Қазақ фольклорының тарихы



Дата11.03.2022
өлшемі0,61 Mb.
#27602

Құда түсу салты

Құда түсу -қазақ халқының ежелден келе жатқан,әлі де қолданыста бар жақсы дәстүрлердің бірі.

Жігіттің әкесі немесе оның жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі, яғни бойжеткен қызын сұрайды. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп саналады. Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғыларын жасайды. Оның түрі өте көп, мысалы: құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр, тағы басқа ырымдары мен кәде алымдары болады.

Құдалықты басқарып барған адам “бас құда” деп аталады. Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әкелері бір-біріне “бауыздау құда” деп аталады.

Құда аттандырар Құдаларды қарсы алу қандай жауапты әрі қызықты салт болса, кетерде аттандыру да сондай міндетті жүктейді. Оларды риза етіп аттандыру бүкіл ағайын-туғанның бірлігі мен үлгі-өнегесін дәлелдейді. Құдалардың көлігін дайындап, жолға шығару да тойдың соңғы қызметін көрсетеді. Қыз жеңгелері мен жас әйелдер құда аттандырар деген кәде алады. Жалпы кәде алу пайда табу емес, ұлт дәстүрі мен ойнақы мінезінің ғана айғағы деп тану керек.

Құда тарту Құда тарту құда түсе келгенде, құдалыққа барғанда жігіт жағынан келген құдаларға жасалады. Құда тарту құдалық мәселесі шешіліп, құдаларға құйрық-бауыр тартылып, құдалық әбден қызған сәтте, бір топ әйелдер құдаларға шашу шашып, Құда тарту кәдесін бастайды. Құдаларға жеке-жеке талап қойып, біріне ән салдырса, екіншісіне күй тартқызып, үшіншісіне жұмбақ шештіріп, жаңылтпаш айтқызады. Талапты орындай алмағандар “құда тартарыңды” ал деп, ақшалай не заттай кәдесін береді. Егер құдалардың тарту-таралғысына көңілі толмаса, құдағилар: “суға сүйрейміз, басына құрым қалпақ кигіземіз, құдалардың бетіне ұн, күйе, батпақ жағамыз” деп қорқытып, қалжыңдаған. Құда тарту ырымын жасағанда қандай қиын талап қойылса да құдалар мойынсұнып, артын әзіл-қалжыңға бұрып, реніш білдірмеген. Құда тарту кәдесі кей жерлерде ойын-сауық кеші ретінде өткізіледі.

Ат байлар — күйеу жігіт қалыңдығының аулына тұңғыш рет барғанда орындалатын кәде. Күйеу қалыңдық аулына алғаш келгенде ауылға баса-көктеп кірмей, алыстан аттан түсіп, ізет білдіреді. Күйеу атын қарсы алушылардың біреуі жетелеп апарып байлайды. Осы үшін күйеу кәде береді. Бұл кәде көшпенділердің қадым замандағы бір-бірімен келіссөзге, бітімге келгенде қару-жарақтарын шешіп, аттарынан түсіп жаяулап барып жүгініске отыру дәстүрінен қалған.

Құйрық-бауыр Қазақ жолында құда түсіп сөйлесіп, құдалық бекіскенде, қыздың әке-шешесі құдаларының алдына әкеліп малға бата жасатады, ақ сары бас қойын сояды. Мол ет асады, кәделі жілігін түгел қалдырмай асады. Көрші-қолаңдарын қалдырмай шақырады. Алдымен езіліп піскен қойдың май құйрығын әдемілеп ұсақтап турайды да оның үстіне шала піскен қойдың бауырын ұсақтап турап араластырады. Оның үстіне азырақ ырымдап ақ ыдыстан айран құяды да, құдалардың алдына әкеліп қояды. «Құйрық-бауыр жедік, құдай дестік, құда болдық» деп құдалықты осы кәдемен бекітеді. Оны қазақ кәдесінде «құйрық-бауыр» деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет