Аудандық олимпиада 2016 ж. Географиядан теориялық тур сұрақтары (8 сынып) Тапсырманы орындау уақыты – 150 минут



бет3/17
Дата24.02.2022
өлшемі1.1 Mb.
#26350
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
ВСЕГО: 50 баллов 

Аудандық олимпиада 2016 ж. 

Географиядан теориялық тур сұрақтары (9 сынып) 

Тапсырманы орындау уақыты – 150 минут 
  1. Келесідей ұғымдарға анықтама беріңіз: агломерация, виргация, антиклиза, мистраль, делимитация. (әр дұрыс жауап үшін 2 ұпайдан). Барлығы 10 ұпай. 


  1. Қазақстанның отын – энергетика кешеніне сипаттама: құрамы, шаруашылықтағы маңызы, даму мәселелері. ОЭК және қоршаған ортаны қорғау мәселелері. Энергия тиімділік саясаты. Қазақстандағы балама энергия түрлерінің болашағы. Барлығы:10 ұпай. 


  1. Тест тапсырмалары (әр дұрыс жауап үшін 1 ұпайдан. Барлығы 30 ұпай.) 



1. Ұлыбритания мен Еуропаның арасын қандай бұғаз бөліп жатыр?

А) Гибралтар

В) Ла - Манш

С) Босфор

D) Малаккский

Е) Дрейка

2. Мына қалалардың қайсысында сағат белдеуі Мельбурннің сағат белдеуімен бірдей?

A) Пекин, Китай

B) Коломбо, Шри-Ланка

C) Дакка, Бангладеш

D) Джакарта, Индонезия

E) Порт-Морсби, Папуа-Жаңа Гвинея

3. Химиялық өнеркәсіптің орналастыру факторларын көрсетіңіз?

А) су


В) шикізат

С) энергетикалық

D) тұтынушы

Е) барлық аталғандар

4. Әлемдегі ең биік Анхель (1054 м) сарқырамасы орналасқан өзен?

А) Конго


В) Замбези

С) Чурун


D) Миссисипи

Е) Амазонка

5. ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне алынған Ангор-Ват ғибадатхана кешені қай елде орналасқан?

A) Камбоджа

B) Қытай 

C) Египет

D) Үндістан

E) Перу


6. Сарыарқаның шығыс жағының батыс жағынан биік болып келуін немен түсіндіруге болады?

А) каледонда түзілуімен

В) герцинде түзілуімен

С) қайта жаңғыруымен

D) мүжілгендіктен

Е) триаста түзілуімен

7. Қазақстан өзендері қай алаптарға жатады?

А) Үнді, Атлант

В) Тынық мұхиты

С) Атлант мұхиты, ішкі тұйық көлдер

D) Солтүстік Мұзды мұхит, ішкі ағынсыз

Е) Атлант мұхиты

8. Теңіз кемелерінің құралдары мен матч (жарыс) өткізілетін тау шыңдарында жұлдыз немесе білезік формасында шоғырланған атмосфералық электрдың халықтық атауын табыңыз. Кейде олар ысқырықтың дауысындай болып шығады, ал бұл ежелгі теңіз саяхатшылары үшін жақсы нышан болып табылатын.

A) Әулие Павл оты

B) Әулие Анджей оты

C) Әулие Георгий оты

D) Әулие Луки оты

E) Әулие Эльма оты

9. Мұнай өңдейтін зауыт жұмыс істейтін қалалар?

А) Тараз. Қызылорда, Ақтау

В) Атырау, Шымкент, Павлодар

С) Петропаловск, Қостанай, Астана

D) Семей, Өскемен, Талдықорған

Е) Шымкент, Тараз, Атырау

10. Қазақстан аумағының қанша пайызын жазық жерлер алып жатыр?

A) 44%


B) 27% 

C) 86%


D) 57% 

Е) 46%


11. Жер қыртысының таулар астындағы қалыңдығы?

А) 30 – 40 км

В) 40 – 50 км

С) 50 – 60 км

D) 70 – 80 км

Е) 80 – 90 км

12. Кампос пен льянос деп Оңтүстік Америкадағы …. Атайды?

А) далаларды

В) шөлейттерді

С) ылғалды тропиктік ормандарды

D) саванналарды

Е) шөлдерді

13. АҚШ аумағында 1872 жылы ұйымдастырылған дүние жүзіндегі алғашқы ұлттық саябақ орналасқан. Ол қалай аталады?

А) Гранд - Каньон

В) Йеллоустонский

С) Секвойя

D) Эверглейдс

Е) Эри


14. Батыс – Сібір жазығының жер бедері?

А) адырлы

В) төбелі

С) тегіс


D) біртекті

Е) таулы


15. Маори қай елдің байырғы тұрғындары?

А) Жаңа Зеландия

В) Багам аралдары

С) Мальдиваралдары

D) Мадагаскар

Е) Латын Америкасы

16. Талшықты дақылдарға қайсылары жатады?

А) зығыр, мақта, джут

В) күріш, жүгері, сорго

С) какао, шай, жержаңғақ

D) тарыо, арпаь, кофе

Е) зығыр, күріш, кофе

17. Дүние жүзіндегі банан өсіретін жетекші елдер?

А) Бразилия, Чили, Эквадор

В) Коста – Рика, Колумбия, Эквадор

С) Куба, Колумбия, Бразилия

D) Ямайка, Панама, Эквадор

Е) Колумбия, Бразилия, Эквадор

18. Ауа температурасы мен ылғалдығының ең аз ауытқулары қайда байқалады?

А) Амазонка ойпатында

В) Ұлы жазықтарда

С) Декан таулы үстіртінде

D) Сахара шөлінде

Е) Оймякон маңында

19. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында қанша минералды ұңғыма көздері зерттелген?

A) 100 - ден астам

B) 200 - ден астам

C) 300 - ден астам

D) 400 - ден астам

Е) 500 - ден астам

20. Жергілікті жерде ұзындығы 23,5км болатын сызық жергілікті жер жоспарында 9,4 см бөлігі түрінде көрсетілген жағдайда жергілікті жер жоспарының масштабы қандай болады?

А) 1:5000     

В) 1:250 000

С) 1:2500000

D) 1:25000

Е) 1:50 000

21. Монблан тауының (4800 м) ауа температурасы қандай болады, егер оның беткейіндегі ауа температурасы + 20°С құраса:

А) +48,8°С     

В) –48,8°С       

С) +24,8°С      

D) –8,8°С

Е) – 9,6°С

22. Қазақстанға өзінің шығыс бөлігіндегі солтүстік беткейлерімен енеді. Бұл Тянь-Шань тауының аса ірі жоталарының бірі (Ишанбұлақ – 4647 м). Шелек және Кемін өзендерінің әсерінен солтүстік беткейлері қатты тілімденген. Қандай географиялық обьект туралы сөз қозғалған:

А) Іле Алатауы

В) Қырғыз Алатауы

С) Күнгей Алатау

D) Талас Алатауы

Е) Қаратау

23. Бұл пайдалы қазбаның дүние жүзілік қорының 25% -ы Қазақстанның минералды – шикізат базасының үлесіне тиесілі. Ел аумағында 100 – ге жуық кен орны барланған, оның 50-і Солтүстік Қазақстанда орналасқан. Сондай-ақ, аса ірі кен орындары Маңғыстау түбегінде де шоғырланған. Қандай пайдалы қазба туралы сөз қозғалып жатыр?

А) мұнай


В) хром 

С) алтын


D) уран 

Е) марганец

24. Қазақстандағы энергетикалық және суландыру мақсатында пайдаланылатын су қоймалар:

А) Үлбі және Шүлбі

B) Көксарай және Бөген

C) Шардара, Қапшағай

D) Бұқтырма және Өскемен

E) Жоғарғы Хайрузов

25. Батысында Орал алды үстіртімен, оңтүстігінде – Торғай үстіртімен, шығысында – Есілдің сол жағалауымен шектеседі. Оңтүстік аймағының биіктігі 250м, ол солтүстігіне қарай төмендейді. Жазық палеоген және неоген кезеңінің сазды қалдықтарынан құралған. Оның аумағынан Үй, Есіл, Тоғызақ, Аят және т.б өзендер ағып өтеді. Топырағы қара, шабынды өсімдіктерімен жабылған. Қай географиялық обьект туралы сөз қозғалуда?

А) Есіл жазықты даласы

В) Тобыл-Обаған жазықты даласы

С) Есіл – Ертіс даласы

D) Ертіс – Құлынды жазығы

Е) Солтүстік Қазақстан жазығы

26. Бұл қорық 1998 жылы құрылған. Қорғауға жағалаулық сулы – батпақты ландшфты алынған. Мұнда құстардың 283 түрі мекендейді, оның ішінде 15 –і Қызыл Кітапқа енген. Қорықтың негізгі мақсаты – суда жүзетін құстарды қорғау.

А) Қаратау қорығы

В) Батыс Алтай қорығы

С) Марқакөл қорығы

D) Алакөл қорығы

Е) Қорғалжын қорығы

27. Қандай ұлттық саябақта төмендегідей нысандарды кездестіруге болады: таудың Шайтанкөл көлі, табиғи «Тас қақпа», «Палатка» үңгірі.

А) Баянауыл

В) Іле-Алатау

С) Алтын-Емел

D) Қарқаралы

Е) Көкшетау

28. Орта Сібір теміржол магистралі келесі қалаларды байланыстырады:

А) Семей – Алматы - Луговой

В) Петропавл – Қарағанды - Шу

С) Челябинск – Қостанай – Көкшетау - Қарасу

D) Қарталы – Астана – Құланды- Барнауыл

Е) Орынбор– Ташкент

29. Жамбыл облысында туу 28‰, өлім- 9‰ құрайды, ал табиғи өсім қанша?

А) 37


В) 19 

С) -19


D) 1,9 

Е) 3


30. Қарттылық коэффиценті – бүкіл Қазақстан халқының қарт адамдарының үлесі (Кқарт.) және ол пайыз түрінде көрсетіледі. Қазақстанда қарттылық коэффиценті 8% - ға тең. Қазақстан халқы қандай санатқа жатады?

А) балғын жас

В) жас 

С) ересек

D) қарт 

Е) қартайған 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет