«Авеста»жинағының түркі,қазақ тарихы мен әдебиетіне қатыстығы



бет1/3
Дата26.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#40280
  1   2   3

«Авеста»жинағының түркі,қазақ тарихы мен әдебиетіне қатыстығы.

Авеста - ежелгі Орталық Азияда, Иранда, Әзірбайжан, Ауғанстан жерінде таралған Заратуштра ілімінің қасиетті жазбалары жинағы.

Авеста Зороастра дінінің қасиетті кітабы, Иран жерінде Аршак дәуірінен басталған және әсіресе Сасанилер кезінде бірнеше діни реформалар барысында қалыптасқан қағида болып табылады. Авестаның мәтіні көне парсы тілінен өзгеше және бірқатар белгілері бойынша неғұрлым кейінгі шығыс иран (соғды, хорезм, сақ және т. б.) тілдеріне жақын көне иран тілінде жазылған. Бастапқыда шамамен 1000 жыл бойы ауызша беріліп келген Авеста мәтіні, Сасанилер кезінде қалыптаскан парсы (арамей әліпбиі негізінде) әліпбиімен, содан соң соның негізінде жасалған фонетикалық жазбамен тұңғыш рет бір ізге салынған болса керек. Бізге дейін жеткен Авеста мәтіндерінің мерзімі ерте дегенде XIII ғасыр деп белгіленеді және ол бастапқы мәтінінің жартысына жетпейді.

Авестаның көп бөлігі жоғалған, ұмытылған. Ғалымдардың болжамынша, 1/7 бөлігі ғана біздің заманымыздың III ғасырында Аршак әулеті дәуірінде жинақталып, кітап етілген. Көптеген ғалымдар авеста ИСасани әулетінен шыққан I ранда Хосроу шаһ тұсында жазылған деп есептейді. Шындығында ол бұл дәуірде қасиетті саналғанымен, ұмытылған тілде жазылған. Көпшілік түсіне алмағандықтан діндарлар оны сол кездегі әдеби тіл – паһлауий тіліне аударып, көп түсіндірмелер қосқан. Аударманың көлемі өте үлкен болғандықтан діндарлар күнделікті пайдалану үшін Кіші Авестаны жасады. Оған Үлкен Авестадан іріктеп алынған дұғалар кірді. Авестаның барлық діндерге, бүкіл дүниежүзілік өркениетке үлкен әсері болды.

Мысалы, қазақ халқы жыл басын Наурыздан бастайтыны осының бір көрінісі. Көне Ресейде де 14 ғасырға дейін осылай болған. Қостанай, Орынбор, Челябі облыстары шекараларының түйіскен жерінде 1987 ж. табылған көне Арқайым қаласы бұдан 4 мың жыл бұрын түгелдей Веда мәдениетінің үлгісімен салынған. Заратуштраның отаны осы маң деген болжам бар. Өз елі мойындамай қуғынға салған соң, Заратуштра оңтүстікке бет алып, Парсы (Иран) жеріне келеді. Бұл елдің патшасы Виштаспа Заратуштра ілімін қабылдап, оны мемлекет көлемінде бекітеді. Оның дүние жүзі өркениетіне әсері 1,5 мың жылға созылды. VII ғасырда арабтардың Иран мен Орта Азияны жаулап алуы нәтижесінде Авеста мәтіндері бірте-бірте жойылып, көпшілігі ұмытылды. Бүгінгі таңда авеста тауды паналаған парсылар мен Үнді жеріне (Бомбей) ығысқан заратуштра дінін тұтынушылар арасында ғана сақталған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет