақ алды. Болашақ 
дауылпаз ақын бала кезінен-ақ батырлық дастандарды, жыраулардың жыр-толғауларын 
жадына тоқыды. Соларға еліктеп бозбала Махамбет алғашқы жырларын да туғызса керек. 
Мұның белгісін, ізін шығармашылығының өне бойынан байқауға болады. Бұл тек 
Махамбетке тән құбылыс емес, тіпті ол кие тұтып, пір санаған жырауларда да бірін-бірі 
қайталаушылық 
ұшырасады. 
Осы 
құбылыстың 
сыр-сипатын 
белгілі 
жазушы, 
махамбеттанушы Әнес Сарай: «Жыраулар мектебіне ұқсастық тән, бірақ ол әсте еліктеу-
солықтау емес, көзжұмба қарабайыр тақпа-тақ қайталау да емес. Олар бірін-бірі дамыта 
жырлаған, референдік қайталауларға біле тұрып барған, өзінен бұрыңғының сөзін тірілту – 
оны мойындап, ұстаз тұтумен барабар көргенділік белгісі саналған. Мұндай жайлар 
Махамбетте де кездесіп отырады» [1, 199 б.] –деп ашып көрсетеді. 
Қазақ хандығы кезіндегі жыраулар қазақ қоғамында ерекше мәртебелі орындарға ие 
болды. Өйткені жырау – ақындық қабілеті бар жай ғана адам емес, ол –ақылшы, қоғам 
қайраткері, рухани көсем.Қазақ әдебиеттану тарихында жыраулардың жыр-толғауларын 
жинақтап, олардың шығармашылығын алғашқы болып арнайы зерттеген ғалым, көрнекті 
жазушы Мұхтар Мағауин: «Халық жыраулары хан ордасында жүріп, мемлекет басқару 
ісіне тығыз араласқан, хандар мен батырларға,бүкіл халыққа ақыл-кеңес айтқан, болашақты 
болжап, істің жөнің нұсқап жүрген дуалы ауыз, ақылгөй кеңесшілері, хандар мен ерлікпен 
аты шыққан батырлардың, қолбасшылардың ерліктерін мадақ етіп, жыр айтқан 
жыршылары» [2, 129 б.] – дейді. Алайда жырау жыршы емес. Жыршы – өзгенің дайын 
туындысын жұртшылыққа айтып беруші, қарапайым өнер адамы. Ал жырау кез-келген 
ұсақ-түйек күнделікті тұрмысқа қатысты жай-күйлерді жырлауға тиіс емес. Демек, «жырау 
жоғары тақырыптарды, қоғамдық мәні бар жайттарды толғайды, адамдарға ақыл айтып, 
кеңес беру, жамандықтан сақтандырып, жақсылыққа үндеу сияқты жүк арқалайды» [3, 145 
б.] 
Махамбет шығармашылығы жыраулар поэзиясымен тығыз байланысты. Махамбет 
өлеңдерінің жанрлық жақтарынан, өлең құрылысы мен формасынан, сөз бен көркемдік 
тәсілдерді қолданылуынан т.б. жыраулар поэзиясына тән ұқсастықтарды көптеп 
кездестіруге болады.Сондықтан кейбір зерттеушілер Махамбетті жыраулар дәуірінің соңғы 



өкілі деп таниды. Алайда Махамбет – әдебиет тарихында ақын деп танылған тұлға. Себебі 
Махамбет өзінен бұрыңғы жыраулардай болған оқиғаларды көбінесе сырттай бақылап 
ақыл-өсиет айтушы емес.Ол – өзі өмір сүрген ортадағы оқиғаларға тікелей араласқан 
белсенді әрекет иесі. Анықтап айтқанда, Махамбет Исатай бастаған көтерісшілердің іс-
әрекеттерін сырттай бақылаған жоқ.Сол көтерілістің бір басшысы ретінде жауымен 
соғысты, жауынгерлерді жалынды жырлармен рухтандырды. Сондықтан «Махамбет 
тарихта жырау емес, ақын деген атпен танылды, бірақ әдебиет пен әдеби тілдегі орны 
жыраулық пен ақындықтың түйіскен жерінде. Ол – жыраулар мектебінің нәрі мен барын 
алып, оны ақындық дәстүрге қиюластырған қаламгер» [3, 179 б.]. 
Махамбет поэзиясының жанрлық жақтарының жыраулар мектебіне жақындығы бар. 
Жыраулар поэзиясында ең көп кездесетін жанр түрі – толғау. Бұл жанрдың басты 
ерекшелігі белгілі бір формаларға, амал-тәсілдерге сүйене отырып, жыраулардың халыққа 
үлгі-өнеге, өсиет-ақыл айтуынан көрінеді. Мұны Ақтамбердінің мына бір толғауынан анық 
байқауға болады: 
Балаларыма өсиет: 
Қылмаңыздар кепиет, 
Бірлігіңнен айырылма, 
Бірлікте бар қасиет. 
Татулық болар береке, 
Қылмасын жұрт келеке. 
Араз болсаң алты ауыз, 
Еліңе кірген әреке [4, 67 б.]. 
Махамбет өлеңдерінің ішінде толғау жанрына тікелей қатысты туындылар бар. Бұл 
жөнінде Қ.Өміралиев: «Махамбет – өзінен бұрынғы Бұхар т.б. жыраулар сияқты солардың 
дәстүрімен дидактикалық-философиялық үлгідегі толғау жырларды да айтқан ақын. Оның 
«Тайманның ұлы Исатай», «Орай да борай қар жауса», «Жалған дүние», «Ұл туса», «Ай 
астында бір көл бар», «Аспандағы бозторғай», «Жалғыздық», «Арғымақтың баласы» 
сияқты өлеңдері дидактикалық-философиялық тұрғыдағы шешендік толғау сөздер.Бұлар 
шешендік сөз, шешеңдік толғау өлеңдер сияқты белгілі бір формалармен келіп отырады» 
[5, 25-26 б.] деген болатын. 
Шынында да Махамбеттің «Орай да борай қар жауса» атты өленіңдегі: 
Қарындастың қамы үшін, 
Қатын менен бала үшін, 
Қайрылмай кеткен жігітті 
Өзін кәпір алғанын 
Талам деп айтсақ болар ма?! [6, 20 б.] – деген үзіктен толғау жанрына тән сыртқы 
форма мен ішкі мазмұн сәйкестігін айқын көре аламыз. 
Жоғарыда аталған ақынның толғау жанрына қатысты жырларының барлығы бірдей 
бастан аяқ осы жанрға тиесілі формада келе бермейді. Мәселен, Махамбеттің «Тайманның 
ұлы 
Исатай» 
өлеңінің 
көпшілік 
бөлігі 
толғау 
дәстүрімен 
жырлаған. 
Мысалы: 
Айырдан туған жампоз бар, 
Нарға жүгін салғысыз 
Аруанадан туған мая бар, 
Асылын айуан десең нанғысыз [7, 54 б.] деген үдемелі салыстырулардан толғауға тән 
сипаттарды танимыз. Алайда өлеңнің соңында ақын өзгеше тұрпатқа ауысып, былайша 
түйін жасайды: 
Тайманның ұлы Исатай 
Ағайынның басы еді, 
Алтын ердің қасы еді; 
Исатайды өлтіріп, 
Қырсық та шалған біздің ел! [6, 54 б.]. 



Жыраулар поэзиясында көп қолданылған толғау жанры іштей екі түрге бөлінеді. 
Олардың бірі – дидактикалық толғау, оның тақырыбы – жалпы ақыл, насихат айту, ал 
екіншісі – арнау толғау, яғни нақтылы біреуге, не оқиғаға, не өзіне қарата айтылған сөз, 
оның тақырыбы– көбінесе қоғам, адам, ел қорғау[6, 80 б.]. 
Асан қайғының бізге жеткен жырларының ішінде дидактикалық толғаулар көбірек 
ұшырасады. Мысалы:
Арғымаққа міндім деп,
Артқы топтан адаспа. 
Күнінде өзім болдым деп, 
Кең пейілге таласпа, 
Артық үшін айтысып, 
Достарыңмен санаспа [4, 25 б.]. 
Ал Махамбет жырларының ішінде бірыңғай ақыл-өнеге, үгіт-насихат айтуға құралған 
туындылар жоқтың қасы. Дегенмен ақынның кейбір өлеңдерінде дидактикалық толғауларға 
тән жолдар, шумақтар кездеседі. Жоғардағы аталған «Тайманның ұлы Исатай» өлеңіндегі:
Жаманнан туған жақсы бар, 
Атасын айтса нанғысыз, 
Жақсыдан туған жаман бар, 
Күндердің күні болғанда, 
Жарамды бір теріге алғысыз [6, 54 б.] – деген шумақта ақынның жақсы болу оның 
шығу тегіне байланысты бола бермейтіні айтылған, өмір тәжірбиесі негізінде нақыл 
боларлықтай ой қорытындысы жасалған. Мұндай шумақты Махамбеттің Баймағамбет 
сұлтанға айтқан атақты сөзінен де кездестіреміз:
Ата ұлының баласы, 
Асыл ерге малың бер, 
Малың бер де, басың қос, 
Басыңа тарлық түскенде, 
Ардақтаған әділ жанын аяр ма?! [6, 93 б.].
Жыраулар поэзиясында толғаудың екінші түрін, яғни арнау толғауларды әлдеқайда 
жиірек кездестіруге болады. Бұлардың қатарына Асан қайғының Жәнібек ханға, 
Шалкиіздің Би Темірге, Жиембеттің Есім ханға, Марғасқаның Тұрсын ханға арнаған 
толғауларын атай аламыз. Жыраулар елге билік жүргізген хан-сұлтандардың ерлігін, ел-
жұртқа жасаған қайырымды істерін көрсетіп мадақтайды, сонымен қатар олардың 
кемшіліктерін тізбелегенде ештеңеден тайынбайды. Мұны Жиембеттің Есім ханға сес 
көрсете жырлаған толғауынан анық көреміз. Мысалы: 
Әмірің қатты Есім хан,
Бүлік салып бұйырдың, 
Басын бер деп батырдың,
Қанын ішіп қанбаққа, 
Жанын отқа салмаққа, 
Атадан жалғыз мен емес,
Хан ие ісің жол емес. 
Жолбарыстай Жолымбет, 
Құрбандыққа қол емес... [4, 52 б.] – деп Жиембет жырау Есім ханға зілді ескерту 
жасайды. Себебі Есім хан жыраудың інісі Жолымбет батырды кінәсі үшін жазаламақшы 
болған. Хан мен жыраудың араздасуы содан басталса керек. Бұрын Жиембет ханның 
сенімді адамы болып, Есімнің көрші хандармен арадағы соғыстарына қатысқан, ерлігімен 
танылған. 1627 жылы Ташкент ханы Тұрсынның көтерілісін басу кезінде де Жиембет 
ерекше көзге түскен. Есім ханның осы жорығына Марғасқа жырау да қатысқан. Оны 
бүлікшіл Тұрсын ханға айтқан жыраудың мына бір арнау сөзінен білуге болады: 
Ей, Қатағанның хан Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын, 



Жазықсыз елді еңіретіп, 
Жертәңірсіп жатырсың. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет