Аудиторлық оқыту кезеңі идеяларына негізделген мектеп мүғалімдерінің даму басымдықтарын талдаудың рефлективті есебі



Дата06.01.2022
өлшемі23,88 Kb.
#14988

Мошкалов Сұңқар Ділдабайұлы Мектеп директорлары H есебі

16-Д-151-20 портфолиосы 24.02.2020-12.02.2021

Шардара ауданы


Аудиторлық оқыту кезеңі идеяларына негізделген мектеп мүғалімдерінің даму басымдықтарын талдаудың рефлективті есебі.
Өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, басты тұлғасы-мұғалім. Бүгінгі таңда мұғалім білімі оқу үрдісіне қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, мемлекетіміз өзге дамыған елдермен терезесі тең қарым-қатынас орнату үшін заманауи біліммен қаруланған ұрпақты тәрбиелеуде,өз білімін үздіксіз көтеруімен өлшенеді.ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы курсының аудиториялық кезеңінде директордың өзіндік дамуы,үздіксіз кәсіби дамуға жетекшілік ету, әлеуметтік және кәсіби әріптестікті қалыптастыру, бағыттары туралы түсінік алдым.

Мектеп деректерін зерделей келе, мектеп ұжымын дамытуға бағытталған іс-шараларды, ақылды мақсаттар қою арқылы мектептің даму жоспарын жасауды үйрендім. Бағдарламаның негізгі ұстанымы сенім, табыстылығын қамтамасыз етудің қозғаушы күштерінің бірі мұғалім көшбасшылығының мәнін түсіндім.Командалық жұмыс – ортақ ұстаным тұрғысынан бірлесіп жұмыс істеу қабілеті, жеке жетістіктерді ұйым мақсатына бағыттай алу қабілеті екендігін білдім. Мектеп мәдениетін,кәсіби мәдениетті дамытуға мониторинг пен коучинг үрдістері арқылы мектепте мұғалімдерге оқу мен оқытуда тәжірибелеріне өзгеріс енгізуде «қалай» көмектесуге болатынын, ал мұғалімдер оқушылардың оқу үдерісін жақсарту үшін «не істеу керек екенін» білдім. Сыныптағы оқушылардың білімін тереңдетуге, бағалауға, ынталандыруға тиімді қол жеткізуге болатын жоспарлаудың 7 модуліне негізделген тізбектелген сабақтар топтамасы мен «L.S» тәсілінің тиімділігін түсіндім.

Мұндай сабақтар арқылы іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу, мұғалімдерге әрбір оқушының оқуына қатысты өз тәжірибесі туралы ойлануға беретін мүмкіндік-оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, оқу сапасына жоғарылауына әсері бар деп ойладым. МДЖ құруда басымдықтарды ескеру, әр баланың сапалы білім алуына бақылау жасауым қажет екендігін түсіндім. Оқыту сапасының тұрақты болуына, яғни, табысты мектепке жету жолдарын ойластырып,ақылды мақсаттар арқылы атқаратын жұмыстарды жоспарлауды ойладым. Тәжірибе кезеңіндегі мектепті дамыту жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, қай салаларды дамыту қажет екендігін білу мақсатында мектеп мұғалімдерінен ЭЫДУ әзірлеген TALIS нысаны бойынша халықаралық зерттеу сауалнамасын алдым. Сауалнама алу мектеп мұғалімдерінің кәсіби,оқыту тәжірибесін дамыту үшін қажет екенін, оның жауаптары құпия қалатынын түсіндіру арқылы ойларын ашық білдіруге болады деп ой түйдім. Сауалнамаға 45 мұғалім қатысты, бұл барлық мұғалімдердің 96% құрайды. Олардың 38-і әйел, қалған 7-еуі ер азаматтар болды.

Сауалнама нәтижесі бойынша «Басқа мектептерге танысу мақсатындағы сапарлар» әсері жауаптарынан түсінгенім, мұғалімдер мұндай іс-шараларға барғанда өзіне мектеп мұғалімдерінен не білсем, нендей өзгеріс бар? деген көзқараспен барғанда ғана тәжірибе алмаса отырып, ұстаздардың кәсіби деңгейлері артады Бұдан не байқауға болады, әліде болса мектептер арасындағы қоғамдастық жұмыстарының дұрыс жолға қойылмауы, мұғалімдердің өзара ашық пікірлесе алмауы,алқалылық болмауы деген ой келді. Жақсы әсер алдым деген ұстаздар деңгейлік бағдарламаларды меңгергендер және тәлім алушы ретінде кәсіби даму жолындағы жаңашыл ұстаздар деп білемін.



Сұрақты зерделей келе, төмендегіше ой түйдім. Мен бұған дейін педагогикалық кеңес пен семинарлардан,түрлі байқаулардан мұғалімдер өз бетінше кәсіби дамуы жоқ және өз тәжірибесінде қолдануы аз деп ойладым. Ендігі уақытта коучинг сабақтарды керегінше ұйымдастыра отырып,бұл үрдісті тәлімгерлікке ұластыруға қолдау көрсетемін. Желілік қоғамдастықты дамытып, мұғалімдердің оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді тиімді қолдана білулеріне ықпал етемін .

Сауалнамадағы«Сабақ беретін негізгі пәндеріңіздің мазмұны мен табыс критерийлері» деген сұраққа қажет емес немесе шамалы деген мұғалім жоқ. Мұғалімдер негізгі пәндері бойынша оқу мен оқытуда ақылды мақсаттың қолжетімділігі табыс критерийлеріне жетудің нақты өлшемі қажет деп түсінгені мені қуантады. «Оқушыларды бағалау әдістемесі» деген жауаптарды назарға ала отырып, мектепте оқу мен оқытуда формативті бағалау жүйесін қалыптастыруда мұғалімдерге көмек қажеттігі көрініп тұр.

Мен енді мектеп тәжірибелігінің екінші кезеңінде мұғалімдерге оқу мен оқытуда формативті бағалау тәсілін меңгертуді жетілдіріп,оқушыларға өзін-өзі, өзара бағалауды қалыптастыруды болашақтағы мектеп проблемасының басымдығы ретінде аламын деген ойдамын. Себебі, оқушы, ата-ана, мұғалім өз еңбегінің нәтижесін бағалаудан көреді. Сыныпты басқару саласы бойынша жауаптарда жартысынан көбі қажет емес дегенді айтып отыр. Менмұнан байқағаным мұғалімдердің сыныпты басқарудағы көшбасшылық іс-әрекеті біршама дұрыс қалыптасқан ба, немесе енжарлық танытып отыр ма деген ойға қалдым. «Сабақ беретін негізгі пәндеріңіздің оқыту бойынша білім және түсінік» жауаптарын оқи отырып,бұл қалай,өмір бойы оқу ұстанымы қайда қалады, ұстаз ізденуді тоқтатса, ұстаз болудан қалады емеспе?. Білімсіз ұстаз кімге тұлға,дұрыс түсінік қалыптастыру керек деп шештім. «Оқушылардың тәртібі және мінез-құлқы проблемалары» Ешбір бала туғаннан дарынсыз болмайды,тек оны жоғалтып алмай, дамыта білу ушін әрбір мұғалім өз кәсіби біліктілігін арттыруға жауаптылыққа жетелеу керек деген ойға келдім. Және жеке оқушы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін зерттеу сабақтарын дағдыға айналдыру қажет деп ой түйдім. «Мектепті басқару және әкімдеу», «Көп ұлтты ортада оқыту» қажет емес деп көпшілігі жауап береді, Мен мұны мұғалімдердің көп ойланбау салдарынан болған сыңаржақтылық деп қабылдадым. Көп ұлттың ынтымағы жарасқан мұндай елде, қысқа ойлауға бола ма? «Оқушылардан кеңес алу»көпшілігі қажет деп санамайды.Мен мұнан мұғалімдердің оқушыдан кері байланыс алудың не үшін керек? екендігін жете түсінбеуінде деп ойлаймын.

Менің байқағаным, болашақта курстар мен семинарлар ұйымдастыратын құзіретті орындар мән-мағыналы, әрі теория мен тәжірибені ұштастыра отырып ұйымдастыруы қажет деп ойлаймын. Желілік қоғамдастық арқылы мектептегі кәсіби қоғамдастық шеңберін кеңейту, коллаборативті орта құру арқылы кәсіби деңгейін көтеруге ынталандыру. Бұл проблемаларды жою мақсатында біріншіден коучинг сессиялар ұйымдастыру және онда алған білімдерін мұғалімдер тәжірибеде пайдалануына ықпал ету, қолдау қажет деп ой қорыттым. Командада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, мұғалімдерді кәсіби дамыту мақсатында «Lesson study» сабақтарын ұйымдастыру қажет. Мектептегі тәжірибе кезеңінде ұйымдастырылған тәлімгерлік, коучинг сабақтардың басым көпшілігі әсері зор делінген, бірақ сол сабақтарда алған білімін іс-тәжірибесінде қолдана біледі ме? Осы сұрақ төңірегінде оқушы мен мұғалім арасында жылы қарым-қатынас пен сенімділік орнату арқылы ғана оқушыны оқытуға ынталандыра алады деп қорытындыладым.



Сабақ беретін негізгі пәндеріңізді оқыту тәжірибесі бойынша білім мен түсінік қалыптастыруда XXI ғасырда білімнің жоғары,сапалы және әділ болуына ықпал ету үшін білім беру жүйесінде реформа жүргізу,демек мектептер деңгейінде оқыту тиімділігін арттыруы, әр балаға сапалы білім беру мақсатының орындалуы, мұғалімдерді эвалюациялау жүйесі де тиімді бір бөлігі деп, оған дұрыс қол жеткізу керек (мектеп тәжірибелігі бөлмінен) екендігін назарда ұстаймын деп қорытынды жасадым.«Оқушылардың тәртібі мен мінез-құлық проблемаларын шешуде қолданатын әдіс-тәсілдеріңіз» дегенде түсінгенім коучингтерге қатысып, одан алған білімін сабақ үдерісінде пайдаланған мұғалімдер өзгеріс болды деп отыр, себебі, олар әріптестерінен кері байланыс алып,оқушыларды топтық жұмысқа тартып, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас ынтымақтастықта өрбітеді деп ойлаймын. Өзгеріс болған жоқ деп отырған мұғалімдер, ұстаз «шәкірттер үшін» ұстанымынан «шәкірттермен бірге» форматына ауыстырылуы қажеттілігіне өзгеруден қауіптенуі деп түсіндім . Мұғалімнің бағыттаушы болуға әлі де кемшін жағы бар екендігін көрсетеді. «Оқыту тәжірибеңізде оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға көңіл бөлуіңіз», деген жауаптардан мұғалім өз сабағында кері байланысқа мән бермейді, өзгерісті бақыламайтындығы байқалды. Мұғалім жауаптарын зерделей келіп, олар шынайы жауап берген мұғалімдердің жартысынан көбі алған білімдерін өз тәжірибесінде пайдаланып жүргені мені аз да болса қуантады. Демек, менің мектептегі өткізген бірінші тәжірибе кезеңім кішкентай болса да нәтижесін көрсетті деп қорытындыладым. Бірақ, мен мектептегі екінші тәжірибе кезеңімде қолжетімді мақсаттардың орындалуына көп мән беремін деп шештім .



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет