Қазақ антропонимдерінің әр кезеңдерде өзгерістерге түсуінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата03.02.2023
өлшемі220,16 Kb.
#65101
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 
МИНИСТРЛІГІ 
АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ 
«БОЗАЙҒЫР МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ-КОЛЛЕДЖІ» МКҚК 
Тақырыбы: 
Қазақ антропонимдерінің әр 
кезеңдерде өзгерістерге түсуінің 
ерекшеліктері
 
 
 
 
Бағыты: Әлеуметтік- гуманитарлық 
Орындағандар: Керімбек Мӛлдір,
Қуанышбайқызы Інжумаржан 
Жетекшісі:  
Тарих және география пәндерінің мұғалімі-
Ӛмірсейітов Талғат Жамшитұлы 
Ақмола облысы, Бозайғыр ауылы, 2020 жыл 


 
 
 
Аңдатпа 
 
Антропонимдердің мағыналары әр түрлі қырынан зерттелініп, 
қарастырылып келеді. Алайда осы антропонимдердің қоғамдағы ӛзгерістерге 
байланысты ӛзгерістерге түсуі, бір антропонимдердің ұмытылып, енді 
біреулерінің қайта жаңғыруы жӛніндегі мәселелерге кӛп назар аударылмай 
жүр. Соның нәтижесінде, қоғамдағы ӛзгерістер мен сол қоғамдағы 
антропонимдердің арасындағы тығыз байланыстың арнайы зерттеу 
нысанасына айнала қоймауы осы жұмыстың жазылуына себеп. 
Қазіргі күнде қазақ антропонимдері әркімнің жеке қалауы бойынша 
үштік (тегі, аты, әкесінің аты арқылы), немесе екілік (аты, әкесінің аты 
арқылы) беріліп, бірізділік сақталмауда. Мұндай аса маңызды мәселеде 
бірізділіктің сақталмауы ұлтымыздың келешегі мен мәдениетіне кері әсерін 
тигізері сӛзсіз. Қазақ азаматтарына есімдер таңдауда, оларды құжаттарда 
жазу кезінде де орфаграфиялық, т.б. қателіктерге жол берілуде.
Тәуелсіздігінің 
29 
жылдық 
мерейтойын 
тойлағалы 
отырған 
мемлекетіміздің негізін қалыптастырушы ұлты болып табылатын 
қазақтардың антропонимдерінің әлі күнге дұрыс қолданылып, дұрыс 
жазылмауы, біздер үшін, жанымызға батар үлкен мәселе болып қалып 
отыр.
Егер қазақ азаматтарының антропонимдерінің жазылуын тез арада қолға 
алмасақ, ӛмірге келіп жатқан қаншама інілеріміз бен сіңлілеріміз орынсыз 
қолданылған есімдер мен дұрыс жазылмаған (орфографиялық қателермен) 
антропонимдерге ие бола бермек, ал бұл ӛз кезегінде ұлтымыздың 
мәдениетінің одан әрі асқақтауына үлкен тежегіш бола бермек. 
Бұл жұмысымызда осы қателіктер мен кемшіліктердің түп себептері 
мен олардың алдын алу жолдарын зерттеп, қарастырамыз.Тың ұсыныстар 
ұсынамыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет