Қауіпсіздік техникасы Орындаған: Құттымұратова Сымбат



Дата31.12.2021
өлшемі1 Mb.
#21830
Байланысты:
tirshilik


Қауіпсіздік техникасы

Орындаған: Құттымұратова Сымбат

Әлім Маржан

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Жоспар

Кіріспе

  • Еңбек - адамдардың өмір сүруі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі; еңбек қатынастары – тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.
  • .

Еңбекті қорғау


Еңбекті қорғау - еңбек қызметінің процесі кезінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау жүйесі. Кәсіпорындарға еңбекті қорғауды басқару жүйесі (ЕҚБЖ) енгізілген, оған сәйкес кәсіпорынның әрбір қызметкерлерінің осы жүйеде өзіндік құқықтары мен міндеттері болады. Жалпы айтқанда кәсіпорында еңбекті қорғау жағдайына бас директор, сонымен қатар бөлімшелер бойынша - осы бөлімнің басшысы жауап береді. Учаскеде еңбек қорғау үшін учаске бастығы (шебер) жауап береді.

2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары

1 Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Техника қауіпсіздігі


Қауіпсіздік техникасы - еңбекті қорғаудың бір түрі, жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі. Еңбекті қорғау қағидаларының кұрамдас бөлігі. Жұмыскерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өндіріс жағдайларының алдын алудың ұйымдастырушылық-техникалық шаралары мен кұралдарының жүйесі

Қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ Қауіпсіздік техникасы техникалық құрамдарының жасалуы мен қолданылуы нормативтік - техникалық құжаттаманың стандарттардың, ережелердің, нормалардың, нұсқаулардың, негізінде жүргізіледі.


5-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары


1) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн, мемлекеттiк стандарттарды, ереже-лердi, нормаларды әзiрлеу мен қабылдауға;

2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды әзiрлеуге;

3) еңбек жағдайларын, қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды әзiрлеу мен жақсарту, қауiпсiз техника мен технологияларды әзiрлеу және енгiзу, еңбектi қорғау, қызметкерлердiң жеке және ұжымдық қорғану құралдарын шығару жөнiндегi қызметтi экономикалық ынталандыру жүйесiн құруға және iске асы-руға;

4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мониторингтi жүзеге асыруға;

Еңбек қорғаудың негізгі міндеті — заң актілері жүйелерін және оларға сәйкес әлеуметтік - экономикалық, техникалық, тазалық сақтау және ұйымдастыру шараларын талдап, орындау болып табылады, мұның бәрі еңбек процесі кезінде денсаулық сақтау қауіпсіздігін және еңбек қабілеттілігін қамтамасыз етеді



Қорытынды

Назар аударғандарыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет