«Қазақ фольклористикасы» пәнінен Тест тапсырмалары «Фольклор» сөзі ең алғаш рет қолданылған газет: атенаун



Дата28.12.2022
өлшемі23,5 Kb.
#60107

«Қазақ фольклористикасы» пәнінен Тест тапсырмалары



  1. «Фольклор» сөзі ең алғаш рет қолданылған газет: атенаун

  2. Жамбыл Жабаевтың атын шығарған алғашқы айтысы қай ақынмен өтті?Құлмамбет

  3. «Елдің тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпына байланысты туған сюжетсіз ұсақ өлеңдерді «тұрмыс-салт жырлары» – деген тұжырымның иесі: Ә.Қоңыратбаев

  4. «Ел ақындығы: елдің жазу өнерін білмей тұрған кезінде шыққан өнер»,– деген тұжырымның иесі: М.Әуезов

  5. Ат басындай ақ бұлт Алла, сенен тілеймін… деген үзінді тұрмыс-салт жырларының қай түріне жатады: Күн жайлату

  6. Р.Бердібайдың шешендік өнерге қатысты жазылған мақаласы қалай аталады:Билер сөзінің фольклорлық сипаты

  7. Қазақ халқына кең тараған, төл туындысындай тараған, шығыстан келген ғашықтық (романдық) эпос: Жүсіп Зылиқа,Ләйлә-Мәжнүн,Хұсрау Шырын,Тахир Зухра Бозжігіт Сейфүләмәлік

  8. Фольклорда даңқты есімдер болмайды, ондағы көркем сөз авторы – әркез халық» деген тұжырым жасаған орыс фолькорисі? Белинский

  9. Аңшы-мергендер жайындағы ертегілердің (өйткені мұнда айдахар тотемінің ізі бар) ең көнесі: Алтын мүйізді киік; Ұшар ханның үш баласы; Айдахар

  10. Бар оқиға негізгі кейіпкер – қарапайым бақташы баланың басына топтастырылып, баланың ерлік істерін баяндайтын ертегі: Күн астындағы Күнекей

  11. Фольклор мен әдебиеттің байланыстылығы проблемалары көтерілген «Кәусар бұлақ» еңбегінің авторы:Рахманқұл Бердібай

  12. Батырлық ертегілердегі «эндогамия» заңына сәйкес батырдың әрекеті:бір рудан шыққан қызға үйленуі керек

  13. Бүгінгі күнде үй-іші салтына байланысты туындаған өлең-жырлардың ішінде қолданыстан шыққан түрі: аушадияр?

  14. Қанаты бүтін сұңқар жоқ, Тұяғы бүтін тұлпар жоқ... деген жыр жылдары тұрмыс-салт жырының қай түріне жатады: Естірту

  15. Белгілі ақын Ығылман Шөрековтың қаламынан шыққан тарихи жыр: Исатай-Махамбет

  16. Қаңғырған қаңбақпен сөйлесіп, ханның қателігін бетіне басқан аңыз кейіпкері: Жиренше

  17. Эпостық жырдан келтірілген үзіндіні айтушы кейіпкер:

  18. Эпостық жырлардағы оқиға бас кейіпкердің іс-әрекетімен байланысты әдіс қалай аталады: Тізбектеп жырлау

  19. Жәнібек ханның Жиреншеге әйелінің өлгенін хабарлауы – ауыз әдебиетінің қандай жанрға жататынын көрсетіңіз: Естірту

  20. «Айтысты формасына қарай емес, туған дәуірінен, мазмұнына қарай бөліп, коллективтік, қайымдық, даралық айтыс деп бөлу мақсатқа жақынырақ» – деген кім? Ә.Қоңыратбаев

  21. Авторлық шығармалардың жасалу әсілі, көркемдік деңгейі түрліше екенін танытатын «Жанқожа батыр» жырының оқиғасы қай ғасырдан алынған? 19 ғасыр

  22. Афоризмдер жиі кездесетін, жануарлар жайлы қазақ ертегілерінің бір түрі:Мысал ертегі

  23. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын жазып алып, осы тақырыпта поэма жазуды жоспарлаған орыс ақыны: А.С.Пушкин

  24. Халықтың өткендегі тарихын, тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын жақсылап зерттейміз десек, ауыз әдебиетін білуге тиіспіз» – деген пікірдің авторын атаңыз? А.М.Горький

  25. Бағзы бір замандарда болыпты-мыс делінетін оқиғаларға немесе пайғамбардың, әулие-әмбиелердің ғажайып істерін баяндайтын діни сюжеттерге негізделген фольклорлық прозаның көркем үлгісі: әпсана-хикаят

  26. М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» кітабының жарық көрген жылы мен

жері: 1927 жылы Ташкент-Қызылорда жарық көрген

  1. Қазақ фольклорының классификациясына қатысты еңбек жазып, халық ауыз әдебиетінің 46 түрін атап көрсеткен кім: Халел Досмұхаммедұлы

  2. Нысанбай жырлаған «Кенесары-Наурызбай» жыры – ауыз әдебиетінің қандай жанрына жатады: Тарихи жыр

  3. Ш. Уәлихановтың қазақ фольклорын жанрларға саралап зерттеген еңбегі: Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы

  4. Малды аман алып қалмақ боп ел-жұрттан шығандап кеткен бауырларын іздеп шыққан қаһарманды суреттеген қиял-ғажайып ертегісі? Ер Төстік

  5. Ауыз әдебиетінің жазба әдебиетінен негізгі айырмашылығын көрсетіңіз: Авторсыздығы,көпнұсқалылығы,дағдыға айналған сөздер көптеп кездеседі

  6. «Алтын сақа» ертегісінде бай мен жалмауыз не деп келісті:бай баласын жалмауыз кемпірге беремін деп келіседі нақты жауап емес

  7. Қазақтағы тарихи өлеңдердің ең алғашқы үлгілерінің шыққан кезеңі: 16ғасыр

  8. «Қазақ халық ауыз әдебиетінде дін сеніміне байланысты туған шығармалар шамандық дәуірде көп құдайға сенуден туындаған» – деген пікірді айтушы кім? Ш.Уәлиханов

  9. «Аяз би» ертегісіндегі қай кейіпкердің сөзі: – Гауһар тасым бар, ол тастың Сүлейменнің жүзігіндей, Мұсаның асасындай, Дәулеттің қоржынындай қасиеті бар, сол тасымның қасиетін тап…Ханның сөзі

  10. Ойсыл қара – қай түліктің пірі болып саналады? Түйе

  11. «Кейде бүкіл бір ертек жұмбақтан тұрады. Ертеде ердің даналығын, жүйрікпен сынау машық болған...» – деген тұжырымның иесі:М.Әуезов

  12. Жазба стилі басым айтыстың түрі: жұмбақ

  13. Жамбыл Жабаевтың атын шығарған алғашқы айтысы қай ақынмен өтті? Құлмамбет

  14. «Жоқтау» өлеңінің жанрлық сипаттамасын көрсетіңіз: Өлген кісіні жоқтау мақсатында айтылады

  15. Халық ауыз әдебиетінің жанрлық үлгілері жинақталған «Аламан» жинағының авторы: Х.Досмұхамедұлы

  16. Төмендегі аталған жырлардың қай түрін А.Құнанбайұлы жазып алып, тапсырған:

  17. Сыңсуға жауап ретінде, әрі қызға ақыл-кеңес беру мақсатында айтылатын тұрмыс-салт жырының түрі? Беташар

  18. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасының тақырыбы: Сүйіспеншілік мәселесі жаңаша,сол кезеңге сәйкес түсіндіріледі

  19. «Базарда теңге болсаң, пұл боларсың, Қолыңа құрық алсаң құл боларсың.Айман-Шолпан жыры

  20. Батырдың айтқан сөзі рас болса, Қолыма су құятын күң боларсың, - деген үзінді келтірілген жыр: Айман-Шолпан жыры

  21. Фольклортанушы Ә.Қоңыратбаевтың кітабын көрсетіңіз:Қазақ фольклорының тарихы;

  22. «Қаңбақ шал» ертегісі – ертегі жанрының қай тобы: Сыншыл ертегі (қиял-ғажайып деген де келеді)

  23. Тұрмыс-салт жырының қай түріне жатады: «Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай, Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай! Үш жүздің баласынан үш кісі айтсам, Қалар ма екен жаның-ай!» Жоқтау

  24. «Алпыс үйлі арығы, Тоқсан үйлі тобыры. Қайнады майға қазаны...
    «Тайлақтың енді аман бол, қалған елі Арқаның сен де аман бол, қоңыр желі...», – деп, туған жерімен қимай қоштасатын лиро-эпос жырындағы қыздардың аты: Ай мен Таңсық

  25. «Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, Батыр болсаң жауға найзаң тисін...». Әйтеке би

  26. Айтыста Сараның Біржаннан жеңілуінің басты себебі: Теңсіздіктің шырмауы

  27. «Қаратаудың басынан көш келеді» өлеңінің шығу тарихы: 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы

  28. Ертегі не себепті үнемі жақсылықпен аяқталады: Адам жаны жақсылықты аңсағандықтан,арман-қиялында үнемі жақсылық жеңгендіктен

  29. Ертегілерді қиял-ғажайып, хайуанат жайындағы, салт ертегілері деп бөлген ғалым: М.Әуезов

  30. Айман-Шолпан» жырындағы Көтібардың баласының аты: Есет

  31. «Би атағын алу үшін, біріншіден, әдет-ғұрып, заң жобаларын жатқа білу керек...» – деген тұжырымның иесі: Ш.Уәлиханов

  32. Ертедегі тотемдік ізі бар фольклордың көне үлгілерінің бірі? миф

  33. «… Жылқы басса үйіңді, Жимай бассын үйіңді, - деген үзінді халық ауыз әдебиетінің қандай жанрына жатады: Төрт-түлік мал туралы

  34. Аңыз кейіпкерін анықтаңыз:Қорқыт

  35. Төмендегі шешендік сөздің айтушысы, шешен, биді көрсетіңіз:Әйтеке Байбекұлы

  36. Ертегіні – халық прозасының басты жанры ретінде зерттеген С.Қасқабасовтың еңбегі:Қазақтың халық прозасы Таңдамалы еңбегі

  37. Жоқтаулардың мәнін талдай келіп, оларды қазақ эпикалық жырларын туғызған негіздердің бірі деп санаған белгілі ғалым:Мұхтар Әуезов

  38. Айтыстың ең көне түрін анықтап көрсетіңіз: Бәдік айтыс,жар-жар айтысы

  39. Алпамыс батыр» жырында әкім болып жұртты жеп жүрген «азамат» кім: Ұлтан

  40. «Қыз Жібек» жырының оқиғасы қай ғасырда пайда болған? 16-18 ғасыр

  41. «Әуелеп ұшқан алты қаз, Жерге түсіп көлбейсің…» деген жыр жолдары келтірілген жыр: Қыз Жібек жыры

  42. Аңыздардың 1) мифологиялық, 2) тарихи сипатына байланысты бөлінетіндігін «Қазақ фольклорстикасының тарихы» еңбегінде атап көрсеткен зерттеуші? Ә.Қоңыратбаев

  43. Абай Құнанбаев қандай лиро-эпостық жырды ел ішінен жазып алған? Қозы Көрпеш Баян сұлу

  44. «Мақал-мәтелдерді: 1) аңыздық, ертегілік мазмұннан шыққан мақалдар; 2) тарихи оқиғалар негізінде туындаған мақалдар; 3) ақын, жазушылар шығармасынан алынған мақалдар» – деп топтастырған ғалым?

  45. «Наурыз жыры» - халық ауыз әдебиетінің қандай жанрлық түріне жатады: Тұрмыс-салт жырлары (маусымдық ғұрып фольклоры)

  46. «Алла, сенен тілеймін...», - деп басталатын өлең жолы тұрмыс-салт жырының түрі: Күнжайлату

  47. Қыз-бозбалалардың әзілі және ауру малға арналып айтылатын қазақ халық өлеңдерінің бір түрі? Бәдік

  48. Белгілі ақын Нысанбай жырлаған тарихи жыр: Кенесары-Наурызбай тарихи жыры

  49. Фольклорды зерттейтін ғылым қалай аталады? Фольклортану


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет