Ауызша тапсырмалар



Дата07.01.2022
өлшемі16,04 Kb.
#18089

Орындаған: Толысбаева Құндыз

АУЫЗША ТАПСЫРМАЛАР:

  1. Мемлекет және құқық теориясы

Мемлекет және құқық теориясы мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы және қызмет істеу бағыттарының жалпы заңдылығын зерттейтін ғылым.Мемлекет және құқық теориясының негізгі ерекшелігі мынада:

- қоғамдық ғылым ретінде мемлекет және құқық теориясы қоғамдық құбылыстарды құрайтын пән болып табылады. Осы ерекшілігіне байланысты басқа ғылымдар саласы ажыратылады.

- саяси қоғамдық ғылым ретінде мемлекеттің саясат саласын мемлекеттің билік қызметіне байланысты қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттейді. Осы ерекшілігіне байланысты мемлекеттік – құқықтық қондырманы зерттейтін басқа ғылымдардан ажыратылады.

- жалпы теориялық ғылым ретінде мемлекет және құқықтың ерекше және жалпы заңдылығын және белгілерін зерттейді. Осы ерекшілігіне байланысты арнаулы заң ғылымдарынан ажыратылады.

- жалпы методологиялық ғылым ретінде мемлекеттік – құқықтық қондырманың жалпы заңдылығын түсіндіреді. Осы ерекшілігіне байланысты мемлекеттік құқықтық құбылыстарды зерттеу мәселелерін дайындайды.

- мемлекет және құқық теориясы басқа заң ғылымдары үшін базалық ғылым болып саналады. Міне, осы езгешілігіне байланысты мемлекет және құқық теориясы қоғамдағы мемлекет пен құқықтың пайда болуын, дамуы және қызмет атқару заңдылықтарын, олардың мәні мен құрылымын, негізгі бөлшектері мен принциптерін, заңдылықтарын зерттейтін ғылым жүйесі.



2.Құқықтық мемлекет белгілері.

Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.

Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқығы бұзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады.Оның негізгі белгілері: құқықтық заңның үстемдігі, билік бөлінісі қағидаларын конституциялық-құқықтық реттеу негізінде егеменді мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мен қызмет етуі, индивид, қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының құқықтық нысаны.



3.Құқықтық нормалар және элементтері

Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын, дара ұғымдарының көп сандағы жиынтығы. Құқықтық нормалар құқықтың формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс-тіршілігі, объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы өмір сүреді, қоғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады.Норма сөзі латын тілінен аударғанда «үлгі», «ереже» деген мағынаны білдіреді. Құқықтық нормаларды қабылдау, бекіту әр уақытта мемлекет тарапынан болды және олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің мінөз-құлықтары, әрекеттері туралы информация бекітіледі.



Құқық мазмұнының негізгі элементтері:

- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;

- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;

- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;

- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару

4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. ҚР-ның азаматтарының негізгі құқықтары, міндеттері мен белгілері



Конституцияның 12-ші бабына бабына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Респулика азаматтарының құқықтары мен бостандықтары Қазақстан мемлекеті мойындайтын әрі кепілдік беретін өз азаматтарының белгілі мінез-құлқының заңдық мүмкіндіктерін білдіреді. Осының нәтижесінде өркениетті мемлекеттердегі адам мен азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары толық көлемде Республика Конституциясынында бекітілген. Конституция бойынша оларды жеке, саяси, экономикалық және әлуметтік топтарға бөлуге болады.

Жеке құқықтар мен бостандықтар.

Өмір сүру құқығы. Өмір сүру құқығы – ол ешкімнің қандай жағдайда болсын айыруына болмайтын адамның басқа барлық құқығының ең негізгісі. 1948 жылғы «Адам мен азамат құқығының жалпыға бірдей Декларациясында жеке адамның адами құндылығын мен әр адамның өмір сүру құқығы жарияланған.Өмір сүру құқығы тек Конституциямен ғана емес, сондай-ақ салалық заңдармен қорғалады. Мысалы: Өмір сүру құқығы адам қайтыс болғанға дейін өз мәнін сақтайды. «Қазақстан Респуликасында халықтың денсаулығын сақтау туралы» Заңның 52 бабы өмірді қолдаушы аппаратура тек өлім расталған жағдайда ғана қызметін тоқтатуға мүмкін екендігі айтылған.

Ешкімнің өз бетінше, адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін, ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет