№
|
Шығармалары
|
Шығарманың мазмұндық құндылықтары
|
1
|
«Бай баласы мен жарлы баласы»
|
Шыдамдылық,батылдық,сабырлылық,тапқырлылық,көрегендікке тәрбиелейді.Еңбекке деген қоғамдық, таптық козқарасты бейнелейді.
|
2
|
«Атымтай Жомарт»
|
Қайырымдылыққа, қарапайымдылыққа,мақтаншақ болмауға, азды қанағат етуге тәрбиелейді. Төрт түлігі сай бола тұра еңбек етуді, кем-кетік, жетім-жесірге көмектесуді ұмытпаған, тапкан малды орынды жұмсай білген Атымтай Жомартты жастарға үлгі етеді.
|
3
|
«Әке мен бала» әңгімесі
|
«Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың,азға қанағат етпесең,көптен құр қаларсың», — дейді.
|
4
|
«Асыл шөп» әңгімесі
|
Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты «сабыр» деген, -дейді. Сабырлылық,шыдамдылық,төзімділік,ұстамды болуға үндейді.
|
5
|
«Бақша ағаштары»әңгімесі
|
Тәрбие бағу-қағудан басталады деген ойды меңзейді. Тәрбиелі болуға, адамгершілікке, үлкенді сыйлауға үйретеді.
|
6
|
«Байұлы»әңгімесі
|
«Батаменен ер көгереді», «Баталы ұл арымас» — деген халық қағидаларының өміршеңдігін әңгімеге арқау етіп, жастарды қайырымды, ізгі жүректі болуға, жоқ-жітік, жетім-жесірге қамқоршы болуға үндейді.
|
7
|
«Алтын шекілдеуік»әңгімесі
|
«Не нәрсенің де құр сыртына қарап қызықпа,асылы ішінде болар»
|
8
|
«Тәкәппарлық»әңгімесі
|
Кішіпейілділіктен опық жемейсің, тәкәппарлық ұятқа қалдырады.
|
9
|
«Мейрімді бала», «Шеше мен бала», «Аурудан аяған күштірек»
|
Мейірімділік, рақымды болу, адамға жақсылық ету, төзімділік сияқты жақсы қасиеттерге баулиды. Бала әке-шеше алдында өзін мәңгі қарыздар сезінуі керек.
| Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |