Қазақ хандығындағы жыраулар мұрасы Жер қойнауының сырын ашқан атаулар



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата12.03.2017
өлшемі5,34 Mb.
#8857
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

www.anatili.kz

e-mail: anatili_gazetі@mail.ru

www.twitter.com/anatilikz

www.facebook.com/anatilikaz

№26 (1284) 

2 – 9 шілде 

2015 жыл


Сөзi жоғалған 

жұрттың 

өзi де жоғалады

1990 жылғы 

наурыздың 22-сiнен 

бастап шығады

Құт дарыған 

Астана

6-7-бет

11-бет

4-бет

Шаңырақ

Қазақ хандығындағы 

жыраулар мұрасы

Жер қойнауының 

сырын ашқан 

атаулар

Жыр Жолдарынан

Тәуелсіздік таңы – ару Астана, 

Тебірентіп тіл бітірген тасқа да. 

Топырағында Ясауидың рухы бар, 

Түркі әлемі дейді сені Бас қала.

Жұлдыздарды шашу етіп шашыңа, 

Айды тәж ғып кидің бе екен басыңа. 

Жаратқанның жаралғандай нұрынан, 

Ғашық болар келген адам қасыңа.

Жұртым десе жүрегінен жас тамған, 

Тоныкөктен, Абылайдан басталған. 

Төле, Әйтеке, Қазыбек би арманы, 

Азаттықтың көк Туымен расталған.

Көз жауын ап жауқазындай жайқалар, 

Күн сипатты емес деп кім айта алар. 

Күлтегіннің, Атилланың тұлпары 

Киесі бар Елтаңбадан байқалар.

Ұлдарымды сегіз қырлы сері етіп, 

Қыздарымды күлкісі наз ерке етіп. 

Әнұраның әлдилейді әрдайым, 

Бейбітшілік бесігінде тербетіп.

Елбасының саусағымен өрілген, 

Ұлт келбеті дидарыңнан көрінген. 

Қыдыр қонып, құт дарыған, Астана, 

Бақ кетпесін, тақ кетпесін төріңнен!..

***

Арман тауымдағы ән қыранымсың, 



Болашаққа бастар шамшырағымсың. 

Бостандықтың бақыт байрағын тіккен, 

Азаттықтың алтын шаңырағысың.

Сарыарқаның саумал самалындайсың, 

Абыройдың берік қамалындайсың. 

Ар-ұжданның аппақ сүтін емізген, 

Анашымның нұрлы жанарындайсың.

Ақ мәрмәрін жібек желі желпіген, 

Ақ ордам тұр көкке қанат серпіген. 

Ажарлана Есіл ағып барады, 

Нән шаһардың ғажап көркіне елтіген.

Дақ түсірмес баба аманатына, 

Текті ұрпақ туған адал антына. 

Мен ылғи да тәубе деймін мың мәрте, 

Тәңір мен Тарих шапағатына.

Қаһарман ер бастап батыр бастама, 

Сахараға салған жауһар жас қала. 

Тәбәрігі егеменді елімнің, 

Жарқырай бер, мәртебелі Астана!

Шырын МаМасерікова

көтеруі әрине, елі, жері, туған От-

аны үшін ерен еңбек етіп, сындарлы 

саясат жүргізіп келе жатқан  Елба-

сымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 

көрегендігі мен іскерлігінің арқасы.  

Өзінің төлтумасына балаған Аста-

на қаласы туралы толғауын Ел-

басы: «Жаңа астанаға көшу және 

оны салу туралы ой менде ертерек-

те, сонау алыстағы  - 1992 жылы 

туған еді, бірақ мен ол кезде мұны 

аузымнан шығармадым, өйткені 

Қ а з а қ с т а н н ы ң   э к о н о м и к а с ы 

ойлағанды іске асыруға мүмкіндік 

бермеді» дей келіп, «1992 жылы, 

Қазақстанның Президенттігіне 

бүкіл халық болып сайланғаннан 

кейін, мен Ақмолаға келдім. Есілден 

көлденең тартылған ескі көпірдің 

ортасында тұрып, өзенге қарадым. 

Маған қаланың ортасында ағып өзен 

жатқан болса, қашанда сол ұнайтын. 

Өзен қалаға ерекше бір көрік береді, 

мәртебесін көтереді. Мысалы, 

бізде Жайықтың бойын да Атырау, 

Сырдарияның бойында Қызылорда, 

Тобылдың бойында Қостанай, 

Ертістің бойында Семей мен Кере-

ку орналасқан. Ал әлемде қаншама 

астаналар ылғи өзен жағасына 

салынған! Санкт-Петербург – Не-

вада, Мәскеу – өзі аттас өзенде, 

Париж – Сенада, Лондон – Темзада 

тұр. Оның үстіне Ақмола Қазақстан 

мен бүкіл Еуразияның орталығына 

о р н а л а с қ а н »   д е п   ж е т к і з д і . 

Осын дай  шебер  ұйымдасты ру шы-

лық, біліктілік нәтижесінде Қа-

зақстаны мыз аяғынан нық тұрып, 

Астанаға әлем назарын аударды. 

Екі құрлықтың түйісінде көсіліп 

жатқан кеңістік әу бастан астана 

болуға лайық екені белгілі болған. 

Тарихқа көз жүгіртсек, Астана 

ежелден діндердің, мәдениеттердің, 

ұлттардың және ұлыстардың ба-

сын қосқан орталық еді. Әлемге 

әйгілі Ұлы Жібек жолына дейін осы 

Бейбітшілік шаһары

даламен Көне Эллада мен Қиыр 

Шығыс халықтары мен елдерін 

жалғастырған құба жол өткен-ді. Ал 

Ақмола болған кезінде бұл мекен 

Ресей мен Шығысты байланысты-

рушы көпір іспеттес болған. Қазіргі 

заманның тілімен айтқанда, Астана 

сол кездің өзінде инвесторлардың 

назарын аудартқан. Елбасының 

«Еуразия жүрегінде» атты еңбегінде 

Ақмола қаласы тарихының өрлеу 

кезеңдері сөз болады. Бірінші өрлеу 

кезеңі қазіргі Астана қаласынан 

бес шақырым жерде орналасқан 

ортағасырлық Бозоқ қаласының 

гүлдену кезеңімен байланысты-

рылады. Бозақ қаласы Қыпшақ 

хандығының астанасы болған. Осы 

аумақ арқылы ХVІ ғасырда Сібір – 

Орта Азия керуен жолы өткен. Тағы 

бір еңбегінде «Ортағасырлық Бозоқ 

қаласын Ақмоланың түпкі атасы 

деп санауға болады, ал оның соңғы 

мұрагері қазіргі Қазақстанның аста-

насы – Астана қаласы» екені айты-

лады. 

(Жалғасы 2-бетте)

«Ана тіліне» жазылыңыз, ағайын!

алты алаштың ардағы

Бет қатталып Жатқанда:

Баспасөз – 2015

  Е л о р д а д а ғ ы   О қ у ш ы л а р 

сарайын да «Менің ЭКСПО-2017 көр-

месіне қосар үлесім. Менің бо лашақ 

кәсібім аясында Қазақ стан экономика-

сын  «жа сылдан ды рудың»  жолда-

ры»  тақы рыбын да  ғы  эссе  байқауы-

ның әртүрлі ата  лым бойынша үздік 

шыққан  жеңім паз дарын  марапаттау 

рәсімі болды. 

 Ө.Жолдасбеков атындағы Сту-

денттер Сарайында Астана күніне 

орай Түлектер слеті мен Жұмыс беру-

шілердің жәрмеңкесі өтті.

 Қызылордада қазақ диаспо-

раларына арналған «Қазақстан – ата 

жұртым, қасиетім – ана тілім» атты XІІ 

Халықаралық олимпиада өз мәресіне 

жетті.

 Астанадағы Тәуелсіздік сарайын-

да Қазақстандағы І халықаралық 

сәулет форумы өтті. 

 Орал қаласындағы Құр ман ғазы 

көшесінде халыққа қызмет көрсету 

орталығы ашылды.

 Ақмола облысына қа расты 

Көкшетаудың ір гесіндегі Крас-

нояр ипподромында Астана 

күні мен Ұлы Жеңістің 70 

жыл дығына  ар нал ған 

ат жарысы ұйым дас-

тырылды. 

Қ

А

зПОШТА

Индекс


Мерзімі

алматы


аймақ/қала

аудан/ауыл



Жеке жазылушылар үшін

65367

6 ай


1384, 32

1480, 20


1556, 64

Мекемелер мен ұйымдар үшін

15367

6 ай


2649, 12

2745, 00


2821, 44

ойтолғаМ


Бүгіндері еліміздің бас қаласы, елордамыз Астанаға барша әлем жұрты 

таңдана да, қызыға қарайтыны көпшілікке аян. Тіпті Қазақстан дегенде, 

ең әуелі Астананы аузына алып жатқан шетелдіктерді байқап жатамыз. 

Қазақ халқы сан ғасырлар бойы тәуелсіз ел болсақ, өз шаңырағымызды 

тіктесек деп аңсап, армандаған еді. Сол асыл арман, көксеген мұраттарға 

қол жеткіздік, тәуелсіз ел болдық. Астана сол  егемен еліміздің жүрегі, 

елдігіміздің бастауы іспеттес. 

руханИят


 Бейжіңде қазақтың ұлы ақыны абай Құнанбаев­

тың туғанына 170 жыл толуына арналған шаралар 

өтті. 

Қытай астанасында алғаш рет өткізіліп 

отырған Абай оқуларына танымал ресейлік және 

қазақстандық жазушылар және Астанада тұратын 

қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Алдымен 

Чаояң саябағында орналасқан ақын ескерткішіне 

гүл шоғы қойылды. Содан кейін шара Абай 

оқуларымен жалғасты. Қазақстандық студенттер, 

жергілікті қазақтар ақынның өлеңдерін нақышына 

келтіріп оқыды. Абай шығармашылығы жайында 

пікір алмасты. Шараның жоғары деңгейде 

ұйымдастырылғанын атап өтті.



Абай оқулары 

Елбасы және Ел.

Бір-бірінен ажырату қиын. 

Елбасы Еліне қажет. Елі Елбасына  

үміт артады.

Бүгінгі үлкен жетістік – еліміз 

Елбасымен мақтана алады. 

Тек біз ғана емес, сырт көздің 

өзінің Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевқа деген ықылас-

пейілдері ерекше. Таяуда ғана 

Ресей астанасы Мәскеуде жарық 

көрген «Жасампаз. Нұрсұлтан 

Назарбаев: Ресейден көзқарас» 

(«Созидатель. Нурсултан 

Назарбаев: взгляд из Росии») 

атты кітаптың тұсаукесерінде 

«Орыс баспасөзі» бүкіләлемдік 

қауымдастығының жетекшісі 

Виталий Игнатенко: «Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаев – бүгінгі 

әлемдік саясаттың ең бір 

жарқын көшбасшысы. Оның 

Қазақстан тағдырына қосқан 

үлесін бақылаудың өзі өте қиын. 

Тіпті Қазақстанның ел ретінде, 

держава ретінде қалыптасуы 

Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке 

жетістігі деп айтсақ, артық емес» 

деп атап көрсетті. Осының өзі-

ақ Қазақстан Президентінің ел 

үшін сіңіріп жүрген еңбегінің зор 

екендігін айқын айғақтайды. Ал 

Елбасы болса ел сенімінен артық 

мәртебе, сол сенімді ақтаудан 

артық бақыт жоқтығын ұдайы 

айтып келеді.

Еліміз аман болсын!

Ел үшін күн демей, түн демей 

тер төгіп жүрген Елбасымыздың 

мерейі үстем болсын!

елБасы Және ел Мұраты

 Астана күні бүгіндері Қазақ 

елінің тәуелсіздігі мен елдігін 

ұлықтайтын халықтық мерекеге ай-

налып отыр. Астана күні мерекесін 

тамашалау үшін жыл сайын еліміздің 

түкпір-түкпірінен, шетелдерден 

ағылған жұртта шек жоқ. Осыған 

орай  Астана қаласынан бастап, 

еліміздің барлық аймақтарында 

мерекелік ауқымды іс-шаралар жо-

спарлануда. 

Елордамызды көруге құштар бо-

лып жүрген шалғайдағы жұртшылық 

та Астана күніне орай өз сапарларын 

6-шілдеге жоспарлайды. Мұның 

барлығы халықтың Отанға, Елордаға 

деген құрметін аңғартса керек. 

Туған еліміздің, қазақ халқының 

жалпақ әлемге кеңінен танылуы, аз 

уақыттың ішінде астанамыздың бой 

«Туған елім – Тірегім»

Жуырда Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал 

қаласы мен Жымпиты ауданында Қазақстанның халық жа-

зушысы, Мемлекеттік және тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының 

иегері, қазақтың белгілі ақыны Қадыр Мырза Әлінің 80 

жылдығына арналған мерейтойлық шаралар өтті. Ал-

дымен облыс орталығында Қадыр Мырза Әлі атындағы 

мәдениет және өнер орталығы мен ақынның ескерткіші 

ашылды. Салтанатты шараға ақынның жары мен балала-

ры,  немерелері, елге танымал ақын-жазушылар қатысты.

5

«Ақ Жайық, сенің орның 

ала бөтен...» 

Орал өңірінде көрнекті ақын Қадыр 

Мырза Әлінің 80 жылдығына арналған 

мерейтойлық шаралар өтті

Нұрсұлтан  НАзАРБАЕВ:


2

3

№26 (1284) 



2 – 9 шілде 

2015 жыл


№26 (1284) 

2 – 9 шілде 

2015 жыл

АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

«Үшқоңырым – тал бесігім»

елБасы және ел мұраты

Ынтымақтастық ырысқа бастайды

(Басы 1-бетте)

Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы 

қалаға тарихи Ақмола атауы қайтарылып 

берілді. Мінекей, сол тұста Ақмоланың ел 

астанасы боларын ешкім болжай да алмаған. 

Бұл туралы тарих былай дейді: «Қазақстан 

бойынша ел астанасын ауыстыруға 

әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, 

ауа райы, жер бітімі, сейсмикалық 

жағдай, қоршаған ортасы, инженерлік 

және көлік инфрақұрылымы, құрылыс 

кешені, еңбек ресурстары сияқты түрлі 

көрсеткіштер бойынша Ақмола қаласы ең 

лайықтысы болып шықты. 1994 жылдың 

6-шілдесінде Қазақстан Республикасының 

Жоғарғы Кеңесі Елорданы Алматыдан 

Ақмолаға көшіру туралы қаулы шығарды». 

Бұл қаулы үш жылдан кейін ғана жүзеге асты. 

1997 жылы тәуелсіз Қазақстанның 

Президенті Н.Назарбаев Елорданы Ал-

матыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім 

қабылдаған Жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, 

қазақ тарихында тағы бір ұлы көш басталды. 

Ел астанасының көшірілуі қыстың 

қақаған аязына дөп келді. Сондықтан 

Қ а з а қ с т а н н ы ң   ж а ң а   Е л о р д а с ы   – 

Астананың халықаралық тұсауы 1998 

жылдың 10-шілдесі күні кесілді. Біз 

күні кешеге дейін Астана күнін дәл осы 

10-шілде күні атап өтіп келдік. Кейін 

Астана күні ел астанасын ауыстыру туралы 

қаулы қабылданған 6-шілдеге ауысты-

рылды. Уақыт озған сайын Астана күнінің 

маңыздылығы артып, ол тек елордалықтар 

ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың 

асыға күтетін мерекесіне айналды. 

Сол себепті, 2006 жылы Астана қаласы 

әкімдігінің қаулысына сәйкес және 

қалалық мәслихаттың шешімімен мерекеге 

– Астана күні атауы беріліп, оны атап өту 

– шілденің 6-сына бекітілді. Ал 2008 жылы 

«Қазақстан Республикасының мерекелер 

туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге 

сәйкес, шілденің 6-сы – Астана күні 

мемлекеттік мерекелер тізіміне енді. 

Еліміздің шетелдермен жоғары 

деңгейдегі ресми кездесулері, білім мен 

ғылым, мәдениет пен өнер, спорт пен 

туризм саласындағы іс-шаралардың бәрі 

біздің Астанамызда өтеді. ХХІ ғасырдағы 

бүкіл жаһандық үдерістердің бел орта-

сында тіршілік ету – әлемдегі кез келген 

ұлттың пешенесіне жазылмаған. Аста-

на әртүрлі тарихи тағдыр тауқыметімен 

елімізге табан тіреген өзге халықтардың 

д а   м е к е н і .   А с т а н а   –   б і з д і ң   о р т а қ 

шаңырағымыз. Астана өзінің жаңа тари-

хында өзге ұлттарды ғана емес, бүкіл адам-

затты бейбітшілік пен келісімге шақырып 

отыр және шақыра бермек. Еуразия 

жүрегінде орналасқан Астана қаласының 

жаңа тарихы – бұл тәуелсіздік тарихы, бұл 

мемлекеттілік тарихы, бұл ұлттық тарих. 

Ал Астана қаласының құрылысы – төл 

тарихымыздың жаңа беттерін құрайды. 

Астана үлкен қалалар мен Халықаралық 

астаналар Ассамблеясына кірген. 1999 

жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға 

ең жоғары белгілердің бірі «Бейбітшілік 

қаласы» деген атақ берілген болатын. 

Бұл да жайдан-жай емес екені анық. 

Осымен бесінші рет Астанада Әлемдік 

және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 

съезі өтті. Елбасы съезде өз сөзінде «Бір-

біріне, діндер, халықтар мен мемлекеттер 

арасындағы бейбітшілік пен келісімнің 

ерекше маңыздылығын түсінуге қарай 

тағы бір адым жасалды. Діндердің өзара 

әрекеттестігі мен жаһандық дамудағы 

олардың рөлі жайлы ашық диалог 

жалғасын тапты» деп әлемдегі тұрақтылық 

пен қауіпсіздік үшін ынтымақтастыққа 

деген ортақ мүдделілік көрінгеніне ерекше 

тоқталған болатын. 

Қ а л а   ө р к е н д е п   ө с і п   к е л е д і .   О л 

қайталанбас өзінің ырғағымен өмір сүруде. 

Деректерге көз салсақ, Арқа төсіне көшіп 

келген жылдары Астанадағы тұрғындар 

саны 290 мыңдай болған. Ал қазіргі есеп 

үш еселенді, 900 мыңға жуықтады. Жуықта 

өткен Баспасөз мәслихатында Елбасының 

өзі қала халқының саны осылай өсетінін 

болжамағанын, Астана қазір әкімшілік 

қана емес, еліміздің білім, мәдени, 

іскерлік, рухани орталығына айналғанын 

баса айтты. Ішкі көші-қон есебінен бас 

қаламызға қоныс ауыстырғандар саны 

1999 жылдан бастап қарқын алды. Сол 

жылдары еліміздің түкпір-түкпірінен 

Елордаға 62 мыңға жуық адам көшіп 

келген. Астана халқының әлеуметтік-

экономикалық жағдайының жақсарып 

келе жатқанын айта кеткен жөн. Ал 

қазір Астана ЭКСПО-2017 халықаралық 

көрмесіне дайындық үстінде. Жаңадан 

салынып жатқан нысандар қатары да 

көбейіп келеді. Елбасының өзі қаланың 

ары қарай даму келешегін салынып жатқан 

ЭКСПО-2017 аумағымен тікелей байла-

ныстырады. Бұл жұмыстардың барлығы 

елімізде жаңа мегаполистің қалыптасуына 

негіз қалап, барша қазақстандықтардың 

игілігіне қызмет етпек. 

Сөзсіз ғажайып шаһар тек біздің ғана 

емес, дүниежүзіне зиялылық нұрын төгетін 

тоғыз жолдың торабындағы Еуразияның 

сәулетті қаласына айналып отыр. Ендеше, 

Ас танадай ғаламат қала қазақ елінің мәң-

гілік жерұйығына айналарына сенім зор.

ақбота ИсЛӘМБек

Үшқоңыр Алатаудың қойнауыңда 

Әкемнің ізі қалған жайлауыңда 

Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлі еркелеп 

Арқарың жайылатын аймағыңда 

Ай, Үшқоңырым, туған жерім 

Рахым нұры тұнған жерім 

Ай, Үшқоңырым, тал бесігім 

Жүрегімде мәңгі есімің 

Бұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар 

Бабалар тұлпарының дүбірі бар 

Бұл жерде Жамбыл-»Жәкең» өлең айтқан 

Өнердің, ақындықтың тұғыры бар 

Шындарың Төле бидің қалпағындай 

Жазира жасыл әлем алқабыңды-ай 

Жуасы, қарқаты, бүлдіргені 

Әжемнің шекер қосқан талқанындай 

Көрінер сонадайдан анық маған 

Шыңында қырандары қалықтаған 

Самғаған қыранына құмар қылып 

Өсірген ұландарын алып далам 

« Ү ш қ о ң ы р »   а у ы л ы м е н   қ о ш т а с ы п , 

Қаскелеңге жол тарттық. 

Қаскелеңге келу себебіміз, мұнда Пре-

зидентке арналған музей бар. Қарасай 

аудандық тарихи-өлкетану музейіне келушілер 

көбеймесе, азайған емес. Музей Алматы облы-

сы әкімі шешімімен 1999 жылы құрылған екен. 

Оның ашылуына 1997 жылы Абай атындағы 

қазақ орта мектебінің сол кездегі директоры 

Мәрия Мұқанова мен Президенттің ұстазы 

Сейітхан Исаев көп еңбек сіңіріпті. Мұнда қазір 

екі мыңнан астам құнды жәдігер сақталған. 

Оның 215-і Елбасы өз сыйлауымен берілген, со-

дан кейін Президенттік қордан сыйға тартылған 

құнды дүниелер екен. Музейдің залдары мен 

бөлімдері ҚР Президенті Н.Назарбаевтың өмірі 

мен қызметіне және үш мың жылдық тарихы 

бар Қарасай жеріне арналыпты. Елбасының 

«Балалық шағы», «Мектеп кезеңі», «Есею 

жылдары» және «ҚР Тұңғыш Пре зиденті» 

деп аталатын залдар жұмыс істеп тұр. Онда 

Елбасының өмір тарихына қатыс ты құнды 

деректер, мәліметтермен таны суға болады. 

Президенттің аяулы анасымен бірге түскен 

суреті, мектептегі партасы, қолдан ған сиясауы-

ты, анасының ұршығы секілді жәдігерлер көзге 

ыстық көрінеді. «Алматы облысының құрметті 

азаматы», «Қызылорда облысының құрметті 

азаматы», «Қарасай ауданының құрметті аза-

маты» деген куәліктер мен медальдарды да 

кездестіруге болады. Жақында Елбасы осы 

музейге арнайы келіп, 2005 жылы ұлықтау 

рәсімінде киген костюмін, қаламсабы мен 

өзінің бейнесі сомдалған медальды табыстап, 

музей қызметкерлеріне жылы лебізін білдіріпті. 

«Бұл біз үшін үлкен баға» дейді музей директоры 

М.Қожанова. 

Алтын жалатылған медальды біз де тама-

шалап көрдік. Бір бетінде Елбасының бейнесі 

сомдалған, екінші бетінде – Алтын орда. 

Керемет! Музейде бірден көзге түсетін құнды 

жәдігердің бірі – «Нұрсұлтан Әбішұлы мен Сара 

Алпысқызы Назарбаевтар» скульптурасы. Авто-

ры – В.А.Чепелик. Музейге келген сапарында 

Нұрсұлтан Әбішұлына ұнағаны сонша, осы 

скульпураны ұнатып, ұзақ қарапты. Сондай-

ақ ғарышкер Талғат Мұсабаев сыйға тартқан 

қолғап пен ғарышқа барып қайтқан еліміздің 

байрағы мен жеріміздің топырағы салынған 

капсула да көпшіліктің назарын бірден ауда-

рады. 


МИЛандағы көрМе

Тәуелсіздігіміздің арқасында өзге 

мемлекеттермен қарым-қатынас ор-

натып, екіжақты келісім-шарт жа-

салып, өзара байланысымыз артып 

келеді. Соның бір айғағы – Милан 

қаласында өткен ЭКСПО көрмесінде 

Қазақстанның ұлттық күнінің ашы-

лу салтанаты болды. Оған Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, Милан 

көрмесінің басты тақырыбы «Планета-

ны асырау. Өмір сүруге қажетті қуат» 

ұранының маңыздылығын сөз етті. 

«Таяудағы отыз жылдың ішін де жер 

бетіндегі азық-түлік тұтыну мөлшерінің 

екі есеге артқалы тұрғанын ескерсек, 

адамзат баласы үшін XXI ғасырдағы 

бас ты қатерлердің бірі азық-түлік 

қауіп сіздігін қамтамасыз ету болаты-

нын пайымдау қиын емес. Біз бұған 

осы бастан дайын болуымыз керек. Ал 

аталған проблеманы жеңу үшін осы 

тұста барлық мем лекеттердің бірлесе 

күш-жігер жұм саулары ауадай қажет» 

деп атап өтті Н.Назарбаев. 

Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздегі 

«Агробизнес – 2020» бағдарламасы 

арқылы жүргізіліп жатқан жұмыстарға 

тоқталды. «Біз қазір 60 мың тонна 

етті экспортқа шығару мақсатын алға 

қойып, осы бағытта нақты жұмыс тар 

жасап жатырмыз» деді. Сондай-ақ 

Қытайдың баста машы болуымен қолға 

алынып жатқан «Жібек жолы» эконо-

микалық белдеуін құру жобасы туралы,  

Астана қаласында өткен экономикалық 

форумда аталған жобаны жүзеге асы-

руды қамтамасыз етудің ықпалды 

шараларының бірі ретінде Еу ра зияның 

трансқұрлықтық дәлізін құру мәселесі 

талқыланғандығын тілге тиек етті.

«Астанада 2017 жылы «Бо ла-

шақтың энергиясы» деген та қырыппен 

өтетін ЭКСПО көр месіне айрықша 



көңіл бөлініп отыр. Энергетикалық 

мұражай тарихтан 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет