Автомобильдің жай-күйін анықтау тәсілдері



Дата07.01.2022
өлшемі14,75 Kb.
#17816
түріҚұрамы

Автомобильдің жай-күйін анықтау тәсілдері

Техникалық жай-күй анықтау міндеттері СТ РК 1086-2003 бойынша «Автокөліктерге және оның тіркемелерінің техникалық жай-күйін анықтау жүргізу» жұмыстарында:

—       машинаның немесе оның құрамындағы бөлшектердің ақаусыздығын және жұмысқа жарамдылығын мүмқіндігінше дұрыс анықтау;

—       машинаның жұмысқа жарамдылығын білдіретін ақауларды іздестіру;

—       машинаның қалған жұмыс қорын немесе есептеулі меже аралығында ақаусыз жұмыс істеу мүмкіндігіне болжам жасау үшін мәлімет жинау.

Автомобильдерге жүргізілетін жай-күй анықтау түрлері, олардың мерзімділігі жэне жүргізілетін орны, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесіндегі нұсқауда келтірілген. Нұсқаудағы талаптарда автомобильдердің қауіпсіз қозғалысын, қоршаған ортаға тигізетін әсерін, техникалық жағдайын бөлшектеп бұзбай бағалау келтірілген.

Автомобильдердің жай-күйін анықтау көліктердің техникалық жағдайының сыртқы өзгеру сыңайына байланысты жүргізіледі, оған автомобильдің тежеу жолы, қозғалтқыштың қуаты, жанармай немесе қозғалтқыш майының шығыны т.б. жатады. Ол көрсеткіштер, әдетте, автомобильдің пайдалану тэртібінде жұмыс істеп тұрған кезінде өлшенеді.

Тәсілдердің техникалық деңгейі және жай-күйін анықтау құралдарының жетілдірілгендігі артқан сайын, автомобильдің техникалық жағдайы соғұрлым дәл анықталады.

Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының жай-күйін анықтауда оған жұмсалатын еңбек қажеттілігі тексерілетін нысандардың техникалық өлшемдері және құралдардың түрлері жоғарыда көрсетілген стандартта келтірілген.

Автомобильдің қозғалу қауіпсіздігіне әсер ететін өлшемдерді анықтау, автомобильдің техникалық жағдайын қалпына келтіру, сондай-ақ оның маңызды механизмдерін реттеу, агрегаттары мен түйіндеріндегі жасырын ақауларды, бөлшектеп бұзбастан, аспаптар жэне стендтер аркылы анықтап, қалыпты көрсеткіштермен салыстырып тексеру тәсілін жай- күй анықтау (диагностика) деп атайды. Ол дәл уақытысында техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жүмыстарын жүргізуге, ақаулардың пайда болуын ескертуге, агрегаттардың пайдалану мерзімін арттыруға, қосалқы бөлшектердің шығынын кемітуге, жөндеу жэне техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын еңбек қажеттілігін азайтуға мүмкіндік туғызады. Автомобильдің жасырын ақауларын анықтауға жай-күй анықтау аспаптарын пайдалану арқылы қол жеткізіледі. Мұндай жағдайда механизмдерді бөлшектеу талап етілмейді.

Қызмет көрсету жэне жөндеу жоспарлы-ескерту жүйесінің ережесінде жай-күй анықтаудың келесі түрлері қарастырылған:

—        жедел күй анықтау — күн сайын, ішінара немесе барлық жылжымалы құрамдар үшін, негізінен, қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін механизмдер және жүйелер бойынша жүргізіледі (кейде МАИ жүргізеді);

—        жалпы (кешенді) күй анықтау — автомобильдің жұмысқа шығу көрсеткіші бойынша оның жұмысқа жарамдылық қабілетін (жалпы қуаты, тежеу жолы т.с.с.) анықтау;

—        элементтері бойынша күй анықтау автомобильдін жай-күйі анықталатын механизмдері мен жүйесіндегі ақаулардың нақты себебін анықтау.

Жай-күй анықтау техникалық қызмет көрсету немесе ағымды жөндеуге дейін кейде осылардан кейін де атқарылады. Бірінші жағдайда жасырын ақаулар түрлері анықталатын болса, екінші жағдайда орындалған жұмыстың сапасы анықталады.

Техникалық қызмет көрсету жэне жөндеу барысында:

—        жалпы (кешенді) күй анықтау (Д 1);

—        тереңдетілген күй анықтау (Д 2);

—        жөндеу алдындағы күй анықтау (Др), қарастырылады.

Жай-күй анықтау жабдықтары сыртқы және бірге орнатылған болуы мүмкін. Бірге орнатылған жабдық автомобильдің бір бөлігі болып есептеледі де, аспаптар панеліне орнатылып, автомобильдін техникалық жағдайын анықтайтын кейбір техникалық өлшемдерді өлшеп тұрады. Қазіргі бірге орнатылған жай-күй анықтау аспаптары жүргізушіге тежеу жүйесінің жағдайын, жанармай шығынын, жұмыс істеген газдың зияндылығын, автомобильдің үнемді жұмыс істеу тэртібін қадағалау үшін қолданылады.


Сыртқы жай-күй анықтау жабдықтары автомобиль құрылғысына жатпайды. Оған стендтер, жылжымалы аспаптар және өлшегіш құралдармен жабдықталған станциялар жатады.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет