Қазақ филологиясы және латын графикасын оқыту әдістемесі кафедрасы ­­­­



бет1/11
Дата27.06.2022
өлшемі54,95 Kb.
#37333
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты


Қазақ филологиясы және латын графикасын оқыту
әдістемесі кафедрасы ­­­­


ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СТИЛИСТИКАСЫ


Білім алушылардың оқу бағасының жетістіктері және бақылау материалдары


Тараз, 2017 ж
Кіріспе бақылауға арналған тапсырмалар
1-тапсырма. Берілген мәтіндердің өзіндік ерешеліктерін көрсетіңіз. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңыз.
1. Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Ауада дымқыл сыз бар. Таң салқыны қазір күздің суық желіне айналған. Маңайда қызарып солған қурайлар көп көрінеді. Бүрінен айрылған тобылғы да қуқыл реңді. Ұзарып сарғайған селеу мен бозғыл көде, жусан – бәрі де жел лебінен қалтырайды. Бас шұлғып елбек қағады. Қара жел қуған қаңбақ кең жазықта көп бұлыңдап, тынымсыз кезіп, жосып өтеді. Таң жаңада атқан. Салқын түннің қалың шығы жүргіншілердің аттарының тұяғын жылтыратып шашасына шейін суландырған (М.Әуезов).
Стиль тезі дегеніміз көркем шығарманың тілдік материалдарын белгілі бір ортаға немесе тарихи кезеңге, әдебиеттің белгілі бір бағытына, жанрына т.б. қарай үйлестіріп, таңдап қолдану. Айталық, романды тарихи стиль тезіне салып жазғанда, автор өзі суреттеп отырған тарихи кезеңге тән зат, бұйым, құбылыс, әрекет атауларын келтіруге тиіс, кейіпкерлерін мүмкіндігінше сол кезеңдегі тілдесу үрдісімен сөйлетуі керек, оның өзінде де әр кейіпкерді өзінің әлеуметтік орнына, тәрбие-танымына, жасына, жынысына қарай «сол кезеңше» сөйлеткені тіпті абзал. Әрине, ол үшін көп мехнаттану керек: іздену, барын табу, жоғын жасау қажет, бірақ ол жасағанын нанымды «табиғи» етіп ұсыну - тарихи дүние жазуға барған қаламгердің өз қолымен көтерген шоқпары. Ауыр шоқпар. Бірақ халқының бұдан 3-4 жүз жыл бұрын өткен тарихын көркем сөзде көрсеткің келген екен, бұл ауыр, тым ауыр жүкті мойныңмен көтересің. Міне, жазушы Мағауин осыны жақсы білген. Білген де, тарихи стиль тезіне салынған шығарманың тамаша үлгісін берген (Р.Сыздық).
3. Соңғы кездері Солтүстік Каспий мұнайының мол қоры әлем назарын өзіне аудара бастады. Жергілікті елжұрт арасындағы әңгіме арқауы да теңіз тағдыры, оның байлығы, халықтың қауіпсіздігі. Ол орынды да. Өйткені Маңғыстау аймағы үшін теңіз - тіршілік көзі. Теңіз табаны байлықтың бастауы. Бірақ сол мол байлықты игеру тыңға түрен салғандай, құпиясы көп жұмыс болуда. Содан болар теңіз кенішін игеруші шетелдік компаниялар тұрғындарды ашық әңгімеге жиі тартып келеді. Сондай бір келелі әңгіме, қоғамдық тыңдау Ақтауда «Аджип ҚКО» компаниясының ұйымдастыруымен өтті. Ол «Қашағанды» игерудің «Қоршаған ортаға тигізер әсерін бағалау» деп аталатын жобаны талқылауға арналды (Газеттен).
4. Осы шарт бойынша есеп айырысулар Кредит беруші белгілеген сома мөлшерінде теңгемен уақытылы жүзеге асырылады. Кредит берушінің осы шарт бойынша төлемді талап ету құқығы Қарыз алушының Кредит берушіге қарсы талабының есебінен өтелмейді.
5. - О, бейбақ, бейқам-ақ отыр ем, үшеуі бірдей үстіме қона кеткені. Көтеріп тұрып, бұрыш-бұрышқа лақтырдым да жібердім. Керегеге сүйеулі тұрған солдаттың бес атар мылтығын көтере сыртқа шықпақ ем, артымнан бұжырдың жабысқаны, о бейбақ, мылтықтың дүмімен жалғыз-ақ ұрып, құлаттым да, үй сыртында байлаулы тұрған жиренге мініп алып шаптым да кеттім. Гүрс-гүрс мылтық атылып жатыр. Дәл құлағымның түбінен ысылдап бір оқ өтті. Жирен жүйрік, оқ шығармай құтылармын деп едім, екі солдат тепеңдеп соңымнан қалар емес. Жазатайым кететінім анық. Жиреннің басын бос тастап, артыма бұрылдым да, тартып жібердім. Біреуі құлап түсті. О, бейбақ, жынымның келгені, екіншісі бұрылып алып кейін қашты (Р.Сейсенбаев).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет