Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидалары



бет1/11
Дата31.12.2021
өлшемі76,6 Kb.
#23817
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2020 жылғы « »

№ бұйрығына

қосымша




Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»
2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ауыл шаруашылығы өсімдіктері – дәнді, дәнді бұршақтық, жармалық, азықтық, майлы, эфирлі-майлы, техникалық, көкөністік, дәрі-дәрмектік, гүлдік, жемістік, жидектік дақылдар, картоп, жүзім;

2) вегетациялық кезең – өскіндердің пайда болуынан бастап пісіп-жетілуіне дейінгі кезең;

3) деректер банкі – Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) енгізілген сұрыптарға және Мемлекеттік тізілімге енгізілмеген сұрыптарға бөле отырып, патент қабілеттілігіне және шаруашылыққа пайдалылығына сараптама және сынақ өткізілген сұрыптардың паспорттық деректерінің жинағы;

4) ерекшелікке, біркелкілікке және тұрақтылыққа егістік сынау – әрбір дақыл үшін белгілі әдістемелердегі белгілері бойынша егістік жағдайда жаңа сұрыптарды үлгі-сұрыптармен салыстыра отырып зерттеу, олардың ерекшелік, біркелкілік және тұрақтылық критерийлерге сәйкестігін көзбен шолу арқылы бағалау;

5) зертханалық сынақ – ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарын морфологиялық және биохимиялық белгілері бойынша ерекшелігі мен біртектілігі және селекциялық жетістікке патент беруге арналған өтінімде ұсынылған сипаттамаға сәйкестігі мәніне зертханалық жағдайларда сынау;

6) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізуді қарастыру жөніндегі сараптама кеңесі (бұдан әрі – Сараптама кеңесі) – мемлекеттік сынау және селекциялық жетістіктерді қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау мақсатында құрылған Мемлекеттік комиссияның кеңестік органы;

7) Мемлекеттік комиссия – ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарының патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды және сынауды жүзеге асыратын, тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия;

8) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

9) өтінім беруші (көрсетілетін қызметті алушы) – селекциялық жетістікке патент беруге арналған өтінім және (немесе) селекциялық жетiстiкті Мемлекеттік тізілімге енгізуге арналған «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі – веб-портал) өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;

10) пайдалану циклі – өнімді жинау жүргізілетін аралықтағы көп жылдық шөптерді пайдалану кезеңі;

11) патент қабілеттілігі – сұрыптың жаңалық, ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық критерийлерге сәйкестігі;

12) сараптама ұйымы – мемлекеттік монополияға (селекциялық жетістіктерді қорғау саласында қызметтер көрсету) жатқызылған салаларда қызметті жүзеге асыратын, селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ведомстволық бағынысты ұйым;

13) селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;

14) сұрып – аталған генотипті немесе генотиптер комбинациясын сипаттайтын белгілердің айқындылық дәрежесі бойынша айқындалатын, сол бір ботаникалық таксондағы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің басқа топтарынан бір немесе бірнеше белгісімен не белгілердің айқындылық дәрежесімен ерекшеленетін және тұрақты болып табылатын ең төменгі ботаникалық таксондар шеңберіндегі ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тобы. Клон, желі, бірінші ұрпақ буданы, популяция сұрыптың қорғалатын санаттары болып табылады;

15) сұрыпты сақтау – Қазақстан Республикасында өсімдіктердің қорғалатын сұрыптарының Мемлекеттік тізіліміндегі ресми сипаттамасына сәйкес сұрыпты қолдау;

16) сұрыптық сынақ – селекциялық жетістіктің патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығын сараптамадан және сынақтан өткізу;

17) сұрыптың паспорты – сұрыптық тиесілілікті айқындайтын дәл және қалпына келтірілетін белгілер бойынша сұрыпты сипаттау;

18) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (көрсетілетін қызметті беруші) – тұқым шаруашылығы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

19) шаруашылық пайдалылығы – өнім өндірудің барынша экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін шаруашылық-құнды белгілер кешенінің бар-жоғы;

20) шаруашылық түсім – жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің бір вегетациялық кезеңінде шығынды шегергенде алғандағы өсірілген өнім көлемі;

21) шаруашылыққа пайдалылығын егістік сынау – жаңа сұрыптарды өнімділік деңгейі, өнімнің сапасы, ауруларға және зиянкестерге төзімділігі және әрбір дақыл үшін әдістемелермен айқындалған басқа да шаруашылық-құнды белгілері бойынша стандарттармен салыстыра отырып, жан-жақты және терең зерделеу және бағалау, сондай-ақ олардың экономикалық тиімділігін бағалау.

22) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, бекітіліп берілген «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген заңды тұлға;

23) Электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

3. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптарын патенттік қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына сынауды және бағалауды жүргізу тәсілдері мен әдістері «Ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне сұрып сынағын жүргізудің әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 мамырдағы № 06-2/254 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне сұрып сынағын жүргізудің әдістемесімен (бұдан әрі – әдістеме) айқындалады.

4. Сұрыптық сынақ өткізуге арналған тұқымдық және отырғызу материалының үлгiсі өткен жылдың не ағымдағы жылдың өнімінен iрiктеледі және онымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 23 тамыздағы № 453 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3080 болып тіркелген) бекітілген нысандар бойынша тұқымға арналған аттестат немесе куәлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы
29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларға сәйкес нысан бойынша карантиндік сертификат бірге жүреді.

5. Сұрыптық сынақ өткізу үшін Қазақстан Республикасына әкелінетін тұқымдық және отырғызылатын материал үлгісі фитосанитарлық сертификатпен және олардың сұрыптық және егістік сапасын куәландыратын құжаттармен бірге жүреді.

6. Сұрыптық сынаққа Мемлекеттік комиссия мен өтінім беруші арасындағы шартта қарастырылған жағдайларды қоспағанда, бөтен қоспалардан, басқа өсімдіктердің тұқымдарынан таза, сондай-ақ қабықтанбаған және дәрiленбеген тұқымдық және отырғызылатын материалының үлгілері қабылданады.

7. Сұрыпты сынаққа ұсынылған тұқымдық және отырғызылатын материал үлгісінде ішкі және сыртқы заттаңбамен келіп түседі, ол мыналарды қамтиды:

1) сұрыптың атауы (егер аты әлi айқындалмаса – селекциялық нөмiрi). Шетелдiк сұрыптың атауы өтiнiш берушiнiң тiлiнде және мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi транскрипцияда жазылады;

2) тегi, түрiнің атауы (латын және мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде).

8. Өтінім беруші (көрсетілетін қызметті алушы) Мемлекеттік комиссияға сондай-ақ құрамында гербарий, тұқым, түйнектер, баданалар, қалемшелер, гүлшоғырлары (масақтар, шашақгүлдер, собықтар және өсімдіктердің басқа да бөліктері) бар үлгіні (сұрып эталонын) тұқымдық сұрыптық тектік қорды қалыптастыру және тұрақты сақтау үшін жолдайды.

9. Мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасының басқа ұйымдары өткізген, сондай-ақ тиісті шарттар жасалған басқа мемлекеттердің сынақтарының нәтижелерін және өтінім беруші берген деректерді пайдалана алады.

10. Патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығы мемлекеттiк сынақтың немесе өтiнiм берушiнiң деректерi бойынша бағаланатын өсiмдiктердiң тектерi мен түрлерiнiң тiзбелері «Патент қабiлеттiлiгі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттiк сынақтың немесе өтiнiш берушiнiң деректерi бойынша бағаланатын өсiмдiктердiң тектерi мен түрлерiнiң тiзбелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-2/490 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11479 тіркелген) бекітілген.

11. Дақылдар бөлінісінде шаруашылыққа пайдалылығына, ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына сұрып сынағын өткізу әдістемелерін Мемлекеттік комиссия бекітеді.

12. Мемлекеттік комиссия сұрыптың шаруашылыққа пайдалылығына сынақ өткізумен бір мезгілде ерекшелігіне, біртектілігіне, тұрақтылығына сынақ өткізеді және морфологиялық белгілері бойынша ресми сипаттама жасайды.

13. Ерекшелігіне, біртектілігіне, тұрақтылығына сынақ өткілгеннен кейін патентке қабілеттілігіне өтінім берілген жағдайда, осы сұрып бойынша Мемлекеттік комиссия сұрыпты шаруашылық пайдалылығына сынаумен бір мезгілде ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына қайталама далалық сынақтар жүргізбейді. Бұл ретте сұрыптың мәлімделген сипаттамасы Мемлекеттік комиссия берген морфологиялық белгілері бойынша сұрыптың ресми сипаттамасымен бірдей болуы тиіс.

14. Мемлекеттік комиссия ауыл шаруашылығы дақылдары сұрыптарының патент қабілеттілігіне (ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық) сынақ өткізгені үшін тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген бағалар бойынша төлем алады.

Қоса берілген құжаттармен бірге патент қабілеттілігіне сынауға келген өтінім көшірмесіне, ауылшаруашылығы дақылының сұрып атауына сараптама жүргізуге, ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына сынақ жүргізуге, сонымен бірге өзге жұмыстар мен қызметтерді көрсеткені үшін төлем «Сұрып сынағын өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелер өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 30 бұйрығына сәйкес мөлшерде алынады.

Төлем Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын патент қабілеттілігіне мемлекеттік сынау туралы Шартқа сәйкес кезең-кезеңмен жүргізіледі.

Сұрыпты шаруашылық пайдалылығына сынаумен бір мезгілде ерекшелігіне, біртектілігіне, тұрақтылығына сынақ өткізілгеннен кейін патентқабілеттілігіне өтінім берілген жағдайда, қоса берілген құжаттармен бірге патент қабілеттілігіне сынауға келген өтінім көшірмесіне, ауылшаруашылығы дақылының сұрып атауына сараптама жүргізуге, ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына жүргізілген сынақтарға, сонымен бірге өзге жұмыстар мен қызметтерді көрсеткені үшін төлем алынады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет