Қазақ философиясының тарихи-мәдени бастаулары әбдімəлік Нысанбаев, Серік Нұрмұратов



Pdf көрінісі
Дата02.01.2017
өлшемі0,71 Mb.
#1043

34      Әл-Фараби  |  2 (38) 2012      

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ 

БАСТАУЛАРЫ

Әбдімəлік Нысанбаев, Серік Нұрмұратов 

Қазақ  философиясын  пайымдаудың  негізгі  өзектілігін  жалпы 

алғандағы  іргелі  гуманитарлық  ғылымдағы  жаңа  зерттеу  мүмкін-

діктерін айқындаумен және  мәселені тарихи-философиялық сипат-

та  қарастырумен  байланысты,  сонымен  бірге  ұжымдық  жұмыстың 

авторлары, негізінен, түркілік және қазақ ойшылдарының бұрыннан 

таныс  және  жаңадан  белгілі  болып  жатқан  еңбектерін  жүйелі 

түрде  дүниетанымдық-әдіснамалық  негіздемелер  арқылы  зерде-

леп,  ғылыми  айналымға  қосумен  байланыстыруға  болады.  Бұл  та-

рих  философиясы  және  философия  тарихы  мәселелеріне  деген  өзіндік 

жаңа  ғылыми  қатынастың  қалыптасып  келе  жатқанын  білдіреді  және 

қазақтың  философиялық  ойындағы  тарихи  тұлғалар  дүниетанымын 

шынайы  этнофилософиялық  тұрғылардан  қарастыруға  мүмкіндіктер 

кеңінен ашылатынын көрсетеді. Олардың ішінде қазақ философиясының 

көне  дәуірден  қазіргіге  дейінгі  жолын  тарихи  кезеңдеу  алға  шығады, 

этникалық  әлемдегі  адам  мәні  мен  оның  еркіндігі  мәселесі,  басқа 

этностың болмысындағы этникалық сана мәртебесі және т. б. мәселелер 

күн  тәртібіне  қойыла  бастайды.  Авторлардың  этнодәстүр  және  рухани 

сабақтастық  мәселелеріне  назар  аударуы  маңызды  және  әлемдік  фило-

софия  ауқымындағы  қазақ  философиялық  ойының  орны  мен  оның 

дамуының  мүмкін  деген  сценариясының  бағамдап  берілуі  өзектене 

түсуде. Мақала авторлары Қазақстандағы этнофилософияның орны мен 

рөлін нақты дәйектемелер арқылы анықтауға талпынады. Сонымен қатар 

осы  ғылыми  ізденіс  әрекеттерінің  нәтижелері,  яғни  оның  идеяларының 

кең  көлемде  паш  етілуі  біздің  Қазақстан  Республикасының  зияткерлік 

кеңістігі үшін ғана емес, ол сонымен қатар әлемдік философиялық ойдың 

әрқилы дамуының қоржынын толтыру үшін маңызды екенін танытады. 

Ұлттық философияның әлеуетін әспеттеп, дәріптеп, оны идеалдандыру да, 

оның рухани әлемдегі орнын мойындамай, қажеттілік қадірін төмендету 

де орынсыз екені белгілі.

Қазақстандық  философтардың  шығармашылығында  қазақ  филосо-

фиясының ежелгі түркілік дәуіріне арналған «Предфилософия протоказа-



Т

ЮРК

СКИЙ

 

МИР

     2 (38) 2012  |  Аль-Фараби     35

хов» (М.С. Орынбеков), «Становление исламской философии в Казахста-

не» (Ә.Н. Нысанбаев), «Тюркская философия: десять вопросов и ответов» 

(Ә.Н.  Нысанбаев,  Т.Х.  Ғабитов,  Н.Г.  Аюпов)  және  т.  б.  іргелі  еңбектер 

жарық көрді. Оларда ұлттық философиялық зерделеуде әмбебап тарихи 

контекске сәйкес келетін ерекше тетіктер бар екені көрсетілді. Ол әрбір 

тарихи  қауымдастық  мәдениетін  ерекше  құндылықтық  әлем  екендігін 

мойындаумен  байланысты  түсініктер  болып  табылады;  сонымен  қатар 

қазіргі кезеңде елімізде әмбебап қатынастарды насихаттайтын сұхбаттық 

философиялық негіздер қалыптасты десе де болады. Руханияттың имма-

нентті тарихына негізделген өзіндік дамыған философиясы жоқ ел өзіндік 

биік  деңгейдегі  дербес  рухани  болмыс  пен  дамуға  жете  алмайды,  ол 

бар уақытта өзге факторларға, ықпалдарға тәуелді болып отырады. Бұл 

бағыттағы мәселелерді шешу мақсатында біздің белсенді қатысуымызбен 

«Қазақ даласының ойшылдары» атты ғылыми топтаманың ауқымында 5 

томдық еңбек дайындалғанын атап өтуге болады, сонымен қатар «Мәдени 

мұра»  Мемлекеттік  бағдарламасы  аясында  20  том  болатын  топтама 

«Қазақ  халқының  философиялық  мұрасы»  деген  айдармен  тұңғыш  рет 

жарық көргенін атап өтуге болады. Біздің зерттеуімізде жоғарыда аталған 

еңбектерде  қол  жеткізілген  теориялық  және  әдіснамалық  тұрғыдағы 

жетістіктер де ескеріледі және жаңа тәсілдер қолданылады.

Ал  енді  алдағы  5  томдық  іргелі  академиялық  зерттеудің  мақсатына 

келетін болсақ, онда ол – ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі қазақтың 

философиялық  ойы  қалыптасуы  мен  дамуының  дүниетанымдық  негіз-

дерін  жүйелі және тұтастандырылған кейіпте зерделеу болып келеді. Жал-

пы  бес  томдық  топтаманың  бастапқы  томы  осы  үшжылдық  зерттеудің 

ауқымында  дайындалып,  жарық  көрмекші.  Сондықтан  қысқа  мерзімде 

қомақты іргелі істерді атқару мақсаты қысқартылған авторлық ұжыммен 

алға  шығарылды  және  оған  ғылыми  ұжымның  зерттеу  тәжірибесі  мен 

ғылыми әлеуеті жетеді деген ойдамыз.

Қазақ  руханиятын  философиялық  зерделеудің  мақсатына  дәйекті 

түрде жету үшін ғылыми зерттеу тобы алдағы жылдары мынандай өзара 

тығыз байланысты нақты негізгі міндеттерді алға қойып отыр:

–  қазақ  халқының  ежелгі  түркілік  замандардан  бері  қазіргі  уақытқа 

дейін  қалыптасқан  философиялық  ойының  эволюциясын  ғылыми 

жіктемелеулерден өткізіліп, дәстүрлі тарихи кезеңдеу сипаттары талдана-

ды және нақтыланады; 

– тарихи сана мен дүниетанымның әртүрлі формалары болып табыла-

тын мифологиялық, діни және философиялық әлемді түсіну мен игерудің 

алғашқы  рухани  көздері  мен  идеялық  бастаулары  анықталып,  олардың 



Қазақ философиясының тарихи және мәдени бастаулары

36      Әл-Фараби  |  2 (38) 2012      

Тюркский мир. Ә. Нысанбаев, С. Нұрмұратов

этникалық  әлемдегі  өзара  ішкі  құндылықтық  байланыстары  ашып 

көрсетіледі;

– түркі әлемінің рухани кеңістігіндегі маңыздылық танытқан еркін-

дік идеясының онтологиялық мағынасы және ондағы этномәдени сабақ-

тастықтар мен тарихи тамырластықтарды тарихи-философиялық тұрғыдан 

зерделеуден  өткізіліп,  этнофилософияның  ауқымында  анықталған  соны 

шығармалардың мәтіндеріне герменевтикалық талдаулар жасалады;

– Қорқыт Ата, әл-Фараби, Ж. Баласағұни, М. Қашқари, Қ.А. Иасауи, 

А. Иүгінеки, М.Х. Дулати, Қ. Жалайыри, Асан Қайғы және т. б. түркілік 

ғұламалардың  шығармаларындағы  түсініктер  мен  дүниетанымдық  ай-

шықтар заманауи талаптарға сай тарихи-философиялық тұрғыдан пайым-

далады;

–  қазақ  хандығының  қалыптасуы  мен  дамуы  дәуіріндегі  халықтың 



тарихи  санасындағы  философиялық  пайымдаулар  рухани-этикалық 

және  аксиологиялық  тұрғыдан  сарапталып,  этнофилософияның  өзіндік 

ерекшеліктерінің мәдени тарихи бастауларының сипаты анықталады;

–  қазақ  философиясына  тән  өзіндік  этнофилософиялық  белгілердің 

даму  көріністері  әлемдік  философияның  даму  үрдісі  ауқымында  тиіс-

ті  бағалаулардан  өткізіліп,  халқымыздың  рухани  әлемді  игерудегі  қай-

шылыққа  толы  тарихи  кезеңдеріндегі  өзгерістеріне  тиісті  зерделеу  мен 

пайымдаулар жасалады. 

Әлемдік  тарих  пен  философия  тарихының  біртұтас  дүние  ретіндегі 

қозғалысы халықтардың рационалдық әлемдегі басымдылықтар мен қан-

дай дүниетанымдық әмбебаптарды асыра дәріптегеніне байланысты екені 

тұжырымдалады.  Әрбір  ұлттық  сана  болмысты  өзіндік  философиялық   

сипатта байыптайды, өзіндік ұлттық бірегейленуін философиялық зерде-

леу арқылы қалыптастыруы мүмкін. Міне осыған орай қазіргі таңда еш-

бір ұлт классикалық рационализм кезеңіндегідей біршама жүйелі әмбе-

бап философияны, философиялық зерделеудің кешенін қалыптастырдым 

деп  айта  алмайды.  Мәселен,  классикалық  неміс  философиясы  кезеңі 

адамзатқа ортақ, әмбебап, әлемді танудың ерекше түрін, формасын жаса-

ды деген түсініктер бар. Дегенмен, кез келген философиялық зерделеудің 

типі, оның ішінде ұлттық типі өзіндік сұхбат түрінде, мәдени байланыс, 

салыстырмалы талдау түрінде дәлелденуі тиіс. 

Жалпы  ұлттық  философиялық  зерделеудің  басты  идеясы  –  фило-

софия  тарихындағы  классикалық  үлгілерге  қарап  танымды,  зерделеуді 

тікелей қалыптастыру емес, ол белгілі тарихи кезеңдегі уақыт пен кеңістік 

арасындағы  ерекшелікті  нақты  зерттеу  нысанының  қасиеттерін  қамту 

болып  табылады.  Міне  сондықтан  тарихи-философиялық  зерделеуде 



     2 (38) 2012  |  Аль-Фараби     37

Қазақ философиясының тарихи және мәдени бастаулары

нақты тарихилық тәсілінің маңызы зор, біздер осы тәсілді аксиологиялық 

тұрғыдан қолдануға талпындық. Философиялық зерделеудің ұлттық типі 

идеалға сәйкес келу философиясы емес, ол ерекше әлемді рухани игерудің 

қалыптасу философиясы. Жалпы нақты тарихилық ұстанымын қолдану 

терең  және  жалпылама  рефлексияның  арқасында  мүмкін  болары  анық. 

Ал  енді  философиялық  рефлексия  болса,  ол  әруақытта  бүкіл  Ғаламды, 

философия  ойының  тарихын  біртұтастық  ретінде  қарастырады,  міне 

сондықтан қалтарыста ескерусіз қалған даналық үлгілері болмауы тиіс, 

ол тұтастықты белгілі бір қосымша қасиеттермен нығайта түсері анық.

Елдің тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдары қазақ философи-

ясы рухани және саяси еркіндікті бекіте түсудің рәмізіне айналды. Соңғы 

жылдары  Қазақстанда  жарық  көрген  қазақ  философиясына  арналған 

шығармалардың  көбісі  оқу  құралы  сипатында  көрініс  беріп  келгені  де 

белгілі дерек болып қалып отыр. Мәселен, О.А. Сегізбаевтың «История 

казахской  философии.  От  первых  архаичных  представлений  древних 

до  философии  развитых  форм  первой  половины  ХХ  столетия»  (Алма-

ты. Ғылым, 2001. – 456 б.); Ғарифолла Есімнің «Хакім Абай» (Алматы, 

1994); «Фальсафа тарихы: Оқулық. Хрестоматия» (Алматы: Раритет, 2004. – 

304 б.); М.С. Орынбековтің «Ежелгі қазақтардың дүниетанымы» (Алматы: 

Ғылым, 1998.); Ж. Алтаев пен А.Қ. Қасабектің «Қазақ философиясының 

тарихы»  (Алматы,  1999.);  Т.  Бурбаевтың  «Ұлт  менталитеті»  (Астана: 

Елорда, 2001. – 248 б.); Ә.Н. Нысанбаевтың «Қазақ философиясы» (Те-

геран, 2002. – 237 б.) көптеген жылдар бойы жете мән берілмей келген 

этнофилософияның түбегейлі мәселелерін күн тәртібіне қоя білді.

Жоғарыдағы шығармалармен қатар ұсынылып отырылған ұжымдық 

жұмыс авторларының негізгі бөлігі «Ұлттық идея және қазақ философи-

ясы».  (Алматы,  2010.  –  265  б.)  деп  аталатын  ұжымдық  монографияны, 

«Ұлттық тәуелсіздік және қазақ философиясы». (Алматы, 2011. – 265 б.) 

атты  оқу  құралын  дайындады.  Г.Ғ.  Барлыбаеваның  «Эволюция  этиче-

ских идей в казахской философии». (Алматы, 2011. – 216 с.) және  Б.М. 

Сатершиновтың «Тарихи сана – тәуелсіздіктің рухани тұғыры». (Алматы, 

2011. – 291 б.) атты жеке монографиялары біршама мәселелерді нақтылай 

түсуге мүмкіндіктер ашты.

Қазіргі кезеңде Қазақстанда қазақ философиясының тарихы бойын-

ша бұрынғы теориялық зерттеулерді тұтастанған деңгейде жинақтайтын, 

жүйелейтін  бес  томдық  жаңа  іргелі  академиялық  топтаманы  жасаудың 

уақыты  келді.  Осындай  мағынадағы  нақты  ізденістік  ғылыми  қадамдар 

көрші жатқан кейбір елдерде жасалып үлгерді. Мәселен, жақын жылдары 

әзірбайжан және тәжік халықтарының ұлттық философиясының тарихы 



38      Әл-Фараби  |  2 (38) 2012      

Тюркский мир. Ә. Нысанбаев, С. Нұрмұратов

көптомдық көлемде топтама ретінде жарыққа шығып жатыр. Бұл дерек-

тер  шығармашылық  ұжымның  қазақ  философиясының  тарихын  жүйелі 

және  тұтастанған  кейіпте  әрі  қарай  зерттеуіне  нақты  негіздеме  болады 

деген  ойдамыз.  Өз  халқының  рухани  байлығын,  құндылықтар  жүйесін 

тиісті деңгейде бағалай алған халық қана әлемдік өркениеттің алдында 

өзін лайықты деңгейде сезіне алады.

Жалпы  түрік  және  қазақ  философиясының  рухани-этикалық  және 

аксиологиялық мағынасын тұтастаған және жүйелі талдаудың көмегімен 

қазақ  халқының  тарихи  рациональділіктің,  ділдің,  дүниетанымдық  бағ-

дарларының ерекшеліктері анықталады. Әл-Фараби сияқты аса көрнекті 

философтың пайда болуын түсіндіру үшін дүниежүзілік тарих пен фило-

софия тарихының ішкі байланысы мен сабақтастығына сараптаулар жа-

сауымыз керек. Бұл әдіснамалық тұрғыдан қолданылып жүрген ғылыми 

тәсіл  екені  анық.  Яғни  әл-Фарабидің  көзқарасы  ұстаздарының  (тікелей 

және  түпкі)  ілімдерімен  астасып  жатады.  Платонды,  Аристотельді, 

Плотинді  және  т.  б.  философтарды  жан-жақты  қарастыра  отырып,  ұлы 

ойшылдың  философиялық  жүйесіне  әмбебап  кілтті  таба  аламыз,  содан 

кейін ғана оның рухани мұрасын тиімді деңгейде қолдана алатынымыз, 

жете  түсінетініміз  анық.  Әл-Фарабидің  еңбектерін  зерттеуші  ғалымдар 

осы принциптерге сүйене отырып, біршама табыстарға жетті де, қазіргі 

кезеңде  ұжымдық  монографиялар  шығарылып,  ғылыми  ізденістердің 

нәтижесін білдіретін диссертациялар қорғалуда. 

Біздің  пайымдауымызша  алғашқы  рет  қазақстандық  және  әлемдік 

философияда  тарихи  процестегі  қазақ  философиясының  тұтастанған 

табиғаты жөнінде түсініктер тұжырымдалады. Ол жете бағаланбай кел-

ген  этнофилософияның  мәніне  жаңаша  кейіпте  қарауға  мүмкіндіктер 

ашады.  Әзірге  зерттеулерде  үзіктенген,  шолақ  сипатта  бейнеленіп 

жүрген рухани сабақтастықты нақты және ғылыми қарастыратын мезгіл 

жетті.  Халықтың  даналығының  рухани  сабақтастығы  жай  ғана  тарихи 

оқиғалардың  тізбегінен  түбірлі  айырмашылығы  болады,  ол  этномәдени 

дамудағы түркі әлемінің мифологиялық түсініктерінен қазақ этносының 

біртұтастанған  дүниетанымының  қалыптасуына  дейінгі  үрдістерден 

байқалады. Жоғарыда аталған жаңа көзқарастардың арқасында философия 

тарихы бойынша зерттеулерде, дүниені пайымдауларда нақты тұтастық, 

мәселелерді түсіндірудегі толықтық және этностың болашағына байланы-

сты өмірмәндік өлшемдер бағамдалады. 

Нағыз адами қоғамның талаптарына жауап беретін халықтың мәдени 

мұрасына  ерекше  қатынастарды  байыптайды  және  әлеуметте  жаңа 

әлеуметтік қатынастардың қалыптасуын қамтамасыз ететін ғылыми жаңа-



     2 (38) 2012  |  Аль-Фараби     39

Қазақ философиясының тарихи және мәдени бастаулары

лықтарды зерттеу арқылы жаңа шешімдер сипаты оқырманға ұсынылады. 

Әлемдік  деңгейдегі  әлеуметтік  және  ғылыми  кеңістіктегі  пәрменді 

бәсекеге толықтай қабілетті болу үшін болашақтағы ұлттың кемелденуі 

мен қоғамның іштей бірігуі үшін қазіргі әлеуметтік саланың жаңаруы мен 

өзгеруі кезеңінде үлкен маңызға ие болары анық.

Түркілік  дәстүрлі  дүниетанымның  этикалық,  онтологиялық  және 

антропологиялық мәселелерін зерттеудегі ғылыми нәтижелері болашақ-

та  еліміздегі  сапалы  оқулықтарды,  оқу  құралдарын  қалыптастыруда, 

қазақ философиясы мен мәдениетінің тарихы бойынша арнайы курстар-

ды  дайындауда,  сонымен  қатар  этникалық  болмыстың  рухани  қалыпта-

суы мәселесін ашуда пайдалануға болады. Жоспарланған мәселені зерттеу 

барысында  авторлық  ұжым  алдымен  нақты  тұтастанған  тұрғыда  қарас-

тыруды  қолданады.  Ол  тарихи-философиялық  мәселені  гуманитарлық 

білімнің  әртүрлі  салаларымен  өзара  байланыста  қарастыруға  мүмкіндік 

береді. 


Әдіснамалық жағынан алғанда негізін келесі тәсілдер ретінде қалып-

тастырады:  жүйелі  талдау  тәсілі,  аксиологиялық  тәсіл,  тарихи  рекон-

струкциялау  (қайта  жаңарту)  тәсілі  және  т.  б.  Әдіснамалық  құралдар 

ретінде  тарихилық  пен  логикалықтың  өзара  байланыс  әдісі,  салыстыру 

тәсілі, жалпылау  және  типтендіру,  тарихи-философиялық  және  мәдени-

философиялық  талдаудың  ұстанымдары  мен  тәсілдері  қолданылады. 

Зерттеу пәнінің ерекшелігі кешенді зертеуді талап етеді және ол зерттеу-

дің  әртүрлі  тарихи-философиялық  тәсілдерін  жасампаздықпен  қолда-

нуды қажет етеді. 

Ғылыми мағынадағы жұмыстың маңыздылығы тұтастанған тұрғыда 

ежелгі  заманнан  қазіргі  кезеңге  дейінгі  қазақ  философиялық  ойының 

негізгі  бағыттары  мен  сипатты  қырларын  анықтауында  болып  тұр. 

Практикалық  тұрғыдан  алғанда  негізінен  нақтыланған,  дамытылған 

идеялардың  маңыздылығы  қазіргі  Қазақстан  Республикасында  нақты 

түрде  қалыптаса  бастаған  жаңа  философия  тарихын  дамытудың  негізгі 

іргелі қағидаттарын ғылыми формада бекітуде екені айқын болып отыр. 

Қазақ  философиясын  зерттеудің  бірегейлігі  мен  ерекшелігі  –  фило-

софиялық  зерделеудің  ұлттық  типін  тұтастанған  формасында  қарас-

тыруда  және  түркі  мен  қазақ  философиясының  қалыптасуын  барынша 

кешенді зерттеуде болып табылады. Философиялық зерделеудің ұлттық 

типін  іздеу  идеясы  реконструкция  және  герменевтикалық  тәсілдерімен 

зерттеу  арқылы  жүзеге  асады,  түркілік-исламдық  және  қазақтық  руха-

ни  ілімдерді  салыстыру  қазақ  ойшылдарының  этикалық  көзқарастарын 

жаңаша  қарауға  мүмкіндіктер  ашады.  Өзінің  дамуындағы  жаңа  кезеңге 



40      Әл-Фараби  |  2 (38) 2012      

Тюркский мир Ә. Нысанбаев, С. Нұрмұратов

өтудегі қазіргі Қазақстан үшін жоғарыда айтылғандар маңызды, өйткені 

ұлттың ішкі, рухани өзіндік анықталуы мәселесі қазіргі индустриалды-

инновациялақ даму жолына түскен тарихи кезеңнің өзінде алға шығуда. 

Сондықтан  зерттеудің  нәтижелерін  гуманитарлық  ғылымның  және  қо-

ғамдық практиканың әртүрлі салаларында және қазақстандық қоғамдағы 

этносаралық  және  дінаралық  қатынастарды,  конфессияаралық  қатынас-

тарды барынша үйлесімді нығайтуға тиімді қолдануға болады.  

Мәселен,  еліміздің  руханиятын  зерделеуге  қатысатын  этнопсихо-

логия,  диаспоратану,  этнология,  философия  тарихы,  мәдениеттану,  эт-

нопедагогика  сияқты  салалардағы  әдіснамалық  және  дүниетанымдық 

мәселелерді  теориялық  тұрғыда  шешу  үшін  және  қоғамдағы  білім 

беру  саласында  руханилық  және  рухани  сабақтасу  мәселесін  жаңаша 

түсіну  үшін  қазақ  философиясын  биік  деңгейде  жүйелеу  қажет.  Әрине, 

ғылыми  ізденістердің  жалпы  болашақтағы  орындалу  көлемі  үлкен  бес 

томдық ұжымдық монография түрінде түзілуі жоспарланып отырғанмен 

қазақтың ұлттық санасының даналық үлгілері бұл ауқымнан асып кетері 

анық.  Сондықтан  бұл  ұжымдық  жұмыстың  ерекшелігі  –  ұлттың  сан 

ғасырлық өткенінде қалыптасқан тарихи рационалдық байлықтың інжу-

маржандарын  дұрыс  тере  білуде  және  оларға  лайықты  философиялық 

түсіндірмелер беру арқылы сапалы ғылыми дүниені ұсынуда.

Әдіснамалық,  тарихи-философиялық  негіздерін  анықтау  арқылы 

зерттеудің  жалпы  концептуалдық  бағдарын  қалыптастыруға  болады. 

Қазақ халқының философиялық ойының қалыптасуы мен дамуы тарихын 

зерделеу және оған жаңаша ғылыми-теориялық негіздерді анықтау зама-

науи өткір проблема. Осыған ұқсас ғылыми проблемалық жағдайларды 

барлық түркі тілдес халықтар қазіргі кезеңде басынан өткеруде. Әрине, 

басқалар  өзімізге  тиісті,  рухани  құндылықтарымызға  қатысты  ғылыми 

міндеттерді атқарып бермейтіні де белгілі. Сондықтан осы бағыттағы кез 

келген қадам қиын болса да игілікті нәрсе екенін атап өтуге болады.

Қазақ  халқының  тарихи  санасында  өзектенген  этнофилософиялық 

ойлардың идеялық, танымдық терең бастауларын анықтау арқылы ежелгі 

түркілік  әлемде  қалыптасқан  әлемнің  құндылықтық,  философиялық-

дүниетанымдық негіздерін объективті ғылыми түрде сараптауға болады. 

Жалпы халқымыздың этникалық дүниедегі көрініс берген мифологиялық, 

мәдени, әлеуметтік-психологиялық, идеялық, рухани-этикалық құрылым-

дарын  тарихи-философиялық  тұрғыдан  сипаттау  бір  сәттік  формалды 

іс  емес.  Ол  түркілік  және  қазақ  діліне  сәйкес  келетін  этикалық,  этно-

психологиялық,  аксиологиялық  ұстанымдарға  ғылыми  сипаттамалар 

берудің жаңа ғылыми үлгісін жасаумен астасып жатады.



     2 (38) 2012  |  Аль-Фараби     41

Қазақ философиясының тарихи және мәдени бастаулары

Кез  келген  тарихи  этникалық  эволюция  саласында  жасампаз  рөл 

атқарған  ойшылдардың  даналығына  философиялық  байыптамалар 

жасаудың  негізінде  тек  теориялық  қадамдар  ғана  емес,  сонымен  қатар 

қазіргі заманның адами қатынастарын жетілдіруге көмектесетін рухани-

практикалық  мағынадағы  әрекеттер  де  орын  алады.  Демек,  қазақ  руха-

ни  кеңістігіндегі  тарихи  тұлғалардың  көзқарастарының  жасампаздығы, 

кемелдігі мен тереңдігі олардың философиялық жүйесінен кейін де ру-

хани сабақтастықпен жалғасуы тиіс, яғни тарих сынағынан өтіп қазіргі 

жастарға рухани азық болуы да шарт.

Ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі түркілердің және қазақтардың 

этикалық,  эстетикалық  және  рухани-адамгершілік  әлемін  жүйелеуден 

өткізу ұлттың рухани кеңістігі мен басқа елдердің философия тарихында 

кездесетін рационалдық парадигмаларға салыстырмалы талдаулар жаса-

умен байланыстыру, ғылыми-зерттеу барысында қомақты нәтиже береді 

деген  ойдамыз.  Жалпы  этникалық  философиялық  ойдың  мегатарихтық 

біртұтас картинасын жасау оның руханият әлемін жүйелі түрде қарастыру 

арқылы жүзеге асуы мүмкін. Міне сондықтан ғылыми сараптаудың салы-

стырмалы талдау әдісіне сүйене отырып қазақтың тарихи интеллектуалдық 

кеңістігіне  объективті  сипаттамалар  беруге  болатынына  шүбә  келтіруге 

болмайды.

Қазақ халқының этнофилософиясы ауқымындағы өткені мен қазіргі 

кезеңдегі еліміздегі рухани ахуалды, үрдісті талдаудан өзара салыстыр-

малы талдауды өткізу, тәуелсіздік дәуіріндегі қазақстандық қоғамды ру-

хани жетілдірудің және дамытудың рухани-адамгершілік және пәрменді 

эволюциялық  мағынадағы    негіздерін  анықтауға  көмектеседі.  Сонымен 

қатар,  қазақ  философиясы  тарихының  этикалық  және  аксиологиялық 

қырларын ашып көрсету құндылықтық талдау арқылы халық философия-

сы тарихының жасампаз элементтерін анықтауға мүмкіндік береді.

Тарихи  процестегі  қазақ  халқының  рухани  жаңғыруының  әр  түрлі 

соқпақтары мен өзіндік тәсілдерін тарихи тұлғалардың дүниетанымдық 

жүйелерін  зерделеу  арқылы  көрсету  жалпы  ұлттық  философиялық 

ой  тарихын  тұтастанған  сипатта  талдауға,  руханиятты  нақты  түрде 

қарастыруға  көмектеседі.  Сонымен  қатар  ұлттық  мәдениеттегі  рухани 

және  идеялық  сабақтастықты  тарихи-философиялық  дәйектеу  арқылы 

тұжырымдауға  болады.  Ұлттық  философиялық  мәдениет  саласындағы 

рухани сабақтастық, оның мәндік және құбылыстық сипатына тереңдеу 

жаһандану заманындағы ұлттық-этникалық бірегейленудің маңызды фак-

торы  екенін  жоғарыдағы  ұжымдық  зерттеуді  табысты  орындау  арқылы 

жүзеге асатынына сенуге болады.



42      Әл-Фараби  |  2 (38) 2012      

Нысанбаев A., Нурмуратов C.

Культурно-исторические истоки казахской философии

В научной статье определены концептуальное видение историко- философ-

ского  анализа  этнофилософии  с  древнего  тюркского  периода  до  сегодняшних 

дней. Актуализируется смысл мифологического, религиозного и философского 

мировоззрения казахского народа, являющегося духовными и идейными исто-

ками этнического освоения мира. Рассматривается онтологический смысл идеи 

свободы в духовном пространстве тюркского мира в контексте этнокультурной и 

исторической преемственности.



Nysanbaev A., NurmuratovS.

Cultural and Historical Origins of the Philosophy of the Kazakhs

It is used in the article the conceptual vision of the historical and philosophical 

analysis  from  ancient  Turkic  period  till  the  present  day.  The  authors  actualize  the 

meaning  of  the  mythological,  religious  and  philosophical  outlook  of  the  Kazakhs, 

spiritual and ideological origins of the ethnic development. The authors consider the 

ontological meaning of the idea of freedom in the spiritual space of the Turkic world 



in the context of ethno-cultural and historical continuity.

Тюркский мир. Ә. Нысанбаев, С. Нұрмұратов


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет